Алматы қаласында халықты тіркеу Ережесін бекіту туралы

ІІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының ІV сессиясының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 25 шешімі. Алматы қалалық Әділет департаментінде 2004 жылғы 20 мамырда N 601 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 260 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХ сессиясының 2009.07.29 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңының 6-бабына және Алматы қаласы Әкімінің ұсынысына сәйкес ІІІ-сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

      2003 жылғы 29 қыркүйектегі ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ХХVІІІ-сессиясының "Алматы қаласындағы тұрғындардың кең топтарына арналған тұрғын-үй құрылысына" Алматы қаласының 2003 жылға арналған жергілікті инвестициялық жобаны қаржыландыруға муниципалдық облигацияны шығару жолмен қаражатты игеру" шешімінің N№ 2 қосымшасындағы 1. Кәсіпорындардың мемлекеттік акциялар пакетінің тізбесі кестесіне өзгерістер енгізілсін:
      "Жиынтығы" жолындағы "6931209,5" және "887335,0" сандары тиісінше "6800274,5" және "823176,8" сандарына ауыстырылсын.

      ІІІ-сайланған Алматы
      қаласының Мәслихатының
      ІV-сессиясының төрағасы

      ІІІ-сайланған Алматы
      қаласының Мәслихатының
      хатшысы