Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 856 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қазанда № 12196 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»  Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 35-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 99-жолмен толықтырылсын:
«

99

Қазақстан Республикасының әр өңірінен шыққан дарынды балаларды республикалық физика-математика мектебінде оқыту

Қазақстан Республикасының дарынды балаларын мамандандырылған жалпыға білім беру оқу бағдарламалары мен балаларға арналған қосымша білім беру оқу бағдарламалары бойынша оқыту жөнінде білім беру қызметтерін ұсыну

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ

009 «Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу»

302 260

                                                                 ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов