Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 наурызда № 10377 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 103 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 20-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу жөніндегі қағидалар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысы А.А. Шайымоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                             Қ.Қожамжаров

Қазақстан Республикасы      
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі Төрағасының 2015 жылғы
30 қаңтардағы № 30 бұйрығымен
бекітілген           

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының
қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу
жөніндегі қағидалар

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында (бұдан әрі - органдар) кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу тәртібін айқындайды.
      2. Кезектен тыс біліктілік сыныбын белгілеу туралы шешімді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының басшысы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен марапаттау мәселелері жөніндегі комиссиясының ұсынымдары бойынша бұйрық шығару арқылы қабылдайды.
      3. Кезектен тыс біліктілік сыныбы Агенттіктің құрылымдық немесе аумақтық бөлімшелері басшыларының ұсыныстары негізінде қызметкерлерге өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен еңбегі мен жеке ерлігі, сондай-ақ мінсіз қызметі үшін көтермелеу тәртібінде дербес белгіленеді.
      4. Кезектен тыс біліктілік сыныптары белгілеу реттілігіне қарай мерзімінен бұрын және атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген біліктілік сыныптан бір саты жоғары деп бөлінеді.
      5. Мерзімінен бұрын белгіленетін біліктілік сыныптар біліктілік сыныпта еңбек сіңірудің «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңымен белгіленген мерзімдерінің кемінде жартысы өткенде беріледі.
      6. Атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген біліктілік сыныптан бір саты жоғары біліктілік сынып алдыңғы біліктілік сыныпта еңбек сіңірген жылдарының кемінде бір жарым мерзімі өткен соң беріледі.
      7. Кезектен тыс біліктілік сыныптары органдағы қызметі кезеңінде екі реттен артық жүргізілмейді.
      8. Біліктілік сыныбында болу мерзімі қызметкерге тиісті біліктілік сыныбын белгілеген күннен бастап есептеледі. Осы мерзімге лауазымдардағы қызметтің нақты уақыты, сондай-ақ қызметкердің органның қарамағында болған кезеңі кіреді.
      9. Кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеуге ұсыныстар (бұдан әрі - Ұсыныстар) Агенттіктің персоналмен жұмыс жасау бөлімшесіне осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес, нысан бойынша жолданады.
      10. Кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеуге ұсыныстарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауаптылық пен бақылау Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларына жүктеледі.
      11. Тиісті бұйрық (одан үзінді) келіп түскен кезде тікелей немесе тура басшының қызметкерге біліктілік сыныпты белгілегені туралы қызметтік кеңестерде, жиындарда немесе жеке құрамның саптық түзеуінде жариялайды.
      12. Алынбаған тәртіптік жазасы болғанда, қызметтік тергеу аяқталғанға дейін, қылмыстық іс ақтайтын негіздер бойынша қысқартылғанға дейін, ақтау үкімі заңды күшіне енгенге дейін кезектен тыс біліктілік сыныптарды белгілеуге ұсыныстарға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы            
Мемлекеттік қызмет істері және       
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл     
агенттігінің Төрағасының           
20 жылғы 30 қаңтардағы           
№ 30 бұйрығымен бекітілген         
Қазақстан Республикасының мемлекеттік    
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне
кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу
жөніндегі қағидаларға қосымша     

Нысан

__________________________________________
Лауазым бойынша біліктілік сыныбы
ҚР Президентінің 20 жылғы ___ _____ № ____
Жарлығымен бекітілді

Ұсыныс

Кезектен       тыс       біліктілік       сыныбын       белгілеуге
_____________________________________________________________________
                            (қандай)

Кімге _______________________________________________________________
        (біліктілік сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты, жеке нөмірі)
Лауазымы, ___________________________________________________________
(мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
органы) Туған жылы, күні, айы

Білімі ______________________________________________________________
                    (жалпы, арнайы, жоғары, әскери)
_____________________________________________________________________
               (қашан және қандай оқу орнын аяқтады)
Бар біліктілік сыныбы _______________________________________________
________________ 20_____ жылғы __________ № ______ бұйрығымен берілді
_____________________________________________________________________
                        (қысқаша мінездемесі)

      ҚК, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметі

Қандай айдан және жылдан бастап

Қандай ай және жыл аралығында

Лауазымдардың, бөлімдердің, құрамалардың, органдардың, мекемелердің, оқу орындардың атауы







Персоналмен жұмыс жасау бөлімшесінің басшысы ________________________
                                  (біліктілік сыныбы, аты-жөні, қолы)

20_____ жылғы ________

      Ескертпе:
      Егер мәлімет құпия сипаттан тұрса, оған құпия белгісі қойылады.
      * бірінші біліктілік сыныптарын белгілеуге ұсыну, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кадрларына енгізу кезінде толтырылады.