"Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-IV шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 291/41-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қазанда № 844 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 363/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 363/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы кодексіне, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы заңдарына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 29 қазанда № 652 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 қарашадағы № 129 "Астана ақшамы" және № 135 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:

      барлық мәтін бойынша "азаматтарды, азаматтармен, азаматтар, азамат, отбасылар, отбасыларға" деген сөздер "аз қамтылған отбасыларды (азаматтарды), аз қамтылған отбасылармен (азаматтармен), аз қамтылған отбасылар (азаматтар), аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтың 8) тармақшасындағы "АХАЖ" деген сөздер "азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтың 12) тармақшасы "жеке меншік тұрғын үй қорында" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жариялану күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихаты


сессиясының төрағасы

З. Шибкенов

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

С. Есілов