Қалалар мен шаруашылық жүргізу объектілерін санаттау дәрежесіне байланысты азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 22 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5059 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығымен

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармағына, жалпы жиналыс хаттамасына, аудандық ономастика комиссиясының ұйғарымына және Ынталы ауылы тұрғындарының өтініштеріне негізделіп Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы ауылындағы жаңа көшеге осы ауылдың өркендеуіне елеулі үлес қосқан, еріктілер қатарында Ұлы Отан соғысына қатысып, Сталинград майданында ерлікпен жауға қарсы тұрып жау оғынан қаза болған Мұсақұл Қосымбетовтың есімі берілсін.
      2. Осы жоғарыдағы есімі берілген көшені қазіргі заман талабына сәйкестендіріп, архитектуралық талапқа сай безендіру, көшенің атауымен әр үйге сандық белгілер орнату, көшені таза ұстау әрі үлгілі көше деген атаққа лайықты болуын Мұсақұл Қосымбетовтың туысқандарынан сұралсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі           З. Бектұрсынов