Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.11.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А.Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_____________ Д. Абаев
2017 жылғы 4 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________ Ж. Қасымбек
2017 жылғы 29 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 28 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 28 қыркүйек
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстың (бұдан әрі – облыстық басқарма), республикалық маңызы бар қаланың, астананың (бұдан әрі – қалалық басқарма) жергілікті атқарушы органының Ауыл шаруашылығы басқармасы айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және меншік иесі ретінде оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
2) отандық тыңайтқыштарды өндiрушi (бұдан әрi – тыңайтқыштарды өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндiрудi жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
3) өтінім - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің
(бұдан әрі – ауылшаркооперативі) сатып алынған тыңайтқыштар үшін толық құнымен субсидиялар алуға арналған электрондық өтiнiмі;
4) өтпелі өтінім - ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құнмен сатып алатын тыңайтқыштар үшін тыңайтқыш өндірушінің субсидиялар алуға арналған электрондық өтiнiмі;
5) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оларды өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
7) тыңайтқыштарды жеткізуші –шетелдік өндірістегі тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын, оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
8) тыңайтқыштарды сатушы – тыңайтқыштарды өндіруші, тыңайтқыштарды жеткізуші немесе шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші;
9) тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құны – тыңайтқыштарға субсидия номаларын белгілеу үшін олардың бағаларына талдау жүргізу жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын, тиісті жылға арналған тиісті тыңайтқыш түрлері бойынша қалыптасқан тыңайтқыштардың ең төмен нарықтық құны;
10) шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушi – шетелдік өндірістегі тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тіркеген Қазақстан Республикасының бейрезиденті;
11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
3. Тыңайтқыштарды өндірушілер, жеткізушілер және шетелдік өндірушілер және олар өндіретін (өткізетін) өнімдер тізбесін (бұдан әрі – жеткізушілер тізбесі) инвестициялар және даму саласындағы уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына кейінгі жылға өткен жылдың 1 желтоқсанынан және тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей бередi. Бұл ретте облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы орган жеткізушілер тізбесін алғаннан кейін оны 3 жұмыс күн ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне орналастырады.
4. Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары (бұдан әрі – тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары) екі данада жасалады және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің, олар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқарушы адамдардың қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) мақұлдауға тиісті жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмей беріледі.
Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын Министрлікке мақұлдауға берген кезде, кейінгі жылға өткен жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей берілетін тиісті тыңайтқыш түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды қоспағанда, субсидиялардың белгіленген нормасын негіздейтін құжаттар (облыстық басқарма (қалалық басқарма) субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне орналастырған тыңайтқыштарды енгізу нормаларын ескере отырып, субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерінің көлемдері бойынша есептемелер) қоса беріледі.
Оң шешім шығарған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың
25 қарашасынан кешіктірмей кері қайтарады. Теріс шешім шығарған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларының екі данасын да уәжді негіздемесі бар хатпен тиісті жылдың 25 қарашасынан кешіктірмей пысықтауға жолдайды.
Пысықталған тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары екі данада облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің, олар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқарушы адамдардың қолы қойылған ілеспе хатпен тиісті жылдың 30 қарашасынан кешіктірілмей Министрлікке қайта мақұлдауға беріледі.
Министрлік мақұлданған тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 7 желтоқсанынан кешіктірмей кері қайтарады.
Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен жыл сайын тиісті жылдың 14 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күн ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларына қосылмаған тыңайтқыштар түрлеріне субсидия алуға өтiнiм берген жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларына осы тармақтың бірінші – алтыншы бөліктерінде көзделген тәртіппен толықтырулар енгізеді.
5. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) тыңайтқыштар құнын субсидиялау жөніндегі айларға бөлінген жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.
2-тарау. Субсидиялар алушылар
6. Субсидиялар ағымдағы жылы және өткен жылғы 4 (төртінші) тоқсанда тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне төленеді.
3-тарау. Субсидиялар алу шарттары
7. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:
1) ауылшартауарөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiмді:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) қағаз түрінде;
не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде беруі.
Ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтiнiмді:
Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде;
не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде береді.
Мұндай жағдайда субсидиялар тыңайтқыштарды өндірушіге тыңайтқыштарды өндіруші өтпелі өтінімге күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей нақты сатылған тыңайтқыштар жөнінде мәліметтер енгізген жағдайда осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес төленеді.
Бұл ретте өтінімді (өтпелі өтінімді) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" ақпараттық жүйесінде Мемлекеттік корпорацияның операторы қалыптастырады және оның ЭЦҚ-сымен қол қойылады. Бұдан әрі өтінім (өтпелі өтінім) субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы облыстық басқармаға (қалалық басқармаға) қайта жіберіледі. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) жеке шоты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде уақытша ашылады;
2) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) берген өтiнiмді (өтпелі өтінімді) тіркеу;
3) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлға" немесе "Жеке тұлға" мемлекеттік дерекқорлармен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелі өтінім үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тыңайтқыштар өндірушінің жеке шотының болуы қажет;
4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) сатып алған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды растау;
5) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.
Ауылшаркооперативінде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болмаған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілердің субсидия алуына өтінім (өтпелі өтінім) береді. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушілер субсидия алушылар болып табылады.
Жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар ауылшаркооперативі өз жер учаскелеріне, сондай-ақ ауылшаркооперативі мүшелерінің жер учаскелеріне сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алуға өтінім (өтпелі өтінім) береді. Бұл ретте ауылшаркооперативі және ауылшартауарынөндіруші субсидия алушылар болып табылады.
4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі
8. Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтінім берген тыңайтқыштардың түрлерін және көлемін (өтінімдерде көрсетілген егіс алаңына тыңайтқыштарды енгізудің нормаларын ескере отырып) және бекітілген тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын негізге ала отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
С = Nв х S х Nc, мұнда:
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
Nв – 1 гектарға арналған тыңайтқыш енгізу нормасы (нақты салмақпен тонна/гектар, килограмм/гектар, литр/гектар, субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырылған тыңайтқыштарды енгізудің нормаларын ескере отырып);
S – тыңайтқышты қолдану алаңы, гектар (осы алаң жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында осы ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңынан аспайды);
Nс – тыңайтқышқа арналған субсидиялар нормасы, теңге (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес айқындалады).
9. Тыңайтқыштарға арналған субсидиялар нормалары тыңайтқыштың ең төменгі нарықтық құнының жартысына сәйкес мөлшерде абсолюттік мәнде (теңге) белгіленеді.
10. Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан төмен болатын тыңайтқышқа өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, субсидияларды есептеу нақты сатып алынған тыңайтқыш құнынан жүргізіледі.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан жоғары болатын тыңайтқышқа өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, субсидиялар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыш құны бойынша төленеді.
11. Сатушы өткізетін тыңайтқыштар құнында қосылған құн салығы, буып-түю, таңбалау бойынша шығыстар, республиканың тиiстi өңiрiндегi межелі (босату) пунктке дейiнгi көлiк шығыстары ескеріледі.
5-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі
12. Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау жер учаскесі орналасқан жер бойынша тиісті жылғы 1 ақпаннан бастап 1 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.
13. Тізілімнің (бұдан әрі – Жеке кабинет) деректеріне қол жеткізуді ұсыну үшін:
1) ауылшартауарынөндірушілерде (ауылшаркооперативтерінде) немесе тыңайтқыштарды өндiрушiлерде ЭЦҚ болуы тиіс;
2) қалалық басқарма, облыстық басқарма, Министрлік жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмысшылырының өзекті етілген тізімін жібереді.
Министрлікке субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімдік онлайн-тәртіпте өтеусіз негізінде беріледі.
14. Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) және тыңайтқыштарды өндiрушi Жеке кабинетте тіркелу үшін мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) және ЖСН;
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің немесе почтаның ұлттық операторының ағымдағы шотының деректері.
Жоғарыда көрсетілген деректерді өзгерткен кезде ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) және тыңайтқыштарды өндіруші бір жұмыс күн ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
15. Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтінімді (өтпелі өтінімді) қалыптастыруды және тіркеуді мынадай тәртіппен Жеке кабинетте жүргізеді:
1) осы Қағидалардың 7-тармағы 4) және 5) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйемен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып өтінім немесе осы Қағидалардың 7-тармағы 5) тармақшасының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып өтпелі өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім (өтпелі өтінім) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) ЭЦҚ-сымен қол қою жолымен немесе Мемлекеттік корпорациямен тіркеледі және облыстық басқарманың (қалалық басқарманың) Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Облыстық басқарманың (қалалық басқарманың) электрондық мекенжайына қарауға өтінім (өтпелі өтінім) келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
16. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдаланып тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Осы хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетімен тіркелген жағдайда ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Бұл ретте өтпелі өтінімді қабылдау туралы хабарлама тыңайтқыштарды өндірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидалардың 7-тармағы 4) тармақшасының талаптарын орындау үшін нақты өткізілген тыңайтқыштар бойынша мәліметтерді тізілімге енгізеді.
17. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын екі жұмыс күндері ішінде:
- осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес облыстық басқарма (қалалық басқарма) өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін;
- тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидалардың 7-тармағы 4) тармақшасының талаптарына сәйкес нақты өткізілген тыңайтқыштар бойынша мәліметтерді тізілімге енгізгеннен кейін қалыптастырады.
Субсидия көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын өтінімдер (өтпелі өтінімдер) бойынша субсидияларды төлеу келесі айда жүзеге асырылады.
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiм
(кімге) ______________ облысының _____________________________ (ауданның,
облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының толық атауы) республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
________________________________________________________________________________
(кімнен)___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда)
Тыңайтқыштарды сатушыдан __________ тонна (килограмм, литр) көлемiнде сатып
алынған _______________________________________ тыңайтқышы
(тыңайтқыш түрi)
үшiн маған ___________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын. (сома санмен
және жазбаша)
1. Өтінім беруші туралы мәлімет.
Заңды тұлға үшін:
атауы _____________________________________________________________________
БСН______________________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________
мекенжайы: _______________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________________________________
ЖСН_____________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ____________________________________________________________________
кім берді __________________________________________________________________
берілген күні ______________________________________________________________
мекенжайы:________________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі:_______________________________________________________
Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:
орналасқан жері ____________________________________________________________
хабардар еткен күні_________________________________________________________
2. Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелері туралы мәліметтер*:
р/с | Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы | Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН |
1 | 2 | 3 |
3. Жер учаскесi туралы мәліметтер*:
Р/с | Кадастрлық нөмірі | Барлық алаң, гектар | Оның ішінде егістік | Нысаналы мақсаты | Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
4. Екінші деңгейдегі банкте немесе почтаның ұлттық операторда ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушінің (ауыл шаруашылығы кооперативтің) ағымдағы шоттың мәліметтері*:
ЖСН/БСН ________________________________________________________________
Кбе ______________________________________________________________________
Банктің немесе почта операторының деректері__________________________________
Банктің немесе почта операторының атауы _____________________________________
БСК ______________________________________________________________________
ЖСК _____________________________________________________________________
БСН ______________________________________________________________________
Кбе ______________________________________________________________________
5. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) мен
тыңайтқыштарды сатушының арасындағы сатып алу-сату шарттың мәліметтері*:
тыңайтқыштарды сатушы (отандық өндіруші немесе жеткізуші не шетелдік өндіруші)
__________________________________________________________________________
шарттың нөмірі ____________________________________________________________
шарт жасалған күн __________________________________________________________
ҚҚС-мен бағасы (теңге)______________________________________________________
тыңайтқыштарды сатушының атауы мен БСН ___________________________________
тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы _____________________
тыңайтқыштың атауы _______________________________________________________
тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр) _________________________________
төлеу мерзімі ______________________________________________________________
межелі (босату) пункті ______________________________________________________
6. Тыңайтқыштарды сатып алу үшін шеккен шығындарды растайтын (өтінім берген
сәтте) төлем құжаттары (шот-фактуралар және тауарды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің)
мәліметтері*:
шот-фактура нөмірі _________________________________________________________
берілген күні ______________________________________________________________
тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі (шетелдік өндірістегі тыңайтқыштар
үшін)___________________________________________________________________________
тауарды қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі (отандық өндірістегі тыңайтқыштар үшін)
________________________________________________________________________________
7. Жүк кедендік декларацияның (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден
тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы
кооперативі үшін) мәліметтері:
тыңайтқыштың атауы _______________________________________________________
өлшем бірлігі ______________________________________________________________
саны (көлемі)______________________________________________________________
ҚҚС-мен бағасы (теңге)______________________________________________________
өткізу құны, барлығы _______________________________________________________
нөмірі ____________________________________________________________________
берілген күні ______________________________________________________________
шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің атауы __________________________________
шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы
________________________________________________________________________________
8. Тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын салық органы
берген құжаттың мәліметтері:
нөмірі ____________________________________________________________________
берілген күні ______________________________________________________________
шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің атауы __________________________________
шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы
__________________________________________________________________________
9. Сатып алынған тыңайтқыштарға арналған сәйкестiк сертификатының мәліметтері:
сертификаттың нөмірі_______________________________________________________
сертификаттың қолданылу мерзімі ____________________________________________
сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)___________________________________
өтінім беруші (атауы, мекенжайы) _____________________________________________
кім берді __________________________________________________________________
10. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың немесе тауардың шығу тегі туралы
декларацияның (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып
алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі үшін)
мәліметтері:
нөмірі мен берілген күні _____________________________________________________
тауардың атауы ____________________________________________________________
экспорттаушы/жүк жөнелтуші ________________________________________________
импорттаушы/жүк алушы____________________________________________________
11. Химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктің мәліметтері:
куәлік нөмірі ______________________________________________________________
химиялық өнімнің толық атауы _______________________________________________
өндіруші фирма ____________________________________________________________
куәліктің қолданылу мерзімі _________________________________________________
тіркелген күні ______________________________________________________________
кім берді __________________________________________________________________
12. Тиесілі субсидиялар есептемесі:
№ | Ауыл шаруашылығы дақылының атауы, сүрі жер | Жер учаскенің кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар | 1 гектарға тыңайтқыш енгізу нормалары (килограмм, литр) | ||
азотты тыңайтқыштар | фосфорлы тыңайтқыштар | калийлі тыңайтқыштары | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Тыңайтылатын алаң, гектар | Пайдалануға арналған тыңайтқыштың нақты көлемі (килограмм, литр) | 1 гектарға арналған тыңайтқыштардың нақты көлемі (килограмм, литр) | 1 тоннасының (килограмм, литр) бағасы, теңге | 1 тоннаға (килограммға, литрге) арналған субсидиялар нормасы, теңге | Тиесілі субсидия сомасы, теңге (8- баған х 13- баған) | ||
азотты тыңайтқыш тар | фосфорлы тыңайтқыштар | калийлі тыңайтқыштар | |||||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына (cүрі жерге) сатып алынған тыңайтқыштарды енгізуді қамтамасыз етуге міндеттенемін.
Өтініш беруші қол қойған және 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00 жіберілген:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Облыстық басқарма (қалалық басқарма) 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00 қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Ескертпе:
Ауыл шаруашылығы кооперативі субсидия алуға арналған осы өтінімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін де берген жағдайда өтінімнің 2, 3, 4, 5 және 6-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінім
(кімге) ______________ облысының _____________________________ (ауданның,
облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының толық атауы) республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
________________________________________________________________________________
(кімнен)__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің (бар болған жағдайда)
Мен ____________________________________ арзандатылған құнмен
(отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)
_____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде __________________ тыңайтқышын
(тыңайтқыш түрi)
сатып алу-сату шартын жасасқанымды мәлімдеймін және
отандық тыңайтқыштарды өндіруші _________________________________________________
(отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)
тыңайтқыштардың нақты өткізілген көлемдері жөніндегі мәліметтерді субсидиялауға
арналған өтінімдердің электрондық тізіліміне енгізгеннен кейін маған тиесілі
__________________________ теңге мөлшеріндегі субсидияны
(сома санмен және жазбаша)
отандық тыңайтқыштарды өндіруші _________________________________________________
(отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)
аударуды сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
атауы _____________________________________________________________________
БСН______________________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________
мекенжайы: _______________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________________________________
ЖСН_____________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ____________________________________________________________________
кім берді __________________________________________________________________
берілген күні ______________________________________________________________
мекенжайы:________________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі:_______________________________________________________
Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:
орналасқан жері ____________________________________________________________
хабардар еткен күні_________________________________________________________
2. Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелері туралы мәліметтер*:
Р/с | Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы | Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН |
1 | 2 | 3 |
3. Жер учаскесi туралы мәліметтер*:
Р/с | Кадастрлық нөмірі | Барлық алаң, гектар | Оның ішінде егістік | Нысаналы мақсаты | Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) мен
тыңайтқыштарды өндірушінің арасындағы сатып алу-сату шартының мәліметтері*:
шарттың нөмірі ____________________________________________________________
шарт жасалған күн __________________________________________________________
ҚҚС-мен бағасы (теңге)______________________________________________________
тыңайтқыштарды өндірушінің атауы мен БСН __________________________________
тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы _____________________
тыңайтқыштың атауы _______________________________________________________
тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр) _________________________________
төлеу мерзімі ______________________________________________________________
межелі (босату) пункті ______________________________________________________
5. Тыңайтқыштарды өндірушінің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының бар
екендiгi туралы мәліметтер:
Банктің атауы ______________________________________________________________
БСК ______________________________________________________________________
ЖСК _____________________________________________________________________
БСН ______________________________________________________________________
Кбе ______________________________________________________________________
6. Тиесілі субсидиялар есептемесі:
№ | Ауыл шаруашылығы дақылының атауы, сүрі жер | Жер учаскенің кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар | 1 гектарға тыңайтқыш енгізу нормалары (килограмм, литр) | ||
азотты тыңайтқыштар | фосфорлы тыңайтқыштар | калийлі тыңайтқыштар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Тыңайтылатын алаң, гектар | Пайдалануға арналған тыңайтқыштың нақты көлемі (килограмм, литр) | 1 гектарға арналған тыңайтқыштардың нақты көлемі (килограмм, литр) | 1 тоннасының (килограмм, литр) бағасы, теңге | 1 тоннаға (килограммға, литрге) арналған субсидиялар нормасы, теңге | Тиесілі субсидия сомасы, теңге (8- баған х 13- баған) | ||
азотты тыңайтқыштар | фосфорлы тыңайтқыштар | калийлі тыңайтқыштар | |||||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына (cүрі жерге) сатып алынған тыңайтқыштарды енгізуді қамтамасыз етуге міндеттенемін.
Өтініш беруші қол қойған және 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00 жіберілген:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Облыстық басқарма (қалалық басқарма) 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00 қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Ескертпе:
Ауыл шаруашылығы кооперативі субсидия алуға арналған осы өтінімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін де берген жағдайда өтпелі өтінімнің 2, 3 және 4-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.