Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 235/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қазанда № 8826 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 54 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 23.06.2016 № 22/1 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Приозерск қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім орынбасары Д.Ш. Сәденовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Қ. Камзин

      

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 25/234 қаулысына
қосымша

Приозерск қаласында көшпелі сауданы
жүзеге асыру үшін орындары


Сауда орындары
Сауда алаңы, шаршы метр
1
Кисунько көшесіндегі № 13/3 үйінің алдында
60
2
Дружба народов көшесіндегі № 2 үйінің алдында
60
3
Космонавттар көшесіндегі № 1/2 және Балқаш көшесіндегі № 2/2 үйлерінің алдында
60
4
Озерная көшесіндегі "Березка" дүкенінің алдында
60
5
Рақымжан Қошқарбаев көшесіндегі № 7/2 үйінің алдында
60
6
Абай көшесіндегі № 7 және Ағыбай батыр көшесіндегі № 3 үйлерінің алдында
60
7
Бауыржан Момышұлы көшесіндегі № 12/1 үйінің алдында
60
 
Барлығы:
420