Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 шілдеде № 11566 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 797 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.12.2015 № 797 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Мыналардың:
      1) «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 47 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 9858 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда № 28 (28506) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      2) «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 48  бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 9857 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда № 28 (28506) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                   Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының Құқықтық
      статистика және арнайы есепке алу
      жөніндегі комитетінің Төрағасы
      _____________________ С. Айтпаева
      «____»___________ 2015 год

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 маусымдағы
№ 417 бұйрығына  
№ 1-қосымша     

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелеріне жатқызу және тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      Тексерілетін субъектілер – жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, лицензиялауды немесе басқа рұқсат ету құжаттарын беруді, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-қимылдарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері және жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
      2. Ішінара тексеру тексерілетін субъектілердің:
      1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
      2) лицензиялау немесе өзге рұқсат құжаттарын беру, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-қимылдарды жүзеге асыруға хабарлама қабылдау;
      3) мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтау мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
      3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері ішінара тексерулер үшін субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады.
      4. Ішінара тексеру жүргізудің жиілігі субъективті критерийлер бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілген талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына бір реттен аспайды.
      5. Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін тексерілетін субъектілер ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деректері және алдыңғы тексерулердің нәтижелері пайдаланылады.
      6. Тексерілетін субъектілердің тәуекелдер дәрежесін бағалау және оларды жоғары немесе жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекел тобына жатқызу мына субъективті критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
      1) тексерілетін субъектілердің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы мәселелері бойынша:
      өткен есепті кезеңмен салыстырғанда жүргізілген тексерулер санының азаюы 0 тәуекел дәрежесіне тең;
      өткен есепті кезеңмен салыстырғанда жүргізілген тексерулер санының қоса алғанда 10%-ға дейін ұлғаюы 20 тәуекел дәрежесіне тең;
      өткен есепті кезеңмен салыстырғанда жүргізілген тексерулер санының қоса алғанда 20%-ға дейін ұлғаюы 40 тәуекел дәрежесіне тең;
      өткен есепті кезеңмен салыстырғанда жүргізілген тексерулер санының 20%-дан аса ұлғаюы 60 тәуекел дәрежесіне тең;
      2) тексерілетін субъектілердің лицензиялау немесе өзге рұқсат құжаттарын беру, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-қимылдарды жүзеге асыруға хабарлама қабылдау тәртібін сақтауы мәселелері бойынша:
      өткен есепті кезеңмен салыстырғанда рұқсат беруден бас тартулар санының азаюы 0 тәуекел дәрежесіне тең;
      өткен есепті кезеңмен салыстырғанда рұқсат беруден бас тартулар санының қоса алғанда 10%-ға дейін ұлғаюы 20 тәуекел дәрежесіне тең;
      өткен есепті кезеңмен салыстырғанда рұқсат беруден бас тартулар санының қоса алғанда 20%-ға дейін ұлғаюы 40 тәуекел дәрежесіне тең;
      өткен есепті кезеңмен салыстырғанда рұқсат беруден бас тартулар санының қоса алғанда 20%-дан аса ұлғаюы 60 тәуекел дәрежесіне тең;
      3) тексерілетін субъектілердің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы мәселелері бойынша:
      өткен есепті кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартулар санының азаюы 0 тәуекел дәрежесіне тең;
      өткен есепті кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартулар санының қоса алғанда 10 %-ға дейін ұлғаюы 20 тәуекел дәрежесіне тең;
      өткен есепті кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартулар санының қоса алғанда 20 %-ға дейін ұлғаюы 40 тәуекел дәрежесіне тең;
      өткен есепті кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартулар санының 20 %-дан аса ұлғаюы 60 тәуекел дәрежесіне тең.
      7. Тексерілетін субъектінің аумақтық бөлімшелері болған жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың жоғары ықтималдығы бар аумақтық бөлімшелерді айқындау мақсатында тәуекел дәрежесін бағалау жүйесінің іс-шаралары әрбір тексерілетін субъектінің аумақтық бөлімшелеріне қатысты қолданылады.
      8. Тексерілетін субъектілерді жоғары және жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекел дәрежесі топтары бойынша бөлу кезінде бар болған жағдайда алдыңғы тексеру нәтижелері пайдаланылады.
      Алдыңғы тексерулер нәтижелерін пайдалану мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) алдыңғы тексерудің нәтижелері анықталған елеулі және елеусіз бұзушылықтардың жалпы санын айқындау;
      Елеулі және елеусіз бұзушылықтар тізбесі осы Критерийлерге қосымшада көрсетілген.
      2) елеулі және елеусіз бұзушылықтардың жалпы санын көбейту жүзеге асырылады, атап айтқанда:
      - елеулі бұзушылықтар саны 0,7-ке көбейтіледі;
      - елеусіз бұзушылықтар саны 0,3-ге көбейтіледі;
      3) елеулі және елеусіз бұзушылықтар бойынша алынған нәтижелер қосылып, алдыңғы тексерудің қорытындыларымен анықталған бұзушылықтардың жалпы көрсеткішін құрайды;
      4) өткен есепті кезеңмен салыстырғанда, алдыңғы тексерудің қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы көрсеткіші мен жүргізілген тексерулердің, рұқсат беруден және мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартулар санының ұлғайғанын көрсететін пайызды қосу жүзеге асырылады.
      Тексерілетін субъектілерді жоғары және жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекелдер дәрежесі топтары бойынша бөлу кезінде алдыңғы тексерулердің нәтижелері нақты тексерілетін субъектіге қатысты қолданылады.
      9. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект:
      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші – 60-тан 100-ге дейін болса және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілетін болса – жоғары тәуекел дәрежесіне;
      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болса және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілетін болса – жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекел дәрежесіне жатады.
      10. Ішінара тексерулердің тізімдері:
      1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің басымдығы;
      2) ең көп тексерілмейтін кезең ескеріле отырып, құрастырылады.
      11. Ішінара тексерулер алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңінің жартыжылдық деректерімен салыстырғанда, соңғы есепті кезеңнің жартыжылдық деректерінің ақпаратын талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдерінің негізінде жүргізіледі.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін
қорғау мен қолдау саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау 
критерийлеріне     
1-қосымша       

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы
елеулі және елеусіз бұзушылықтар тізбесі

Бұзушылықтар

Бұзушылық түрі

Тексерілетін субъектілердің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы саласында

1

Реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінің болмауы

Елеусіз

2

Ішінара тексеру жүргізуге арналған бақылау және қадағалау органының жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке, жоспардан тыс тексерулердің және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелеріне, өзге де ақпаратқа талдау жүргізбеуі

Елеулі

3

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеуші мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып бекіткен және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған, ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қатысты актілердің болмауы

Елеусіз

4

Реттеуші мемлекеттік орган, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган басшыларының бірлескен актісімен бекітілген, тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру мәселелері жөніндегі міндетті ведомстволық есептілік нысандарының және жеке кәсіпкерлік субъектісіне бару арқылы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының болмауы

Елеусіз

5

Жеке кәсіпкерлік саласында тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексерулердің, бару арқылы жүргізілетін бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шаралары санының ведомстволық есебінің тұрақты және үзіліссіз негізде жүргізілмеуі

Елеусіз

6

Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректерінің орталық және жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында ай сайын жарияланбауы

Елеусіз

7

Реттеуші мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған, жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтары нысандарының болмауы

Елеусіз

8

Нақты жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеруді реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес бекіткен жартыжылдық кесте негізінде жүргізбеу және алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескермей жүргізу

Елеулі

9

Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделмеген негіздемелер бойынша нақты жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізу

Елеулі

10

Бұзушылықтардың жолын кесу қажет болған жағдайда, тікелей олар жасалған кезде жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілетін жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеруді, ішінара және жоспардан тыс тексеруді ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген, жеке кәсіпкерлік субъектісінің жұмыс уақытынан тыс уақытта жүргізу

Елеусіз

11

Мына:
1) жарылғыш заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
3) атом энергиясына, радиоактивті заттарға;
4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылау мен қадағалауды қоспағанда, шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара тексерулер жүргізу.

Елеулі

12

Анонимді өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу

Елеулі

13

Нақты емес жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталған, жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз бола алмайтын фактiлер мен мән-жайлар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу

Елеулі

14

Тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімдерінің сақталмауы

Елеулі

15

Тексеруді оны тағайындау туралы актісіз, оның ішінде онда Заңның 17-бабының
2-тармағында көзделген ақпаратты көрсетпей жүргізу

Елеулі

16

Қызметкерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексерулерді, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулердi қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы актіні тексерулер басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда, оны жеке кәсіпкерлік субъектісі орналасқан жер бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсыну, оның ішінде электронды форматта ұсыну арқылы тіркеуді жүзеге асырмау

Елеулі

17

Тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, осы тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру, ішінара тексеру жүргізудің басталатыны туралы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша түрде хабарлауды жүзеге асырмау

Елеулі

18

Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында10 және  10-1-тармақтарындакөзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізудің нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемiнде бiр тәулiк бұрын жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша түрде хабарлауды жүзеге асырмау

Елеулі

19

Жеке кәсіпкерлік субъектісі тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірген жағдайда тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органы лауазымды адамы және жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті тұлғасы қол қойған хаттаманы жасамау

Елеусіз

20

Жеке кәсіпкерлік субъектісін және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органды тексеру жүргізуші лауазымды адамдардың құрамын ауыстырған жағдайда тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін ауыстыру себебі көрсетілген хабарламаның болмауы

Елеусіз

21

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді, сондай-ақ салалық ерекшеліктері ескеріле отырып, тексерулер жүргізудің мынадай:
1) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер – он бес жұмыс күніне дейін болатын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
2) ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласындағы тексерулер – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
3) техникалық жағынан күрделілігі ескеріле отырып, құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласындағы тексерулер:
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға – жұмыс күнінің 4 сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің 8 сағатына дейін ұзартылатын мерзімдер белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, микрокәсіпкерлік субъектілеріне бес жұмыс күнінен аса, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, отыз жұмыс күнінен аса тексерулер жүргізу

Елеулі

22

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болғанда, сондай-ақ тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау органы басшысының (не оның орнындағы адамның) тексеру жүргізудің мерзімін отыз жұмыс күнінен асатын мерзімге бір реттен аса ұзартуы

Елеулі

23

Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып және тексеру тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күнін және ұзартудың себебін көрсете отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдемеу

Елеулі

24

Тексеру жүргізуді жүргізілетін тексеріс шеңберінде шет мемлекеттерден айтарлықтай маңызы бар мәліметтер мен құжаттар алу, отыз жұмыс күнінен асатын мерзімде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайларда емес, өзге жағдайларда оларды алғанға не орындағанға дейін тоқтатуды жүзеге асыру

Елеулі

25

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексеруді тоқтата тұрғанға не қайта бастағанға дейін бір күн бұрын жеке кәсіпкерлік субъектісін тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар етпеу

Елеусіз

26

Тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау кезінде тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығармау

Елеулі

27

Тексеруі тоқтатылған және Заңның 20-бабында белгіленген мерзімдерде қайта басталмаған жеке кәсіпкерлік субъектісін қайта тексеруге жол беру

Елеулі

28

Өнімнің үлгілерін іріктеу актісімен расталған өнімдердің үлгілерін іріктеуді бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының жеке кәсіпкерлік субъектісі басшысының немесе өкілінің және жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті адамының қатысуымен жүргізбеу

Елеулі

29

Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінде Заңның 22-бабында көзделген ақпаратты көрсетпеу

Елеулі

30

Тексеру жүргізу кезінде Заңның 23-бабында көзделген шектеулерді сақтамау

Елеулі

31

Тексерудің нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы актіні Заңның 24-бабының 1-тармағында көзделген ақпаратты көрсете отырып жасамау

Елеусіз

32

Тексеру нысанасына жатпайтын талаптарды қою және өтініш жасау

Елеулі

33

Тексерілетін субъектінің өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындауы

Елеулі

34

Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау жүргізу кезiнде Заңның 26-бабының 3-тармағында көзделген мiндеттерді сақтамауы

Елеулі

Тексерілетін субъектілердің лицензиялау немесе өзге рұқсат құжаттарын беру, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыруға хабарлама қабылдау тәртібін сақтауы саласында

35

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) көзделмеген рұқсаттардың немесе хабарламалардың болуын талап ету

Елеулі

36

Тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тікелей көзделмеген құжаттарды беруді талап етуі

Елеулі

37

Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар, рұқсаттар берудің және хабарламалар жіберудің шарттары туралы мәліметтерді «электрондық үкіметтің» веб-порталында және тексерілетін субъектінің интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде орналастырмау

Елеусіз

38

Тексерілетін субъектілердің Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның
21-бабының 2-тармағында көрсетілген міндеттерді сақтамауы

Елеулі

39

Рұқсаттың Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылуы заңдық күші Қазақстан Республикасы заңдарынан төмен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда шектеледі

Елеулі

40

Рұқсаттарды беру біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына жауап беретін барлық тұлғалар үшін тең емес негіздерде және жағдайларда жүзеге асырылады

Елеулі

41

Тексерілетін субъектінің лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру кезінде өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырмауы

Елеусіз

42

Лицензиялау және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдерде ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталмаған жағдайда өтініш берушінің құжаттарын қараудан бас тартуды жүзеге асыру

Елеулі

43

Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде рұқсат беру органының өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардан келісімдер (ілеспе рұқсаттар) алуы заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленбеген жағдайларда жүзеге асырылады

Елеулі

44

Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген жағдайларда өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарды) алу үшін, егер екінші санаттағы рұқсаттар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше мерзімдер көзделмесе, рұқсат беру органының өтініш берушінің рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оның алдағы қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жібермеуі

Елеусіз

45

Тексерілетін субъектінің рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беру мерзімі өткен кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге оны беруді жүзеге асырмауы

Елеулі

46

Жеке немесе заңды тұлғаның не шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметті жүзеге асыру орны бойынша берілетін «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиарлар болып табылған жағдайларда, оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді тіркеу орны бойынша жүзеге асырмауы

Елеусіз

47

Өтініш берушілерден лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабының 3-тармағында көзделмеген өзге құжаттарды ұсынуды талап ету

Елеулі

48

Егер лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабы 3-тармағының 2) - 5) тармақшаларында көзделген құжаттар туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі болса, оларды өтініш берушіден ұсынуды талап ету

Елеусіз

49

Лицензиясы бар қызмет түрi немесе әрекет (операция) шеңберiнде жарамды лицензияның қосымшасын беру кезінде өтініш берушілерден Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабы 6-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоспағанда, өзге құжаттарды талап ету

Елеусіз

50

Егер бұл Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 1-қосымшасында көзделмеген болса, лицензияны беруді оның қолданылу мерзімін шектей отырып, жүзеге асыру

Елеулі

51

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден дәлелді бас тартуды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап, отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей берілетін атом энергиясын пайдалану, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, он бес жұмыс күнінен кешіктіріп беру

Елеулі

52

Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алу

Елеулі

53

Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 44-бабында көзделген жағдайларда лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру кезінде лицензиялық алым алу

Елеулі

54

Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 32-бабының 1-тармағында көзделмеген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуды жүзеге асыру

Елеулі

55

Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33-бабының 1-тармағында көзделмеген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді жүзеге асыру

Елеулі

56

Лицензияны және (немесе) қосымшаны қайта ресімдеу кезінде Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33-бабы 3-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоспағанда, өтініш берушіден өзге құжаттарды ұсынуды талап ету

Елеулі

57

Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қайта ресімдеуді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиардың өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асыруы

Елеулі

58

Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33-бабының 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылған немесе тиісінше ресімделген жағдайда, сондай-ақ өтініш берушінің біліктілік талаптарына сай болуы жағдайында, егер осындай тексерудің қажеттігі заңдарда көзделсе, бас тартуды жүзеге асыру

Елеулі

59

Қайта ресімделген лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 48-бабының ережелерін сақтамай, электрондық нысанда ресімдеуді жүзеге асыру

Елеусіз

60

Лицензиардың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабында өзгеше мерзім белгіленбесе, Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар берілген кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктіріп жүзеге асыруы

Елеулі

61

Лицензияланатын қызметтің бір түріне (кіші түріне) лицензиялары бар бірнеше заңды тұлға-лицензиаттардың бірігуі нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға бірнеше лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеуді жүзеге асыру

Елеулі

62

Егер қосылатын заңды тұлғада және қосылатын заңды тұлғаны өзіне қосып алған заңды тұлғада лицензияланатын бір қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиялар болса, қосылатын заңды тұлғаның лицензиясын заңды тұлғаны қосып алған заңды тұлғаға қайта ресімдеуді жүргізу

Елеулі

63

Рұқсат беру органының Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеуден бас тартуды Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабы 4-тармағының бесінші бөлігінде және 5-тармағының бесінші бөлігінде көзделмеген жағдайларда жүзеге асыруы

Елеулі

64

Рұқсат беру органдарының Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабы 6-тармағының ережелерін сақтамауы

Елеулі

65

Лицензиардың Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге берілген құжаттарын тіркегеннен кейін екі жұмыс күні ішінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген болса, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарын) алу үшін өтініш берушінің өз қызметін жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жібермеуі

Елеулі

66

Лицензиарлардың Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабында белгіленген мерзімдер ішінде қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды беруді жүзеге асырмауы

Елеулі

67

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 35-бабының 1-тармағында көзделмеген жағдайларда тоқтату

Елеулі

68

Рұқсат беру органдарының Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 36-бабында көзделген жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттарын сақтамауы

Елеулі

69


Рұқсат беру органдарының экспорт және импорт саласындағы лицензиялау туралы жалпы ережелерді сақтамауы

Елеулі

70

Рұқсат беру органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалмаған рұқсат беру талаптарын ұсынуды, екінші санаттағы рұқсаттарды беру үшін қажетті құжаттардың тізбесін ұсынуды талап етуі

Елеулі

71

Рұқсат беру органдарының екінші санаттағы рұқсаттардың Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімдерде берілуін сақтамауы

Елеулі

72

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тартуды Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген негіздер бойынша жүзеге асыруы

Елеулі

73

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсатты беру үшін белгіленген мерзімдерді бұза отырып өтініш берушіге екінші санаттағы рұқсатты беруден дәлелді бас тартуды жүзеге асыруы

Елеулі

74

Екінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалмаған жағдайларда және тәртіппен тоқтатуды жүзеге асыру

Елеулі

75

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын тиісті өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктіріп, рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Телнұсқа» деген жазумен және олардың алғаш берілген күні мен қайта ресімделген күнін көрсете отырып, беруді жүзеге асыруы

Елеулі

76

Рұқсат беру органының өтініш беруші тиісті өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктіріп, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қажетті өзгерістерді енгізуді және тиісті түзетулері бар рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беруді жүзеге асыруы (берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер табылған жағдайда)

Елеулі

77

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асыруы

Елеулі

78

Рұқсат беру органының өтініш берушінің бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктіріп, Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 51-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылғанын тексеруді жүзеге асыруы

Елеулі

79

Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті бермеген жағдайда, рұқсат беру органдарының тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін он жұмыс күні ішінде рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (кері қайтарып алу) рәсіміне бастамашылық жасауды жүзеге асыруы

Елеулі

80

Айыру (кері қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру органының рұқсаттан айыруды (кері қайтарып алуды) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асыруы

Елеулі

81


Тексерілетін субъектінің Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 46-бабының 5-тармағын сақтамауы

Елеулі

82


Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелерді өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктіріп беруі

Елеусіз

83

Автоматтандыруға жатпайтын рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру органдарының қағаз нысанында жүзеге асырылған рұқсат беру рәсімдері туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне рұқсат беру рәсімін жүзеге асырумен бір мезгілде енгізбеуі

Елеусіз

84


Рұқсат беру органдарының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізбеуі

Елеусіз

85

Тексерілетін субъектілердің жеке немесе заңды тұлғаның қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері (операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне тиісті мәліметтерді енгізбеуі

Елеусіз

86

Тексерілетін субъектінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны алып тастауды өтініш берушінің өтініші, соттың жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне немесе әрекеттеріне тыйым салу туралы шешімі бойынша жүзеге асырмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген өзге де жағдайларда жүзеге асыруы

Елеулі

Тексерілетін субъектілердің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы саласында

87

Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне:
1) Қазақстан Республикасының заңдары;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері;
6) жергілікті өкілді органдардың шешімдері деңгейінде деңгейінде белгіленбеген талаптарды ұсыну

Елеусіз

88

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен немесе заңды күші Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы деңгейінен төмен өзге нормативтік құқықтық актімен белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібінің (қағидаларының, шарттарының), оның ішінде:
- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау бағдарламасының шарттарына, критерийлеріне сәйкестігінің;
- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау мерзімдерінің;
- мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру мерзімдерінің;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартудың жүзеге асырылуының;
- мемлекеттік қолдаудың заңды түрде жүзеге асырылуының сақталмауы

Елеулі

89

Тәртібі мен нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен немесе заңды күші Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы деңгейінен төмен өзге нормативтік құқықтық актімен бекітілмеген жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асыру

Елеулі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 маусымдағы
№ 417 бұйрығымен бекітілген
2-қосымша    

Нысан

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы
тексеру парағы

__________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Тексерулерді тағайындау туралы акт
___________________________________________
            (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН _______________________
_____________________________________________________________________
Орналасу орны _______________________________________________________
_____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Сақталады

Сақталмайды

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

Тексерілетін субъектілердің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы саласында

1

Реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінің болуы





2

Ішінара тексеру жүргізуге арналған бақылау және қадағалау органының жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке, жоспардан тыс тексерулердің және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелеріне, өзге де ақпаратқа талдау жүргізуі





3

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеуші мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып бекіткен және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған, ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қатысты актілердің болуы





4

Реттеуші мемлекеттік орган, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган басшыларының бірлескен актісімен бекітілген, тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру мәселелері жөніндегі міндетті ведомстволық есептілік нысандарының және жеке кәсіпкерлік субъектісіне бару арқылы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының болуы





5

Жеке кәсіпкерлік саласында тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексерулердің, бару арқылы жүргізілетін бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шаралары санының ведомстволық есебінің тұрақты және үзіліссіз негізде жүргізілуі





6

Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректерінің орталық және жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында ай сайын жариялануы





7

Реттеуші мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланған, жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтары нысандарының болуы





8

Нақты жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеруді реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес бекіткен жартыжылдық кесте негізінде жүргізу және алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескеріп жүргізу





9

Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген негіздемелер бойынша нақты жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізу





10

Бұзушылықтардың жолын кесу қажет болған жағдайда, тікелей олар жасалған кезде жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілетін жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеруді, ішінара және жоспардан тыс тексеруді ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген, жеке кәсіпкерлік субъектісінің жұмыс уақытында жүргізілуі





11

Мына:
1) жарылғыш заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
3) атом энергиясына, радиоактивті заттарға;
4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылау мен қадағалауды қоспағанда, шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара тексерулер жүргізбеу





12

Анонимді өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізбеу





13

Нақты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталған, жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз бола алатын фактiлер мен мән-жайлар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу





14

Тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімдерінің сақталуы





15

Тексеруді оны тағайындау туралы актісіз, оның ішінде онда Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген ақпаратты көрсете отырып жүргізу





16

Қызметкерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексерулерді, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулердi қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы актіні тексерулер басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда, оны жеке кәсіпкерлік субъектісі орналасқан жер бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсыну, оның ішінде электронды форматта ұсыну арқылы тіркеуді жүзеге асыру





17

Тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, осы тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру, ішінара тексеру жүргізудің басталатыны туралы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша түрде хабарлауды жүзеге асыру





18

Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында10 және  10-1-тармақтарындакөзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізудің нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемiнде бiр тәулiк бұрын жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша түрде хабарлауды жүзеге асыру





19

Жеке кәсіпкерлік субъектісі тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірген жағдайда тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органы лауазымды адамы және жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті тұлғасы қол қойған хаттаманы жасау





20

Жеке кәсіпкерлік субъектісін және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органды тексеру жүргізуші лауазымды адамдардың құрамын ауыстырған жағдайда тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін ауыстыру себебі көрсетілген хабарламаның болуы





21

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді, сондай-ақ салалық ерекшеліктері ескеріле отырып, тексерулер жүргізудің мынадай:
1) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер – он бес жұмыс күніне дейін болатын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
2) ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласындағы тексерулер – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
3) техникалық жағынан күрделілігі ескеріле отырып, құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласындағы тексерулер:
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға – жұмыс күнінің 4 сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің 8 сағатына дейін ұзартылатын мерзімдер белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, микрокәсіпкерлік субъектілеріне бес жұмыс күні ішінде, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, отыз жұмыс күні ішінде тексерулер жүргізу





22

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болғанда, сондай-ақ тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау органы басшысының (не оның орнындағы адамның) тексеру жүргізудің мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарту





23

Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып және тексеру тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күнін және ұзартудың себебін көрсете отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу





24

Тексеру жүргізуді жүргізілетін тексеріс шеңберінде шет мемлекеттерден айтарлықтай маңызы бар мәліметтер және құжаттар алу, отыз жұмыс күнінен асатын мерзімде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайларда, оларды алғанға не орындағанға дейін тоқтатуды жүзеге асыру





25

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексеруді тоқтата тұрғанға не қайта бастағанға дейін бір күн бұрын жеке кәсіпкерлік субъектісін тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар ету





26

Тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау кезінде тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығару





27

Тексеруі тоқтатылған және Заңның 20-бабында белгіленген мерзімдерде қайта басталмаған жеке кәсіпкерлік субъектісін қайта тексеруге жол бермеу





28

Өнімнің үлгілерін іріктеу актісімен расталған өнімдердің үлгілерін іріктеуді бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы жеке кәсіпкерлік субъектісі басшысының немесе өкілінің және жеке кәсіпкерлік субъектінің уәкілетті адамының қатысуымен жүргізу





29

Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінде Заңның 22-бабында көзделген ақпаратты көрсету





30

Тексеру жүргізу кезінде Заңның 23-бабында көзделген шектеулерді сақтау





31

Тексерудің нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы актіні Заңның 24-бабының 1-тармағында көзделген ақпаратты көрсетіп, жасау





32

Тексеру нысанасына жатпайтын талаптарды қоймау және өтініш жасамау





33

Тексерілетін субъектінің өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындамауы





34

Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау жүргізу кезiнде Заңның 26-бабының 3-тармағында көзделген мiндеттерді сақтауы





Тексерілетін субъектілердің лицензиялау немесе өзге рұқсат құжаттарын беру, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыруға хабарлама қабылдау тәртібін сақтауы саласында

35

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының  Заңында(бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) көзделмеген рұқсаттар мен хабарламалардың болуын талап етпеу





36

Тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тікелей көзделмеген құжаттарды беруді талап етпеу





37

Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар, рұқсаттар берудің және хабарламалар жіберудің шарттары туралы мәліметтер «электрондық үкіметтің» веб-порталында және тексерілетін субъектінің интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру





38

Тексерілетін субъектілердің Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 21-бабының 2-тармағында көрсетілген міндеттерді сақтауы





39

Рұқсаттың Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылуы Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жағдайларда ғана шектеледі





40

Рұқсаттарды беру біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына жауап беретін барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және жағдайларда жүзеге асырылады





41

Тексерілетін субъектінің лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзезе асыруы





42

Лицензиялау және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде өтініш берушінің құжаттарын қараудан бас тартуды Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдерде ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда ғана жүзеге асыру





43

Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде рұқсат беру органының өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардан келісімдер (ілеспе рұқсаттарды) алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларыда немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген жағдайларда ғана жүзеге асырылады





44

Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген жағдайларда өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарды) алу үшін, егер екінші санаттағы рұқсаттар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше мерзімдер көзделмесе, рұқсат беру органы өтініш берушінің рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің алдағы қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жіберу





45

Тексерілетін субъектінің рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беру мерзімі өткен кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге оны беруді жүзеге асыруы





46

Жеке немесе заңды тұлға не шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметті жүзеге асыру орны бойынша берілетін «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиарлар болып табылған жағдайларда, оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді тіркеу орны бойынша жүзеге асыруы





47

Өтініш берушілерден лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабының
3-тармағында көзделмеген өзге құжаттарды ұсынуды талап етпеу





48

Егер лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабы 3-тармағының 2) - 5) тармақшаларында көзделген құжаттар туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі болса, оларды өтініш берушіден ұсынуды талап етпеу





49

Лицензиясы бар қызмет түрi немесе әрекет (операция) шеңберiнде жарамды лицензияның қосымшасын беру кезінде өтініш берушілерден Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабы 6-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоспағанда, өзге құжаттарды талап етпеу





50

Егер Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 1-қосымшасында өзгеше көзделмеген болса, лицензияны беруді оның қолданылу мерзімін шектеусіз жүзеге асыру





51

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден дәлелді бас тартуды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап, отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей берілетін атом энергиясын пайдалану, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, он бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруді жүзеге асыру





52

Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алымды алмау





53

Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 44-бабында көзделген жағдайларда лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру кезінде лицензиялық алымды алмау





54

Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 32-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуды жүзеге асыру





55

Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартуды жүзеге асыру





56

Лицензияны және (немесе) қосымшаны қайта ресімдеу кезінде Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33-бабы 3-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоспағанда, өтініш берушіден өзге құжаттарды ұсынуды талап етпеу





57

Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және  5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қайта ресімдеуді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиардың өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырмауы





58

Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33-бабының 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, сондай-ақ өтініш берушінің біліктілік талаптарына сай болмауы жағдайында, егер осындай тексерудің қажеттігі заңдарда көзделсе, бас тартуды жүзеге асыру





59

Қайта ресімделген лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 48-бабының ережелерін сақтай отырып, электрондық нысанда ресімдеуді жүзеге асыру





60

Лицензиардың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабында өзгеше мерзім белгіленбесе, Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асыруы





61

Өтініш берушінің таңдауы бойынша лицензияланатын қызметтің бір түріне (кіші түріне) лицензиялары бар бірнеше заңды тұлға-лицензиаттардың бірігуі нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға тек бір ғана лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді жүзеге асыру





62

Егер қосылатын заңды тұлғада және қосылатын заңды тұлғаны өзіне қосып алған заңды тұлғада лицензияланатын бір қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиялар болса, қосылатын заңды тұлғаның лицензиясын заңды тұлғаны қосып алған заңды тұлғаға қайта ресімдеуді жүргізбеу





63

Рұқсат беру органының Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және  5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеуден бас тартуды Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабы 4-тармағының бесінші бөлігінде және 5-тармағының 5-бөлігінде көзделген жағдайларда ғана жүзеге асыруы





64

Рұқсат беру органдарының Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабы 6-тармағының ережелерін сақтауы





65

Лицензиардың Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге берілген құжаттарын тіркегеннен кейін екі жұмыс күні ішінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген болса, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарын) алу үшін өтініш берушінің өз қызметін жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жіберуі





66

Лицензиялардың рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 34-бабында белгіленген мерзімдер ішінде қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды жүзеге асыруы





67

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 35-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда тоқтату





68

Рұқсат беру органдарының Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 36-бабында көзделген жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттарын сақтауы





69

Рұқсат беру органдарының экспорт және импорт саласындағы лицензиялау туралы жалпы ережелерді сақтауы





70

Рұқсат беру органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған рұқсат беру талаптарын ұсынуды, екінші санаттағы рұқсаттарды беру үшін қажетті құжаттардың тізбесін ұсынуды талап етуді жүзеге асыруы





71

Рұқсат беру органдарының екінші санаттағы рұқсаттардың Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімдерде берілуін сақтауы





72

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тартуды Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асыруы





73

Рұқсат беру органының екінші санаттағы рұқсатты беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге екінші санаттағы рұқсатты беруден дәлелді бас тартуды жүзеге асыруы





74

Екінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған жағдайларда және тәртіппен ғана тоқтатуды жүзеге асыру





75

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Телнұсқа» деген жазумен және олардың алғаш берілген күні мен қайта ресімделген күнін көрсете отырып, беруді жүзеге асыруы





76

Рұқсат беру органының өтініш беруші тиісті өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қажетті өзгерістерді енгізуді және тиісті түзетулері бар рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беруді жүзеге асыруы (берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер анықталған жағдайда)





77

Рұқсат беру органының рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұруды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асыруы





78

Рұқсат беру органының өтініш берушінің бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 51-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылғанын тексеруді жүзеге асыруы





79

Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті бермеген жағдайда, рұқсат беру органдарының тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) рәсіміне бастамашылық жасауды жүзеге асыруы





80

Айыру (кері қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру органының рұқсаттан айыруды (кері қайтарып алуды) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асыруы





81

Тексерілетін субъектінің Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 46-бабының 5-тармағын сақтауы





82

Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелерді өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруі





83

Автоматтандыруға жатпайтын рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру органдарының қағаз нысанында жүзеге асырылған рұқсат беру рәсімдері туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне рұқсат беру рәсімін жүзеге асырумен бір мезгілде енгізуі





84

Рұқсат беру органдарының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізуі





85

Тексерілетін субъектілердің жеке немесе заңды тұлғаның қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері (операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне тиісті мәліметтерді енгізуі





86

Тексерілетін субъектінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны алып тастауды өтініш берушінің өтініші, соттың жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне немесе әрекеттеріне тыйым салу туралы шешімі бойынша жүзеге асыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асыруы





Тексерілетін субъектілердің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы саласында

87

Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне:
1) Қазақстан Республикасының заңдары;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері;
6) жергілікті өкілді органдардың шешімдері деңгейінде белгіленген талаптарды ұсыну





88

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен немесе заңды күші Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы деңгейінен жоғары өзге нормативтік құқықтық актімен белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібінің (қағидаларының, шарттарының), оның ішінде:
- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау бағдарламасының шарттарына, критерийлеріне сәйкестігінің;
- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау мерзімдерінің;
- мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру мерзімдерінің;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартудың жүзеге асырылуының;
- мемлекеттік қолдаудың заңды түрде жүзеге асырылуының сақталуы





89

Тәртібі мен нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен немесе заңды күші Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы деңгейінен жоғары өзге нормативтік құқықтық актімен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асыру





Лауазымды тұлға(-лар) ______________ _________ _____________________
                       (лауазымы)    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

Тексерілетін субъектінің басшысы ________________________
                                 (тегі, аты, әкесінің аты)  (қолы)