Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 128 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.03.2017 № 128 бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 295 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мыналарды:

      1) осы бұйрық көшірмелерінің бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын;

      2) осы бұйрық бекітілгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электронды түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет - порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
М. Құсайынов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 02 маусымдағы
№ 234 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік реттеу, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау саласында бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет - ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекеме болып табылатын заңды тұлға, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Комитеттің құрылымы мен штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      7. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, даңғылы Мәңгілік Ел, ғимарат 8.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.01.2017 № 23 бұйрығымен.

      8. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" Республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      11. Комитетке Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      12. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен
міндеттері

      13.Міндеті: Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жүйесінде бірыңғай саясатты жүргізу және оны жетілдіру. Орталық және жергілікті атқарушы органдармен Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.

      Функциялары:

      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) жүргізіліп отырған саясатты жетілдірудің жолдарын ұсына отырып, қызметтің негізгі бағыттары бойынша ақпарат жинау және қорытындылау;

      3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жүйесінде бірыңғай саясат жүргізу және оны жетілдіру мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындау бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      5) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге бару;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) объектілердің мониторингін жүргізу;

      7) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу;

      8) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      9) өз құзыреті шегінде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

      10) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар беру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

      11 )сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заннаманың белгіленген нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;

      12) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауды жүргізу;

      13) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялардын тізілімін жүргізу;

      14) объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;.

      15) жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу;

      16) аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізу;

      17) жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізілімін жүргізу;

      18) жобалау және құрылыс процесіне қатысатын аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізілімін жүргізу;

      19) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      20) жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшылардың шағымдарын қарау;

      21) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу;

      22) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету.

      14. Міндеті: Құрылыста жобалау мен баға белгілеу саласында республиканың барлық аумағында мемлекеттік саясатты іске асыру және жобалаудың сапасын арттыру мақсатында жобалық жұмыстар саласындағы негізгі бағыттарды айқындау.

      Функциялары:

      1) жобалау саласында қолданыстағы жаңа нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және қолданыстағыларын қайта қарау бойынша ұсыныстарды енгізу;

      2) құрылыста жобалау және баға белгілеу мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен ынтымақтастық жасау;

      3) өз қызметі саласында ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;

      4) үлгілік жобалау құжаттамасын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;

      5) өз құзыреті шеңберінде жобалау алдындағы және жобалау (жобалау - сметалық) құжаттамасын қарау, келісу және бекітуге дайындау;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетіндерді қоспағанда, мемлекеттік, өңіраралық немесе мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар объектілерді салуға (аумақтарда құрылыс салуға) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарау және бекіту;

      7) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке-дара жоспарларын бекіту;

      8) жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылықты жүзеге асыру;

      9) ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобалары және үлгілік жобалық шешімдерінің тізбесін қалыптастыру және жүргізу;

      10) құрылыстағы баға белгілеу мен сметалық нормалар бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту;

      11) құрылысқа енгізіліп жатқан жаңа технологияларды талдау арқылы қолданыстағы сметалық-нормативтік құжаттарды жаңарту;

      12) сметалық-нормативтік базаның ағымдағы жағдайын, құрылыс ресурстарына арналған ағымдағы бағаларды мониторингілеу және баға белгілеу шеңберінде ағымдағы бағалардың жинақтарын бекіту;

      13) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілердің құрылысы саласындағы баға белгілеу және экономика бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;

      14) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру;

      15) құрылыстағы жаңа технологиялардың Бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және жүйелі түрде жаңарту;

      16) жұмыс жүргізу технологияларының тізбесін қалыптастыру және жүргізу;

      17) құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар тізбесін қалыптастыру және жүргізу;

      18) құрылыс материалдарының, бұйымдарының, жабдықтарының ағымдағы бағаларын мониторингілеу, өңдеу және талдау негізінде сметалық-нормативтік базаны жаңарту;

      19) технологиялық карталарды әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу;

      20) өз құзыреті шегінде жобалау, іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру.

      15. Міндеті:Сәулет, қала құрылысы және құрылыс жүйесінде бірыңғай саясатты жүргізу.

      1) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

      2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және оның жүргізілуін бақылау;

      3) аумақты дамытудың өңірлік схемаларын әзірлеу және келісу;

      4) мемлекеттік және өңіраралық маңызы бар аумақтарды қала құрылысына игеру кезінде аумақтарды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу.

      16. Міндеті: Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында техникалық реттеу және нормалау бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру.

      Функциялары:

      1) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық саласында ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      2) өз құзыреті шегінде ғылыми-зерттеу, конструкторлық, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру;

      3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың іске асырылуын жүзеге асыру;

      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық саласында орындалған, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекіту;

      5) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, тұрғын үй-коммуналдық саладағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, бекітуді, қолданысқа енгізуді және жоюды ұйымдастыру;

      7) жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      8) техникалық регламенттерді және ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      9) объектілерді жобалауға арналған техникалық арнайы шарттарды қарау және келісу;

      10) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттердің, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын жүргізу;

      11) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзірлеу жөніндегі жоспарлармен бағдарламаларды дайындау және іске асыру және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үндестіру;

      12) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесін қалыптастыру және жүргізу;";

      13) құрылыс конструкцияларының, бұйымдарының және құрылыс материалдарының тізбесін қалыптастыру және жүргізу.

      17. Міндеті: Тұрғын үй құрылысын дамыту.

      Функциялары:

      1) тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруға қатысу;

      2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша мониторинг жүргізу, ақпарат жинау және оны қорытындылау;

      4) тұрғын үй құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      5) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпарат жинау.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.01.2017 № 23 бұйрығымен.

      18. Міндеті: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту. Өз құзыреті шегінде сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік реттеу саясатын іске асыру.

      Функциялары:

      1) сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа), елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде газ және газбен жабдықтау, сондай-ақ коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты- тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) салааралық үйлестіруді қалыптастыруға және жүргізуге қатысу, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа) және газбен жабдықтау саласында жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторинг және талдау жүргізу;

      3) мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;

      4) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне, су бұру жүйесіне сарқынды суларды қабылдауға, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалануға мониторинг жүргізу;

      5) елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа) және газбен жабдықтау саласында әдістемелік қамтамасыз ету;

      6) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Заңның 15-3-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алымдардың мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту;

      7) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;

      8) ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды реконструкциялау, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

      19. Міндеті: Тұрғын үй қорын күтіп-ұстауды, тұрғын үй қорының жай-күйін мониторингілеуді қамтамасыз ету.

      Функциялары:

      1) тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) тұрғын үй қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

      3) тұрғын үй қорының жай-күйін мониторингілеуді жүзеге асыру;

      4) тұрғын үй көмегін көрсету мониторингін жүзеге асыру;

      5) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттық материалдар дайындау;

      6) кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді жеткізуші нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын әзірлеу;

      7) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін мониторингілеу және талдау, тұрғын үй қорының жай-күйін мониторингілеу;

      8) тұрғын үй қорын күтіп-ұстауды қамтамасыз ету бойынша бірыңғай саясат жүргізу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      9) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету.

      Комитет Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      20. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Комитеттің құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас жасау;

      2) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрату және aлу;

      3) өз қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      21. Қазақстан Республикасы заңнамасының, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарының сақталуы Комитеттің міндеті болып табылады, оның ішінде:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабарлар болуын қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша уәкілетті органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпарат беруге қатысу;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға тиісті ақпарат беруге қатысу;

      5) мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың арыздары мен өтініштерін қарау.

3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      22. Комитет заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет өкілеттіктерге ие.

      23. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын төраға басқарады.

      24. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Комитет төрағасының орынбасарлары болады.

      25. Төраға Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

      26. Төраға Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

      27. Комитеттің төрағасы осы мақсаттарда:

      1) өзінің орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Комитеттің қызметкерлері орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;

      4) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Комитеттің өкілі болады;

      5) Комитеттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларына жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды, персоналды басқару қызметінің жұмысын және құжат айналымды ұйымдастыруды бақылайды;

      6) Комитеттің қызметін қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алу өткізуді ұйымдастырады;

      7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары түрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;

      8) іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;

      9) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;

      10) Комитеттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлейді және Министрлік басшылығының бекітуіне ұсынады;

      11) Комитеттің бюджеттік өтінімдерін дайындауды, республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін Министрге ұсынылатын бюджеттік өтінімдерді Министрліктің Жауапты хатшысына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      12) Комитеттің қаржыландыру жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрліктің Жауапты хатшысының бекітуіне енгізеді;

      13) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

      14) өз құзыретіне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      15) заңнамада белгіленген тәртіппен орталық аппараттың келісімі бойынша ведомствоға бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары мен олардың орынбасарларын тағайындайды;;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      28. Төрағаның орынбасарлары:

      1) өз құзыреті шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;

      2) Төраға болмаған кезде Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      29. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Төраға және/немесе міндеттерді бөлуге сәйкес Төрағаның орынбасары қол қояды.

4. Комитеттің мүлкі

      30. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүлік есебінен қалыптасады.

      31.Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      32.Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      33. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны" ("Мемсараптама" РМК).

      2. "Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      3. "Қазақ Суарнажоба" акционерлік қоғамы.

      4. "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамы.

      5. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы.

      6. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры" акционерлік қоғамы.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 02 маусымдағы
№ 234 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9778 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 10 қыркүйектегі№ 172 (28650)нөмерімен жарияланған);

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 13 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10123 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 445 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11715 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).