Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10640 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 11.08.2021 № 431 (лғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 151 бұйрығымен
бекітілген

Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 11.08.2021 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Cараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу сараптама ұйымдарын және Ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу сараптама ұйымдарын аккредиттеуді өткізу тәртібін регламенттейді және "Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі органның құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемеге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша сараптама ұйымдарының құзыретін ресми танитын рәсімі;

      2) жобалау саласындағы сарапшы – жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға;

      3) ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген және ерекше индустриялық аймақ аумағында құрылыс салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын, ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы.

2-тарау. Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымдарын аккредиттеуді өткізу тәртібі

      3. Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеуден өту үшін өтініш берушілер өз құрамында тұрақты негізде жобаның негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін мамандандыру бойынша, оның ішінде мамандандыру бойынша аттестатталған кемінде бес сарапшы болуы қажет: қала құрылысы, жобалау алдындағы құжаттама, сәулет, конструкциялық бөлім, инженерлік желілер мен жүйелер( инженерлік желілер мен жүйелердің түрлері бойынша), технологиялық бөлім (объектінің мақсатына байланысты), сметалық бөлім.

      4. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге сараптама ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік аккредиттелген күннен бастап екі жылда бір рет расталады.

      5. Көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлікпен (бұдан әрі - куәлік) расталады.

3-тарау. Ерекше индустриялық аймақтардың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін ерекше индустриялық аймақтың сараптама ұйымдарын аккредиттеуді өткізу тәртібі

      6. Ерекше индустриялық аймақтардың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін ерекше индустриялық аймақтың сараптама ұйымдарын аккредиттеуден өткізу үшін өтініш берушілерде:

      ерекше индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ерекше индустриялық аймақты құру немесе заңды тұлғаны басқарушы компания етіп айқындау туралы жер учаскесі меншік иесінің шешімі болады;

      өз құрамында тұрақты негізде жобаның негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін мамандандыру бойынша, оның ішінде мамандандыру бойынша аттестатталған кемінде жеті сарапшының болады: қала құрылысы, жобалау алдындағы құжаттама, сәулет, конструкциялық бөлім, инженерлік желілер мен жүйелер (инженерлік желілер мен жүйелердің түрлері бойынша), технологиялық бөлім (объектінің мақсатына байланысты), сметалық бөлім.

      7. Ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге сараптама ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік аккредиттелген күннен бастап екі жылда бір рет расталады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес куәлікпен расталады.

      9. Аккредиттелген сараптама ұйымдары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылысқа арналған жобаларды сараптау жөніндегі аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізіліміне (бұдан әрі - аккредиттелген сараптама ұйымдардың тізілімі) енгізіледі.

      10. Аккредиттелген сараптама ұйымдардың тізіліміне, сараптама ұйымының шатында тұратын аттестатталған сарапшылар туралы мәліметке өзгерістер мен толықтыруларды көрсетілетін қызметті алушы дербес енгізеді.

      11. Аккредиттелген сараптама ұйымдары куәлікті беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де осы Қағидалардың 3 және 6-тармақтарында қойылатын талаптарға сәйкес келуі қажет.

4-тарау. "Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      13. Заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен өтінішті жолдайды:

      1) мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде осы Қағидаларға 4 -қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды;

      2) ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды;

      3) куәлікті қайта ресімдеу кезінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) нысанында баяндалған.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағымен анықталған.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін іс-әрекеттер, орындалу ұзақтығы:

      1) осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттармен өтінішті автоматты тіркеу;

      2) куәлікті электрондық нысанда беру, қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз ақпараттық жүйемен (компьютермен) 20-40 (жиырма - қырық) минутта өтініш қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      17. Сараптама ұйымдарының аккредиттеу туралы куәліктері заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайларда қайта ресімделеді.

      18. Сараптама ұйымдарының аккредиттеу туралы куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      19. Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы және ерекше индустриялық аймақ аумағында объектілер салуға арналған объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру қолданыстағы куәлігі болған жағдайда жүзеге асыруға жол беріледі.

5 тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей беріледі:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      уәкілетті орган және білім беру сапасын бақылау мемлекеттік қызметтер көрсету;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Шағым келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      21. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК №________ Осы аккредиттеу туралы куәлік _________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) _________________________________________________________________, (мекенжайы)

      мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құқығына

АККРЕДИТТЕЛДІ

      және Құрылысқа арналған жобаларды сараптау жөніндегі аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізіліміне енгізілді.

      Жарамдылық мерзімі ________ дейін

      Уәкілетті орган ___________________________

      ___________ қаласы                               20__жылғы "__" ___________

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК №________ Осы аккредиттеу туралы куәлік _________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) _________________________________________________________________, (мекенжайы)

      ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін құқығына

АККРЕДИТТЕЛДІ

      және Құрылысқа арналған жобаларды сараптау жөніндегі аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізіліміне енгізілді.

      Жарамдылық мерзімі ________ дейін

      Уәкілетті орган ___________________________

      ___________ қаласы                               20__жылғы "__"___________

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Құрылысқа арналған жобаларды сараптау жөніндегі аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі

Р/с №

Сараптама ұйымының атауы, заңды тұлғаның деректемелері

Аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні және нөмірі

Сараптама ұйымының шатында тұратын аттестатталған сарапшылар туралы мәлімет

Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет











  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Өтініш ______________________________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)

      мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымы ретінде аккредиттеуді сұраймын

      Мекенжайы ______________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі, телефон, факс, е-mail)

      Банктік шот ______________________________________________________________

                        (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Филиалдар (өкілдіктер, объектілер, пункттер, учаскелер) _________________________

                                                      (орналасқан жері және деректемелері)

      Осымен расталады:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмайды;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.

      Басшысы ____________ _________________________________

      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Толтырылған күні: 20 жылғы "__" __________

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Өтініш ______________________________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)

      ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін ерекше индустриялық аймақтың сараптама ұйымы ретінде аккредиттеуді сұраймын

      Мекенжайы ____________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі, телефон, факс, е-mail)

      Банктік шот ______________________________________________________________

                        (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Филиалдар (өкілдіктер, объектілер, пункттер, учаскелер)_________________________

                                                (орналасқан жері және деректемелері)

      Осымен расталады:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмайды;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.

      Басшысы ____________ _________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Толтырылған күні: 20 жылғы "___" __________

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Өтініш аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның

      __________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғада бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      №__________ бастап "___" _________ 20___

      __________________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің толық атауы) жүзеге асыруға берілген аккредиттеу туралы куәлікті

      келесі негіздеме бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:

      1) заңды тұлға атауының өзгеруі ___________

      2) заңды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту ________

      Заңды тұлғаның мекен-жайы_________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін - ел, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________

      Телефондар _______________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Банктік шот _______________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қоса беріледі _ парақ.

      Осымен расталады, бұл:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға

      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбаған;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде ақпараттық

      жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.

      Басшы __________ _________________________________________________________

                  (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Толтыру күні: "__" __________ 20__ жыл

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
7-қосымша

"Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (кіру арналары)

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде куәлікті беру - қайта ресімдеу-20-40 минут

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша куәлік.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

7

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде порталға:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұйымының аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;
2) ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде порталға:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұйымының аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;
3) куәлікті қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Жоқ

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұйымының аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

      1) Сараптамалық ұйымның қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау жөніндегі сарапшының тиісті аттестаты бар қызметкерлер туралы мәліметтер:

Р/с №

Лауазымы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жұмыс өтілі

Оқу орны, бітірген жылы, диплом бойынша біліктілігі көрсетілген білімі

Аттестаттың нөмірі мен берілген күні

мамандығы бойынша

атқаратын лауазымы бойынша















      Ескертпе: Заңның 64-8-бабының 3-тармағына сәйкес сарапшыға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне байланысты кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға және осы қызметтің өзге субъектілерімен еңбек, қаржы және (немесе) өзге де тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады.

      2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы туралы мәліметтер:

Р/с №

Өндірістік базаның функционалдық құрамдас бөліктері

Ауданы

Меншік құқығын немесе өзге де заңды негізді куәландыратын құжат

Мекенжайы және кадастрлық нөмірі











      3) жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық жарақтандыру, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер:

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі

Сипаттамасы (маркасы, қуаттылығы) сапалық құрамы

Ескертпе















      4) Жобаларға сараптама жүргізу сапасын бақылау жүйесі туралы мәліметтер:

Сапа қызметіне жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы. Бұйрық № және уақытын көрсету.


Есептеулерді және жобалардың графикалық бөлігін тексеру үшін ұйымдастыру техникасының және дербес компьютердің болуы


Нормативтік-техникалық әдебиеттің болуы. Жобалау-сметалық құжаттаманы тексеруді ақпараттық қамтамасыз ету (толық атап көрсету)


Сараптамалық жұмыстың сапасы бойынша жарнамалаудың болуы. Қолданылған шаралардың тиімділігі.


      5) Нормативтік-анықтамалық және әдіснамалық әдебиет туралы мәліметтер:

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе











      Осы мәліметтер нысанында көрсетілген барлық өзгерістер туралы уәкілетті органға уақтылы хабарлауға міндеттенемін.

      Дұрыс емес ақпарат ұсынғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылатыным туралы хабардармын.

      Басшысы _________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

Ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұйымының аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

      1) Сараптамалық ұйымның қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау жөніндегі сарапшының тиісті аттестаты бар қызметкерлер туралы мәліметтер:

Р/с №

Лауазымы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жұмыс өтілі

Оқу орны, бітірген жылы, диплом бойынша біліктілігі көрсетілген білімі

Аттестаттың нөмірі мен берілген күні

мамандығы бойынша

атқаратын лауазымы бойынша















      Ескертпе: Заңның 64-8-бабының 3-тармағына сәйкес сарапшыға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне байланысты кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға және осы қызметтің өзге субъектілерімен еңбек, қаржы және (немесе) өзге де тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады.

      2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы туралы мәліметтер:

Р/с №

Өндірістік базаның функционалдық құрамдас бөліктері

Ауданы

Меншік құқығын немесе өзге де заңды негізді куәландыратын құжат

Мекенжайы және кадастрлық нөмірі











      3) жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық жарақтандыру, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер:

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі

Сипаттамасы (маркасы, қуаттылығы) сапалық құрамы

Ескертпе















      4) Жобаларға сараптама жүргізу сапасын бақылау жүйесі туралы мәліметтер:

Сапа қызметіне жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы. Бұйрық № және уақытын көрсету.


Есептеулерді және жобалардың графикалық бөлігін тексеру үшін ұйымдастыру техникасының және дербес компьютердің болуы


Нормативтік-техникалық әдебиеттің болуы. Жобалау-сметалық құжаттаманы тексеруді ақпараттық қамтамасыз ету (толық атап көрсету)


Сараптамалық жұмыстың сапасы бойынша жарнамалаудың болуы. Қолданылған шаралардың тиімділігі.


      5) Нормативтік-анықтамалық және әдіснамалық әдебиет туралы мәліметтер:

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе











      Осы мәліметтер нысанында көрсетілген барлық өзгерістер туралы уәкілетті органға уақтылы хабарлауға міндеттенемін.

      Дұрыс емес ақпарат ұсынғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылатыным туралы хабардармын.

      Басшысы _________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)