Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы хаттамасының және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне жазбаша сауалнама жүргізу кезінде дауыс беру парағының, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің үлгі нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 243 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 наурызда № 10573 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.03.2020 № 163 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес үй-жайлардың (пәтерлердің) иелері жиналысы хаттамасының;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес үй-жайлардың (пәтерлердің) иелеріне жазбаша сауалнама жүргізу кезінде дауыс беру парағының;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің үлгі нысандары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстары хаттамасының және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне жазбаша сауалнама жүргізу кезінде дауыс беру парағының, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің үлгі нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2009 жылғы 15 қазандағы № 124 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 қазанда № 5831 болып тіркелген, 2009 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 243 бұйрығына
1-қосымша

      нысан

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының хаттамасы

      № ____хаттама

      ____________________________________________________бастамасы бойынша

      20__ жылғы "___" ______________

      уақыты ________

      Кондоминиум объектісінің орналасқан жері ____________________________

      Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы саны ____________________

      Қатысып отырғандар саны (хаттамаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша):__*

      1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының

      төрағасын сайлау туралы мәселе:______________________________________

      Жақтағандар ____________, қарсылар ____________

      2. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының

      хатшысын сайлау туралы мәселе _______________________________________

      Жиналыс хатшысының кандидатурасы бойынша:

      Жақтағандар ____________, қарсылар ____________

      3. Жиналыстың күн тәртібін бекіту _____________________________

      Дауыс беру нәтижесі:

      Жиналыстың күн тәртібі бойынша:

      Жақтағандар ____________, қарсылар ____________

      Жиналыстың күн тәртібі:

      1._____________________________________________________________

      2._____________________________________________________________

      Сөз сөйлеген адамдар:

      _____________________________________________________________________

      Дауыс беру нысаны: __________________________________________________

      (ашық дауыс беру немесе жабық дауыс беру)

      Жиналыста дауыс беру қорытындылары (жазбаша сауалнама жүргізу кезінде

      дауыс беру парақтары бойынша жиынтық деректер көрсетіледі): _______**

      Дауыс берумен қабылданған шешім***:

      1.___________________________________________________________________

      2.___________________________________________________________________

      Хатшы_______________ Жиналыс төрағасы_____________

      (қолы) (қолы)

      * Үй-жайлар (пәтерлер)меншік иелерінің жиналысы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде заңды болып табылады. Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысын өткізу кезінде кворумды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, жазбаша сауалнама жүргізіледі.

      ** Үй-жайдың (пәтердің) әрбір меншік иесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Егер үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иесіне бірнеше үй-жай (пәтер) тиесілі болса, ол тиісінше дауыс санына ие болады.

      *** Қабылданған шешім барлық үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері үшін міндетті болып табылады және үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің еркін білдіру ретінде соттарда және басқа да мемлекеттік мекемелерде дауларды және өзге де мәселелерді қарауға арналған құжат болып табылады, сондай-ақ тұрғын үй көмегін есептеу үшін негіз болады.

  Үй-жайлардың (пәтерлердің)
меншік иелері жиналысының
хаттамасына қосымша

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің
20___ жылғы "__" _______
жиналысына қатысушыларды тіркеу парағы

      Кондоминиум объектісін басқару органының атауы:______________________

      Кондоминиум объектісінің мекенжайы:__________________________________

Тегі, аты, әкесініңаты

Үй-жайдың (пәтердің) №

Қолы


























































      Жиналыс төрағасы _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      Хатшы _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 243 бұйрығына
2-қосымша

      нысан

Жазбаша сауалнама жүргізу кезінде дауыс беру
парағы № ____*

      20__ жылғы "___" ____________

      уақыты _______

      Кондоминиум объектісін басқару органының атауы:______________________

      Жауапты адамдар:_____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің қатарынан тағайындалатындар)

Талқылауға енгізілген мәселелер

Дауыс беремін **

"жақтағандар"

"қарсылар"

"қалыс қалғандар"





































      Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты __________

      _____________________________________________________________________

      Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иесінің мекенжайы _______________________

      _____________________________________________________________________

      Қолы ________________________________________________________________

      (үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иесінің)

      Қолы ________________________________________________________________

      (жауапты адамдардың)

      Қолы ________________________________________________________________

      М.О. (кондоминиум объектісін басқару органының басшысы)

      * Дауыс беру парақтары хаттамаға міндетті қосымша болып табылады және бірге сақталады.

      ** "Жақтағандар", "Қарсылар" немесе "Қалыс қалғандар" бағанында үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иесінің қолы қойылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 243 бұйрығына
3-қосымша

      нысан

20__ жылғы "___" _________ дан 20__ жылғы "___" _________
дейінгі кезең ішінде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есеп

      20__ жылғы "___" _____________

      Кондоминиум объектісін басқару органы _______________________________

      Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жарналары (төлемдері) аударылатын екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы есеп шотындағы қалдық: _________________

      Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жарналары (төлемдері) аударылатын екінші деңгейдегі банктегі жинақ шотындағы қалдық: ________________________

      Кірістер: жиыны _____________________________________________________

      оның ішінде:

      1. Ортақ мүлікті пайдалануға және жөндеуге үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің ай сайынғы жарналары: ____________________________

      2. Ортақ мүлікті күрделі жөндеуге сомалар жинақтау үшін үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жарналары: _____________________________

      3. Жалға (жалдауға) берілген ортақ мүлік үшін төлем: _________________

      4. Өзге түсімдер (ерікті жеке инвестициялар және тағы басқа):__________

      Әкімшілік шығыстар: жиыны _____________________________________

      оның ішінде:

      1. Штат персоналын ұстау шығындары: ___________________________

      2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне (Салық кодексіне) және "Қазақстан Республикасында зейнетақы мен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бюджетке міндетті төлемде:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Банктік көрсетілетін қызметтер:_____________________________

      4. Есеп айырысу-кассалық қызмет үшін төлем:____________________

      5. Офисті күтіп ұстау шығыстары:_______________________________

      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау және жөндеу бойынша шығыстар (жасалған шарттар бойынша орындалған жұмыстарды растайтын актілердің көшірмелерін қоса беру); жиыны:____________________

      оның ішінде:

      1. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану және жөндеу бойынша шығыстар (жертөле мен басқа ортақ пайдаланылатын орындарда дезинфекция, дератизация және дезинсекция жүргізу қызметтері; өртке қарсы жабдықтарды күтіп-ұстауды қоса алғанда, өртке қарсы іс-шараларға, өрт сөндіргіштерді сатып алуға және зарядтауға, арнайы жазбалар, көрсеткіштерді жазуға, эвакуациялау жоспарлары мен схемаларын және осыған ұқсастарды ресімдеуге қызмет көрсету; ортақ пайдаланылатын орындарда ортақ жылу, сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, желдету жүйелеріне және жылыту маусымына дайындау бойынша қызмет көрсету; апаттық жағдайларды жою бойынша қызмет көрсету; шағын сәулеттік нысандарды және қоршауларды ағымдағы жөндеу және бояу);

      2. Жер учаскесін күтіп ұстау бойынша шығыстар (жасыл екпелерді және газондар төсеу, күту, кесу); қоқыс жинағыштарды, үй маңындағы аумақтарды санитариялық тазарту, қоқысты әкету (кәрізі жоқ үйлерде – ауладағы дәретхананың қазылған шұңқырларын тазарту, жинау және әктеу); қарды және жапырақтарды шығару; ортақ пайдаланылатын орындарды санитариялық тазарту қызметтері);

      3. Коммуналдық қызметтерді тұтынудың үйге ортақ есептеу аспаптарын сатып алу, орнату, пайдалану және тексеру бойынша шығыстар;

      4. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстар;

      5. Адағы күрделі жөндеуге жинақтау шығыстары кондоминиум объектісінің ортақ мүлікінің алдағы күрделі жөндеуіне жинақтау бойынша шығыстарға үй жайдың тұратын (тұрмайтын) пайдалы алаңының бір шаршы метріне арналған есеппен республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,02-еселенген мөлшерінен кем болмайтын мөлшердегі сома қосылады;

      6. Шаруашылық шығыстар (керек-жарақты, жабдықтарды сатып алу және тағы басқа): __________________________________________________

      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және күтіп ұстауға байланысты өзге шығыстар (шығыстардың түрлері мен құнын көрсете отырып) жиыны: ____________________________________________________

      оның ішінде:

      1.

      ЖИЫНЫ (жалпы сомасы): _______________________________________________

      Бухгалтер ___________________________________________________________

      М.О. (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      Кондоминиум объектісін

      басқару органының басшысы ___________________________________________

      М.О. (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)