Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.04.2019 № 49 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде (бұдан әрі – "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі), 2014 жылғы 10 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде № 186 (2580) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Уәкілетті ұйымның Қағидалардың 31-тармағында белгіленген талаптарға жауап беретін, айырбастау пунктін орналастыру үшін үй-жайы, айырбастау пунктінің жұмыс істеуі үшін жабдығы, айырбастау пунктінің қызметкерлері болуға тиіс.
Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің басқа айырбастау пунктінің орналасқан жері болып табылатын үй-жайда орналасуына жол берілмейді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Уәкілетті ұйымның біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттар ретінде мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер;
2) Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес уәкілетті ұйымның банк шотына ақшаның есептелуін растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты (клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме);
3) кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша арнайы дайындықтан өтуін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) не Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасында көзделген және қызметкердің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша кассир ретінде кемінде алты ай еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);
4) ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындау үшін техникалық құралдардың сипаттамаларын айқындайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері);
5) бақылау-касса аппаратын дайындаушы зауыт паспортының көшірмесі немесе компьютерлік жүйенің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша сипаты;
6) компьютерлік жүйе болмаған жағдайда, Қағидалардың талаптарына сәйкес айырбастау операцияларының есебін жүргізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша сипаты.";
17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Электрондық лицензияны және (немесе) оның қосымшасын алу үшін талап етілетін құжаттар уәкілетті ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталып, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынылады.";
23-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті ұйым Ұлттық Банк филиалы шешімінің көшірмесін алған сәттен бастап және Ұлттық Банк филиалының шешімінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін:";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Айырбастау пунктінің (автоматтандырылған айырбастау пунктін қоспағанда) үй-жайына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптар:
1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес айырбастау пунктінің үй-жайын күзетуді ұйымдастыру және жайластыру;
2) айырбастау пунктінің операциялық кассасы күнтізбелік отыз күн бойы ақпараттың жазылуын және сақталуын қамтамасыз ететін бейнебақылау жүйесімен жабдықталады, бұл ретте бейнебақылаудың көру аймағында кассирдің жұмыс аймағы және клиент болуға тиіс, ал тиісті қондырғылар бейнебақылау үшін бөгеттің болмауын қамтамасыз ететін жерлерде орнатылады;
3) кассирдің жұмыс орны Қағидалардың талаптарына сәйкес айырбастау операцияларының есебін жүргізу үшін компьютерлік жүйемен не бақылау-касса аппаратымен және бағдарламалық қамтамасыз етумен, сондай-ақ банкнотты ультракүлгін жарықпен тексеруді (қағаздың люминесценциясын бақылау және өзге) және банкнотты магниттік белгілердің болуына тексеруді қамтамасыз ететін ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдармен жабдықталады;
4) қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша дайындықтан өткен не қолма-қол шетел валютасымен кемінде алты ай жұмыс тәжірибесі бар кассир.";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) уәкілетті банктер үшін – Ұлттық Банк филиалының осы айырбастау пунктіне берген уәкілетті банктің айырбастау пункті куәлігінің көшірмесі (уәкілетті банк осындай куәлікті алған соң);";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) айырбастау пунктінде сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операциялар жүргізілетін әрбір шетел валютасы үшін белгіленген теңгемен қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамы және (немесе) сату бағамы туралы мәліметтерден тұратын, клиенттерге арналған ақпараттық стенд (биіктігі кемінде 0,4 метр және ені 0,4 метр көлемінде);";
36-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) уәкілетті ұйымдар үшін – сатып алу, сату бағамдарын және кросс-бағамдарды белгілеу туралы өкімдер шығаруға құқығы бар басшының және өзге тұлғалардың қол қою үлгілері бар, мөр таңбасы (ол болған жағдайда) қойылған құжат;
5) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасының көшірмесі;";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Егер техникалық іркіліс, бұзылу немесе басқа да себептермен Қағидалардың 51-тармағының талаптарына сәйкес жүргізілетін айырбастау операцияларының есебін жүргізу қамтамасыз етілмесе немесе ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауды қамтамасыз ететін техникалық құрал жұмыс істемесе, айырбастау пунктінде айырбастау операциялары жүргізілмейді.";
40-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағамдарды белгілеу туралы өкімде осы өкімнің қолданылуы басталатын күн мен уақыт (сағатпен және минутпен белгіленетін) көрсетіле отырып, айырбастау пунктінде айырбастау операциялары жүргізілетін валюталардың барлық түрлері үшін сатып алу, сату бағамдары болады.
Бағамдарды белгілеу туралы өкім "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының жұмыс күндері ғана өкімнің шығарылған орны бойынша жергілікті уақытпен сағат 08:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықтағы кезеңде шығарылады.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Бағамдарды белгілеу туралы өкімді міндетті түрде нөмірін, шығару күнін және уақытын (сағатпен және минутпен белгіленетін) көрсете отырып, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) басшысы немесе осындай өкілеттіктер берілген өзге тұлға шығарады.
Уәкілетті ұйым басшысының бағамдарды белгілеу туралы өкімдерді шығаруға өкілеттігін өзге тұлғаға беру уәкілетті ұйым басшысының бұйрығы негізінде ғана жүргізіледі.
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар бір заңды тұлғаның (оның филиалының) әр түрлі айырбастау пункттерінде әр түрлі бағамдарды белгілеуге рұқсат етіледі.";
43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату бағамының өзгеруі бағамдарды белгілеу туралы жаңа өкімді шығару негізінде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте бағамдарды белгілеу туралы жаңа өкімнің қолданылуы басталғаннан бастап алдыңғы өкімнің күші жойылады.
Егер бағамдарды белгілеу туралы өкім айырбастау пунктінде айырбастау операциялары жүргізілетін валюталардың жекелеген түрлері бойынша сатып алу, сату бағамын өзгерту мақсатында шығарылса, онда бағамдарды белгілеу туралы шығарылатын өкімде сатып алудың және сатудың өзгертілген бағамдары бойынша, сол сияқты айырбастау пункті үшін сатып алудың және сатудың басқа қолданыстағы бағамдары бойынша ақпарат болуға тиіс.
44. Валюталарды сатып алу, сату бағамдары клиенттерге арналған ақпараттық стендте айырбастау пунктінде айырбастау операциялары жүргізілетін валюталардың барлық түрлері бойынша бағамдарды белгілеу туралы өкімнің бүкіл қолданылу кезеңі ішінде орналастырылады.
Айырбастау пунктінің кассасында қолма-қол шетел валютасы болмаған жағдайда, осы қолма-қол шетел валютасының түрі үшін сату бағамы ақпараттық стендте орналастырылмайды.
Айырбастау пунктінің кассасында қолма-қол ұлттық валюта болмаған жағдайда, айырбастау пунктінде айырбастау операциялары жүргізілетін қолма-қол шетел валютасының барлық түрлері үшін сатып алу бағамы ақпараттық стендте орналастырылмайды.";
51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Айырбастау пункттерінде жүргізілетін айырбастау операциялары электрондық түрде жүргізілетін және Қағидаларға 11-қосымшада белгіленген нысан бойынша сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдері журналында (бұдан әрі – тізілімдер журналы) белгіленген барлық деректемелер мен көрсеткіштерді қамтитын сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдері журналында көрсетіледі.
Тізілімдер журналы айырбастау пунктінің әрбір операциялық кассасында және компьютерлік жүйе шеңберінде әрбір автоматтандырылған айырбастау пунктінде жеке-жеке жүргізіледі. Бұл ретте тізілімдер журналын қалыптастырудың бағдарламалық-аппараттық құралдары күн сайынғы түзетілмейтін тіркеуді және жасалған айырбастау операциялары жөніндегі ақпараттың энергияға тәуелсіз сақталуын оларды жасаған күннен бастап үш жыл ішінде қамтамасыз етеді.
Уәкілетті ұйымдар үшін осы тармақтың талаптарын ескеріп, тізілімдер журналын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып электрондық түрде жүргізуге жол беріледі.
52. Бір күн ішінде бағам өзгерген жағдайда тізілімдер журналында қолма-қол шетел валютасын сатып алудың және сатудың жаңа бағамы бойынша операцияларды жүргізу басталғанға дейін сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының көлемдері бойынша аралық қорытынды жасалады. Айырбастау пунктінің жұмыс күні аяқталғаннан кейін бір күн ішінде жүргізілген операциялар бойынша тізілімдер журналында қорытындылар көрсетіледі және ақша қалдығы шығарылады.";
54-тармақ алынып тасталсын;
55-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Уәкілетті банктер ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 7-не дейінгі (қоса алғанда) мерзімде Ұлттық Банктің филиалына Қағидаларға 12-қосымшада белгіленген "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды береді.";
56-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Уәкілетті ұйымдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 7-не дейінгі (қоса алғанда) мерзімде Ұлттық Банктің филиалына Қағидаларға 13-қосымшада белгіленген "Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды береді.";
59-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
1, 2, 5, 6-қосымшалар "Мөр орны" деген сөздерден кейін "(ол болған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;
"қағаз нысанындағы хабарламалар үшін" деген сөздерден кейін "ол болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
толтыру бойынша нұсқаудың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тармақта айырбастау пункті көпфункционалды мақсаттағы үйлер мен ғимараттарда (оның ішінде теміржол вокзалдарында, әуежайларда, іскерлік және сауда орталықтарында) орналастырылған жағдайда айырбастау пунктінің орналасқан жерін нақтылайтын деректер (мысалы, қабаты, секторы, блогы) көрсетіле отырып, айырбастау пунктінің үй-жайы орналасқан мекенжай көрсетіледі.";
11-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
"15-іне дейін" деген сөздер "7-не дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мөр орны" деген сөздерден кейін "(ол болған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;
13-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Уәкілетті ұйымдар осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін үш ай ішінде өз қызметін осы қаулының 1-тармағының жиырмасыншы, жиырма бірінші, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы абзацтарының талаптарына сәйкес келтірсін.
3. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбеталиев М.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы, осы қаулының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармағының елу бірінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Қ.Келімбетов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрлігі | |
Министр | Ә.Ө.Исекешев |
2015 жылғы "___" | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрлігі | |
Министр | Б.Т.Сұлтанов |
2015 жылғы "___" | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрлігі | |
Министр | Е.А.Досаев |
2015 жылғы "___" |
Нысан
Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел
валютасы тізілімдерінің
ЖУРНАЛЫ
Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның немесе оның филиалының атауы
_______________________________________________________________
Уәкілетті ұйымның лицензиясына қосымшаның/уәкілетті банктің
айырбастау пункті куәлігінің (уәкілетті банк осындай куәлікті
алғаннан кейін) нөмірі
_______________________________________________________________
20___ жылғы "_____" ______________
Айырбастау пунктінің операциялық кассасындағы
күннің басындағы қалдық*_________________________________ теңге
_______________________________________________________________
(валюталардың барлық түрлері бойынша)
Айырбастау пунктінің операциялық кассасындағы күннің соңындағы
қалдық*__________________________________________________ теңге
_______________________________________________________________
(валюталардың барлық түрлері бойынша)
* Айырбастау операцияларын өзге де банк операциялармен қоса
жүргізген кезде толтырылмайды
Өкімнің қолданыла бастаған күні мен уақыты | Басшы өкімінің нөмірі мен күні | USD | EUR | … | |||
Сатып алу | Сату | Сатып алу | Сату | Сатып алу | Сату | ||
20___ жылғы "___" ___________
сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімі
Р/с № | Клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН, жеке басын куәландырат ын құжаттың нөмірі мен сериясы, оны кім және қашан берген | Шетел валютасының атауы | Валюта сомасы | Операцияны жүргізу уақыты (сағатпен және минутпен) *** | |||
Сатып алынды | Сатылды | ||||||
шетел валютасымен | теңгемен * | шетел валютасымен | теңгемен ** | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жиынтығы: | |||||||
Кассир ____________________
(тегі мен инициалдары)
Ескерту:
* - сатып алу бағамы бойынша есептеледі
** - сату бағамы бойынша есептеледі
*** - бақылау чегінде көрсетілген операцияны жүргізу уақыты
"Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы
жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" әкімшілік
деректер жинауға арналған нысан Есепті кезең: 20__ жылғы __________
Индексі: NIV_UО
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынады: уәкілетті ұйым (оның филиалы)
Нысан қайда ұсынылады: уәкілетті ұйымның (оның филиалының)
орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
аумақтық филиалы
Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 7-не дейін
(қоса алғанда).
Нысан
______________________________________________________________
уәкілетті ұйымның (оның филиалының) атауы
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыруға арналған лицензияның нөмірі және күні
_______________________________________________________________
пошталық мекенжайы, телефоны, факсы
_______________________________________________________________
Көрсеткіштің атауы | Жол коды | Барлық валюталар | оның ішінде валюталар түрлері бойынша | ||||||||
USD | EUR | RUB | CNY | GBP | Басқа да валюталар (шетел валютасының түрін көрсетіңіз) | ||||||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | (...) | |||
1-бөлім. Жеке тұлғалардан қолма-қол шетел валютасын сатып алу бойынша операциялар | |||||||||||
Сатып алынған қолма-қол шетел валютасы, барлығы, | 110 | ||||||||||
оның ішінде 2 миллион теңгеден астам сомаға шетел валютасын сатып алу операциялары бойынша | 111 | ||||||||||
Қолма-қол шетел валютасын сатып алу бойынша операциялардың саны | 210 | ||||||||||
оның ішінде: | |||||||||||
500 мың теңгеге (қоса алғанда) дейінгі сомаға | 211 | ||||||||||
500 мың теңгеден астам 1 миллионға (қоса алғанда) дейінгі сомаға | 212 | ||||||||||
1 миллион теңгеден астам 2 миллион теңгеге (қоса алғанда) дейінгі сомаға | 213 | ||||||||||
2 миллион теңгеден астам сомаға | 214 | ||||||||||
Ең төменгі сатып алу бағамы | 311 | X | X | ||||||||
Ең жоғарғы сатып алу бағамы | 312 | X | X | ||||||||
2-бөлім. Жеке тұлғаларға қолма-қол шетел валютасын сату бойынша операциялар | |||||||||||
Сатылған қолма-қол шетел валютасы, барлығы, | 120 | ||||||||||
оның ішінде 2 миллион теңгеден астам сомаға шетел валютасын сату операциялары бойынша | 121 | ||||||||||
Қолма-қол шетел валютасын сату бойынша операциялардың саны | 220 | ||||||||||
оның ішінде: | |||||||||||
500 мың теңгеге (қоса алғанда) дейінгі сомаға | 221 | ||||||||||
500 мың теңгеден астам 1 миллион теңгеге (қоса алғанда) дейінгі сомаға | 222 | ||||||||||
1 миллион теңгеден астам 2 миллион (қоса алғанда) теңгеге дейінгі сомаға | 223 | ||||||||||
2 миллион теңгеден астам сомаға | 224 | ||||||||||
Ең төменгі сату бағамы | 321 | X | X | ||||||||
Ең жоғарғы сату бағамы | 322 | X | X | ||||||||
3-бөлім. Шетел валютасының қозғалысы туралы есеп | |||||||||||
Есепті кезеңнің басындағы шетел валютасының қалдығы (410 = 411 + 412) | 410 | ||||||||||
оның ішінде: | |||||||||||
кассадағы қолма-қол шетел валютасы (айырбастау пункттерінің кассасын қоса алғанда) | 411 | ||||||||||
уәкілетті банктердегі (уәкілетті банктерді көрсету) валюталық шоттардағы шетел валютасы ______________________ ______________________ | 412 | ||||||||||
Есепті кезеңде түскен шетел валютасы (420 > = 421 + 422 + 423 + 424) | 420 | ||||||||||
оның ішінде: | |||||||||||
уәкілетті банктерден сатып алынған шетел валютасы | 421 | ||||||||||
уәкілетті банктерден қарыздар (уәкілетті банктерді көрсетіңіз) _______________________ _______________________ | 422 | ||||||||||
айырбастау пункттері арқылы жеке тұлғалардан сатып алынғаны | 423 | ||||||||||
басқа да түсімдер | 424 | ||||||||||
Жұмсалған шетел валютасы (430 > = 431 + 432 + 433 + 434) | 430 | ||||||||||
оның ішінде: | |||||||||||
уәкілетті банкке (уәкілетті банктің атауын көрсету) сатылған шетел валютасы _______________________ | 431 | ||||||||||
уәкілетті банктердің (уәкілетті банктің атауын көрсету) қарыздары өтелді _______________________ | 432 | ||||||||||
айырбастау пункттері арқылы жеке тұлғаларға сатылған қолма-қол шетел валютасы | 433 | ||||||||||
басқа да шығыстар | 434 | ||||||||||
Есепті кезеңнің соңындағы шетел валютасының қалдығы (440 = 441 + 442) | 440 | ||||||||||
оның ішінде: | |||||||||||
кассадағы қолма-қол шетел валютасы (айырбастау пункттерінің кассасын қоса алғанда) | 441 | ||||||||||
уәкілетті банктердегі (уәкілетті банктерді көрсету) валюталық шоттардағы шетел валютасы ______________________ ______________________ | 442 |
20___ жылғы "____" ___________
Басшы ____________________________________
(тегі мен инициалдары, қолы)
Орындаушы ________________________________
(тегі мен инициалдары, қолы)
Мөр орны (ол болған жағдайда) "Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Уәкілетті ұйым (оның филиалы) Нысанды Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес толтырылатын сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімдерінің есепті ай үшін берілген деректері бойынша ай сайын жасайды. Уәкілетті ұйымның филиалы дербес нысанды жасайды.
4. Теңгемен берілген деректер үшін есептеулердегі нысанды жасау кезінде Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімінің 5 және 7-бағандарына сәйкес көрсетілген айырбастау операциясының теңгемен сомасы пайдаланылады.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1 және 2-бөлімдер бойынша
Теңгемен берілген деректер үшін есептеулердегі есепті қалыптастыру кезінде Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімінің тиісінше 5 және 7-бағандарында көрсетілген теңгемен жүргізілген айырбастау операциясы сомасының баламасы пайдаланылады.
Есептің 1-бағанында ("Х" белгісімен белгіленген жолдарды қоспағанда) уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері есепті кезеңде айырбастау операцияларын жүзеге асырған шетел валюталарының барлық түрлері бойынша деректер беріледі. Айырбастау операцияларының көлемдері бойынша жиынтық деректер теңгемен есептеледі.
1-бағанда кодтары 110, 111, 120, 121-жолдар бойынша деректер бүтін мәнге дейін дөңгелектеніп, мың теңгемен толтырылады (бес жүз теңгеден кем деректер нөлге дейін, бес жүзден бастап бір мыңға дейінгі – бірге дейін дөңгелектенеді).
2, 3, 4, 5, 6-бағандарда деректер АҚШ доллары (USD), еуро (EUR), Ресей рублі (RUB), Қытай юані (CNY), ағылшын фунт стерлингі (GBP) бойынша беріледі, ал одан әрі нөмірленген бағандарда уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері есепті кезеңде айырбастау операцияларын жүзеге асырған валюталардың қалған түрлері бойынша деректер келтіріледі.
2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда 110, 111, 120, 121-жолдар бойынша деректер тиісті валютаның бірлігінде беріледі.
Егер айырбастау пунктері есепті кезеңде 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда көрсетілген қандай да бір валютамен айырбастау операцияларын жүргізбесе, онда тиісті баған толтырылмайды.
210, 211, 212, 213, 214, 220, 221, 222, 223, 224-жолдар шоттың бірлігімен толтырылады.
2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және 311, 312, 321 және 322-жолдар бойынша одан әрі нөмірленген бағандарда тиісті шетел валютасының бағамы көрсетіледі. 311 (321)-жол бойынша тиісті бағанда уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері үшін есепті кезеңде теңгемен сатып алу (сату) үшін белгіленген осы шетел валютасы бағамдарының ең төменгісі көрсетіледі; 312 (322)-жол бойынша – уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері үшін есепті кезеңде теңгемен сатып алу (сату) үшін белгіленген осы шетел валютасы бағамдарының ең жоғарғысы көрсетіледі.
Есептің 1 және 2-бөлімдерін толтыру кезінде барлық бағандар бойынша мына талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:
коды 111-жол <= коды 110-жол;
коды 121-жол <= коды 120-жол;
коды 210-жол = коды 211-жол + коды 212-жол + коды 213-жол + коды 214-жол;
коды 220-жол = коды 221-жол + коды 222-жол + коды 223-жол + коды 224-жол.
3-бөлім бойынша
Есептің 3-бөлімінде 1-баған толтырылмайды.
2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда жолдар бойынша деректер тиісті валютаның мың бірлігімен беріледі.
2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда 423 және 433-жолдар бойынша деректер мың бірлікке айналдырылған тиісінше 110 және 120-бағандардағы деректерге тең болуға тиіс.
Есептің 3-бөлімін толтырған кезде 2, 3, 4, 5, 6-бағандар және 410, 420, 430, 440-жолдар бойынша одан әрі нөмірленген бағандар бойынша тиісті көрсеткіштердің атауында көрсетілген талаптарды орындау қамтамасыз етіледі.