"Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 маусымда № 13833 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10830 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларында:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Зиянды және қауіпті өндірістік факторларымен жұмысқа, сондай-ақ жерасты жұмыстарына адамдарды қабылдауды олар алдын ала медициналық қарап-тексеруден өткеннен кейін және денсаулығының жай-күйі бойынша қарсы көрсеткіштердің болмауы анықталғаннан кейін жұмыс беруші жүзеге асырады»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Жұмыскер медициналық қарап-тексеруден жалтарған жағдайда немесе өткізілген қарап-тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындамаса, жұмыскер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек міндеттерін орындаудан шеттетіледі».
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                        Қ. Бозымбаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ____________ Т. Дүйсенова
      2016 жылғы 7 мамыр