"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 наурызда № 10520 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қағидалардың 53-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы, 114-тармақтың жетінші бөлігі, 115-тармақтың тоғызыншы бөлігі, 138-тармақтың тоғызыншы бөлігі 2015 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады.»;
      осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларында:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. МИЖ инвестициялық ұсыныстары мынадай құжаттарды қамтиды:
      1) инвестициялық жобаның ақпараттық парағы;
      2) инвестициялық ұсыныстың салалық сараптама қорытындысы;
      3) МИЖ қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдері бойынша есептеулер;
      4) МИЖ құнының есептеулері мен негіздемелері (құрылыс нормативтеріне не ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған шығындар нормативтеріне сәйкес);
      5) егер инвестициялық жоба ТЭН әзірлеуді талап етпеген жағдайда, инвестициялық ұсынысқа жобалауға техникалық тапсырма қосымша ұсынылады;
      6) БИЖ ТЭН-і не Инвестициялардың ҚЭН-і түзетілген жағдайда қосымша мыналар:
      БИЖ-дің ТЭН-і не Инвестициялардың ҚЭН-і бойынша өзгертілуі болжамданатын техникалық шешімдер және/немесе қосымша шығыстар көрсетілген салыстырма кесте, сондай-ақ бекітілген БИЖ-дің ТЭН-і не Инвестициялардың ҚЭН-і;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы, сондай-ақ жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың болмауы мәніне актісі;
      құрамдауыштар және оларды әзірлеу мерзімдері бөлінісінде БИЖ ТЭН-ін немесе Инвестициялар ҚЭН-ін түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу құнының есептеме-негіздемесі ұсынылады.
      мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған ресми хат нысанында ұсынылатын бұрын бекітілген БИЖ ТЭН-нің және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманың (бұдан әрі – ЖСҚ) немесе Инвестициялар ҚЭН-інің жобалық шешімдеріне енгізу болжанатын өзгерістердің орындылығы туралы ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы;
      7) заңды тұлғалардан активтер сатып алынған жағдайда:
      егер активтердің құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса, тәуелсіз бағалау компаниялары дайындаған;
      егер активтердің құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдары дайындаған осы активтер құнының бағалау қорытындысын ұсыну қажет;
      8) егер де ББӘ-сі МИЖ-ді заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен жүзеге асыру ұсынылып отырған жағдайда, бес жылдық кезеңде әзірленген, әзірленіп жатқан және әзірленуі жоспарланған инвестициялық жобалар бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық картасын қосымша ұсыну қажет.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Егер МИЖ-ді республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптама қорытындысын тиісті саладағы орталық уәкілетті орган ұсынады, ББӘ қандай да бір салаға жатпаса, ББӘ салалық қорытындыны өздері ұсынады.
      Егер республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру болжанатын МИЖ-ді іске асыру бірнеше салалық орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілік аясын қозғайтын жағдайда, көрсетілген салалық орталық органдар МИЖ салалық сараптамасының сәйкес қорытындыларын қосымша ұсынады.
      Бұл ретте, бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға немесе бірінші басшысының орынбасары қол қойған қосымша салалық сараптамалық қорытындыларын тиісті салалық орталық мемлекеттік органдар МИЖ-дің іске асырылуының жетекшілік ететін салаға ықпалын бағалау және саланың басымдықтарына сәйкестігі бөлігінде ғана ұсынады.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. МИЖ инвестициялық ұсынысқа, оның ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды, инвестициялық ұсынысты әзірлеу үшін жауапты ББӘ құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір парағын дәйектейді және ресми құжаттарға арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
      Бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің құзыретіне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланған МИЖ инвестициялық ұсынысы бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, немесе мемлекеттік органның бірінші басшысы уәкілеттік берген тұлға қол қояды.»;
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      «22-1. Қаржыландырудың түрі мен тәсілдерін айқындалғаннан кейін үш жыл ішінде ТЭН, ЖСҚ, ҚЭН немесе концессиялық ұсыныстар әзірленуі басталмаған (әзірленбеген) МИЖ, оның ішінде түзетілген, инвестициялық ұсыныс бойынша экономикалық қорытынды ескірген болып есептеледі.»;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. БИЖ ТЭН-інің «Маркетингтік» бөлімінде қаралатын өңірдегі жобада болжанатын өнімдерге (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) қолданыстағы және перспективадағы сұранысты талдауды не жобаның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігі көрсетіледі.
      Аталған бөлім мыналарды қамтиды:
      1) өндірілетін және жобаны іске асыруда есепке алмай жүргізілетін;
      жобаны іске асыру, сондай-ақ төлемге қабілетті сұраныстың сандық параметрлерінің нәтижесінде өндіру болжанатын өнімдердің (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) көлемін, түрлері және бағаларын бағалау мен негіздеуді қоса алғанда, сұранысты талдау;
      2) құқықтық негізін көрсете отырып, жобаның әлеуметтік-экономикалық қажеттігін талдау;
      3) жобаны іске асыру шеңберінде (инвестициялық кезеңде) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемін, түрлері мен бағаларын, сондай-ақ тиісті прайс-парақтарды, баға ұсыныстарын және басқа да растаушы құжаттарды қоса бере отырып, жобаның қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігін бағалауды және негіздеуді қоса алғандағы талдау;
      4) пайдалану кезеңінде (инвестициялаудан кейінгі кезеңде) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемін, түрлері мен бағаларын, сондай-ақ тиісті прайс-парақтарды, баға ұсыныстарын және басқа да растаушы құжаттарды қоса бере отырып, жобаның қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігін бағалауды және негіздеуді қоса алғандағы талдау;
      5) пайдаланылатын ақпарат көздері мен маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістемелері;
      6) прайс-парақтар мен баға ұсыныстарын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің кемінде екі өнім берушісі ұсынады (ұқсас тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша прайс-парақтар және баға ұсыныстары жоқ болған жағдайда кемінде екі тәуелсіз бағалау қорытындысы беріледі).
      Бағаларды талдау:
      сатып алынуы техникалық-технологиялық талдауда көрсетілген талаптарға негізделген;
      сипаттамалары техникалық-технологиялық талдауда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тауарларды қамтиды;
      консалтингтік көрсетілетін қызметтер құны (бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, жобаны басқару, аттестаттау) ресурстар құнының есептеулерімен және бағаларымен расталады.»;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Құрылыс саласындағы БИЖ ТЭН бойынша жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптама Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға жүргізеді.»;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. БИЖ ТЭН-нің экономикалық сараптамасы ұсынылған БИЖ ТЭН-нің және жобаның ерекшелігіне қарай талап етілетін БИЖ ТЭН сараптамаларының тиісті оң қорытындыларының негізінде жүргізіледі, атап айтқанда:
      1) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;
      2) салалық сараптама қорытындысы.»;
      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Жобаның ерекшелігіне байланысты, БИЖ бойынша мынадай бастапқы құжаттар талап етіледі:
      1) құрылыс қызметін болжайтын, БИЖ ТЭН-іне салалық, ведомстводан тыс кешенді сараптамалардың қорытындылары, сондай-ақ БИЖ ТЭН-ін әзірлеу тапсырмасына қоса берілетін құжаттардың көшірмелері, оның ішінде техникалық шарттар, жергілікті атқарушы органдардың жаңа объектілердің құрылысын болжайтын жобалар бойынша жер учаскелерін бөлу туралы шешімдері (қажет болған жағдайда, жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушылар шығындарының, алып қойылатын алқаптардың түріне қарай ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісі шығындарының есептерін қоса бере отырып) және қолданыстағы объектілердің реконструкциялауды болжайтын жобалар бойынша жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін тиісті құжаттардың көшірмелері;
      2) объектіні пайдалануға беру шығындары болған жағдайда, ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру шығындары (іске қосу-баптау жұмыстары) бойынша уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптаманың және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындылары.
      Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қауіп төнуіне байланысты, кідіртпей пайдалануға беруді талап ететін, ірі бірыңғай энергетикалық жүйе объектілері мен техникалық күрделі атомдық және жылу энергетикалық кешендері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына қауіп төнуі туралы растауы бар уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысында көрсетілген есептерге сәйкес іске қосу жұмыстар шығындары жүзеге асырылады;
      3) инновациялық және/немесе ғарыш қызметін болжайтын, салалық және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалардың қорытындылары.
      Осы тармақта көрсетілген қорытындыларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.»;
      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «55. Егер БИЖ-ді республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, БИЖ салалық сараптама қорытындысын тиісті саладағы орталық уәкілетті орган ұсынады, сала болмаған жағдайда ББӘ-мен ұсынылады.
      Егер республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру болжанатын БИЖ-ді іске асыру бірнеше басқа салалық орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілік аясын қозғайтын жағдайда, көрсетілген салалық орталық органдармен БИЖ салалық сараптамасының қорытындылары ұсынады.
      Бұл ретте, бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға немесе бірінші басшысының орынбасары қол қойған қосымша салалық сараптама қорытындыларын тиісті салалық орталық мемлекеттік органдар МИЖ-дің іске асырылуының жетекшілік ететін салаға ықпалын бағалау және саланың басымдықтарына сәйкестігі бөлігінде ғана ұсынады.»;
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. БИЖ ТЭН-ге экономикалық сараптама жүргізу кезінде, БИЖ-дің ерекшелігіне қарай, жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптамалар талап етілуі мүмкін.
      Жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптамалар жүргізуді ББӘ қамтамасыз етеді.
      Қосымша сараптамаларға мыналар жатады:
      1) ведомстводан тыс кешенді сараптамасы;
      2) уәкілетті мемлекеттік органдардың салалық сараптамалары.»;
      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «78. Түзетілген БИЖ ТЭН-ін қарау үшін ББӘ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған тиісті салыстырма кестені қоса бере отырып, өзгеруі болжанатын техникалық шешімдер мен қосымша шығыстар көрсетілген, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған өтінім-хат;
      2) бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға қол қойған және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделген, техникалық шешімдерді өзгертудің және қосымша шығыстар көздеудің орындылығын растайтын, тиісті саладағы уәкілетті органның салалық сараптамасының қорытындысы;
      3) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға немесе бірінші басшының орынбасары қол қойған ресми хат нысанында ұсынылатын және техникалық шешімдерді өзгертудің болжанған параметрлерінің және қосымша шығыстарды көздеудің талап ететін негізділігі мен дұрыстығын растайтын жобаның ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы;
      4) түзетілген БИЖ ТЭН-і;
      5) осы Қағидалардың 52 және 53-тармақтарына сәйкес БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты түзетілген БИЖ ТЭН-ге сараптамалардың қорытындылары мен талап етілетін құжаттар;
      6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның оң қорытындысын алған кезде (бекітілген бастапқы БИЖ ТЭН-і бойынша) бұрын қаралған БИЖ ТЭН бойынша сараптамалардың қорытындылары мен құжаттар;
      7) бюджет комиссиясының тиісті ұсынысының көшірмесі.»;
      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «93. Тиісті сараптамалардың оң қорытындыларын алған ТЭН, оның ішінде түзетілген БИЖ ТЭН-і мен ЖСҚ-ны Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның бірінші басшысы – ББӘ не оны алмастыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы уәкілеттік берген тұлға бекітеді.»;
      мынадай мазмұндағы 93-1-тармақпен толықтырылсын:
      «93-1. ТЭН бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде ЖСҚ әзірленуі басталмаған (әзірленбеген) және бекітілмеген БИЖ ТЭН, оның ішінде түзетілген, бойынша экономикалық қорытынды ескірген болып есептеледі.»;
      114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «114. ТЭН түзетуді талап ететін БИЖ-дің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару екі кезеңде жүзеге асырылады:
      Бірінші кезең бойынша:
      1) осы Қағидалардың 116-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайлардан басқа, ББӘ-нің БИЖ ТЭН-ді түзету бойынша инвестициялық ұсыныс әзірлеуі және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;
      2) тиісті бюджет комиссиясының ББӘ ұсынатын құжаттардың және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға БИЖ ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының негізінде БИЖ ТЭН-ін түзетудің және БИЖ ТЭН-ді түзетуді қаржыландырудың (қажет болған жағдайда) орындылығын айқындау бойынша шешімі. Егер осы Қағидалардың 116-тармағының екінші абзацында қарастырылған жағдайларда, БИЖ ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды қажет емес.
      Бірінші кезеңде БИЖ ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу процесі осы Қағидалардың
2-бөлімінде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
      Бірінші кезеңде осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген, сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дер бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және жергілікті БИЖ-дердің ТЭН-ін түзету мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттармен қоса, БИЖ-ді республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне енгізеді.
      Осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген, сметалық құнының ұлғаюын республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және БИЖ-ді жергілікті БИЖ ТЭН-ін түзету мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып енгізеді.
      ББӘ тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, БИЖ ТЭН-іне тиісті түзетулерді енгізеді.
      Екінші кезеңде ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға түзетілген ТЭН мен жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін тиісті сараптаманың оң қорытындыларын, оның ішінде БИЖ экономикалық қорытындысын, ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын (бар болған жағдайда) ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға енгізу шығындарының түзетілген құнға мемлекеттік салалық уәкілетті органның және ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындылары және БИЖ сметалық құнының ұлғаюы себептерінің негіздемесін енгізеді.
      Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қауіп төнуіне байланысты, кідіртпей пайдалануға беруді талап ететін, ірі бірыңғай энергетикалық жүйе объектілері мен техникалық күрделі атомдық және жылу энергетикалық кешендері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына қауіп төнуі туралы растауы бар уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысында көрсетілген есептерге сәйкес іске қосу жұмыстар шығындары жүзеге асырылады.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысымен және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысымен қоса, түзетілген ТЭН бойынша БИЖ құнының ұлғаюын тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Екінші кезеңде:
      сметалық құнның ұлғаюын республикалық бюджет есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген республикалық БИЖ және жергілікті БИЖ-дің түзетілген ТЭН-і бойынша қаржыландырудың орындылығын республикалық бюджет комиссиясы қарайды;
      сметалық құнның ұлғаюын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дің түзетілген ТЭН-і бойынша қаржыландырудың орындылығын тиісті жергілікті бюджет комиссиясы қарайды.
      Тиісті бюджет комиссиялары іріктеп алған сметалық құнының ұлғаюы болжанатын БИЖ бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке енгізіледі.»;
      115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «115. ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дердің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару екі кезеңде жүзеге асырылады.
      Бірінші кезең – ББӘ ұсынатын құжаттар негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысы негізінде ЖСҚ-ны түзетудің орындылығын айқындау бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі.
      Екінші кезең – ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дердің түзетілген ЖСҚ бойынша ұлғайтылған құнды қаржыландыру туралы тиісті бюджет комиссиясының шешімі.
      Бірінші кезеңде ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
      1) болжанатын қымбаттау сомасын көрсете отырып, мемлекеттік органның бірінші басшысы – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қол қойған өтінім-хат;
      2) мемлекеттік органның бірінші басшысы – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қол қойған түсіндірме жазба, онда мынадай ақпарат қамтылады:
      БИЖ-ді іске асыруды аяқтау үшін талап етілетін болжамды қосымша бюджеттік шығыстардың негіздемесі;
      мемлекеттік сатып алу жүргізу нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, ЖСҚ әзірлеуден бастап БИЖ-ді іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;
      ЖСҚ әзірлеу басталғаннан бастап жобаны бюджеттен әрбір жыл үшін қаржыландыру. Игерілмеген жағдайда оның себептері көрсетіле отырып, бұл ақпарат әрбір жыл үшін жоспармен және фактімен сүйемелденеді;
      қымбаттауға алып келетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (ББӘ шартта көрсетілген құнды (сметаны) ұлғайту қажеттілігі туралы уақтылы ескертудің орындылығын растайтын мердігерлер хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып);
      кінәсінен қымбаттау орын алған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осы ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
      аяқталмаған құрылыстың жай-күйі, оның ішінде оның құнының бағалануы, тәуелсіз техникалық аудит растаған орындалған жұмыстар актілері туралы мәлімет;
      3) бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған, мөрмен расталған, ресми хат нысанында ұсынылатын және ББӘ түсіндірмесін қоса бере отырып, жобаның құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын, БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысы;
      4) ЖСҚ-ның бастапқы құнына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы;
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда, бастапқы құнға бұйрығы;
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау органының бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ құжаттар ұсынылған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей белгіленген, ЖСҚ әзірлеуден бастап БИЖ-ді іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын бұзушылықтардың жоқтығы туралы актісі;
      7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған және мөрмен расталған, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық порталға, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштерде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынылатын, сметалық құнын ұлғайту болжанатын жобалар бойынша салыстырмалы кесте мен құжаттама тізбесі;
      8) құжаттарды ұсынған күнге дейін 1 (бір) ай бұрын түсірілген, объектінің іс жүзіндегі жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейне түсірілімдер материалдары;
      9) мемлекеттік органның басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қойған, ресми хат нысанында ұсынылатын бұрын бекітілген БИЖ ТЭН-і мен ЖСҚ-ның жобалық шешімдеріне енгізу болжанатын өзгерістердің орындылығы туралы ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша сметалық құнының ұлғаюын республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген жергілікті БИЖ бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және БИЖ-ді республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып енгізеді.
      ББӘ тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ЖСҚ-ға тиісті түзетулерді енгізеді.
      Екінші кезеңде ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға түзетілген ЖСҚ мен ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы, (бар болған жағдайда) ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға енгізу шығындарының түзетілген құнға мемлекеттік салалық уәкілетті органның және ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы және БИЖ сметалық құнының ұлғаюы себептерінің негіздемесін енгізеді.
      Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қауіп төнуіне байланысты, кідіртпей пайдалануға беруді талап ететін, ірі бірыңғай энергетикалық жүйе объектілері мен техникалық күрделі атомдық және жылу энергетикалық кешендері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына қауіп төнуі туралы растауы бар уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысында көрсетілген есептерге сәйкес іске қосу жұмыстар шығындары жүзеге асырылады.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысымен және ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы мен түзетілген ЖСҚ бойынша БИЖ құнының ұлғаюын тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Екінші кезеңде:
      сметалық құнның ұлғаюын республикалық бюджет есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген республикалық БИЖ және жергілікті БИЖ бойынша қаржыландырудың орындылығын республикалық бюджет комиссиясы қарайды;
      сметалық құнның ұлғаюын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дің бойынша қаржыландырудың орындылығын тиісті жергілікті бюджет комиссиясы қарайды.
      Тиісті бюджет комиссиялары іріктеп алған сметалық құнының ұлғаюы болжанатын БИЖ бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке енгізіледі.
      Егер, ТЭН-ді түзетуді қажет етпейтін БИЖ бойынша сметалық құнның өзгеруіне байланысты түзетілген ЖСҚ бар болса, БИЖ сметалық құнының ұлғаю сұрақтарын тиісті бюджет комиссиясының қарауына бірінші кезең мен екінші кезеңде қарастырылған құжаттарды ұсына отырып бір уақытта шығару мүмкін.»;
      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «116. Ұлттық валютаның шетел валютасының бағамына қатысты елеулі өзгеру себебінен, техникалық шешімдердің өзгеруін талап етпейтін, жаңа объектiлердi құруға (құрылысына) не бар объектiлердi реконструкциялауға бағытталған БИЖ сметалық құны ұлғайған жағдайда, кейіннен ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізе отырып ЖСҚ-ға түзету жүргізіледі.
      Ұлттық валютаның шетел валютасының бағамына қатысты елеулі өзгеруі себебінен, техникалық шешімдердің өзгеруін талап етпейтін, ақпараттық жүйенi құруға, енгiзуге және дамытуға бағытталған БИЖ сметалық құны ұлғайған жағдайда, ТЭН-ге түзету жүргізіледі, бұл ретте экономикалық сараптама және қорытынды талап етілмейді.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аталған мәселені тиісті бюджет комиссиясының қарауына осы Қағидалардың 114 және 115-тармақтарында айқындалған тәртіппен шығарады.»;
      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «128. «Негiздiлiк» бөлiмiнде iс-шараларды iске асыруға арналған Инвестициялар мөлшерiнiң және Инвестициялар ҚЭН-інің iс-шараларын балама көздерден қаржыландырудың мүмкін болмауының негiздемесi келтiрiледi.
      «Негiздiлiк» бөлiмi мынадай құрылымға сәйкес келедi:
      1) «Инвестициялар көлемi» тарауы;
      2) «Қаржыландырудың балама көздерi» тарауы;
      3) «Инвестициялар ҚЭН-інің мақсаттары мен міндеттерінің инвестициялық ұсынысқа сәйкестігі» тарауы;
      4) «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық картасы».»;
      мынадай мазмұндағы 131-1-тармақпен толықтырылсын:
      «131-1. «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық картасы» деген тарауда осы Қағидалардағы 18-1-қосымшасына сәйкес Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық картасы нысаны бойынша қаржыландыру кезеңін көрсете отырып (өзіндік, қарыздық, бюджеттік, демеушілік және тағы басқалар), іске асырылған, іске асырылатын және іске асырылуы жоспарланған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық жобалары бойынша ақпарат қамтылған.»;
      138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «138. Қосымшалар мынадай құжаттармен жиынтықталады:
      1) «Ретроспектива» бөлiмiне:
      ҚЭН-ді мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергілікті уәкілетті органға енгізудің алдындағы соңғы үш жылдағы мөр басылған және бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған қатысушылардың қаржылық есептілігі (жеке және шоғырландырылған), сондай-ақ қаржылық есепке түсіндірме жазба;
      Қазақстан Республикасының аудит қызметі туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік аудиті міндетті болып табылатын қатысушылар үшін соңғы үш жылда жасалған аудиттелген қаржылық есептілік пен аудиттік есептер тапсырылады. Бұл ретте қатысушының қолданыстағы заңнамаға сәйкес объективті себептері болған кезде соңғы есепті кезеңдегі аудиттен өтпеген қаржылық есепті ұсына алады.
      Қаржылық есептілік қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдарда қаржылық қатысуы туралы, баланс валютасында 10 % және одан көп үлес алатын баланс баптары егжей-тегжейлі толық ашылған ақпаратты қоса берумен ұсынылады.
      2) «Институционалдық» бөлiмiне:
      оған сәйкес қатысушылар құрылған немесе құрылып жатқан құжаттардың көшiрмесi;
      Инвестициялар Алушы жарғысының көшiрмесi (бар болса);
      3) «Негiздiлiк» бөлiмiне:
      «Сатып алынатын (құрылатын) активтердiң құны мен сипаттамасы» осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысанда;
      осы Қағидалардың 129-тармағының 2) тармақшасында келтiрiлген ақпаратты растайтын түскен прайс-парақтардың (ұқсас тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша прайс-парақтар және баға ұсыныстары жоқ болған жағдайда кемінде екі тәуелсіз бағалау қорытындысы беріледі), бағалау актiлерi мен басқа да құжаттардың көшiрмелерi.
      Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысы ұсынылады.
      Егер Инвестицияларды іске асыру бірнеше салалық орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілік аясын қозғайтын жағдайда, көрсетілген салалық орталық органдар Инвестициялардың салалық сараптамасының сәйкес қорытындыларын қосымша ұсынады.
      Бұл ретте, бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға немесе бірінші басшысының орынбасары қол қойған қосымша салалық сараптамалық қорытындыларын тиісті салалық орталық мемлекеттік органдар Инвестициялардың іске асырылуының жетекшілік ететін салаға ықпалын бағалау және саланың басымдықтарына сәйкестігі бөлігінде ғана ұсынады.
      Салалық сараптаманың қорытындысы мыналарды:
      саладағы қазіргі жағдайды талдауды бағалауды;
      Инвестициялар ҚЭН-інде көрсетілген іс-шаралар іске асырылмаған жағдайда, саладағы жағдайды талдауды бағалауды;
      сандық және сапалық көрсеткіштерді келтіре және көрсете отырып:
      Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының сала экономикасының құрылымындағы рөлі мен орнын;
      Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асырудың орналасқан орнын таңдау мен ауқымының негізділігін;
      Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асырудың мүмкіндігін;
      Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шаралары бойынша техникалық шешімдердің жеткілікті болуын және олардың тиімділігін бағалауды;
      Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалауды, оңтайлы жаңа технологияларды қолдануды;
      Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының мақсаттарына қол жеткізудің баламалы нұсқаларын бағалауды;
      бар болған жағдайда, салалық уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға енгізу шығындарының негізділігін қамтиды.
      Жаңа объектiлердi құруға (құрылысына) немесе бар объектiлердi қайта жаңғыртуға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Инвестициялар ҚЭН-мен бірге ТЭН (осы Қағидаларға сәйкес әзірленген) немесе ЖСҚ, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы, жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы (қажет болған кезде жер учаскелері иелерiнің және жер пайдаланушылардың шығындарын, алынатын алқаптардың түрлеріне байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсінің жоғалтуларын есептеулерді қоса бере отырып), техникалық жағдайлар ұсынылады.
      Осы тармақтың талаптары мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлғалар үшін ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеуге қаражаттың жоқтығы жөніндегі негіздемені ұсынған жағдайда қолданылмайды.
      Объектіні пайдалануға беру шығындары болған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының және ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру (іске-қосу-баптау жұмыстары) шығыстары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындылары талап етіледі.
      Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қауіп төнуіне байланысты, кідіртпей пайдалануға беруді талап ететін, ірі бірыңғай энергетикалық жүйе объектілері мен техникалық күрделі атомдық және жылу энергетикалық кешендері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына қауіп төнуі туралы растауы бар уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысында көрсетілген есептерге сәйкес іске қосу жұмыстар шығындары жүзеге асырылады.
      Ақпараттық жүйенi құруға, енгiзуге және дамытуға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Инвестициялар ҚЭН-імен бірге ақпараттық жүйенің (осы Қағидаларға сәйкес әзірленген) ТЭН, сондай-ақ аталған ақпараттық жүйенің ТЭН-іне байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның қорытындысы ұсынылады.
      Инновациялық және (немесе) ғарыштық қызметтi болжайтын iс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған Инвестицияларды iске асыру кезінде мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы ұсынылады;
      4) «Нәтиже» бөлiмiне:
      «Өнім өндiру бағдарламасы» осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысанда;
      «Өнімді іске асыру бағдарламасы» осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысанда;
      қаржылық модель, осы Қағидаларға 22-қосымшада көрсетілген «Қаржы моделіне қойылатын талаптар» нысанына сәйкес дайындалады;
      «Инвестициялар нәтижелерi» осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысанда;
      «ҚЭН іс-шараларының бюджеттік тиімділігі» осы Қағидаларға
24-қосымшаға сәйкес нысанда;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6452 болып тіркелген Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесінде мен нысандарында анықталған нысандар бойынша жасалған Инвестицияларды ескермегендегі Инвестициялар Алушының қаржылық көрсеткіштерінің болжамы:
      «Бухгалтерлік баланс»;
      «Кірістер мен шығындар туралы есеп»;
      «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (тікелей тәсіл)» немесе «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (жанама тәсіл)»;
      «Капиталдағы өзгерістер туралы есеп»;
      осы инвестициялық ұсынысқа мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның инвестициялық ұсынысы және экономикалық қорытындысы.»;
      139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «139. Қажет болған жағдайда, Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған тиiстi заңды тұлғалар жүргiзiлген сараптамаларда және/немесе тәуелсiз сараптамада, сондай-ақ ұсынылған құжаттамада қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты талап етуге және (немесе) қосымша сараптамалар жүргiзе алады.
      Қосымша ақпаратқа қатысушылардың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органға Инвестициялар ҚЭН-ін енгiзудiң алдындағы айдың соңғы күнiне жасалған қаржылық есептiлiгi, сондай-ақ қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбалар жатады.
      Қосымша сараптамаларға мыналар:
      1) Инвестицияларға банктік сараптама;
      2) ведомстводан тыс кешенді сараптама;
      3) мемлекеттік уәкiлеттi органның салалық сараптама қорытындысы жатады.»;
      144-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «144. Инвестициялар ҚЭН-інің түпнұсқасын, сондай-ақ осы Қағидалардың 162 және 163-тармақтарында айтылған қосымша материалдарды, ББӘ титулдық бланкiдегі жеке iлеспе хатпен бередi.»;
      149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «149. Ұлттық валюта бағамының шетел валюта бағамына қатысты елеулі өзгеруі себебінен, техникалық шешімдердің өзгеруіне алып келмейтін, Инвестициялардың құны ұлғайған жағдайда, ҚЭН-ге түзету жүргізіледі, оның ішінде, ТЭН-ге және (немесе) ЖСҚ-ға кейіннен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуімен бұл ретте экономикалық сараптама және қорытынды талап етілмейді.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аталған мәселені осы Қағидалардың 151-тармағында айқындалған тәртіппен тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.»;
      151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «151. Іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыру және (немесе) өзгерту, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайту себебінен бюджет комиссиясының қарауына Инвестициялар ҚЭН-ін түзету мәселелерін шығару тәртібі екі кезеңде жүзеге асырылады.
      Бірінші кезең:
      1) Осы Қағидалардың 149-тармағында көзделген жағдайдан басқа,
      ББӘ–нің Инвестициялар ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныс әзірлеуі және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;
      2) ББӘ ұсынған құжаттар мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті органға ұсынылатын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның Инвестициялар ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысына оң қорытынды негізінде ҚЭН-ді түзетудің орындылығын айқындау бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі. Егер осы Қағидалардың 149-тармағында қарастырылған жағдайда, Инвестициялар ҚЭН-іне түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды қажет емес.
      Бірінші кезеңде Инвестициялардың ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу процесі осы Қағидалардың 1-бөлімінде айқындалған тәртіппен өтеді.
      Бірінші кезеңде осы Қағидалардың 147-тармағында көзделген, сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті Инвестициялар бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және жергілікті Инвестициялардың ТЭН-ін түзету мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттармен қоса, Инвестицияларды республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне енгізеді
      Инвестициялардың ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныстар құжаттаманың толық топтамасы ұсынылмаған не қымбаттаудың орын алуының айқын және негізді себептері берілмеген, сондай-ақ кінәлі тұлғалар немесе ұйымдар және оларға қолданылған шаралар (егер ондай болса) көрсетілмеген болса, сметалық құнын ұлғайту тұрғысынан қаралмайды.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға осы Қағидалардың 2-бөлімінде көрсетілген құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ББӘ кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды жүргізе отырып, Инвестициялар ҚЭН-іне тиісті түзетулерді енгізеді.
      Екінші кезең:
      1) түзетiлген Инвестициялар ҚЭН-ін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленген тәртiппен қарауы;
      2) тиісті бюджет комиссиясының түзетілген Инвестициялар ҚЭН-і бойынша ұлғайтылған құнды қаржыландыру туралы ББӘ ұсынған мынадай құжаттар негізіндегі шешімі:
      iс-шараларға, Инвестициялар ҚЭН-інің техникалық-технологиялық шешiмдерге болжанған толықтыруларды және (немесе) өзгертулерді, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуды көрсете отырып, мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылған осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырма кестенi қоса бере отырып, мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған өтiнiм-хат;
      Инвестициялар ҚЭН-інің бастапқы параметрлері қоса берілген, оң экономикалық қорытынды алған Инвестициялар ҚЭН-ін (бар болса) бекiту туралы ББӘ (бір ББӘ құзыретіне жатқызуға болмайтын жобаларды экономиканың түрлі салаларында іске асырылуын көздейтін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтер) бұйрығының көшірмесі;
      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабында белгіленген рәсімдер сақталмай тиісті бюджетте бекітілген жобаларды қоспағанда, бұрын ұсынылған Инвестициялар ҚЭН-іне берілген мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысының көшірмесі;
      сараптамалар қорытындылары және бұрын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң қорытындысы алынған ҚЭН;
      түзетiлген Инвестициялар ҚЭН-і;
      осы Қағидалардың 149-тармағында көрсетілген жағдайдан басқа, түзетiлген Инвестициялар ҚЭН-іне оң экономикалық қорытынды;
      ЖСҚ-ны әзірлеуден бастап, құрылыс қызметін болжайтын жобалар бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізудің нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, ҚЭН-ді іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;
      іске асыру басталғаннан бастап әрбір жыл үшін бюджеттен ҚЭН іс-шараларын қаржыландыру. Бұл ақпаратта әрбір жылдың жоспары және фактісі, игерілмеу болған жағдайда, оның себептері көрсетіле отырып беріледі;
      қымбаттауға әкелетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (мердігерлердің ББӘ шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсіру қажеттігі туралы уақтылы ескерткендігін растайтын хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып);
      олардың кінәсінен қымбаттау орын алған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осындай ұйымға немесе жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
      тиісті уәкілетті мемлекеттік органның ресми хат нысанында ұсынылатын, бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған, мөрмен расталған, ББӘ түсіндірмелерімен қоса, жоба құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын салалық сараптаманың қорытындысы, сала болмаған жағдайда
      ББӘ-нің қорытындысы ұсынылады;
      мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қойған, ресми хат нысанында ұсынылатын Инвестициялардың түзетілген ҚЭН-нің ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы.
      Бекітілген іс-шараға көзделген шығыстар ұлғайған жағдайда, мыналарды қоса алғанда түсіндірме жазба қоса беріледі:
      1) қымбаттауға алып келетін мән-жай мен себептердi егжей-тегжейлi көрсету;
      2) сараптамалар қорытындылары және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысы алынған кезде бұрын қаралған құжаттар;
      3) Инвестициялар ҚЭН-інде көрсетілген іс-шаралардың іске асырылуын аяқтауға талап етілетін болжанған қосымша бюджет шығыстарының негіздемесі;
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметі уәкiлеттiк берген iшкi қаржылық бақылау органының бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ бұзушылықтардың болмағаны туралы актiсi;
      5) Қазақстан Республикасының Үкiметі уәкiлеттiк берген iшкi қаржылық бақылау органының актiсi Инвестицияларды iске асыру шеңберiнде бөлiнген барлық бюджет қаражатын қамтиды;
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметі уәкiлеттiк берген iшкi қаржылық бақылау органының актiсiне қол қою мерзімінің өтуі құжаттар ұсынылған күннен бастап 6 (алты) айдан аспауға тиiс;
      7) құжаттарды ұсынған күнге дейін көп дегенде 1 (бір) ай бұрын түсірілген, объектінің нақты жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейне түсірілімдер материалдары.»;
      155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «155. Инвестициялардың экономикалық сараптамасы іс-шаралардың негiздiлiк және нәтижелiлiк критерийлеріне сәйкестiгiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.
      Коммерциялық емес акционерлік қоғам, жедел басқару құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорын нысандағы Инвестицияларға экономикалық сараптама жүргізген жағдайда қаржылық тиімділік бөлігінде осы қоғамның қызметі шығынсыз болған жағдайда нәтижелілік критерийлері талап етілмейді.»;
      181-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «181. Инвестициялар бойынша оң экономикалық қорытынды мен тиiстi бюджет комиссиясының оң шешiмi негiзiнде Инвестициялар тиiстi бюджет жобасына қосылады.
      Мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша тиісті бюджет жобасына ТЭН мен ЖСҚ-ны дайындау шығыстары қосылады.
      Мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша ТЭН мен ЖСҚ-ға, ведомстводан тыс кешенді сараптамасының нәтижелері бойынша тиісті бюджет жобасына жобаларды іске асырудың жалпы құны қосылады.»;
      мынадай мазмұндағы 182-1-тармақпен толықтырылсын:
      «182-1. ҚЭН бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде жоба іске асырылуы басталмаған Инвестициялардың ҚЭН, оның ішінде түзетілген, бойынша экономикалық қорытынды ескірген болып есептеледі.»;
      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 18-1-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның мерзімдік баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуілін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы « »

Қазақстан Республикасы     
Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 13 наурыздағы   
№ 200 бұйрығына        
Қосымша            

Мемлекеттік инвестициялық    
жобаның инвестициялық ұсынысын 
әзірлеу немесе түзету, қажетті 
сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ
бюджеттік инвестицияларды    
жоспарлау, қарау, іріктеу,   
мониторингілеу және іске    
асырылуын бағалау қағидаларына 
18-1-қосымша        

нысан

_______ жылғы «  » ___________
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық картасы

      Бюджеттік бағдарлама әкімшісі _________________________________
                                            (Атауы және код)

Жобаның атауы

Іс-шаралардың/ компоненттердің атаулары

Қатысушылардың атаулары (инвестицияны алушы)

Жобаның құны (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Кезең

Жүзеге асыру орны

Ескерту (қолданылған шешімдер, нәтижелер, басқалар)

Республикалық/жергілікті бюджет

Ұлттық қор

Қарыз қаражаты

Өзіндік қаражат

Басқалар (қаржыландвру көзін көрсету тіи)

құрылыс (инвестициялық)

қолданыс (постинвестициялық)

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әзірленген инвестициялық жобалары (10 жыл ішінде)



1.












2.













1.












2.











Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әзірленіп жатқан инвестициялық жобалары



1.












2.













1.












2.











Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әзірленуі жоспарланған инвестициялық жобалары (5 жыл ішінде)



1.












2.













1.












2.











      __________________________________________________ М.О. ________
              Мемлекеттік орган басшысының Т.А.Ә.              қолы

      Ескертпе:
      «Іс-шаралардың/компоненттердің атаулары» бағанасында жобаның іс-шаралар атаулары көрсетіледі. Тараулардың саны және атаулары қаржылық-кономикалық негіздемеде (республикалық немесе жергілікті бюджет, Қазақстан Республикасы Ұлттық фонд қаражаты қаржыландыру көздері болған жағдайда) немесе заңды тұлғалардың даму жоспарында (қарыз немесе меншікті қаражат қаржыландыру көзі болған жағдайда), көрсетілген және жобаның активтерін сатып алуды қарастыратын іс-шаралардың саны мен атауларына сәйкес болу керек.
      «Қатысушылардың атаулары (инвестицияны алушы)» бағанасында қаражат бөлінген/бөлініп отырған/бөлінетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ инвестициялардың соңғы алушырарының атаулары көрсетеледі.
      «Жобаның құны (мың теңге)» бағанасында барлық қаржыландыру көздерін есепке алып жобаның жалпы құны көрсетіледі.
      «Қаржыландыру көзі (мың тенге)» бағанасында қаражат бөлінген/бөлініп отырған/бөлінетін шенберінде тиісті қаржыландыру көзі бағанасында қаражат көрсетіледі.
      «Құрылыс (инвестициялық) кезең» бағанасында инвестициялық жобаны іске асыру/құру мерзімі көрсетіледі.
      «Қолданыс (постинвестициялық) кезең» бағанасында инвестициялық жобаны қолдану мерзімі көрсетіледі.