Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 қарашада № 9858 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 417 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.06.2015 № 417 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 21) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпараттық құралдарында ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е. Досаев

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 8 қазандағы   
№ 47 бұйрығымен     
бекітілген         

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелеріне жатқызу және жоспарлы тексерістерді жүргізу үшін іріктеп алу мақсатында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      тәуекел – тексерілетін субъектінің заңсыз қызметінің нәтижесінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне, мүліктік және заңды мүдделеріне зиян келтірудің ықтималдылығы;
      тексерілетін субъектілер – жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, лицензиялауды немесе басқа рұқсат ету құжаттарын беруді, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-әрекеттерді, жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар.
      3. Жоспарлы тексерулерді жүргізу кезеңділігі тәуекел дәрежесіне байланысты:
      жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;
      орташа тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен;
      төмен тәуекел дәрежесі кезінде – бес жылда бір реттен жиі емес кезеңділікпен айқындалады.
      4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бөлу Критерийлерді екі кезеңге: бастапқы және кейінгі бөлу негізінде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, мұндай бөлу тексерілетін субъектілердің:
      1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
      2) лицензиялау немесе өзге рұқсат құжаттарын беру, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыруға хабарлама қабылдау;
      3) мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы мәселелері бойынша бөлек жүзеге асырылады.
      5. Бастапқы бөлу тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлерінің негізінде жүзеге асырылады.
      6. Тексерілетін субъектілердің кәсіпкерлік қызметке түсетін әкімшілік жүктеме дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштері тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері болып табылады.
      Әкімшілік жүктеме дәрежесін айқындау үшін тексерілетін субъектілердің көрсеткіштері жоғары, орташа және төмен тәуекел дәрежесі топтары бойынша мынадай тәртіппен бөлінеді:
      жоғары тәуекел дәрежесі тобына тексерілетін субъектілердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты шағарылған теріс шешімдері бойынша статистикалық көрсеткіштер жатады;
      орташа тәуекел дәрежесі тобына тексерілетін субъектілердің талдамалық көрсеткіштері жатады;
      төмен тәуекел дәрежесі тобына тексерілетін субъектілердің есепке алу сипатындағы статистикалық деректері жатады.
      Тексерілетін субъектілердің тәуекел топтары бойынша бөлінген кәсіпкерлік қызметке түсетін әкімшілік жүктеме дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштері осы Критерийлердің 2-қосымшасына сәйкес кестеде көрсетілген.
      7. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бастапқы бөлу мақсатында тәуекел топтары бойынша бөлінген кәсіпкерлік қызметке түсетін әкімшілік жүктеме дәрежесін сипаттайтын тексерілетін субъектілердің көрсеткіштерін қолдану мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) әрбір көрсеткіш бойынша неғұрлым жоғары мәннен неғұрлым төменгісіне қарай және рейтингтегі позициясына байланысты тексерілетін субъектінің рет санын айқындаумен тексерілетін субъектінің рейтингісі құрылады;
      2) бір тәуекел тобының көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъектілердің рейтингісі құрылады.
      Бір тәуекел тобының ішіндегі көрсеткіштер бойынша осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес рейтинг құрудың нәтижесінде алынған тексерілетін субъектілердің реттік нөмірлерін қосу жүзеге асырылады. Бір тәуекел тобының ішіндегі көрсеткіштер бойынша тексерілетін субъектінің жалпы позициясын айқындау үшін алынған мәндер бойынша неғұрлым жоғары мәннен неғұрлым төменгісіне қарай тексерілетін субъектілердің рейтингісі құрылады;
      3) осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес рейтинг құрудың нәтижесінде алынған тексерілетін субъектілердің жалпы позицияларына түзету коэффициенттерін қолдану арқылы тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығының коэффициенті айқындалады.
      Тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығы коэффициентін айқындау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      4) тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығы коэффициенттері бойынша неғұрлым жоғары мәннен неғұрлым төменгісіне қарай тексерілетін субъектілердің рейтингісі құрылады;
      5) тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығы коэффициенттері негізінде тексерілетін субъектілерді жоғары, орташа және төмен тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жүзеге асырылады.
      8. Тексерілетін субъектілерді жоғары, орташа және төмен тәуекел дәрежелері бойынша бөлу мынандай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) жоғары тәуекел дәрежесі тобына тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығы коэффициентінің неғұрлым жоғары мәнін иеленген бірінші бес тексерілетін субъектілер жатады;
      2) орташа тәуекел дәрежесі тобына жоғары тәуекел дәрежесі тобына жатқызылған тексерілетін субъектілерден аз тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығы коэффициентінің мәні бар екінші бес тексерілетін субъекті жатады;
      3) төмен тәуекел дәрежесі тобына жоғары немесе орташа тәуекел дәрежесі топтарына жатқызылмаған тексерілетін субъектілер жатады.
      9. Тексерілетін субъектінің аумақтық бөлімшелері болған жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың жоғары ықтималдығы бар аумақтық бөлімшелерді айқындау мақсатында тәуекел дәрежесін бағалау жүйесінің іс-шаралары әрбір тексерілетін субъектінің аумақтық бөлімшелеріне қатысты қолданылады.
      Мұндай жағдайда, жоспарлы тексеруге тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығы коэффициентінің неғұрлым жоғары мәні бар тексерілетін субъектілердің аумақтық бөлімшелері тартылады.
      10. Тексерілетін субъектілерді жоғары, орташа және төмен тәуекел дәрежесі топтары бойынша кейінгі бөлу субъективті тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері негізінде және жоспарлы тексерулердің нәтижелері бойынша ғана жүзеге асырылады.
      Cубъективті тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері тексерілетін субъектілер жіберген заңнамада белгіленген талаптарды бұзушылықтарға байланысты айқындалады.
      Субъективті критерийлер осы Критерийлердің қосымшасында көрсетілген өрескел, елеулі және елеусіз бұзушылықтардан тұрады.
      11. Әрбір жасалған бұзушылық үшін тексерілетін субъектіге балл беріледі, атап айтқанда:
      1) бір өрескел бұзушылық үшін – он балл;
      2) бір елеулі бұзушылық үшін – бес балл;
      3) бір елеусіз бұзушылық үшін – үш балл.
      12. Жоспарлы тексеру қортындысы бойынша тексерілетін субъект осы Критерийлерге қосымшада көрсетілген бұзушылықтарды жіберген жағдайда, тексерілетін субъектінің жинаған балдарының жалпы санын айқындау үшін жиналған балдар саны жиынтықталады.
      13. Жиналған балдардың нәтижесі бойынша:
      1) жоғары тәуекел дәрежесі тобына 150 және одан көп балл жинаған тексерілетін субъектілер жатады;
      2) орташа тәуекел дәрежесі тобына 80-нен 150 балға дейін жинаған тексерілетін субъектілер жатады;
      3) төмен тәуекел дәрежесі тобына қоса алғанда 80 балға дейін жинаған тексерілетін субъектілер жатады.
      14. Комитеттің тексеру жоспарын қалыптастыру тексерілетін субъектілердің:
      1) жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
      2) лицензиялау немесе өзге рұқсат құжаттарын беру, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыруға хабарлама қабылдау;
      3) мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы мәселелері бойынша бөлек жүзеге асырылады.
      15. Осы Критерийлердің 12-тармағында көрсетілген мәселелер бөйынша әрбір тексеру жоспары объективті немесе субъективті тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес жоғары, орташа және төмен тәуекел дәрежесі топтарына жатқызылған тексерілетін субъектілерден тұруы тиіс.
      16. Тексерілетін субъектілерді бір тәуекел тобы ішінде тексеру жоспарына қосу:
      бастапқы бөлу кезінде тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығы коэффициентінің неғұрлым жоғары мәні бойынша жүзеге асырылады;
      кейінгі бөлу кезінде жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша жиналған балдардың ең көп саны бойынша жүзеге асырылады. Балл санын тең жинаған тексерілетін субъектілердің ішінен тексеру жоспарына бірінші кезекте ең көп өресел бұзушылық жасаған тексерілетін субъект қосылады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін
қолдау мен қорғау саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау  
критерийлеріне        
1-қосымша         

Тексерілетін субъектілердің тәуекел топтары бойынша бөлінген
кәсіпкерлік қызметке түсетін әкімшілік жүктеме дәрежесін
сипаттайтын көрсеткіштер

Тәуекел тобы

Мемлекеттік бақылау және қадағалау

Рұқсат беру жүйесі

Мемлекеттік қолдау

Жоғары тәуекел дәрежесі

Әкімшілік айыппұл сомасы

Рұқсат беруден бас тартулардың саны

Мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартулардың саны

Әкімшілік жазалаулар саны

Орташа тәуекел дәрежесі

Жүргізілген тексерулердің саны

Талаптарға сай болуды растайтын құжаттардың саны

Талаптарға сай болуды растайтын құжаттардың саны

Рұқсат берудің орташа мерзімі

Бағдарламаға рұқсат беру критерийлерінің саны

Төмен тәуекел дәрежесі

Бақылаудағы субъектілердің саны

Берілген рұқсаттардың саны

Қолдауды жүзеге асыруға бағытталған сома

Рұқсат алуға өтініштердің саны

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін
қолдау мен қорғау саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау 
критерийлеріне      
2-қосымша         

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы бұзушылықтар

Бұзушылықтар

Бұзушылық түрі

Тексерілетін субъектілердің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы саласында

1

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу салдардың ауырлығы тұрғысынан субъектінің маңыздылығы, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)  5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың салалық статистикасы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері ескерілмей, жүзеге асырылады

Елеулі

2

Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарының және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітілген және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінің болмауы

Елеусіз

3

Бақылау және қадағалау органының, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітілген жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерілетін субъектілерді тексеру мәселелері жөніндегі міндетті ведомстволық есептілік нысандарының болмауы

Елеусіз

4

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулердің санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізбеу

Елеусіз

5

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жөніндегі ведомстволық есептіліктің жиынтық деректерін мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияламау

Елеусіз

6

Бақылау және қадағалау органының және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітілген және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтары нысандарының болмауы

Елеусіз

7

Нақты жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспарлы тексерулерді уәкілетті орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес бекіткен тексерулер жоспарының негізінде жүргізбеу және алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескермей жүргізу

Елеулі

8

Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделмеген негіздемелер бойынша нақты жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізу

Елеулі

9

Бұзушылықтар жасалған кезде тікелей жолын кесу қажет болған жағдайларда жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілетін жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді ішкі еңбек тәртібінің қағидаларында белгіленген тексерілетін субъектінің жұмыс уақытынан тыс жүргізу

Елеусіз

10

Мыналарға:
1) жарылғыш заттардың айналымы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
3) атом энергиясына, радиоактивтік заттарға;
4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылауды және қадағалауды қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізу

Өрескел

11

Анонимді өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу

Өрескел

12

Нақты емес жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталған, жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз бола алмайтын фактiлер мен мән-жайлар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу

Өрескел

13

Тексеруді тексеруді тағайындау туралы актісіз, оның ішінде онда Заңның 17-бабының
2-тармағында көзделген ақпаратты көрсетпей жүргізу

Өрескел

14

Қызметкерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерді, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулердi қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы актіні тексерулер басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда, оны жеке кәсіпкерлік субъектісі орналасқан жер бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсыну, оның ішінде электронды форматта ұсыну арқылы тіркемеу

Өрескел

15

Тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жоспарлы тексеру жүргізудің басталатыны туралы жеке кәсіпкерлік субъектісін жазбаша түрде хабардар етпеу

Өрескел

16

Заңның 16-бабы 7-тармағының 2)3)4)7) және 8) тармақшаларында,  10-тармағындакөзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемiнде бiр тәулiк бұрын жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы жеке кәсіпкерлік субъектісін жазбаша түрде хабардар етпеу

Өрескел

17

Жеке кәсіпкерлік субъектісі тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірген жағдайда тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органы лауазымды адамы және жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті тұлғасы қол қойған хаттаманы жасамау

Елеусіз

18

Жеке кәсіпкерлік субъектісін және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органды тексеру жүргізуші лауазымды адамдардың құрамын ауыстырған жағдайда тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін ауыстыру себебі көрсетілген хабарламаның болмауы.

Елеусіз

19

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді, сондай-ақ салалық ерекшеліктері ескеріле отырып, тексерулер жүргізудің мынадай:
1) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер – он бес жұмыс күніне дейін және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
2) ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын мерзімдері белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда тексерулерді отыз жұмыс күнінен асырып жүргізу

Өрескел

20

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болғанда, сондай-ақ тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау органының басшысының (не оның орнындағы адам) тексеру жүргізудің мерзімін отыз жұмыс күнінен асатын мерзімге бір реттен аса ұзартуы

Өрескел

21

Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып, тексеруді ұзарту туралы тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні және ұзартудың себебі көрсетілген қосымша актіні ресімдемеу

Елеулі

22

Тексеру жүргізуді жүргізілетін тексеріс шеңберінде шет мемлекеттерден айтарлықтай маңызы бар мәліметтер мен құжаттар алу, отыз жұмыс күнінен асатын мерзімде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайларда емес, өзге жағдайларда оларды алғанға не орындағанға дейін тоқтатуды жүзеге асыру

Елеулі

23

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексеруді тоқтата тұрғанға не қайта бастағанға дейін бір күн бұрын жеке кәсіпкерлік субъектісін тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар етпеу

Елеусіз

24

Тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау кезінде тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығармау

Елеулі

25

Тексеруі тоқтатылған және Заңның 20-бабында белгіленген мерзімдерде қайта басталмаған жеке кәсіпкерлік субъектісін қайта тексеруге жол беру

Өрескел

26

Өнімнің үлгілерін іріктеу актісімен расталған өнімдердің үлгілерін іріктеуді бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының жеке кәсіпкерлік субъектісі басшысының немесе өкілінің және жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті адамының қатысуымен жүргізбеу

Елеулі

27

Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінде Заңның 22-бабында көзделген ақпаратты көрсетпеу

Елеулі

28

Тексеру жүргізу кезінде Заңның 23-бабында көзделген шектеулерді сақтамау

Өрескел

29

Тексерудің нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы актіні Заңның 24-бабының 1-тармағында көзделген ақпаратты көрсете отырып жасамау

Елеусіз

30

Тексеру нысанасына жатпайтын талаптарды қою және өтініш жасау

Өрескел

31

Тексерілетін субъектінің өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындауы

Өрескел

32

Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау жүргізу кезiнде Заңның 26-бабының 3-тармағында көзделген мiндеттерді сақтамауы

Өрескел

Тексерілетін субъектілердің лицензиялау немесе өзге рұқсат құжаттарын беру, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыруға хабарлама қабылдау тәртібін сақтауы саласында

33

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) көзделмеген рұқсаттардың немесе хабарламалардың болуын талап ету

Өрескел

34

Тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тікелей көзделмеген құжаттарды беруді талап етуі

Өрескел

35

Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар, рұқсаттар берудің және хабарламалар жіберудің шарттары туралы мәліметтерді «электрондық үкіметтің» веб-порталында және тексерілетін субъектінің интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде орналастырмау

Елеусіз

36

Тексерілетін субъектілердің Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның
21-бабының 2-тармағында көрсетілген міндеттерді сақтамауы

Өрескел

37

Рұқсаттың Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылуы заңдық күші Қазақстан Республикасы заңдарынан төмен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда шектеледі

Елеулі

38

Рұқсаттарды беру біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына жауап беретін барлық тұлғалар үшін тең емес негіздерде және жағдайларда жүзеге асырылады

Өрескел

39

Тексерілетін субъектінің лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру кезінде өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырмауы

Елеусіз

40

Лицензиялау және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдерде ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталмаған жағдайда өтініш берушінің құжаттарын қараудан бас тартуды жүзеге асыру

Елеулі

41

Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде рұқсат беру органының өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардан келісімдер (ілеспе рұқсаттар) алуы заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленбеген жағдайларда жүзеге асырылады

Елеулі

42

Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген жағдайларда өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарды) алу үшін, егер екінші санаттағы рұқсаттар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше мерзімдер көзделмесе, рұқсат беру органының өтініш берушінің рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оның алдағы қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жібермеуі

Елеусіз

43

Тексерілетін субъектінің рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беру мерзімі өткен кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге оны беруді жүзеге асырмауы

Елеулі

44

Жеке немесе заңды тұлғаның не шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметті жүзеге асыру орны бойынша берілетін «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиарлар болып табылған жағдайларда, оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді тіркеу орны бойынша жүзеге асырмауы

Елеусіз

45

Өтініш берушілерден лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабының 3-тармағында көзделмеген өзге құжаттарды ұсынуды талап ету

Өрескел

46

Егер лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабы 3-тармағының 2) - 5) тармақшаларында көзделген құжаттар туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі болса, оларды өтініш берушіден ұсынуды талап ету

Елеусіз

47

Лицензиясы бар қызмет түрi немесе әрекет (операция) шеңберiнде жарамды лицензияның қосымшасын беру кезінде өтініш берушілерден Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабы 6-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоспағанда, өзге құжаттарды талап ету

Елеусіз

48

Егер бұл Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 1-қосымшасында көзделмеген болса, лицензияны беруді оның қолданылу мерзімін шектей отырып, жүзеге асыру

Өрескел

49

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден дәлелді бас тартуды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап, отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей берілетін атом энергиясын пайдалану, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, он бес жұмыс күнінен кешіктіріп беру

Өрескел

50

Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алу

Өрескел

51

Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 44-бабында көзделген жағдайларда лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру кезінде лицензиялық алым алу

Өрескел

52

Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 32-бабының 1-тармағында көзделмеген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуды жүзеге асыру

Өрескел

53

Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33-бабының 1-тармағында көзделмеген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді жүзеге асыру

Елеулі

54

Лицензияны және (немесе) қосымшаны қайта ресімдеу кезінде Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33-бабы 3-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоспағанда, өтініш берушіден өзге құжаттарды ұсынуды талап ету

Өрескел

55

Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қайта ресімдеуді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиардың өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асыруы

Өрескел

56

Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33-бабының 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылған немесе тиісінше ресімделген жағдайда, сондай-ақ өтініш берушінің біліктілік талаптарына сай болуы жағдайында, егер осындай тексерудің қажеттігі заңдарда көзделсе, бас тартуды жүзеге асыру

Өрескел

57

Қайта ресімделген лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 48-бабының ережелерін сақтамай, электрондық нысанда ресімдеуді жүзеге асыру

Елеусіз

58

Лицензиардың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабында өзгеше мерзім белгіленбесе, Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар берілген кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктіріп жүзеге асыруы

Елеулі

59

Лицензияланатын қызметтің бір түріне (кіші түріне) лицензиялары бар бірнеше заңды тұлға-лицензиаттардың бірігуі нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға бірнеше лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеуді жүзеге асыру

Елеулі

60

Егер қосылатын заңды тұлғада және қосылатын заңды тұлғаны өзіне қосып алған заңды тұлғада лицензияланатын бір қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиялар болса, қосылатын заңды тұлғаның лицензиясын заңды тұлғаны қосып алған заңды тұлғаға қайта ресімдеуді жүргізу

Елеулі

61

Рұқсат беру органының Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеуден бас тартуды Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабы 4-тармағының бесінші бөлігінде және 5-тармағының бесінші бөлігінде көзделмеген жағдайларда жүзеге асыруы

Елеулі

62

Рұқсат беру органдарының Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабы 6-тармағының ережелерін сақтамауы

Елеулі

63

Лицензиардың Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге берілген құжаттарын тіркегеннен кейін екі жұмыс күні ішінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген болса, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарын) алу үшін өтініш берушінің өз қызметін жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жібермеуі

Елеулі

64

Лицензиарлардың Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабында белгіленген мерзімдер ішінде қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды беруді жүзеге асырмауы

Өрескел

65

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 35-бабының 1-тармағында көзделмеген жағдайларда тоқтату

Елеулі

66

Рұқсат беру органдарының Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 36-бабында көзделген жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттарын сақтамауы

Өрескел

67

Рұқсат беру органдарының экспорт және импорт саласындағы лицензиялау туралы жалпы ережелерді сақтамауы

Өрескел

68

Рұқсат беру органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалмаған рұқсат беру талаптарын ұсынуды, екінші санаттағы рұқсаттарды беру үшін қажетті құжаттардың тізбесін ұсынуды талап етуі

Елеулі

69

Рұқсат беру органдарының екінші санаттағы рұқсаттардың Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімдерде берілуін сақтамауы

Өрескел

70

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тартуды Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген негіздер бойынша жүзеге асыруы

Өрескел

71

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсатты беру үшін белгіленген мерзімдерді бұза отырып өтініш берушіге екінші санаттағы рұқсатты беруден дәлелді бас тартуды жүзеге асыруы

Өрескел

72

Екінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалмаған жағдайларда және тәртіппен тоқтатуды жүзеге асыру

Елеулі

73

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын тиісті өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктіріп, рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Телнұсқа» деген жазумен және олардың алғаш берілген күні мен қайта ресімделген күнін көрсете отырып, беруді жүзеге асыруы

Елеулі

74

Рұқсат беру органының өтініш беруші тиісті өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктіріп, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қажетті өзгерістерді енгізуді және тиісті түзетулері бар рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беруді жүзеге асыруы (берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер табылған жағдайда)

Елеулі

75

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асыруы

Өрескел

76

Рұқсат беру органының өтініш берушінің бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктіріп, Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 51-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылғанын тексеруді жүзеге асыруы

Елеулі

77

Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті бермеген жағдайда, рұқсат беру органдарының тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін он жұмыс күні ішінде рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (кері қайтарып алу) рәсіміне бастамашылық жасауды жүзеге асыруы

Елеулі

78

Айыру (кері қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру органының рұқсаттан айыруды (кері қайтарып алуды) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асыруы

Өрескел

79

Тексерілетін субъектінің Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 46-бабының 5-тармағын сақтамауы

Елеулі

80

Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелерді өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктіріп беруі

Елеусіз

81

Автоматтандыруға жатпайтын рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру органдарының қағаз нысанында жүзеге асырылған рұқсат беру рәсімдері туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне рұқсат беру рәсімін жүзеге асырумен бір мезгілде енгізбеуі

Елеусіз

82

Рұқсат беру органдарының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізбеуі

Елеусіз

83

Тексерілетін субъектілердің жеке немесе заңды тұлғаның қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері (операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне тиісті мәліметтерді енгізбеуі

Елеусіз

84

Тексерілетін субъектінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны алып тастауды өтініш берушінің өтініші, соттың жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне немесе әрекеттеріне тыйым салу туралы шешімі бойынша жүзеге асырмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген өзге де жағдайларда жүзеге асыруы

Өрескел

Тексерілетін субъектілердің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы саласында

85

Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, жергілікті өкілді органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі актілерінің деңгейінде белгіленбеген талаптарды ұсыну

Елеусіз

86

Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарында, Қазақстан Республикасы заңдарында, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларында, жергілікті өкілді органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің актілерінде белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібінің (қағидаларының, шарттарының), оның ішінде:
- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау бағдарламасының шарттарына, критерийлеріне сәйкестігінің;
- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау мерзімдерінің;
- мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру мерзімдерінің;
- мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылуының;
- мемлекеттік қолдаудың заңды түрде жүзеге асырылуының сақталмауы

Өрескел

87

Тәртібі мен нысанасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен немесе заңды күші Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы деңгейінен төмен өзге нормативтік құқықтық актілермен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асыру

Өрескел