Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстары хаттамасының және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне жазбаша сауалнама жүргізу кезінде дауыс беру парағының, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің үлгі нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2009 жылғы 15 қазандағы N 124 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 27 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5831 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 243 бұйрығымен

      "2009 - 2010 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне Қазақстан Республикасының аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жедел ден қою ұжымдық күштерімен "Өзара іс-қимыл - 2009" бірлескен кешенді оқу-жаттығуын дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында делегациялар үшін тікұшақтарды және Алматы қаласы - Мәтібұлақ полигоны - Алматы қаласы бағыты бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тасу үшін автобустарды жалға алуға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 26147200 (жиырма алты миллион бір жүз қырық жеті мың екі жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2180 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов