ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 қазандағы № 560 Бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10407 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады, оны алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырыды.
Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 2 (екі) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, қалалық рельстік көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу) туралы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда, тіркеу алымының төленгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.";
8- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың анықтығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және (немесе) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көлік құралдарының тізілімінен шығару туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді, ол көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.";
14- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Көрсетілетін қызмет беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";
2-қосымша осы тізімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Жылжымалы құрам меншік құқығын алған сәттен бастап, немесе оларды тіркеуге, қайта тіркеуге әкелетін жағдайлар туындаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік тіркелуге жатады.";
10, 11 және 12- тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады, оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы береді тіркеуші органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге жататын жылжымалы құрам паркінің тізбесін толтырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктер ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде жазылған.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тіркеуші орган құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы растауды көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.
11. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған кезде тіркеуші орган құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.
12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде тіркеуші орган құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың анықтығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді, ол тіркеу органының уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"18. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";
21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"21. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кепілі) болып табылады, оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы өтініш береді.
Кепілдің мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ кепілдің өзге де мәліметтерді қамтитын кепілдің мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кепілдің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызмет алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, кепілдің мемлекеттік қызметін көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басын растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті тіркеу органының қызметкері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және кепілдің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тіркеуші органның жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.";
28- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"28. Жылжымалы құрамды тізілімнен шығару жылжымалы құрамның мемлекеттік тіркелген, қайта тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
Жылжымалы құрамды тізілімнен шығарған кезде меншік иесі және/немесе иеленуші мемлекеттік корпорация, портал арқылы тіркеуші органға өтінішті, жылжымалы құрамды еркін нысанда есептен шығару туралы актіні не жылжымалы құрамның зақымданғаны және/немесе жоғалғаны туралы құжатты не мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг шартын, немесе меншік құқығының тоқтатылғанын растайтын құжатты (сатып-алу, сыйға тарту, мұрагерлік шартын) ұсынады.";
4 және 5-қосымша осы тізбеге 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Темір жол көлігі саласында жүк тасымалдауға лицензия беру мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 130 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20140 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Темір жол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу және (немесе) қайта ресімдеу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:
1) мынадай өтініштердің біреуін жолдайды:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші (бұдан әрі – лицензия алу үшін ЗТ өтініші);
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші (бұдан әрі – лицензия алу үшін ЖТ өтініші);
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес лицензияны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10409 болып тіркелген) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны бойынша мәліметтерді толтырады (бұдан әрі – біліктілік талаптар).
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазсұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға сәйкес 5-қосымшаға сәйкес "Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Лицензияны қайта ресімдеу лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші және (немесе) лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтінішінде көрсетілетін жағдайларда жүзеге асырылады.";
8 және 9- тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қарастырудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың анықтығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия ресімдеу немесе лицензияны қайта ресімдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";
5-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
"Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкімет" веб – порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуде қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімінен шығару кезінде қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімінен шығару туралы хабарлама; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
1. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі. |
"Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жылжымалы құрамды тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік және (немесе) жылжымалы құрамды Мемлекеттік тізілмнен шығару туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы және тегін негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың дұрыс еместігі анықталғанда; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі. |
Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы КУӘЛІК № ________ Осы куәлік "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ құқығындағы (жылжымалы құрамына құқығы көрсетілсін)
__________________________________________________________________
берілді
(иесінің толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде) және
жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН / БСН)
__________________________________________________________________________
үлгісіндегі санаты _________________________________________________________
сериясы, вагон түрі _________________________________________________________
зауыт нөмірі _______________________________________________________________
түгендеу нөмірі ____________________________________________________________
секциясы__________________________________________________________________
жасалған жылы ___________________________________________________________
20__ жылғы "__" ________ бастап жылжымалы құрамның мемлекеттік
тіркелгенін растайды.
Осы куәлік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық жағдайларда қолданылады және жылжымалы құрамның иесін куәландыратын құжатпен бірге көрсетіледі, ондағы келтірілген мәліметтер өзгерген жағдайда ауыстыруға жатады.
__________________________________________________________________________
Берілген күні 20__ жылғы "___" ________________
Уәкілетті органның лауазымды адамы _________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
"Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 1 (бір) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік тіркеу, өзгерістер, толықтырулар енгізу кезінде - Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу, жылжымалы құрамның тіркелген кепілін өзгерту, толықтыру және тоқтату үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді және:жеке тұлғалар үшін 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); заңды тұлғалар үшін - 5 (бес) АЕК. Алым сомасын төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолмақол емес нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www. miid. gov. kz интернет-ресурсында Көлік комитеті бөлімінің "Мемлекеттік органның қызметтері" бөлігінде орналастырылған. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу үшін порталға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) кепілді тіркеу туралы өтінішті толтыру толық болмаған; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар | Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі.Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады. |
"Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдауға лицензия, лицензияны қайта ресімдеу не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіндегі 9-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке төленеді: |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің (жеке немесе заңды тұлғалардың) осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www. miid. gov. kz алу мүмкіндігі бар интернет-ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" деген кіші бөлімде Көлік комитеті деген бөлімінде орналастырылған. |