"Мемлекеттiк қызметтер көрсетудің сапасын бағалау әдiстемесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 06-7/2 және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі м.а. 20

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 18 ақпандағы № 04-2-4/33 және Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 149 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 ақпанда № 9182 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 38 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 181 Бірлескен бұйрығымен

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылы Еңбекшілдер ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер (бір жылдан артық).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Т.Ахметоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Садуақасұлы