Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 38 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 181 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 желтоқсанда № 10039 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 27 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 172 бірлескен бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақкемер ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 26 «Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылдық округі Елек ауылының Садовая көше атауын қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-149 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қазанда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      «Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі Елек ауылының Садовая көшесінің атауын қайта атау туралы»;
      орыс тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «аульного» сөзі «сельского» сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Ақкемер ауылдық округінің әкімі

Т.Өтемұратов