Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.09.2019 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының 5-бөлімінің 4-кіші бөліміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттар бекітілсін.
2. "Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 235/НҚ бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8826 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашадағы "Егемен Қазақстан" газетінде № 263 (28202) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендердің тізбесін уақтылы келісу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 4–тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 54 бұйрығымен бекітілген |
Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары
ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттар
№ р/с | Жіктеу факторлары | Өлшем бірлігі | Шекті мәндер | Балдар |
1. Экономикалық блок (50 балл) | ||||
1 | Топырақтың құнарлылығы | Бонитет балы | >45 | 6 |
>25-45 | 4 | |||
15-25 | 2 | |||
<15 | 0 | |||
2 | Өткізу нарықтарынан қашықтық дәрежесі | Ауылдық елді мекеннен аудан орталығына, т/ж станциясына, таяудағы қалаға дейінгі ара қашықтық, километр | <=20 | 5 |
>20-60 | 4 | |||
>60-100 | 2 | |||
>100 | 0 | |||
3 | Кәсіпкерлік белсенділігі | Ірі (базалық) кәсіпорынның болуы | Бар | 4 |
Жоқ | 0 | |||
4 | Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту | Бар | >4 | 3 |
2-4 | 2 | |||
1 | 1 | |||
Жоқ | 0 | 0 | ||
5 | Ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілуі | 1) 100 гектар егістікке шаққандағы тракторлар | > 0,5 | 4 |
0,4 – 0,5 | 3 | |||
0,2 – <0,4 | 2 | |||
<0,2 | 0 | |||
2) 100 гектар егістікке шаққандағы комбайндар | > 0,3 | 4 | ||
0,2 – 0,3 | 3 | |||
0,1 – <0,2 | 2 | |||
<0,1 | 0 | |||
6 | Ирригациялық (суармалы) жүйелерді пайдалану | Бар және пайдаланылады | 3 | |
Бар және пайдаланылмайды | 1 | |||
Жоқ | 0 | |||
7 | Егістік | Егістіктің алаңы, гектар | > 10 000 | 5 |
5 000 – 10 000 | 3 | |||
1 000 – 5 000 | 2 | |||
1 000 дейін | 1 | |||
8 | Жайылымдар | 1) Табиғи жайылымдардың болуы, гектар | > 10000 | 4 |
5 000 – 10 000 | 3 | |||
1000 – 5 000 | 2 | |||
до 1000 | 1 | |||
2) Жемшөп дақылдары егісінің (егілген) болуы, гектар | > 3000 | 5 | ||
1 000 – 3 000 | 4 | |||
1 000 дейін | 2 | |||
9 | Мал шаруашылығы | Ауыл шаруашылығы малдарының (шартты бас) болуы, оның ішінде: | ||
1) асыл тұқымды мал | > 1000 | 4 | ||
500 – 1000 | 3 | |||
500 дейін | 2 | |||
2) асыл тұқымды емес мал | > 3000 | 3 | ||
1000 – 3000 | 2 | |||
1000 дейін | 1 | |||
2. Инженерлік-инфрақұрылымдық блок (25 балл) | ||||
10 | Сумен жабдықтау | Орталықтандырылған (су құбыры) | 5 | |
Орталықтандырылмаған | 3 | |||
Тасымалы су | 0 | |||
11 | Жол | Қатты жабын, аудан орталығына дейінгі жолдың ұзындығы % | 100 | 5 |
>= 75 - 100 | 4 | |||
> = 50 - 75 | 3 | |||
< 50 | 1 | |||
12 | Газбен жабдықтау | Табиғи газбен қамтамасыз етілген | 5 | |
Сұйытылған газбен қамтамасыз етілген (баллонда) | 2 | |||
Газдандырылмаған | 0 | |||
13 | Электрэнергиясы | Электрэнергиясымен қамтамасыз етілген | 5 | |
Электрэнергиясымен қамтамасыз етілмеген | 0 | |||
14 | Байланыс (телефон) | 20 нөмірден асатын немесе автоматты телефон станциясы бар | 5 | |
1-ден 20 нөмірге дейін | 2 | |||
1 нөмір | 1 | |||
Байланыс жоқ | 0 | |||
3. Әлеуметтік блок (25 балл) | ||||
15 | Халықтың саны | Халықтың шоғырлануы, адам | > 5 000 | 5 |
1 000 – 5 000 | 4 | |||
500 – 1 000 | 3 | |||
50 – 500 | 2 | |||
50 дейін | 0 | |||
16 | Мектептер | Мектептердің болуы және олардың нормаларға сәйкестігі | 5 | |
Мектептердің болуы, бірақ нормаларға сәйкес келмеуі | 3 | |||
Мектептері жоқ, таяудағы мектепке дейінгі арақашықтық 3 километрден кем емес | 1 | |||
Мектептері жоқ, таяудағы мектепке дейінгі арақашықтық 3 километрден асады | 0 | |||
17 | Мектепке дейін мекемелердің болуы | Балабақшалар | 4 | |
Шағын орталықтар | 2 | |||
Жоқ | 0 | |||
18 | Денсаулық сақтау* | Медициналық мекемелердің болуы және олардың нормаларға сәйкестігі | 5 | |
Медициналық мекемелердің болуы, бірақ нормаларға сәйкес келмеуі | 3 | |||
Медициналық мекемелері жоқ | 0 | |||
19 | Жұмыспен қамту** | Еңбекке қабілетті 100 адамға шаққандағы жұмыспен қамтылған адамдар саны | >=облыстық орташа көрсеткіш | 4 |
<облыстық орташа көрсеткіш | 0 | |||
20 | Кедейлік ** | Ауылдық елді мекендердің 100 тұрғынына шаққандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар саны | <= облыстық орташа көрсеткіш | 2 |
>облыстық орташа көрсеткіш | 0 | |||
4. Экологиялық блок (түзету коэффиценті) | ||||
21 | Радиациялық аясы | сағатына микроЗиверт | <0,3 | 1 |
>0,3 | 0 | |||
22 | Ауыз судың сапасы | Судағы жалпы минералдық (құрғақ қалдық) (грамм/литр) | 1,5 дейін | 1 |
1,5 - 2 | 0,75 | |||
>2-3 | 0,25 | |||
>3 | 0 | |||
Жиыны: Бал 100 | ||||
Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекен | 70 - 100 | |||
Даму әлеуеті орта ауылдық елді мекен | 35 - 69 | |||
Даму әлеуеті төмен ауылдық елді мекен | 1 - 34 |
*- Бірнеше денсаулық сақтау объектілері немесе мектепке дейінгі мекемелер болған жағдайда, есептеу кезінде объект оның маңыздылық дәрежесі бойынша қабылданады;
** - талданып отырған фактордың облыстық орташа көрсеткішпен арақатынасы арқылы есептеледі.
Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға қоса берілген Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған түсіндіруге сәйкес есептеледі.
Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттарға қосымша |
Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары
ауылдық елді мекендерді айқындау бойынша түсіндіру
1. Ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі – АЕМ) әлеуетін және олардың перспективалылығын бағалайтын жіктеу факторлары ретінде 22 жиынтық көрсеткішті қамтитын өлшемшарттардың 4 блогы: экономикалық, инженерлік-инфрақұрылымдық, әлеуметтік және экологиялық өлшемшарттар айқындалған.
2. АЕМ әлеуетін бағалау кезінде экономикалық дамудың басымдықтарын ескере отырып, көрсеткіштердің әрқайсысына балдардың жиынтық саны сомасында олардың маңыздылығын сипаттайтын салмақ белгіленді. Экономикалық блок көрсеткіштерінің салмағы ең үлкен–ең үлкен жиынтық балы 50, инженерлік-инфрақұрылымдық және әлеуметтік блоктардың көрсеткіштері 25 балдан аспайды. АЕМ-нің даму деңгейіне экологиялық блоктың әсері түзету коэффициенттері арқылы бағаланады, оларға алғашқы үш блок бойынша алынған балдар көбейтіледі.
3. Экономикалық блоктың жіктеу факторлары:
1) топырақтың құнарлылығы – 6 балл. Топырақтың сапасы мен әлеуетті құнарлылық мәні 1-ден 100-ге дейін болуы мүмкін бонитет балдарында көрініс табатын егістіктің бонитировкасын сипаттайды. Көрсеткіштің шекті мәндері жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының деректеріне сәйкес белгіленген және топырақ қабаты сапасының "15 балдан төмен" көрсеткішінен республикадағы "45 балдан жоғары" ең үлкен көрсеткішке дейінгі градациясын көздейді;
2) өткізу нарықтарынан қашықтық дәрежесі – 5 балл. АЕМ-нен аудан орталығына, теміржол станциясына, қалаға дейінгі ара қашықтықты өткізу нарықтарының қолжетімділігі көрсеткіші үшін негіз ретінде пайдалануға болады. Төменгі мән ретінде 20 километрге тең және кем, 5 балға бағаланған арақашықтық қабылданған. Қадамның мөлшері 40 километрді құрайды, ал көрсеткіштің ең төмен шекті мәні ретінде 100 километрге тең және асатын арақашықтық қабылданған;
3) кәсіпкерлік белсенділік – 4 балл. Бұл көрсеткіш заңды тұлға (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ірі шаруа қожалығы және тағы басқалар) нысанында тіркелген ірі (базалық) кәсіпорынның болуымен сипатталады, онда ауылдық елді мекеннің тұрғындарының елеулі немесе негізгі бөлігі жұмыспен қамтылған болуы керек, осыған байланысты ол халықты жұмыспен қамтуға белгілі түрде әсер етеді. Ірі (базалық) кәсіпорынның негізгі өлшемшарттарының бірі нақты бір ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді араласуы болып табылады;
4) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту – 3 балл. Тиісті аумақта қосылған құнның өсу мүмкіндіктерін сипаттайды және ауыл шаруашылығы және басқа да өнімдерді қайта өңдеу объектілерінің болуымен айқындалады. Көрсеткіштің шекті мәндері бір АЕМ-де 0-ден 4-ке және одан асатын қайта өңдеу цехына дейін түрленеді;
5) ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілуі – 8 балл. Екі көрсеткішке бөлінеді: 100 га егістікке шаққандағы тракторлардың саны және 100 га егістікке шаққандағы комбайндардың саны. Шекті мәндердің мөлшері 0,2-ден 0,5-ке (0,3) және одан асатын тракторға (комбайнға) дейін түрленеді;
6) ирригациялық (суармалы) жүйелерді пайдалану – 3 балл. Суармалы егін шаруашылығын дамыту жөніндегі мүмкіндіктер ирригациялық жүйелердің болуы мен пайдаланылуын көрсетеді. Суарылатын жерлер жайылымдарға қарағанда ауыл халқының едәуір көп мөлшеріне кірісті қамтамасыз ете алады. Ирригациялық жүйелер бар және олар пайдаланылатын аумақтар 3 балмен, ал жоқтары – 0 балмен бағаланады;
7) егістік – 5 балл. Егін шаруашылығын дамыту мүмкіндіктерін айқындайды. Шекті мәндері ауылшаруашылығы алқаптарының алаңына байланысты анықталады. Көрсеткіштің шекті мәндері бір АЕМ-де 0-ден 10 000-ға және одан асатын гектарға дейін түрленеді;
8) жайылымдар – 9 балл, екі көрсеткішке бөлінеді:
табиғи жайылымдардың болуы – 4 балл, шекті мәндері алаңға байланысты айқындалады және бір АЕМ-де 0-ден 10 000-ға және одан асатын гектарға дейін түрленеді;
жемшөп дақылдары егісінің (егілген) болуы – 5 балл, жоғары протеинді жемшөп алуды айқындайды, мал шаруашылығының өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Шекті мәндері алаңына байланысты айқындалады және бір АЕМ-де 0-ден 3 000-ға және одан асатын гектарға дейін түрленеді;
9) мал шаруашылығы – 7 балл. АЕМ-де ауылшаруашылығы малдарының болуымен сипатталады және екі көрсеткішке бөлінеді:
асыл тұқымды мал – 4 балл, генетикалық әлеуеті жоғары малды өсіруге, оларды сақтауға және көбейтуге бағытталған тұқымдық жұмыс жүйесімен қамтылған мал шаруашылығының саласы. Шекті мәндері бір АЕМ-де 0-ден 1000-ға дейін және одан асатын шартты баспен айқындалады. Асыл тұқымды мал шаруашылығының өнімдері жоғары қосылған құнмен ерекшеленеді;
асыл тұқымды емес мал – 3 балл, шекті мәндері бір АЕМ-де 0-ден 3 000-ға дейін және одан асатын шартты баспен айқындалады.
Осы көрсеткіштер түзету коэффициенттеріне көбейту жолымен (ІҚМ – 0,8; қойлар және ешкілер – 0,1; шошқалар – 0,3; жылқылар – 1,0; түйелер – 1,0.) "шартты баспен" өлшенеді;
4. Инженерлік-инфрақұрылымдық блоктың жіктеу факторлары:
1) сумен жабдықтау – 5 балл. Сумен жабдықтау жүйесінің жай-күйін бағалау халық тұтынуы үшін судың қандай көздерден алынатындығы бойынша жүргізіледі. Орталықтандырылған сумен жабдықталған (су құбыры) АЕМ-нің, орталықтандырылмаған сумен жабдықталған (су тарату пунктінен, ұңғымалардан, құдықтардан, су тазарту қондырғылары бар немесе жоқ жер бетіндегі көздерден) және тасымалы суды пайдаланатын АЕМ-ге қарағанда, жағдайы жақсы. Сумен жабдықтау жүйесі бойынша мәндердің мөлшері орталықтандырылған сумен жабдықталған (су құбыры) АЕМ-де 5 балдан тасымалы суды пайдаланатын АЕМ-де 0 балға дейін түрленеді;
2) жол – 5 балл. Жол инфрақұрылымын бағалау үшін АЕМ-нен аудан орталығына дейінгі қатты жабыны бар автокөлік жолдарының пайызы қабылданды. Шекті мәндері қатты жабыны бар 100% болып, одан әрі қадамдық мәні 25 %-бен анықталады.
3) газбен жабдықтау – 5 балл, халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын инфрақұрылымды дамытудың көрсеткіші. Осы көрсеткішті айқындайтын шекті мәндер АЕМ-ді табиғи газбен жабдықтау – 5 балл, сұйытылған газбен қамтамасыз ету (баллонда) – 2 балл және газбен жабдықталмаған – 0 балл болып табылады;
4) электр энергиясы – 5 балл. Халықтың тұрмыс деңгейінің және аумақтың экономикалық белсенділігінің маңызды көрсеткіші. Шекті мәндер АЕМ-нің электр энергиясымен қамтамасыз етілуімен немесе қамтамасыз етілмеуімен айқындалады;
5) байланыс (телефондық) – 5 балл. АЕМ-ді телефонизациялау деңгейімен айқындалады. Көрсеткіштің шекті мәні абоненттік желінің тығыздығымен айқындалады: автоматты телефон станцияларының болуы – 5 балл, 1-ден 20-ға дейін нөмірлер – 2 балл, 1 нөмір – 1 балл болуы және байланыстың болмауы – 0 балл.
5. Әлеуметтік блоктың жіктеу факторлары:
1) халықтың саны – 5 балл. АЕМ-де халықтың шоғырлануын көрсетеді. Шекті мәндері халықтың санына байланысты айқындалады және бір АЕМ-де 0-ден 5 000-ға және одан асатын адамға дейін түрленеді;
2) мектептер – 5 балл. Осы көрсеткішті өлшеу "Білім беру ұйымдары желісінің кепілдікті мемлекеттік нормативі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысына сәйкес жүргізіледі, онда ауылдық білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік нормативтер мен стандарттар бекітілген.
Білім беруді дамыту көрсеткішін бағалау білім беру объектілерінің белгіленген нормаларға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және олардың нақты бір елді мекенде болуы, сондай-ақ білім беру ұйымдарының мектеп жасындағы оқушылар тұрақты тұратын АЕМ-нен 3 шақырымнан астам қашықтығы бойынша жүзеге асырылады;
3) мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің болуы – 4 балл. Көрсеткіштің шекті мәндері АЕМ-де мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің болуы бойынша айқындалады: балабақша – 4 балл, шағын орталық – 2 балл;
4) денсаулық сақтау – 5 балл. Осы көрсеткішті өлшеу, ауылдық денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі мемлекеттік нормативтер бекітілген "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11231 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 284 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Ауылдық денсаулық сақтау жүйесін бағалау денсаулық сақтау объектілерінің белгіленген нормаларға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және олардың АЕМ-де болуы негізінде жүргізіледі;
5) жұмыспен қамту – 4 балл. АЕМ-де жұмыспен қамтылғандар санының экономикалық белсенді халықтың санына арақатынасын сипаттайды және орташа облыстық көрсеткішпен салыстырылады;
6) кедейлік – 2 балл. Ауылдың 100 тұрғынына шаққанда атаулы әлеуметтік көмек алатындардың арақатынасын сипаттайды және орташа облыстық көрсеткішпен салыстырылады.
6. Экологиялық блок мынадай көрсеткіштер бойынша бөлінген:
1) радиациялық ая – "Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11205 болып тіркелген 2015 жылғы 27 наурыздағы № 261 бұйрығына сәйкес, елді мекендердің аумағындағы сағатына 0,3 микроЗиверттен аспайтын гамма-сәуленің өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Шекті нормадан асатын радиациялық ая деңгейі бар АЕМ, басқа көрсеткіштер бойынша жоғары және орта даму әлеуеті болуына қарамастан, даму әлеуеті төмен елді мекендердің тобына ауыстырылады;
2) ауыз судың сапасы – "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10774 болып тіркелген 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығына сәйкес судың сапасын және оның тұтынуға жарамдылығын сипаттау үшін оны минералдандыру деңгейі алынады, онда ауыз судағы минералдық тұздардың (құрғақ қалдықтың) рұқсат етілген шекті шоғырлануы (РШШ) 1(1,5) грамм/литрді құрайды.
7. Барлық жіктеу факторлары бойынша көрсеткіштер әрбір АЕМ бөлінісінде балмен айқындалады.
8. Өлшемшарттардың үш блогы бойынша алынған АЕМ балдарының жиынтық сомасы экологиялық блок бойынша түзету коэффициентіне көбейтіледі және ауылдық елді мекеннің әлеуетін сипаттайтын жиынтық балды айқындайды.
9. Балдардың жиынтық сомасының негізінде АЕМ үш санатқа (типке) топталады:
1) Даму әлеуеті жоғары АЕМ – 70 балдан астам;
2) Даму әлеуеті орта АЕМ – 35-69 балл;
3) Даму әлеуеті төмен АЕМ – 1-34 балл;