Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы

Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 363/45-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 сәуірде № 1222 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының атауындағы және бүкіл мәтін бойынша "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 22.09.2020 № 532/72-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 237 қаулына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы Қ. Әбден
      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы Ж. Нұрпейісов

  Астана қаласы мәслихатінің
2019 жылғы 6 наурыздағы
№ 363/45-VI шешіміне
1-қосымша

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй көмегiн көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағиданың атауындағы және бүкіл мәтін бойынша "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылды және "тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)" деген сөздер "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін" деген сөздермен ауыстырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 22.09.2020 № 532/72-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй көмегiн көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзiрленіп, Нұр-Сұлтан қаласындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін белгілейді.

      2. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағысег тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар түріндегі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге жинақталатын ақша;

      6) уәкілетті орган – "Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау" мемлекеттік мекемесі;

      7) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 22.09.2020 № 532/72-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген және тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 22.09.2020 № 532/72-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері Қағидада белгіленген норма шегінде коммуналдық және басқа да қызметтерге төлеуге тиесілі сома мен осы мақсатқа отбасы шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

      5. Құжаттарды қарау және Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде отбасы құрамына бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін және Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.

      7. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу жөнiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаның әкiмгерi уәкілетті орган болып табылады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсанда бір рет Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) отбасының табысын растайтын құжат. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 22.09.2020 № 532/72-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      8) банктік шоты;

      9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      12) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Отбасы (азамат) (не нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде Қағиданың 9-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттар мен коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 22.09.2020 № 532/72-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

3. Коммуналдық және басқа да қызметтердi тұтыну нормалары

      10. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мынадай коммуналдық қызмет түрлерінің төлемақысын жасауға шығындар ескеріледі:

      1) сумен жабдықтау;

      2) кәріз;

      3) газбен жабдықтау;

      4) электрмен жабдықтау;

      5) жылумен жабдықтау;

      6) қоқысты әкету;

      7) лифт қызметін көрсету.

      11. Коммуналдық қызмет тарифтерiн, сондай-ақ олардың Нұр-Сұлтан қаласы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдармен келiсiлген өзгерiстерiн уәкiлеттi орган коммуналдық қызметтi жеткiзушiлерден сұрау салады.

      12. Тұрғын үй көмегiн тағайындағанда өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасына Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен белгіленген әр адамға он сегіз шаршы метрден норма қабылданады.

      Жалғыз басты тұратын аз қамтылған отбасылар (азаматтар) үшін тұрғын үй алаңының нормасына отыз шаршы метр, бiрақ бiр бөлмелi пәтерден кем емес тұрғын үй алаңының нормасы қабылданады.

      13. Тұрғын үй көмегiн есептегенде электр қуатын тұтынудың мына мөлшерлемелері қолданылады:

      150 Квт.сағ – бір-үш адамнан тұратын отбасы;

      200 Квт.сағ – төрт және одан да көп адамдардан тұратын отбасы.

      14. Тұрғын үйдің газбен жабдықталмағаны және тамақ дайындау үшін электр тұрмыстық плиталары қолданылатыны жөнiнде тиісті құжат болғанда, белгiленген нормативтерден асқан электр қуатына төленетін төлем, тұрғын үй көмегін алушылардың өтiнiшi бойынша газбен жабдықтау үшін төленетін төлемнің есебіне есептелуі мүмкін, бірақ газбен жабдықтау үшін белгіленген тұтыну нормалары мен тарифтері шегiнде.

4. Отбасының кіріс жиынтығын есептеу

      15. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде оның құрамы Қағиданың 6-тармағына сәйкес анықталады.

      16. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 22.09.2020 № 532/72-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

5. Тұрғын үй көмегін төлеу

      17. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

      18. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын сомаларды жинауға және (немесе) күрделі жөндеуге төлеу кезеңінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұрғын үй көмегiн төлеу оны кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге сомалар жинақтау үшін кондоминиум объектісін басқару органының жинақ шотына екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) бөлiмшелерi арқылы аудару жолымен жүргiзiледi.

      Қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне ақы төлеу бойынша тұрғын үй көмегін төлеу, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға берген тұрғын үйді пайдалану үшін жалдау ақысын төлеуге қатысты есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына ЕДБ бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

      19. Жинақ шотынан қаражатты пайдалану кондоминиум объектісінің органы мен мердігерлер арасындағы келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін кондоминиум объектісінің (пәтерлерінің) меншік иелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүргізіледі.

      20. Тұрғын үй көмегін алушы тұтынылған коммуналдық және басқа да қызметтер туралы (екі айдың ішінде) мәліметтерді белгілі бір себептерге байланысты (науқастану, қала шегінен тыс жерде болу) уақытылы ұсынбаған жағдайда және осы себептерді куәландыратын тиісті анықтама бар болған кезінде, көрсетілген кезеңге тұрғын үй көмегін төлейді.

      21. Тұрғын үй көмегін аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) жалған мәлімет беру салдарынан артық немесе заңсыз төленген сомасын өндіртіп алу Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

      22. Басқарма ЕДБ арқылы төленген тұрғын үй көмегінің сомасына ай сайын мониторинг жүргізеді.

  Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй
көмегін көрсету қағидаларына
1-қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш

      Мен _______________________________________________________

      (Т.А.Ә., туған жылы)

      тұрғын үйдің меншік иесі (жалдаушы, қосымша жалдаушы) болып табыламын, жеке куәлік №________________, кім берді _______________________________________________

      Нұр-Сұлтан қаласы ___________________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын құрамы ____ адамнан тұратын менің отбасыма коммуналдық және есептеу құралының құнын төлеу, өзге де қызметтер төлемі бойынша шығынды өтеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды сұраймын.

Р/с №

Өтініш беруші отбасының мүшелері Т.А.Ә.

Туған күні

Туыстық қатынастар

Әлеуметтік мәртебесі

1

2

3

4

5











      Өтінішке қажетті құжаттарды ___ данада қоса беремін.

      Жеке шоттың № _____________ банктің атауы ___________________

      Өзгерістер болған жағдайда 10 күннің ішінде ол туралы хабарлауға міндеттенемін.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-тармағына, 385-бабының 3-тармағына сәйкес, ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жауапкершілікпен таныстым.

      200__ жылғы "___" _________ Өтініш иесінің қолы ______________________________

      Құжаттарды қабылдады _____________________________________________________

      (Құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)

      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

      кесу сызығы

      Азамат __________________________________________________ тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қоса берілген ____ парақ құжатты қабылдады.

      200__ жылғы "__" ____ ___________________________________________________

      (Құжатты қабылдаған маманның Т.А.Ә.)

  Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй
көмегін көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі комиссия отырысының 20____ жылғы "____"___________ № ____ ШЕШІМІ

      Т. А. Ә. __________________________________

      Мекен-жайы _____________________________

      Мәртебесі_______________________________

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      Есепке сәйкес 20____ жылдың _______ айына

      __________ теңге _____ тиын көлемінде тұрғын үй көмегі

      Тағайындалсын

      Тіркеу № ____________________________________

      Ашылды ____________________________________

      Комиссия төрағасы ___________________________

      Комиссия мүшелері___________________________

      ____________________________________________

      ____________________________________________

      Бөлім бастығы _______________________________

      М.О.

      ____________________________________________

  Астана қаласы мәслихатінің
шешіміне 2-қосымша
2019 жылғы 6 наурыздағы
№ 363/45-VI

Астана қаласы мәслихатінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізілімі

      1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-IV "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 652 болып тіркелді, 2010 жылғы 20 қарашада "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      2. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 26 маусымдағы № 46/5-V "Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-ІV "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешім (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 739 болып тіркелді, 2012 жылғы 4 тамызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған)..

      3. Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 119/14-V Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-ІV "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 775 болып тіркелді, 2013 жылғы 9 мамырда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған)..

      4. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 222/31-V "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 809 болып тіркелді, 2014 жылғы 6 мамырда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      5. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 225/31-V "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 811 болып тіркелді, 2014 жылғы 6 мамырда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      6. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 291/41-V "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-IV шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 844 болып тіркелді, 2014 жылғы 25 қазанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      7. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 400/55-V "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 935 болып тіркелді, 2015 жылғы 22 тамызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған)..

      8. Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 23 маусымдағы № 160/20-VI "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1115 болып тіркелді, 2017 жылғы 18 шілдеде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған)..