Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 сәуірде № 10830 тіркелді.

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтын 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы "____"________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 234 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      Осы Қағидалар энергетикалық ұйымдардың персоналын дайындау және оның біліктілігін қолдау түрлеріне және көлемдеріне негізгі талаптарды белгілейді.

      Осы Қағидалар энергетикалық жабдықты, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауды, монтаждауды, пайдалануды, жөндеуді, ретке келтіруді және сынауды жүзеге асыратын электр энергетикалық саласындағы ұйымдардың персоналына, сондай-ақ электр қондырғыларының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын немесе электр энергетикасы саласында сараптау жұмыстарын орындайтын персоналға және энергия өндірісінің технологиялық процесін басқаруды қамтамасыз ететін персоналға қолданылады.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) аварияға қарсы жаттығулар – ықтимал технологиялық бұзушылықтар, өтеу және бұзылған энергиямен жабдықтауды құлақтандыру, оқшаулау, жою және қалпына келтіру бойынша бірінші кезектегі іс-қимылдарды игеру және қабылдау жөніндегі жаттығулар;

      2) әкімшілік-техникалық персонал – техникалық және жедел қызмет көрсетуді, жөндеу, монтаждау және ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын басшылар, мамандар;

      3) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

      4) жедел персонал – энергия қондырғыларын жедел басқаруды (тексеру, жедел қайта қосу, жұмыс орнын дайындау, жұмыс істейтін персоналға рұқсат беру және оларды қадағалау) жүзеге асыратын персонал;

      5) жедел-жөндеу персоналы – өздеріне бекітілген энергия қондырғылар көлемінде жедел түрде қызмет көрсету үшін арнайы оқытылған және даярланған жөндеу персоналы қатарынан қызметкерлер санаты;

      6) жөндеу персоналы – энергия қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді, оларды жөндеуді, реттеуді және сынауды тікелей жүзеге асыратын қызметкерлер;

      7) жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде өздерінің еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      8) қайталау – қайталаушыны дайындауға жауапты адамның бақылауымен атқарылатын энергия қондырғысын басқару немесе жұмыс орнында басқа да функцияларды жүзеге асыру болып табылатын дайындық сатысы;

      9) қосалқы персонал – қолданыстағы энергия қондырғылары аймағында жұмыс атқаратын қосалқы кәсіптер қызметкерлер санаты;

      10) маман – жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналына басшылықты жүзеге асыратын адам, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тармағының 14) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын филиалдардың, цехтардың, қызметтердің, ұйым бөлімдерінің басшылары;

      11) нұсқама – қызметкерлердің барлық санаттары үшін міндетті персоналмен жұмыс нысаны;

      12) персоналмен жұмыс – персоналдың өндiрiстiк функцияларды орындауы үшін оның қажетті кәсiптік бiлiм деңгейін қолдауды қамтамасыз ететін өндірістік қызмет нысаны;

      13) тағылымдама – жұмысты немесе жұмыс топтарын орындау дағдыларын тікелей жұмыс орнында практикалық игеру;

      14) техникалық басшы – электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшысының техникалық мәселелер жөніндегі, өндіріс жөніндегі орынбасарынан, сондай-ақ бас инженерден, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшысынан төмен болмайтын лауазымды атқаратын адам;

      15) энергетикалық объект – өз құрамында электр техникалық және жылу-техникалық жабдықтар мен қондырғылары бар энергетикалық ұйымның өндірістік бөлімшесі (учаске, цех, кешен);

      16) электр қондырғысы – энергияны өндіруге немесе түрлендіруге, беруге, жинақтауға немесе тұтынуға арналған өзара байланысты жабдық пен құрылыстар кешені;

      17) электр техникалық персонал – энергетикалық ұйымдарда басқаруды және (немесе) пайдалануды, монтаждауды, ретке келтіруді, оларға техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, олардың жұмыс режимін басқаруды тікелей жүзеге асыратын жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналы;

      18) электр технологиялық персонал – өзі қызмет көрсететін технологиялық процесте негізгі құрамдық бөлік электр энергиясы болып табылатын, жұмысында қол электр машиналарын, электр дәнекерлеуішті, жарықтандырғыштарды, өлшеу аспаптарын және тасымалды электр құрылғыларын пайдаланатын персонал, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықпен немесе еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықпен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 тіркелген) Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын білу белгіленген электр зертханаларының қызметкерлері;

      19) электр техникалық емес персонал – "электр техникалық", "электр технологиялық" персонал анықтамасына жатпайтын персонал.";

      Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Негізгі талаптар

      3. Жедел және жедел-жөндеу персоналымен, энергетикалық қондырғыларды басқаруды жүзеге асыратын жедел басшылармен жұмыс мынадай нысандарда жүргізіледі:

      1) оқытудан, оның ішінде:

      жұмыс орнындағы тағылымдамадан;

      білімді бастапқы біліктілік тексеруден;

      қайталаудан тұратын жаңа лауазым бойынша дайындау;

      2) білімді мерзімді біліктілік тексерулер;

      3) аварияға және өртке қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулар;

      4) нұсқамалар;

      5) біліктілікті арттыру.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жөндеу персоналымен жұмыс мынадай нысандарда жүргізіледі:

      1) жұмыс өндірісінің қауіпсіз әдістеріне оқытудан;

      жұмыс орнындағы тағылымдамадан;

      білімді бастапқы біліктілік тексеруден тұратын жаңа қызмет бойынша дайындаудан тұратын;

      2) білімді мерзімді біліктілік тексерулер;

      3) аварияға және өртке қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулар;

      4) нұсқамалар;

      5) біліктілікті арттыру.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Бөлімшелердің басқарушы қызметкерлерімен және осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында аталған персоналдың санатына жатпайтын мамандармен жұмыс:

      кіріспе және қажет болған жағдайда, мақсатты нұсқамалардан;

      білімді бастапқы және мерзімді біліктілік тексерулерден;

      аварияға және өртке қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулардан;

      біліктілікті арттырудан тұрады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жұмыстарды орындайтын қосалқы персоналмен жұмыс немесе қауіптілігі жоғары энергетикалық емес объектілерге (білдек жабдығы, құрал-сайман, жүк көтергіш механизмдер, отты, дәнекерлеу және жөндеу-құрылыс жұмыстары, цех ішіндегі көлікті басқару) қызмет көрсету:

      техникалық пайдалануға және қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқытудан;

      жұмыс орнындағы тағылымдамадан;

      білімді бастапқы және мерзімді біліктілік тексерулерден (қауіпсіздік техникасын, жұмыс түрлерінің күрделілігіне қарай арнайы нормаларды білу);

      нұсқамалардан;

      аварияға және өртке қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулардан;

      кәсіби біліктілікті арттырудан тұрады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Басқа мамандар, қызметшілер мен жұмысшылар – энергия қондырғыларына және басқа технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсетумен байланысты емес қызметкерлер үшін, персоналмен жұмыс мынадай нысандарда жүргізіледі:

      нұсқамалар (кіріспе және қажет болған жағдайда, мақсатты);

      электр қауіпсіздігі бойынша сабақтар;

      аварияға және өртке қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулар;

      кәсіби немесе арнайы біліктілікті арттыру.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Барлық жаңадан қабылданған қызметкерлер жұмысқа алынған күннен бастап бір ай ішінде оқыс жағдайлардан зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша дайындықтан өтеді.

      9. Зиянды және қауіпті өндірістік факторларымен жұмысқа, сондай-ақ жерасты жұмыстарына адамдарды қабылдауды олар алдын ала медициналық қарап-тексеруден өткеннен кейін және денсаулығының жай-күйі бойынша қарсы көрсеткіштердің болмауы анықталғаннан кейін жұмыс беруші жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 17.05.2016 № 208 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Әрбір ұйымда персоналды медициналық тексеруден өткізу үшін жауапты адам тағайындалады.

      11. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жұмыскер медициналық қарап-тексеруден жалтарған жағдайда немесе өткізілген қарап-тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындамаса, жұмыскер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек міндеттерін орындаудан шеттетіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 17.05.2016 № 208 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Қызметкердің электр энергетикасы саласындағы жұмыстарға жарамдылығының нәтижелері медициналық тексерістен кейін, қызметкердің жеке ісіне қосылады.

      14. Кәсіптерді (қызметтерді) қоса атқарып жүрген адамдарды дайындау және біліктілігін қолдау үшін негізгімен қатар, қоса атқарып жүрген кәсіп (қызмет) үшін де қарастырылған персоналмен жұмыс түрлері толық көлемде қолданылады.

      15. Электр энергетикасы саласындағы жұмыстарды орындау үшін энергетикалық ұйымдардың объектілеріне персоналды іссапарға жіберген ұйым іссапарға жіберілген персоналдың күрделілігі мен сапасы бойынша орындайтын жұмыстың электр энергетикасы саласындағы біліктілік білімінің сәйкестігін, осы персоналдың объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын энергетикалық ұйымдардың қызметкерлері үшін белгіленген көлемде нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары және нұсқаулар жөніндегі білімін қамтамасыз етеді.

2-параграф. Ұйымдық талаптар

      16. Әрбір энергетикалық ұйымда персоналмен жылдық жұмыс жоспары әзірленеді және басшымен бекітіледі. Құрылымдық бөлімшелерде персоналмен тоқсандық, айлық жұмыс жоспарлары құрылады.

      17. Персоналмен жұмыс жоспары төмендегі бағыттар бойынша іс-шараларды қамтиды:

      персоналды дайындау (басшыларды, мамандарды және жұмысшыларды), оның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқытудан өту;

      электр энергетикасы саласындағы білімді біліктілік тексеру;

      нұсқамалар;

      аварияға қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулар;

      біліктілігін арттыру;

      техникалық кітапханалардың, техникалық кабинеттердің, қауіпсіздік техникасы бойынша кабинеттердің, полигондардың, жаттығу дайындықтарының орталықтары мен пунктерінің жұмысын ұйымдастыру;

      жұмыс орындарын тексеру;

      кәсіби шеберлік және персоналмен жұмыстың басқа ұжымдық түрлері бойынша жарыстар өткізу;

      персоналды мерзімдік медициналық тексерулерден өткізу.

      18. Жалпы объекті бойынша персоналды дайындау, біліктілігін арттыру және қолдау процесін басқару ұйымның бас техникалық басшысына жүктеледі.

      19. Жұмысшыларды, басқарушы қызметкерлерді және мамандарды қайта дайындау, біліктілігін арттыру және қолдауды жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау кадрларды дайындау жөніндегі мамандар мен осы функциялар жүктелген басқа да қызметтердің қызметкерлерін қатыстырып, кадр бөлімімен жүзеге асырылады.

      20. Энергия объектілерде мамандандырылған оқу-өндірістік бөлімшелердің (оқу-курстық комбинат немесе тұрақты әрекет ететін курстар, жаттығу дайындықтары және басқа орталық немесе пункт) жұмыс істелуі қамтамасыз етіледі.

      Персоналды дайындау үшін оқу-өндірістік бөлімше оқыту мен жаттықтыру техникалық құралдарымен жабдықталынатын полигондар, оқу сыныптар, шеберханалар, зертханалар орнатады.

      21. Әрбір энергетикалық ұйымда техникалық кітапхананың жұмыс істелуі қамтамасыз етіледі.

3-параграф. Жаңа қызмет бойынша дайындау

      22. Жаңа қызмет бойынша дайындауға тиісті кәсіптік білімі бар адамдар жіберіледі. Дайындауға рұқсат берілген адамның білім деңгейіне және жұмыс өтіліне қойылатын талаптар тиісті лауазымдық нұсқаулықтарда немесе біліктілік сипаттамасында көрсетіледі.

      23. Тиісті білімі немесе жұмыс тәжірибесі жоқ алғаш жұмысқа қабылданған, сондай-ақ жаңа қызметке ауыстырылған адамдар тиісті саладағы оқу нысаны бойынша дайындықтан өтеді.

      24. Объектілерге қызмет көрсетумен байланысты қызметкерлерді, сондай-ақ негізгі өндірістің жетекші кәсіптерінің персоналын дайындау оқу орталықтарында және оқу-курстық комбинаттарда (пунктерде) өткізіледі. Бұл кәсіптер бойынша жұмысшыларды жеке оқыту түрі жүргізілмейді.

      25. Салынып жатқан немесе қайта құрылған (жаңғыртылған) энергия қондырғылары үшін персоналды дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру бойынша озық іс-шаралар қарастырылады. Дайындау ұзақтығы енгізілген жабдықтың күрделілігіне, қуаты деңгейіне, күрделілігі бойынша жаңадан еңгізілген технологиялық процестер деңгейіне байланысты анықталады.

      26. Қызметкерлерді жаңа қызметі бойынша дайындау бас техникалық жетекшімен бекітілген әрбір қызмет пен әрбір жұмыс орны үшін әзірленген үлгі бағдарламалар бойынша өткізіледі.

      Қызметкердің санатына байланысты бағдарламада дайындау кезеңдері мен олардың барынша ұзақтығы анықталады.

      27. Жедел басшылар үшін үлгі бағдарламасы негізінде бас техникалық жетекшімен бекітілетін жеке дайындау бағдарламалары құрастырылады.

      Жеке бағдарламада әрбір дайындау кезеңінің ұзақтығы мен қажеттілігі қызметкердің біліміне, оның техникалық білімінің деңгейіне, сабақтас қызметтер бойынша тәжірибелік жұмыс өтіліне байланысты белгіленеді.

      28. Жеке бағдарламалар жедел персоналдын негізгі жұмыс орындарында олардың тікелей басшылары болып табылатын жедел басшыларға теориялық дайындықты, білімді біліктілік тексеруді, тағылымдаманы, қайталауды, сондай-ақ жұмыс орындарында олардың жедел қарауында болатын жабдықпен тағылымдаманы қарастырады. Бұл дайындау орындары мен түрлерінің тізбесі әрбір жеке жағдайда дайындалатын қызметкердің біліктілігі мен алдыңғы жұмысының сипаттамасына байланысты анықталады.

      29. Ауысымдардың, цехтардың, электр бекеттерінің бастықтары (электр техникалық персоналдан басқа) электр жабдығына қызмет көрсету бойынша орындалатын жұмыс көлеміне байланысты кезекші электромонтердің жұмыс орнында тағылымдамадан және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын бере отырып, осы қызмет бойынша қауіпсіздік техникасы ережелері туралы білімін тексеруден өтеді.

4-параграф. Білімді біліктілік тексеру

      30. Білімді біліктілік тексеру қызметкердің кәсіби дайындық деңгейін анықтаудың негізгі тәсілі болып табылады.

      Білімнің біліктілік тексеруін өткізу барысында қызметкердің лауазымдық нұсқаулықтарында көрсетілген, оның құзыретіне жататын мәселелері бойынша нормаларды білуі бағаланады.

      31. Білімін біліктілік тексеруден, осы Қағидалардың 7-тармағында аталған қызметкерлердің санатын қоспағанда, ұйымда жұмыс істейтін барлық жұмыскерлер өтеді.

      Білімін біліктілік тексеруден босатылған адамдардың тізімі немесе мұндай тексеру талап етілмейтін қызметтер мен кәсіптердің тізбесі ұйымның бас техникалық басшысымен бекітіледі.

      32. Электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың техникалық басшылары, мамандары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11026 тіркелген) Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – № 210 Қағидалар) сәйкес білімді біліктілік тексеруден өтеді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Осы Қағидалардың 32-тармағында көрсетілген қызметкерлерді қоспағанда, ұйым қызметкерлері білімді біліктілік тексеруден осы Қағидаларға сәйкес өтеді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33-1. Білімді біліктілік тексеру үш негізгі түрге:

      1) бастапқы тексеруге;

      2) мерзімді (кезекті) тексеруге;

      3) кезектен тыс тексеруге бөлінеді.

      Ескерту. Қағида 33-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33-2. Білімді бастапқы біліктілік тексеру үшін ұйымдағы тиісті лауазымға қызметкерді қабылдау туралы немесе сол ұйымда тұрақты жұмыс орнынан басқа қызметке ауысу туралы ұйым басшылығының өкімдік құжаты (бұйрық) негіз болып табылады.

      Ескерту. Қағида 33-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33-3. Білімге мерзімді (кезекті) және кезектен тыс біліктілік тексеру жүргізу мерзімдері ұйымдар персоналының білімін соңғы тексеруден өткен күніне сәйкес осы Қағидаларда белгіленген мерзімдер шегінде белгіленеді және әр жұмыс орны есебінен ұйым басшысының тиісті шешімімен (бұйрығымен немесе өкімімен) ресімделеді.

      Ескерту. Қағида 33-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33-4. Білімге мерзімді (кезекті) біліктілік тексеру жүргізу үшін осы Қағидаларда білімге мерзімді біліктілік тексеру үшін белгіленген мерзімнің аяқталуы негіз болып табылады. Қызметкерлерге арналған білімге мерзімді біліктілік тексеруді тағайындау ұйымның техникалық басшысының (бұған өкілеттігі болған жағдайда, бөлімшенің) жыл сайынғы (он бесінші желтоқсанға дейін) бұйрығымен жүзеге асырылады. Бұйрыққа білімі мерзімді біліктілік тексерілуге жататын ұйым адамдарының тізімі әрбір тексерілетін адамға мерзімі көрсетілген кесте жүзінде қоса беріледі.

      Ескерту. Қағида 33-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33-5. Білімге мерзімді (кезекті) біліктілік тексеру мерзімі:

      1) әкімшілік-техникалық персонал, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшылары мен мамандары (инспекторлары) үшін – күнтізбелік үш жылда кемінде бір рет.

      2) электр техникалық және электр технологиялық персонал үшін, соның ішінде жедел келіссөздер мен ауыстырулар жүргізуге құқығы бар басшылар мен мамандар үшін, сондай-ақ әкімшілік-техникалық персоналды қоспағанда, іссапарға жіберілген қызметкерлерге теңестірілетін және құрылыс-монтаждау, іске қосу-реттеу және жөндеу жұмыстарын (соның ішінде өлшеулер мен сынаулар) орындайтын қызметкерлер үшін – күнтізбелік жылда кемінде бір рет.

      Ескерту. Қағида 33-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33-6. Білімді бастапқы біліктілік тексеру лауазымға тағайындалғаннан кейін оқыту және тағылымдама аяқталған соң бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде немесе ұйымның техникалық басшысы бекіткен даярлаудың үлгілік немесе жеке бағдарламасында көрсетілген мерзімде жүргізіледі.

      Ескерту. Қағида 33-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33-7. Білімді біліктілік тексерудің белгіленген мерзімінің өтіп кетуі қызметкерлерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкес білімді біліктілік тексеруден өтуден босатпайды.

      Ескерту. Қағида 33-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33-8. Осы Қағидаларда белгіленген білімге біліктілік тексеру жүргізу мерзімінде дәлелді себептермен (ауыру, іссапар, еңбек демалысы, оқу орындарында оқу) келмей қалған жағдайда құжаттың растау кезінде білімге біліктілік тексеру жүргізудің көрсетілген мерзімі мерзімінде келмей қалу себебі болып табылған жағдай аяқталғаннан кейін техникалық басшының шешімімен күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Білімді біліктілік тексеруден өту мерзімі алты айдан астам өтіп кеткен жағдайда осы Қағидалардың 33-12-тармағының 1) тармақшасының нормалары қолданылады.

      Ескерту. Қағида 33-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33-9. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін мыналар:

      1) электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілердің талаптарын бұзу анықталған кезде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның нұсқама беруі немесе ұсыным жіберуі;

      2) нәтижесі бойынша комиссия персонал тарапынан технологиялық бұзушылыққа, жазатайым оқиғаға әкеп соққан электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілер талаптарының бұзылуын анықтаған технологиялық бұзушылықты тергеп-тексеру актісін жасау;

      3) ұйымның техникалық басшысының шешімі;

      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызмет (бөлім) қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы нұсқаулар оның шарттары болып табылады.

      Ескерту. Қағида 33-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      33-10. Электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілердің талаптарын бұзу анықталған кезде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органнан нұсқаманы беру немесе ұсынымды жіберу арқылы білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін негіздерге:

      1) егер осы актілердің нормалары ұйым қызметкерінің қызметіне өзгерістер енгізетін болса, электр энергетикасы саласындағы жаңа құқықтық актілерді қолданысқа енгізу, электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      2) нәтижелері бойынша жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия, электр қондырғыларында жұмыс істеген кезде персонал тарапынан жазатайым оқиғаға алып келген электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілер талаптарының бұзылуын анықтаған өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісі;

      3) нәтижесінде жабдықтың (электр қондырғыларының, ғимараттардың, құрылыстардың) бүлінуі, электр және жылу энергиясын өндіру, берудің және тұтынудың белгіленген режимінің бұзылуы орын алған ұйым персоналының, соның ішінде автоматика, релелік немесе технологиялық қорғаныс құрылғыларын реттеу бойынша қате іс-әрекеттерінің фактісі;

      4) жобалау, құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске қосу-реттеу, сараптама жұмыстары, соның ішінде өлшеулер мен сынаулар кезіндегі персоналдың қате іс-әрекеттерінің фактісі;

      5) ұйымда электр энергетикасы саласында жұмыс істеу кезінде ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің техникалық басшылары, қызметкерлері тарапынан анықталған бұзушылықтар бойынша бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы;

      6) жабдықты (жаңасын немесе оны реконструкциялаудан кейін) пайдалануға беру, электрлік және технологиялық схемаларды өзгерту кезінде, егер бұл ұйым қызметкерлерінің қызметінде өзгерістерге әкеп соқса, ұйымның техникалық басшысы шешім қабылдамаған кезде, оған қатысты бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы;

      7) электр энергетикасы саласындағы сарапшы, жобалау ұйымдарының соның ішінде өзгерістер мен сынаулар бойынша зертханалардың (электр зертханаларының) мамандары тарапынан электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы жатады.

      Ескерту. Қағида 33-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      33-11. Технологиялық бұзушылықты тексеру актісінің нәтижелері бойынша білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін мыналар:

      1) энергетикалық қондырғыларда жұмыс істеу кезінде электр, жылу энергиясын өндіру, беру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымның персоналы тарапынан қауіпсіздік нормаларында жіберілген бұзушылықтарды комиссияның анықтауы;

      2) электр энергетикасы саласындағы жұмыстарды (құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске қосу-реттеу, сараптама жұмыстары, соның ішінде өлшеулер мен сынаулар) орындау кезінде комиссияның бөгде ұйымдардың қызметкерлері, соның ішінде іссапарға жіберілген персонал тарапынан электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде анықтауы негіздер болып табылады.

      Ескерту. Қағида 33-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      33-12. Ұйымның техникалық басшысының шешімі бойынша білімге кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін негіздерге мыналар:

      1) күнтізбелік алты айдан астам мерзім ішінде атқаратын лауазымында лауазымдық міндеттерді орындамау;

      2) егер бұл ұйым қызметкерінің қызметіндегі өзгерістерге әкеп соқса, жабдықты (жаңасын немесе оны реконструкциялаудан кейін) пайдалануға беру, электрлік және технологиялық схемаларды өзгерту;

      3) ұйымның қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің басшылары, қызметкерлері тарапынан ұйымда электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылау және шараларды қабылдау нәтижесінде;

      4) нәтижесінде еңбекке жарамдылықты уақытша немесе тұрақты жоғалту, кәсіби ауру не өлім басталатын, жеке тұлғалар (персонал) үшін жарақат, кәсіби ауру, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улануға әкеп соғатын электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілердің талаптарын бұзу;

      5) осы Қағидалардың 33-8 және 33-15-тармақтарында көзделген жағдайлар жатады.

      Ескерту. Қағида 33-12-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33-13. Осы Қағидалардың 33-10 – 33-12-тармақтарында көрсетілген білімді кезектен тыс тексеруді тағайындау үшін негіздер толық және жан-жақты болып табылады.

      Ескерту. Қағида 33-13-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33-14. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеру білімді мерзімді біліктілік тексеру мерзімдерін өзгертпейді.

      Ескерту. Қағида 33-14-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33-15. Осы Қағидаларда белгіленген білімді бастапқы немесе мерзімді (кезекті) біліктілік тексеруден өту мерзімдерін дәлелді себептерсіз бұзған, сондай-ақ өз біліктілігін растамаған адамдарға білімді кезектен тыс біліктілік тексеруден өту өткізілген немесе электр қауіпсіздігі бойынша тобын растамаған (алмаған) мерзімнен кейінгі күнтізбелік 30 күннің ішінде өту тағайындалады.

      Білімді кезектен тыс біліктілік тексеру тағайындалған сәттен біліктілікті растау күніне дейінгі кезеңде адам электр техникалық емес персоналға теңестіріледі және атқаратын лауазымы бойынша қызметтік міндеттерін орындауға жіберілмейді.

      Ескерту. Қағида 33-15-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33-16. Білімге кезектен тыс біліктілік тексеруді жүргізген және біліктілік расталмаған жағдайда, адам басқа лауазымға ауысу арқылы электр техникалық емес персоналға теңестіріледі.

      Ескерту. Қағида 33-16-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Білімін біліктілік тексеруден өтуден бас тартқан, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулығына сәйкес білімін біліктілік тексеру кезінде электр қауіпсіздігі бойынша тобын растамаған жағдайда, қызметкер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен бекітілген тәртіпте міндеттерін орындаудан шеттетіледі.

      35. Білімге біліктілік тексеру жүргізу үшін жыл сайын энергетикалық ұйым басшысының бұйрығымен Білімді тексеру жөніндегі орталық комиссия (бұдан әрі – Орталық комиссия) және қажет болған жағдайда Құрылымдық бөлімшелердің білімін біліктілік тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Құрылымдық бөлімше комиссиясы) құрылады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Ұйым қызметкерлері білімді біліктілік тексеруден электр қауіпсіздігі бойынша төртіншіден төмен болмайтын рұқсат тобы бар төрт адамнан кем болмайтын құрамда құрылатын ұйымның Орталық комиссиясында өтеді.

      Орталық комиссия төрағасы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органда Білімге біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына сәйкес білімге тексеруден өткен адам тағайындалады.

      Ұйымның Орталық комиссиясының құрамына ұйымның техникалық басшылары және ұйымның еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) мамандары кіреді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Құрылымдық бөлімше комиссиясында білімге біліктілік тексеруден бөлімше басшысын қоспағанда, аталған құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері, сондай-ақ даярлау бағдарламасында осы бөлімше бойынша білімге біліктілік тексеру көзделген адамдар өтеді.

      Құрылымдық бөлімше комиссиясының құрамына осы бөлімшенің басшылары, сондай-ақ Орталық комиссияда білімге біліктілік тексеруден өткен және төрттен кем болмайтын шектес бөлімшелердің басшылары кіреді.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Әрбір қызметкердің білімін біліктілік тексеру компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып тестілеу түрінде немесе жазбаша түрде жеке өткізіледі.

      41. Орталық комиссияның немесе Құрылымдық бөлімше комиссиясының шешімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білімді біліктілік тексеру хаттамасы түрінде ресімделеді.

      Тексерілуші комиссия хаттамасымен қызметкердің біліміне біліктілік тексеру жүргізілгеннен кейін бір тәулік ішінде қол қойып танысады. Қызметкерлердің білімін біліктілік тексеру хаттамалары ұйымда кемінде үш жыл сақталады.

      Қызметкердің білімін біліктілік тексеру негізінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 тіркелген) Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Электр қондырғыларында жұмыс істеудің нормалары мен қағидаларын білуін тексеру туралы куәлікке (бұдан әрі – біліктілік куәлігі) жазба жасалады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Орталық комиссия (Құрылымдық бөлімше комиссиясы) құрылмаған ұйым қызметкерлері білімге біліктілік тексеруден энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға және электр және жылу энергиясын тұтынушыларға энергетикалық сараптама жүргізуді және (немесе) электр энергетикасы саласында монтаждау-реттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың комиссияларында өтеді.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42-1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарда, электр және жылу энергиясын тұтынушыларда электр энергетикасы саласындағы энергетикалық сараптаманы жүргізетін ұйымдарда және (немесе) монтаждау-баптау жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарда құрылатын білімді біліктілік тексеру жөніндегі комиссиялар электр қауіпсіздігі бойынша төртіншіден төмен болмайтын рұқсат тобы бар кемінде үш адамнан тұратын құрамда құралады.

      Комиссия төрағасы болып № 210 Қағидаларға сәйкес біліктілік тексеруден өткен адам тағайындалады.

      Ескерту. Қағида 42-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      42-2. Осы Қағидалардың 42-1-тармағына сәйкес құрылатын Білімді біліктілік тексеру жөніндегі комиссия осы комиссия мүшелерінің біліміне біліктілік тексеруді жүзеге асырмайды.

      Ескерту. Қағида 42-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Тағылымдама

      43. Салада әрекет ететін жүйе бойынша теориялық оқудан өткеннен кейін, жаңа қызмет бойынша дайындау негізінде жедел, жөндеу және қосалқы персонал тағылымдамадан өтеді. Тағылымдама жауапты үйретуші адамның басшылығымен өткізіледі.

      44. Тағылымдамаға рұқсат ұйым немесе құрылымдық бөлімше бойынша өкімдік құжатпен ресімделеді.

      Өкімдік құжатта тағылымдама мерзімі, тағылымдамадан өтетін адамның тегі көрсетіледі және қызметкердің тағылымдама мерзіміндегі оқытуына жауапты адам тағайындалады.

      45. Әрбір жұмыс орнында тағылымдама ұзақтығы кәсібі (қызметі), үйренушінің дайындығы ескеріліп, жекелей белгіленеді және екіден жиырма жұмыс күніне дейін құрылады.

      Жеке дайындау бағдарламасы болғанда, тағылымдама мерзімі осы бағдарламамен анықталады.

      46. Лауазымдық нұсқаулығы шеңберінде дайындалушы қызметкер тағылымдама барысында:

      энергия қондырғыларын (электр қондырғыларын) іске қосу барысында техникалық іске қосу, қауіпсіздік техника нормалары мен ережелерін меңгереді;

      энергия қондырғыларының (электр қондырғыларының) схемаларын жұмыста пайдалану дағдыларын, пайдалану, сондай-ақ жедел және диспетчерлік (жедел персонал үшін) нұсқауларды біледі және алады;

      өз жұмыс орнында және шеттегі ұйым бөлімшелердің, шет ұйым басшылармен (тікелей және жоғарыдағы) әрекеттесудің, сонымен қатар жедел персонал үшін – технологиялық бұзушылық және оқыс жағдайлар жайлы хабарлау жүйесінің айқын бағдарын меңгереді;

      өндірістік операцияларды орындау барысында қажетті тәжірибелік дағдыларға үйренеді;

      қызмет көрсетілетін жабдықты авариясыз, қауіпсіз және үнемді пайдаланудың тәсілдері мен шарттары бойынша тәжирибелік дағдыларды оқып біледі және меңгереді.

6-параграф. Қайталау

      47. Қайталау бастапқы біліктілікті тексеруден, жұмыста ұзақ үзілістен (үш аптадан алты айға дейінгі) кейін, сондай-ақ ұйым немесе құрылымдық бөлімшенің басшысының өкімдік құжатында көрсетілген жағдайларда тағайындалады.

      48. Өкідік құжатта қайталау мерзімі және орны, қайталаудан өтетін адам көрсетіледі және қайталанушыны дайындау үшін жауапты адам тағайындалады.

      49. Жедел басшыларға қайталауға рұқсат беру туралы жоғары тұрған және жедел бағынышты персонал, сондай-ақ диспетчерлік келіссөздер және жедел ауыстыру жүргізілетін жақтас ұйымдардың персоналы хабарландырылады. Бұл берілген және қабылданған ақпарат әр мүдделі тараптардың жедел құжаттамасында жазылады.

      50. Қызметкерді қайталау ұзақтығы бастапқы тексеру кезінде – Орталық комиссиямен (Құрылымдық бөлімше комиссиямен) немесе жұмыстағы ұзақ үзілістен кейін (үш айдан алты айға дейін) – нысан (құрылымдық бөлімше) басшысымен белгіленеді.

      Қайта дайындалатын қызметкерлердің қайталау ұзақтығы төмендегілерден тұрады:

      жедел басшылар (кезекші диспетчерлер, кезекші инженерлер, ауысым бастықтары, аға машинистер және басқалар), қазандықтардың, турбиналардың, энергия блоктарының, гидробекітпелердің машинисттері, қазандық және турбина жабдықтары бойынша машинист-қараушылар, электр станцияларын басқарудың бас қалқанының электр монтерлері, жылу автоматикасы мен өлшеу цехының кезекші электр слесарлары үшін – он екі жұмыс ауысымынан кем емес;

      басқа лауазымдар үшін – екіден он екі жұмыс ауысымына дейін.

      Бағынышты персоналдың жұмыс орындарында жедел басшыларды қайталау ұзақтығы ұйымның техникалық басшысымен бекітілетін дайындау бағдарламасымен белгіленеді.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Қайталау кезеңінде қайта дайындалатын қызметкер аварияға және өртке қарсы жеке мақсатты жаттығулардан өтеді. Жаттығулардың саны және олардың тақырыптамалары ұйым немесе құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен анықталады.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Егер қызметкер қайталау уақыты ішінде жеткілікті жедел жұмыс дағдыларына үйренбесе немесе жаттығу кезінде қанағаттанарлықсыз баға алса, оның қайталауына жаңа мерзім тағайындалады және қосымша бақылау жаттығуы белгіленеді. Қосымша қайталау ұзақтығы негізгі қайталау мерзімінен аспауы тиіс.

      Қызметкердің дайындық деңгейі туралы және қайталауға жаңа мерзім тағайындау туралы шешімді қайталаушыны дайындау үшін жауапты адамның пікірін ескеріп, ұйымның (құрылымдық бөлімшенің) техникалық басшысы қабылдайды және осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген тәртіппен тиісті өкімдік құжатпен ресімделеді.

      Адам (қайталаушы) қайта қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, ол кейіннен еңбекті қорғау бөлімшесінің қатысуымен өтетін кезектен тыс білімін тексерумен қосымша оқыту жүргізу үшін құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-параграф. Өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат беру

      53. Қайта қабылданған персоналға өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат, олар осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10-параграфтарында аталған дайындық түрлерінен өткеннен кейін жүзеге асырылады.

      54. Дайындықтан өткен қызметкерді өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат ұйым немесе құрылымдық бөлімше бойынша өкімдік құжатпен ресімделеді.

      55. Білімді біліктілік тексеру міндетті болып табылатын адамдарды өз бетімен жұмыс істеуге берілген рұқсатының әрекеті кезекті тексеру мерзіміне дейін сақталады және электр шаруашылық үшін жауапты басшысы түрінде, объектінің (құрылымдық бөлімшенің) техникалық басшысының, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша қызметтің (бөлімшенің) басшысының немесе бұл адамдармен осы Қағидаларды, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, техникалық құжаттарды және бұл адамның лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген нұсқауларды бұзған фактілер анықталған жағдайда, электр энергетикасы саласында мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау бойынша мемлекеттік органының шешімімен тоқтатылады.

      56. Жұмысында ұзақтығы үш аптадан екі айға дейін үзіліс болған жедел персонал өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат алғанға дейін бір-екі жұмыс ауысымы ішінде өз жұмыс орнында жоспардан тыс нұсқамадан және қайталаудан өтеді, ал жұмысында ұзақтығы екіден алты айға дейінгі үзілістен кейін – екі-алты жұмыс ауысымы ішінде жұмыс орнында жоспардан тыс нұсқамадан және қайталаудан өтеді.

      Қызметкер қайталау және нұсқамадан өту барысында төмендегілермен танысады:

      жабдықтың құрамындағы (көлеміндегі) және техникалық жағдайындағы өзгерістермен;

      энергия қондырғылардың схемасына сондай-ақ жұмыс режиміне енгізілген өзгеріспен;

      лауазымдық нұсқулық шеңберінде қайта шығарылған нормативтік және өкімдік құжаттардың, өндірістік нұсқаулықтардың мазмұнымен және бұрын шығарылған құжаттардағы өзгерістермен.

      57. Жөндеу және реттейтін персонал жұмыста ұзақтығы бір айдан екі айға дейін үзіліс болған кезде, жұмысқа жіберер алдында жоспардан тыс нұсқамадан өтеді, ал екі айдан алты айға дейін үзіліс болған кезде – бір-екі жұмыс күні ішінде жоспардан тыс нұсқамадан, тағылымдамадан және аварияға қарсы жаттығулардан өтеді.

      58. Жұмыста алты айдан астам үзіліс болған жедел, жөндеу және реттейтін персоналға жұмыс істеуге рұқсат осы Қағидалардың 53-тармағындағы талаптарға сәйкес қайта қабылданған персонал үшін белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      59. Жабдық ұзақ тұрып қалған кезде немесе оның жұмыс істеу шарттары өзгерген кезде персоналды энергия қондырғыларымен басқаруға рұқсат ету тәртібі ұйым басшылығымен анықталады.

8-параграф. Нұсқамалар

      60. Нұсқаманың мынадай түрлері белгіленеді:

      1) кіріспе;

      2) жұмыс орнындағы бастапқы;

      3) қайталама (мерзімді);

      4) жоспардан тыс;

      5) нысаналы.

      61. Бастапқы, қайталама, жоспардан тыс және нысаналы нұсқамалар өткізілгені туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жұмыс орнында нұсқамаларды тіркеу журналына нұсқаманы жүргізуші мен нұсқамадан өтушінің қолдарымен жазылады.

      Жүктелім бойынша жұмыс істелген кезде рұқсат жүктелім бланкісінің жолдарына нысаналы нұсқама өткізілгені көрсетіледі.

      Жоспардан тыс нұсқаманы тіркеген кезде жұмыс орнында нұсқаманы тіркеу журналында оны өткізу себебі көрсетіледі.

      62. Жұмыс орнында нұсқама (бастапқы, қайталама, жоспардан тыс, нысаналы) аяқталғаннан кейін ауызша сұрау арқылы немесе техникалық оқыту құралдарының көмегімен материалды меңгергенін және қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері дағдысының болуы тексеріледі. Тексеруді нұсқаманы өткізген жұмыскер жүзеге асырады.

      Жұмыскер нұсқама материалдарын меңгермеген жағдайда нұсқамадан қайтадан өтеді. Қайталама нұсқамадан кейін материалды меңгермеген жағдайда, адам (жұмыскер) жұмысқа жіберілмейді және оған білімді кезектен тыс тексеру тағайындалады.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Кіріспе нұсқама осы мамандық немесе лауазымы бойынша олардың біліміне, жұмыс өтіліне қарамастан барлық жұмысқа қабылданатындармен, уақытша қызметкерлермен, іссапарға жіберілгендермен, ұйымға өндірістік үйрену немесе тәжірибе үшін келген оқушылармен және студенттермен өткізіледі.

      64. Кіріспе нұсқама мемлекеттік стандарт талаптарын, электр қондырғыларында қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерін ескеріп әзірленген бағдарлама бойынша өткізіледі.

      Кіріспе нұсқаманың осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес болжалды сұрақтарының тізбесі лауазымдық нұсқаулығы шеңберінде кіріспе нұсқаманың бағдарламасына енгізілуге жатады.

      65. Жұмысқа қайта қабылданған басшылар мен бөлімшелердің мамандарды келесілермен танысады:

      оның басқаруына берілген объектідегі (цехтағы, бөлімшедегі және басқа) еңбек шарттарының жағдайымен және өндірістік ахуалмен;

      қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жұмыскерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарының жағдайымен;

      өндірістік жарақаттану және кәсіби сырқаттану жағдайымен;

      өз құзыреті шегінде лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген нормалармен.

      Адамдарды зиянды және қауіпті еңбек жағдайымен жұмысқа қабылдаған кезде, олар кәсіби сырқаттың пайда болу мүмкіндігі туралы жазбаша ескертіледі.

      66. Кіріспе нұсқама оқытудың техникалық құралдары мен көрнекі құралдарды (плакаттар, натуралық экспонат, үлгілер, фильмдер) пайдаланып, қауіпсіздік техникасы бойынша кабинетте өткізіледі;

      67. Кіріспе нұсқаманы қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша қызмет (бөлімше) ішінен немесе осы міндеттер бұйрықпен жүктелген адам өткізеді.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Кіріспе нұсқама өткізілгені туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кіріспе нұсқаманы тіркеу журналына жазылады.

      69. Жұмыс орнында бастапқы нұсқама қызметкердің өндірістік қызметі басталғанға дейін өткізіледі.

      70. Бастапқы нұсқама төмендегілермен өткізіледі:

      жұмысқа қабылданатын немесе бір құрылымдық бөлімшеден басқасына ауыстырылатын барлық адамдармен;

      олар үшін жаңа жұмысты орындайтын қызметкерлермен;

      іссапарға жіберілген және уақытша қызметкерлермен;

      өндіріске үйренуге немесе тәжірибеге келген студенттермен және оқушылармен.

      71. Бастапқы нұсқамадан жабдыққа қызмет көрсетумен, жөндеумен, реттеумен және сынаумен, құрал-сайманды пайдаланумен, шикізат пен материалдарды сақтаумен және пайдаланумен байланысты емес адамдар босатылады. Бастапқы нұсқамадан босатылған қызметкерлердің мамандықтарының (лауазымдарының) тізімін ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

      72. Жұмыс орнында бастапқы нұсқама лауазымдық нұсқаулық шеңберінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік стандарт талаптарын, қауіпсіздік ережелерін ескеріп, жеке мамандықтар (лауазымдар) үшін әзірленген бағдарламалар бойынша жүргізіледі.

      Жұмыс орнында б астапқы нұсқаманың негізгі сұрақтарының үлгі тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшада анықталған.

      Бастапқы нұсқаманың бағдарламалары энергия объектісінің электр шаруашылығына жауапты адам ретінде, энергия объектісінің бас техникалық басшысымен бекітіледі.

      73. Бастапқы нұсқаманы құрылымдық бөлімшенің басшысы немесе осы міндеттер бұйрықпен жүктелген оны алмастырушы адам қауіпсіз еңбек тәсілдері мен әдістерін практикалық түрде көрсете отырып, әрбір жұмыскермен оның жұмыс орнында жеке жүргізеді.

      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      74. Қайталама нұсқаманы, осы Қағидалардың 70 және 71-тармақтарында анықталған топтың қызметкерлері өтеді.

      75. Қайталама нұсқаманы өткізу мақсаты персоналдың өндірістік және лауазымдық нұсқаулық ережелерінің білімін тиісті деңгейде ұстап тұру және білім деңгейін кеңейту, сондай-ақ жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу, қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру болып табылады.

      76. Қайталама нұсқама кезінде лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген нормалардың әртүрлі тақырыбынан төрт сұрақ қосылады.

      Нұсқама барысында орын алған технологиялық бұзушылықтарды, жазатайым уақиғаларды, лауазымдық нұсқаулық шеңберінде электр энергетикасы саласындағы қауіпсіздік техника ережелерін бұзушылықтарды талдайды.

      77. Әрбір құрылымдық бөлімшеде бөлімше басшылары барлық лауазымдар мен мамандықтар үшін қайталанатын нұсқамалар тақырыптарының жылдық тізбесін әзірлейді, оны бас техникалық басшы бекітеді.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      78. Қайталама нұсқама қызметкердің тікелей әкімшілік-техникалық немесе жедел басшысымен (цех, бөлімше, қызмет, зертхана бастығымен, бастықтың орынбасарымен, шебер, ауысым бастығы және басқалармен) өткізіледі.

      79. Қайталама нұсқама жеке жүргізіледі. Біртектес жабдыққа және ортақ жұмыс орны шегінде қызмет көрсететін қызметкерлер тобы бар болғанда, қайталама нұсқама барлық топ үшін жүргізіледі.

      Қайталама нұсқама кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.

      80. Жоспардан тыс нұсқама:

      1) энергия қондырғыларды лауазымдық нұсқаулықпен бекітілген нормаларды қозғайтын қауіпсіз пайдалану тәртібін белгілейтін жаңа нормативтік құжаттардың талаптарын (өзгертулерін) белгілеген;

      2) технологиялық процесс өзгерген, жабдықты, құрылғыларды және құрал-саймандарды, жанармайды, материалдарды және басқа да өндіріс факторларын ауыстырған немесе жаңартқан;

      3) жұмыс істеушілер жарақатқа, технологиялық бұзушылыққа әкелген немесе әкелуі мүмкін ережелерді немесе нұсқаулықтарды бұзған;

      4) жедел персоналдың үш аптадан астам, жөндеу және реттеу – бір айдан астам жұмыста үзіліс болғанда, басқа қызметкерлер үшін – екі айдан астам жұмыста үзіліс болған;

      5) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның немесе жоғары тұрған ұйымдардың техникалық басшыларының талап етулері кезде жүргізіледі.

      81. Жоспардан тыс нұсқаманы өткізу осы Қағидалардың 78 және 79-тармақтарында көрсетілген тәртіпке сәйкес жүзеге асыралады.

      82. Нұсқаманың көлемі мен мазмұны оны өткізуге қажеттілік тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда анықталады.

      83. Алыстағы учаскелердің жедел персоналы үшін жоспардан тыс нұсқама телефон арқылы өткізіледі. Мұндай учаскелердің тізімін ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

      84. Нысаналы нұсқама мамандығы бойынша тікелей міндеттерімен байланысты емес бір жолғы жұмыстар персоналмен орындалған кезде (тиеу, түсіру, аумақты тазалау және басқа), апат, табиғи апат және зілзаланың салдарын жойғанда, жүктелім және өкім бойынша жұмыс жүргізгенде, сондай-ақ объектіде экскурсия өткізгенде жүргізіледі.

      Біртипті жабдықты күтуші қызметкерлер тобы бар болған жағдайда және жалпы жұмыс орны шегінде нысаналы нұсқама барлық топ үшін өткізіледі.

9-параграф. Бақылау жаттығулары

      85. Технологиялық бұзушылықтарды жоюдың тәжірибелік дағдыларына үйрену және авариялық қаупі жағдайында энергия объектісінің жұмысқа қабілетін қамтамасыз ету үшін объектінің бүкіл персоналы аварияға қарсы бақылау мақсатындағы жаттығуларына қатысады.

      86. Бақылау жаттығуларының мерзімділігі, дайындық тәртібі, өткізу және талдауы энергетикалық ұйымдарымен әзірленген техникалық құжаттармен анықталады.

      87. Дәлелді себептерсіз бақылау жаттығуларына қатыспаған адамдарға, өткізіп алған бақылау жаттығуларының күнінен саналатын күнтізбелік он бес күннен ерте болмайтын және отыз күннен кешіктірмей қосымша бақылау жаттығу тағайындалады.

      Бақылау жаттығуы материалын меңгермеген жағдайда, жұмыскер еңбекті қорғау қызметі өкілінің қатысуымен құрылымдық бөлімше комиссиясында білімді кейіннен кезектен тыс тексеру арқылы қосымша оқыту жүргізу үшін құрылымдық бөлімшеге жіберіледі.

      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      87-1. Өртке қарсы жаттығулар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 123 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10799 тіркелген) Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 87-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-параграф. Біліктілігін арттыру немесе растау

      88. Персоналдың біліктілігін арттыру немесе растау қызметкерлердің біліктілік деңгейін растау өзгерістегі өндірістік шарттарға сәйкестендіру, оларда кәсіпқойлықты арттыруды негіздеу мақсатында, басшылар мен мамандарды қызметін ауыстыруға дайындау, жұмысшыларға біліктілік дәрежесін беру мақсатында жүргізіледі.

      89. Персоналдың біліктілігін арттыру немесе растау төмендегі түрлерде жүзеге асырылады:

      1) қызметкерді өз бетімен жүйелі дайындау (өздігінен білім алу);

      2) өндірістік-экономикалық курстарда және нысаналы мақсаттағы курстарда оқыту;

      3) қысқа мерзімді кезеңдік мамандандырылған оқыту;

      4) ұзақ мерзімді кезеңдік оқыту;

      5) жетекші ғылыми ұйымдар мен оқу ғимаратының озық өндірістік ұжымдардың тәжірибесін меңгеру.

      90. Техникалық басшылар мен мамандарды қысқа мерзімді кезеңдік оқыту енгізбелік ғылыми-техникалық, экономикалық және ұйым саласының деңгейінде туындайтын басқа да міндеттерді шешу мақсатында, үш жылда бір реттен кем емес мерзілімдігімен, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау жүйесінің оқу ғимараттарында (бөлімшелерінде) өткізіледі.

      91. Басшылар мен мамандарды ұзақ мерзімді кезеңдік оқыту кемінде бес жылда бір рет ғылым және техниканың ең жаңа жетістіктерін, өндірісті басқарудың және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заман әдістерін тереңдете оқу және тәжірибелік меңгеру үшін кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау жүйесінің оқу ғимараттарында өткізіледі.

      92. Жұмысшылардың біліктілігін арттыру немесе растау өндірістік-техникалық курстарда, нысаналы мақсаттағы курстарда өткізіледі.

      Жұмысшылардың оқу түрлері, ұзақтығы және мерзімдігі өндірістік қажеттілікке, қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейіне және әрбір жұмысшының міндетті түрде жыл сайын кәсіби оқу шарттарына сүйеніп, ұйым басшысымен анықталады.

11-параграф. Жұмыс орындарын аралап шығу және тексеру

      93. Ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелердің техникалық басшылары персоналдың өндірістік жұмыс орындарын жүйелілік аралауын әрдайым өз бетімен өткізеді.

      94. Жұмыс орындарын аралау төмендегілерді тексеру мақсатында жасалады:

      1) персоналмен өндірістік және лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын, жабдықтың бекітілген жұмыс істеу тәртібінің сақталуын;

      2) персоналмен ауысымды қабылдау-тапсыру, жедел құжаттаманың жүргізілу тәртібінің, өндірістік және еңбек тәртібінің сақталуын;

      3) персоналмен жабдық жұмысындағы ақаулардың және оқылықтардың уақтылы анықталуын және оларды жою үшін шаралардың қабылдануын;

      4) жөндеу және арнайы жұмыстарды орындаған кезде жүктелім-рұқсат беру жүйесінің дұрыс пайдаланылуын;

      5) персоналмен жұмыс орындарында еңбек гигиенасының сақталуын;

      6) электр энергетикасы саласындағы қауіпсіздік техникасы бойынша құралдары мен аспаптарының болуын және дұрыстығын.

      95. Әрбір жұмыс орны ұйымның техникалық басшыларының бірімен жартыжылда кемінде бір рет, ал құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен – айына кемінде бір рет бақыланады.

      Энергетикалық объектінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің қызметкерлері, техникалық басшы айына кемінде он жұмыс орнын, ал құрылымдық бөлімшенің басшысы – аптасына кемінде он жұмыс орнын тексереді.

      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      96. Әрбір жұмыс орнын аралаудың нәтижелері жұмыс орнында жедел журналда немесе басқа жедел құжаттамада ресімделеді.

12-параграф. Персоналмен жұмыс істеудің ұжымдық түрлері

      97. Персоналмен жұмыс істеудің ұжымдық түрлеріне мыналар жатады:

      1) өндірістік кеңестер;

      2) кәсіби байқаулар-жарыстар;

      3) кәсіби шеберлік бойынша жарыстар;

      4) еңбектің қорғалуын қоғамдық бақылау;

      5) ақпаратпен қамтамасыз ету.

      98. Өндірістік кеңестер жұмысты қорытындылау, өкімдік құжаттарды анықтап алу, орын алған технологиялық бұзушылықтарды, жарақаттанушылық, өндірістік және еңбек тәртібін бұзушылық жағдайларын талдау мақсатында ай сайын цехтарда, ауысымдарда, бригадаларда, учаскелерде өткізіледі.

      Электр станцияларының жедел қызметкерлеріне өндірістік кеңестерді ауысым бастықтары өткізеді. Электр станцияларының және жөндеу ұйымдарының, электр, жылу тораптарының құрылымдық бөлімшелерінің жөндеу-реттеу персоналына өндірістік кеңестерді цехтардың, қызметтердің, аудандардың, учаскелердің басшылары өткізеді.

      99. Өндірістік кенес нәтижелері бойынша төмендегілерді көрсетумен хаттама ресімделінеді:

      1) технологиялық бұзушылықтың, жарақаттылықтың, өндіріс және еңбек тәртібінің бұзушылығының бірыңғай оқиғаларын болдырмау мақсатында талап етілетін іс-шараларды, сондай-ақ іс-шаралардың орындау мерзімдерін және олардың орындалуы үшін лауазымдық нұсқаулық бойынша құзыретінің есебімен нақты жауапты адамдарды;

      2) алдыңғы кеңестегі бекітілген іс-шаралардың орындалу нәтижелері бойынша, жауапты адамдардың іс-шараларды орындау мақсатында көтермелеу немесе жаза беру тұжырымдамасы;

      3) кәсіпорындарда және қауіпсіздік жұмысына байланысты бар болғанда қосымша ақпарат.

  Қазақстан Республикасының
энергетикалық ұйымдарында
персоналмен жұмыс істеу
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Білімді біліктілік тексеруге
ХАТТАМА №

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Білімді біліктілік тексеру өткізу күні________

      (Орталық/құрылымдық бөлімше) комиссиясы______________________________

      керектісін сызыңыз (ұйым атауы)

      Төраға:______________________________________________________________

      (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      Комиссия құрамы:_____________________________________________________

      (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      Алатын жұмыс орнының және біліктілігінің көлемінде білімін тексеру

      жүргізді_____________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жұмыс орны,

      лауазымы, мамандығы, дәрежесі,

      _____________________________________________________________________

      электр қауіпсіздігі бойынша тобы, соңғы тексеріс уақыты)

      Тексеру түрі:________________________________________________________

      (бастапқы, қайталама, кезектен тыс, себебі)

      Комиссия қорытындысы:

      1. Электр қауіпсіздігі бойынша топ берілді – ________________________

      2. Атқаратын лауазымына сәйкес/сәйкес емес – ________________________

      3. Қайталама мерзімін белгілеу ____________ – ___________ ауысым

      4. Қайталама тексерудің мерзімі______________________________________

      Қосымша мәліметтер:__________________________________________________

      Қолдары:

      Комиссия төрағасы____________________________________________________

      (қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      Комиссия мүшелері_____________________________________________________________

      (қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      _____________________________________________________________________

      (қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      Комиссия қорытындысымен таныстым_____________________________________

      (тексерілетін тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған

      жағдайда), қолы)

  Қазақстан Республикасының
энергетикалық ұйымдарында
персоналмен жұмыс істеу
қағидаларына 2-қосымша

      Нысаны

Біліктілік куәлік

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
энергетикалық ұйымдарында
персоналмен жұмыс істеу
қағидаларына 3-қосымша
  Нысаны
  Форматы 297х210
  Мұқабасы

      Жұмыс орнында нұсқаманы

      тіркеу журналы

      _______________________________

      (ұйым, цех,

      _______________________________

      учаске, бригада атауы)

      _______________________________

      Басталды___________________________________ 20__ж.

      Аяқталды___________________________________ 20__ж.

      Форматы 297х210

      Келесі беттері

Нұсқаманы өткізу күні

Нұсқама жүргізілгеннің Т.А.Ә

Нұсқама жүргізілгеннің мамандығы (лауазымы)

Нұсқаманың түрі

Жоспардың тыс нұсқаманы өткізу себебі

Нұсқама жүргізушінің Т.А.Ә.

Қолдар

нұсқама жүргізушінің

нұсқама жүргізілгеннің

1

2

3

4

5

6

7

8










      Ескертпелер:

      1. Журнал беттері нөмірленеді және алынып қалудан қорғалады.

      2. Толтырылған журналды сақтау мерзімі 10 жыл

  Қазақстан Республикасының
энергетикалық ұйымдарында
персоналмен жұмыс істеу
қағидаларына 4-қосымша

Кіріспе нұсқаманың үлгі сұрақтарының тізбесі

      1. Кәсіпорын (ұйым) туралы жалпы мәлімет, өндірістің өзіндік ерекшеліктері.

      2. Еңбекті қорғау туралы заңнаманың басты ережелері:

      1) Еңбек шарты, жұмыс уақыты және демалу уақыты. Әйелдер мен 18 жасқа жетпеген тұлғалардың еңбегін қорғау. Жеңілдіктер мен өтемақылар;

      2) Ұйымның ішкі еңбек тәртібінің ережелері, ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік;

      3) Нысанда еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Еңбекті қорғау жағдайын ведомстволық, мемлекеттік қадағалау.

      3. Жұмысшылардың нысан территориясында, өндірістік және көмекші ғимараттарда жалпы жүріс-тұрыс ережелері. Негізгі цехтардың, қызметтердің, көмекші ғимараттардың орналасуы.

      4. Осы өндіріс үшін тән негізгі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Жазатайым оқиғалардың және кәсіби ауырудың алдын алу әдістері мен тәсілдері. Ұжымдық қорғану құралдары, плакаттар, қауіпсіздік белгілері, дабыл.

      5. Өндірістік санитария және жеке гигиенаның негізгі талаптары.

      6. Жеке қорғану құралдары. Жеке қорғану құралдарын беру тәртібі және нормалары, тасу мерзімі.

      7. Өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін осы өндірісте және басқа ұқсас нысандарда болған жеке өзіндік жазатайым уақиғалардың, апаттардың, өрттердің себептері және жағдайлары.

      8. Жазатайым уақиғалар мен кәсіби ауыруларды тексеру және рәсімдеу тәртібі.

      9. Өрт қауіпсіздігі. Өрттің алдын алу әдістері мен тәсілдері. Олар туындаған жағдайда қызметкерлердің іс-әрекеті.

      10. Зардап шекккендерге алғашқы көмек. Жұмысшылардың жарақаттанған кезде іс-әрекеті.

  Қазақстан Республикасының
энергетикалық ұйымдарында
персоналмен жұмыс істеу
қағидаларына 5-қосымша
  Нысаны
  Форматы 297х210
  Мұқабасы

      Кіріспе нұсқаманы тіркеу

      журналы

      _____________________

      (ұйымның атауы)

      Басталды_____________________________ 20__ж.

      Аяқталды_____________________________ 20___ж.

      Форматы 297х210

      Келесі беттері

Нұсқаманы өткізу күн

Нұсқама жүргізілгеннің Т.А.Ә.

Нұсқама жүргізілгеннің мамандығы (лауазымы)

Нұсқама жүргізілген қызметкер жіберіліетін бөлімшенің атауы

Нұсқама жүргізгеннің Т.А.Ә.

Қолдар

нұсқама жүргізушуінің

нұсқама жүргізілгеннің

1

2

3

4

5

6

7









      Ескертпелер:

      1. Журнал беттері нөмірленеді және алынып қалудан қорғалады.

      2. Толтырылған журналды сақтау мерзімі 10 жыл.

  Қазақстан Республикасының
энергетикалық ұйымдарында
персоналмен жұмыс істеу
қағидаларына 6-қосымша

Жұмыс орнында бастапқы нұсқаманың үлгі сұрақтарының тізбесі

      1. Осы өндірістік учаскедегі технологиялық үдеріс және жабдық туралы жалпы мәліметтер. Осы технологиялық үдеріс кезінде туындайтын басты қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.

      2. Жұмыс орнын қауіпсіз ұйымдастыру және ұстау.

      3. Жабдық құрылғысы, қызмет көрсетудің қауіпті аймақтары. Сақтандырғыш жабдықтар және қоршаулар, бұғаулау және дабыл жүйелері.

      4. Жұмысқа дайындау тәртібі (жабдықтың, іске қосу құрылғыларының, құрал-саймандарды және бұғаулау, жерге тұйықтау құрылғыларының және басқа да қауіпсіздік құралдары мен құрылғыларының дұрыстығын тексеру). Жеке қорғану құралдары мен оларды пайдалану ережелері.

      5. Жұмыстың қауіпсіз амалдары мен тәсілдері. Қауіпті жағдай туындаған кезде іс-әрекеттері.

      6. Жұмысшылардың нысан, цех, учаске аумағында қауіпсіз жүру схемасы.

      7. Цех ішіндегі көлік және жүк көтергіш құралдар мен механизмдер. Жүкті тиеу-түсіру және тасымалдаған кезде қауіпсіздік техникасы.

      8. Апаттарға, жарылыстарға, өндірістік жарақат жағдайларына тән сипаттар, олардың алдын алу шаралары.

      Қызметкерлердің апат, жарылыс, өрт кезінде әрекеттері. Өртті сөндіру құралдарын пайдалану тәсілдері, олардың орналасқан жерлері.