"Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 тамызда № 14114 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс   

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 77, 1000-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 1 және 3-тармақтар алып тасталсын;
      2) аталған Жарлықпен мақұлданған Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасында:
      «Тұжырымдаманы іске асыру құралдары» деген 2.7-бөлімде:
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Тұжырымдаманың ережелері құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің мәселелері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және жаңаларын әзірлеу, кадр саясатын іске асырушы субъектілердің функциялары мен жауапкершілігін өзгерту арқылы іске асырылатын болады.».
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев