"Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 3-НП нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 3-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 қыркүйекте № 9752 тіркелді. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «2014-2015 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 261 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 315 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  2014 жылғы 5 тамызда № 9670 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 7 тамыздағы № 152 (28376) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                           Т. Балықбаев