Кастодиан банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын үлгілік кастодиандық шарттың нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 234 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қазанда № 8795 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 57 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 57 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Кастодиан банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын үлгілік кастодиандық шарттың нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 234 қаулысына
қосымша
  Нысан

Кастодиан банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын үлгілік кастодиандық шарт

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20___жылғы "____" ___________

      Осы Шарт мынадай тараптардың арасында жасалды:

      Бұдан әрі "Қор" деп аталатын, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясы

      ____________________________________________________________________

      (лицензияның берілген күні және нөмірі)

      бар, ___________________________________ негізінде іс-қимыл жасайтын

      (Жарғының немесе сенімхаттың)

      __________________________________________________________арқылы

      (лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

      _________________________________ ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры.

      (атауы)

      Бұдан әрі "Кастодиан" деп аталатын,

      _______________________________________________________________

      (Жарғының немесе

      __________________________________ негізінде іс-қимыл жасайтын

      сенімхаттың)

      ______________________________________________________ арқылы

      (лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

      _________________________________________________________________

      (банктің атауы, лицензияның нөмірі, берілген күні)

      кастодиан банк.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 262 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Шарттың мәні

      1. Қордың зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және ақшаны жауапты сақтау және есепке алу жөнінде қызметтер көрсету шарттың мәні болып табылады.

      2. Қор салымшылардан ерікті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – зейнетақы жарналары) тартуды жүзеге асырады және Қордағы жеке зейнетақы шоттарында зейнетақы жинақтары бар салымшыларға (алушыларға) зейнетақы төлемдерін жүргізеді, инвестициялық басқаруды жүзеге асырады. Осы функцияларды жүзеге асыру үшін Қор Кастодианда банк шоттарын ашады.

      3. Қор тапсырады, ал Кастодиан Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып және Шартқа сәйкес қаржы құралдары мен ақшаны есепке алуды, олар бойынша құқықтарды растауды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың сақталуы бойынша өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, құжаттамалық қаржы құралдарын сақтауды жүзеге асырады.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Кастодиан:

      1) Қорға осы Шарттың 3-бөлімінде сипатталған шот режимінде теңгедегі инвестицияларға арналған банк шотын (бұдан әрі – теңгедегі банктік инвестициялық шот) ашуға және жүргізуге;

      2) Қорға осы Шарттың 4-бөлімінде сипатталған шот режимінде шетел валютасындағы инвестицияларға арналған банк шотын (бұдан әрі – шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот) ашуға және жүргізуге;

      3) Қорға осы Шарттың 5-бөлімінде сипатталған шот режимінде зейнетақы төлемдеріне арналған теңгедегі банк шотын (бұдан әрі – зейнетақы төлемдерінің теңгедегі банк шоты) ашуға және жүргізуге;

      4) Қорға осы Шарттың 6-бөлімінде сипатталған шот режимінде зейнетақы төлемдеріне арналған шетел валютасындағы банк шотын (бұдан әрі – зейнетақы төлемдерінің шетел валютасындағы банк шоты) ашуға және жүргізуге;

      5) Қорға осы Шарттың 7-бөлімінде сипатталған шот режимінде бағалы қағаздар мен зейнетақы активтері есебінен инвестициялауға рұқсат етілген басқа да қаржы құралдарын есепке алу және сақтау үшін баланстан тыс шоттар (бұдан әрі – қаржы құралдарын есепке алу шоттары) ашуға және жүргізуге;

      6) зейнетақы жарналарын операциялық күн ішінде теңгедегі банктік инвестициялық шотқа аудара отырып алуға;

      7) басқа Қорлардан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының аударымдарын және өзге де түсімдерді операциялық күн ішінде теңгедегі банктік инвестициялық шотқа аудара отырып алуға;

      8) Қорға операциялық күннен кейінгі күнгі сағат ________ кешіктірмей операциялар түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы туралы хабарламаларды ұсынуға;

      9) күнделікті ағымдағы операциялық күнгі сағат ________ дейін Қорға МТ-100 форматында электрондық төлем тапсырманы және МТ-102 форматында электронды тізімдерді – алдыңғы операциялық күнде теңгедегі банктік инвестициялық шотқа келіп түскен төлем құжаттарын ұсынуға;

      10) Қордың зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен ұстап қалған комиссиялық сыйақыны Қордың теңгедегі банктік инвестициялық шотынан ағымдағы шотына аудару жөніндегі төлем тапсырмаларын орындауға;

      11) зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде Қордың теңгедегі банктік инвестициялық шотынан және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шотынан қарсы агенттердің ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы тиісті шоттарына ақша аудару жөніндегі төлем тапсырмаларын орындауға және бағалы қағаздарды есептен шығаруға (есептеуге) және қаржы құралдарын есепке алу шоттарынан (шоттарына) банктік салымдарға (банктік салымдарды) орналастыруға (қайтаруға);

      12) Қордың теңгедегі банктік инвестициялық шоттан зейнетақы төлемдерінің теңгедегі және шетел валютасындағы банк шоттарына ақша аудару жөніндегі төлем құжаттарын орындауға;

      13) Қордың ақшаны және салымшының зейнетақы жинақтарын зейнетақы төлемдерінің теңгедегі және шетел валютасындағы банк шотынан басқа Қордың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шотына немесе сақтандыру ұйымына есептен шығару жөніндегі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің теңгедегі және шетел валютасындағы банк шотынан есептен шығару және алдағы зейнетақы төлемдерінің сомасын зейнетақы төлемдерін алушыға қызмет көрсететін банкке аудару және зейнетақы төлемдерінен ұсталған табыс салығын салық органдарына аудару жөніндегі төлем тапсырмаларын орындауға;

      14) номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыратын тиісті ұйымдардың хабарламалары негізінде, хабарлама түскен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей Қорға қаржы құралдарын есепке алу бойынша шоттарға (шоттардан) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) туралы хабарлауға;

      15) Қордың зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      16) зейнетақы активтерінің қозғалысына байланысты операцияларды күнделікті есепке алуды қамтамасыз етуге;

      17) зейнетақы активтері жөніндегі есептілікті, сондай-ақ зейнетақы активтерін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттарды бес жыл ішінде сақтауға;

      18) Кастодианға ақпарат түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бағалы қағаздар эмитенттерінен Қорға ақпарат ұсынуға;

      19) Кастодиан және Қор жүзеге асыратын зейнетақы активтерінің есебі мен бағалауының сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      20) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған көлемде номиналды ұстаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот, зейнетақы төлемдерінің теңгедегі және шетел валютасындағы банк шоттары және Қордың қаржы құралдарын есепке алу шоттары туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауға;

      22) осы Шарттың 23 және 24-тармақтарына сәйкес Шарттың 22-тармағында көрсетілген деректерді Қормен жүйелі түрде қарама-қарсы тексеруді жүргізуге;

      23) Қордың теңгедегі немесе шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттарынан ақша аудару және қаржы құралдарын есепке алуға арналған шоттардан бағалы қағаздарды есептен шығару туралы бұйрықтарын уәкілетті органнан Қордың лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарлама алған күннен бастап уәкілетті органнан Қор лицензиясының қолданылуын қайта бастау туралы хабарламасын алған күнге дейін орындамауға;

      24) Қорды кастодиандық қызметті атқаруға арналған өзінің лицензиясының тоқтатыла тұрғаны (тоқтатылғаны) немесе уәкілетті мемлекеттік органның ресми шешімін алған күні Кастодианның зейнетақы активтерін сақтау және есебін жүргізу құқығын өзгертуге алып келетін басқа жағдайлар туралы жазбаша хабардар етуге;

      25) Қордың жазбаша сұратуларына ________ жұмыс күні ішінде жауап қайтаруға;

      26) қаржы құралдары бойынша кірістердің түсуіне бақылау жасауды жүзеге асыруға;

      27) қаржы құралдары бойынша алынған кірісті Кастодианның корреспонденттік шотына кіріс түскен күні Қордың банктік инвестициялық шотына есепке алуға;

      28) Қордың зейнетақы төлемдерінің теңгедегі банк шотынан зейнетақы төлемдерінің шетел валютасындағы банк шотына ақшаны есептен шығару, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің шетел валютасындағы шотынан Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге тұрғылықты тұруға көшіп кеткен алушының зейнетақы төлемдеріне қызмет көрсетуші банкке халықаралық аударымды жүзеге асыру жөніндегі төлем тапсырмасын орындауға міндетті;

      29) Қордың зейнетақы активтерін мақсатты орналастыруды бақылауды жүзеге асыруға және олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органға және Қорға келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлай отырып оның тапсырмасын оқшаулауға (орындамауға);

      30) зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық табыс алу бойынша барлық операциялардың есебіне жүргізуге және Қорға оның шоттарының жай-күйі туралы ай сайын хабарлауға;

      31) Қордың зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары мен ақшаны есепке алуды, олар бойынша құқықтарды растауды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттамалық қаржы құралдарын сақтау жөнінде міндеттеме қабылдай отырып, оларды сақтауды жүзеге асыруға міндетті.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2019 № 262 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      5. Кастодианның:

      1) ай сайын осы Шарттың 18 және 19-тармақтарына сәйкес Қордан өзінің көрсеткен қызметі үшін ақы алуға;

      2) осы Шарттың 35, 36, 37 және 38-тармақтарында көзделген талаптармен және тәртіпте осы Шартты бұзуға;

      3) Қорға Кастодианның зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелерге қызмет көрсету және қаржы құралдарын есепке алу бойынша шоттарды жүргізу бойынша номиналды ұстаушының қызметін жүзеге асыратын тиісті халықаралық ұйымдардың қызметі үшін ақы төлеу бойынша шығыстарын өтеуге арналған шот-фактура ұсынуға;

      4) көрсетілген шоттарда ағымдағы түсімдер ескеріле отырып, осындай төлем тапсырмаларын орындауға жеткілікті сомалар болмаған жағдайда, Қордың теңгедегі немесе шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттарынан және зейнетақы төлемдерінің теңгедегі және шетел валютасындағы банк шотынан соманы есептен шығару жөніндегі төлем тапсырмаларын орындамауға;

      5) Шарттың 19-тармағында белгіленген тәртіппен тарифтерді өзгертуге;

      6) Кастодианның халықаралық нарықтарда зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелер бойынша шеккен, Қор және Кастодиан арасындағы үшжақты салыстырып тексеру актісімен расталған шығыстары сомаларын акцептсіз есептен шығаруға құқығы бар.

      6. Қор:

      1) Кастодианмен зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      2) Кастодианға Қордың ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызмет атқару құқығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясының көшірмесін, Қордың Кастодианның жазбаша тапсырмаларына Қордың атынан қол қоюға уәкілетті тұлғаларының қол қою үлгілерінің нотариат куәландырған карточкасын ұсынуға;

      3) күн сайын, ағымдағы операциялық күнгі сағат ______ дейін Кастодианға:

      түскен зейнетақы жарналарының сомалары;

      өсімпұл сомасы;

      басқа Қорлардан аударылған жинақталған зейнетақы жинақтарының сомалары;

      қате түскен сомалар;

      өзге де түсімдер сомасы;

      алынған инвестициялық кірістің сомасы;

      есептелген инвестициялық кірістің сомасы туралы растаманы ұсынуға;

      5) Кастодианға теңгедегі банктік инвестициялық шоттан зейнетақы төлемдерінің теңгедегі банк шотына ақша аударуға арналған төлем құжаттарын жіберуге;

      6) Кастодиан ұсынған және осы Шарттың 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шот-фактураларды шот алынған күннен бастап ______ жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге;

      7) Кастодианды ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметке берілген лицензиясының тоқтатыла тұрғаны (тоқтатылғаны) туралы уәкілетті органнан шешімді алған күні хабардар етуге;

      8) Кастодианға осы Шарттың 4-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар пакетін ұсынуға;

      9) Кастодианды екі жұмыс күні ішінде Кастодианға тиісті құжаттарды ұсына отырып өзгерістер күшіне енген күні барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлердің ауысуы, почталық мекенжайлардың, телефондардың, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің өзгеруі) жазбаша хабардар етуге;

      10) Кастодианға зейнетақы төлемдерінің шетел валютасындағы шотынан зейнетақы төлемдерінің сомасын халықаралық аударуға төлем тапсырмасын жіберуге;

      11) осы Шарттың 20, 21, 23 және 24-тармақтарына сәйкес Кастодианмен осы Шарттың 22-тармағында көрсетілген деректерді қарсы салыстырып тексеруді тұрақты жүргізуге;

      12) Кастодианға Қор бағалы қағаздар рыногында брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасасқан бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (ұйымдардың) (бұдан әрі - брокер-дилер) деректемелерін шарт жасасқан күні хабарлауға;

      13) Кастодианға Қордың алдағы уақытта болжап отырған таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы туралы кем дегенде бір ай бұрын жазбаша нысанда хабарлауға;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы активтерін инвестициялауға және Кастодианға көрсетілген деректемелер бойынша ақша аударуға төлем тапсырмасын және бағалы қағаздарды есептеу (есептен шығару) және салымдарды қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шотқа (шоттан) орналастыру (қайтару) жөніндегі бұйрықты жіберуге;

      15) брокер-дилерге бір мезгілде зейнетақы активтеріне қатыса отырып мәмілелер жасауға арналған тапсырыстардың түпнұсқаларын жібере отырып Кастодианға осындай тапсырыстардың (ақы төлеуге берілген сенімхат, аударуға арналған бұйрық) көшірмесін және Кастодианның операциялық күні шеңберінде қаржы құралдарын есепке алу бойынша бағалы қағаздары шоттарға (шоттардан) есептеуге (есептен шығаруға) берілген бұйрықтарды осы арқылы кастодианның бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жасалатын мәмілелерді растау жүйесіне қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып жіберуге және мәмілелердің орындалуына және зейнетақы активтерінің мақсатты орналастырылуына бақылауды жүзеге асыруға;

      16) Қор бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелеріне брокер және (немесе) дилер ретінде дербес қатысқан жағдайда - Кастодианды сауда-саттыққа қатысатыны және олардың нәтижелері туралы бағалы қағаздармен сатып алу-сату мәмілесін жасау күні хабарлауға немесе жазбаша хабардар етуге;

      17) Кастодианға теңгедегі банктік инвестициялық шоттан зейнетақы төлемдерінің теңгедегі банк шотына ақша аударуға төлем тапсырмасын жіберуге;

      18) Кастодианға екінші деңгейдегі банктермен жасалған банктік салым шарттарының көшірмелерін оларды жасаған күні ұсынуға;

      19) Кастодианмен зейнетақы активтерінің есебі мен бағалауының сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.

      7. Қор:

      1) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шекті шамамен аспайтын мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға;

      2) осы Шарттың 35, 36, 37 және 38-тармақтарында көзделген талаптармен және тәртіппен Шартты бұзуға құқылы.

3. Теңгедегі банктік инвестициялық шоттың режимі

      8. Теңгедегі банктік инвестициялық шот зейнетақы жинақ ақшасын, басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақ ақшасы аударымдарының түсімін, қаржы құралдарын сатудан және (немесе) өтеуден түскен сомаларды, ұлттық валютамен қаржы құралдарын сатып алуды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдерді есепке алуға арналған.

      9. Шоттағы ақша кепілдің объектісі, кепілдіктердің, кепілдемелердің және Қордың басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі бола алмайды.

4. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттың режимі

      10. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот зейнетақы активтерінің есебінен шетел валютасына номинирленген бағалы қағаздарды сатып алуға арналған шетел валютасын сатып алуға, шетел валютасын сатуға, құны шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша алынған кіріс түсіміне, бағалы қағаздарды өтеуге, салымдарға орналастыруға және екінші деңгейдегі банктерде шетел валютасындағы орналастырылған салымдар бойынша қайтарылған сомаларды және шетел валютасындағы басқа түсімдер мен шығыстарды алуға арналған.

      11. Шоттағы ақша кепілдің объектісі, кепілдіктердің, кепілдемелердің және Қордың басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі бола алмайды.

5. Зейнетақы төлемдерінің теңгедегі банк шотының режимі

      12. Зейнетақы төлемдерінің теңгедегі банк шоты зейнетақы төлемдерін төлемдер алушының банкіне жүзеге асыруға және (немесе) салымшылардың зейнетақы жинақ ақшасын басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкіне, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуға, басқа жинақтаушы зейнетақы қорларының және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банктерінен төлемдер мен аударымдар қайтарымдарының түсуіне, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінен ұсталған табыс салығын салық органдарына аударуға арналған.

      13. Шоттағы ақша кепілдің объектісі, кепілдіктердің, кепілдемелердің және Қордың басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі бола алмайды.

6. Зейнетақы төлемдерінің шетел валютасындағы банк шотының режимі

      14. Зейнетақы төлемдерінің шетел валютасындағы шоты салымшылардың Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұратын жерге кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алуға арналған.

      15. Шоттағы ақша кепілдің объектісі, кепілдіктердің, кепілдемелердің және Қордың басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі бола алмайды.

7. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттың режимі

      16. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шот Қордың бағалы қағаздарды және зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған басқа да қаржы құралдарын есепке алуға арналған баланстан тыс шоты болып табылады.

      17. Шоттағы қаржы құралдары кепілдің объектісі, кепілдіктердің, кепілдемелердің және Қордың басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі бола алмайды.

8. Кастодиан көрсеткен қызметке ақы төлеу мөлшері мен тәртібі

      18. Қор Кастодианның шоттарын осы Шартқа сәйкес төлейді.

      19. Кастодианның тарифтері осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Кастодианның тарифтері өзгерген жағдайда осы өзгерістер қосымша келісім түрінде ресімделеді.

9. Есеп беру нысаны және кезеңділігі

      20. Кастодиан теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалуына қарай Қорға операциялардың түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалысы туралы хабарлама береді.

      21. Кастодиан қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттарға (дан) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) және салымдарды орналастыру (қайтару) туралы үзінді-көшірмені, сондай-ақ "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының үзінді-көшірмелерін Қорға бағалы қағаздардың қозғалуына қарай не есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын береді.

      22. Кастодиан есепті айдан кейінгі айдың үш жұмыс күні ішінде салыстырып тексеру үшін төмендегілер туралы деректерді электрондық түрде қалыптастырады және Қорға жібереді:

      1) қаржы құралдарының құрылымы;

      2) теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалысы;

      3) қаржы құралдарының сатып алу құны;

      4) зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың ағымдағы құны;

      5) есептелген және алынған инвестициялық кіріс сомасы;

      6) зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақы сомасы.

      23. Шарттың 22-тармағында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексеру есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей үш данада жасалынатын және Кастодианның және Қордың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылатын салыстырып тексеру актісімен ресімделеді.

      Салыстырып тексеру актісінде мыналар көрсетіледі:

      1) салыстырып тексеру актісінің жасалған күні және салыстырып тексеру жүргізілетін кезең;

      2) салыстырып тексеру жүргізілген кезеңдегі:

      келіп түскен зейнетақы жарналардың, оның ішінде қате есепке алынған жарналардың;

      зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен есептелген және аударылған сыйақы;

      инвестициялық шоттан зейнетақы төлемдерінің шотына аударылған зейнетақы жинақтарының;

      зейнетақы төлемдерінің шотынан жасалған төлемдердің;

      есептелген жиынтық кірістің немесе шығынның сомасы;

      3) салыстырып тексеру актісін жасау күніне:

      теңгедегі және шетел валютасындағы инвестициялық шоттағы зейнетақы жинақтарының қалдығы;

      теңгедегі және шетел валютасындағы зейнетақы төлемдерінің шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы;

      жиынтық инвестициялық кірістің немесе шығынның сомасы туралы ақпарат;

      4) Шартта көзделген өзге мәліметтер.

      24. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығындар пайда болған жағдайда Кастодиан және Қор мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген ресімдерге сәйкес осындай шығындар бойынша салыстырып тексеруді жүргізеді.

10. Тараптардың жауапкершілігі

      25. Кастодиан Қордың осы Шарттың талаптарына сәйкес жіберген тапсырмаларын (бұйрықтарын) уақтылы орындамаған жағдайда, Кастодиан тапсырмасы (бұйрығы) мерзімінде орындалмаған Қорға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасау күніне белгілеген базалық мөлшерлеменің 1,5 мөлшерінде, ақы төлеу күнін қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінде орындалмаған тапсырмада көрсетілген сомаға есептелген айыппұлды төлейді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Осы Шарттың 6-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген шоттарды уақтылы төлемеген жағдайда Қор Кастодианға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасау күніне белгіленген базалық мөлшерлеменің ___ мөлшерінде, ақы төлеу күнін қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген сомаға есептелген айыппұлды төлейді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы, дұрыс емес немесе уақтылы орындамауы нәтижесінде басқа тарапқа шығын келтірген тарап осындай жағдайлар туындағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы тарапқа шығынды өтеуге және төлем жасау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген базалық мөлшерлеменің 1,5 мөлшерінде тарапты әрқайсысына жеке есептелген шығын сомасына есептелген айыппұлды төлейді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Тараптар егер айыппұлдардың туындау негіздері осы Шарттың 30, 31, 32 және 33-тармақтарына сәйкес көрсетілген дүлей күш жағдайына тікелей байланысты болса, осы Шарттың 25, 26 және 27-тармақтарында көрсетілген айыппұлдарды төлеуден босатылады.

      29. Қор Қазақстан Республикасының бастапқы және қайталама бағалы қағаздар нарықтарында және халықаралық нарықтарда жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша есептеулерге арналған төлем тапсырмаларының Кастодианға уақтылы берілмегені үшін жауапкершілік атқарады.

11. Төтенше жағдайлар

      30. Егер осы Шарттың 31-тармағында көрсетілген Төтенше жағдайлар тараптардың біріне осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға бөгет, кедергі жасаса немесе міндеттемелерін орындауды кідіртсе, осындай тараптың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы Төтенше жағдайлар созылатын уақытқа тең және жоғарыда аталған міндеттемелерді орындауға бөгет, кедергі жасау немесе кідірту дәрежесінде тоқтатыла тұрады.

      31. Төтенше жағдайлар өртті, су тасқынын, зілзаланы, соғыстарды (жарияланған және жарияланбаған), көтерілістерді, ереуілдерді, азамат соғысын немесе тәртіпсіздіктерді, осы Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей немесе жанама тыйым салатын заңдар, қаулылар, шешімдер және уәкілетті органдардың өзге де актілерін қабылдауды қоса отырып, бірақ шектелместен кез келген жағдайларды білдіреді.

      32. Төтенше жағдайлар туындаған күні осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін кедергісі бар тарап басқа тарапқа Төтенше жағдайлар басталғаны туралы және Төтенше жағдайлардың оған осындай міндеттемелерді орындауға әсері жөнінде жазбаша хабарлауы тиіс. Егер тарап осы тармақта белгіленгендей Төтенше жағдайлар туралы хабарламаса, бұл тараптың Төтенше жағдайлар нәтижесінде басқа тарапқа хабарлама жіберуге мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда, осы тарап осы шарттың 30-тармағында келісілген құқықтарын жоғалтады.

      33. Төтенше жағдайлар тоқтатылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оған тартылған тарап басқа тарапқа Төтенше жағдайлар тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауы тиіс және осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауды жаңартуы қажет. Егер Төтенше жағдайлар басталғаннан кейін бір айдан астам уақытқа созылса, тараптардың кез келгені осы Шарттың 12-бөліміне сәйкес осы Шартты бұзуға құқылы.

12. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу тәртібі

      34. Кастодиан шарты оған тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енгізіледі және мерзімсіз қолданылады.

      35. Шарт кастодиан банкке хабарлай отырып және Шартты бұзудың белгіленген күніне дейінгі күнтізбелік жиырма күннің ішінде жаңа кастодиан банкке зейнетақы активтерін беру рәсімін аяқтап, Қордың талабы бойынша біржақты тәртіпте Қордың атқарушы органының тиісті шешімі негізінде бұзылады.

      36. Шартты Кастодианның бастамасы бойынша бұзған жағдайда ол Қор кастодиандық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар басқа банкпен осы Шарттың 38-тармағының талаптарына сәйкес кастодиандық шартқа қол қойған кезге дейін осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға міндетті.

      37. Осы Шартты бұзуға белгіленген күнге дейін жиырма күндік мерзімде Кастодиан мен Қор Кастодианның, Қордың зейнетақы активтерін қабылдайтын кастодиан банктің және Қордың уәкілетті өкілдерінен қалыптастырылатын, міндеттеріне Қордың зейнетақы активтерін түгендеу және оларды қабылдаушы кастодиан банкке беру тәсілдерін және мерзімдерін айқындау кіретін келісім комиссиясын құрады. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша зейнетақы активтерін қабылдау-өткізудің үшжақты актісі ресімделеді.

      38. Осы Шартты бұзу кезінен бастап алты айға дейінгі мерзімге Қор, Кастодиан және қабылдаушы кастодиан банк арасында Кастодианның келіп түсетін зейнетақы жарналарды қабылдаушы кастодиан банкке аударуы туралы тиісті шарт жасалады. Осы шартқа мынадай талаптар:

      1) келіп түсетін зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес сақтауды қамтамасыз ету;

      2) Қордың конфиденциалдық коммерциялық құпиясын және зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтау талаптары;

      3) Кастодианның міндеттемелерін орындауға кедергі болатын жағдайлар туралы осындай жағдайлар туындағаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Қорға жазбаша хабардар ету міндеті;

      4) Қордың теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шотынан ондағы ақшаны одан әрі қабылдаушы кастодиан банкке аудару үшін акцептсіз тәртіппен Кастодианның алу құқығы;

      5) Қордың күнтізбелік айдың нәтижесі бойынша Кастодианның шот-фактурасын алған күннен бастап __ жұмыс күнінен кешіктірмей Кастодианның қызметі үшін ақы төлеу міндеті енгізілуі тиіс.

13. Басқа да талаптар

      39. Тараптар Қазақстан Республикасының осы Шарттың мәніне қатысты және осы Шарт бойынша тараптардың қатынастарын реттейтін заңнамасын сақтауға міндеттенеді.

      40. Осы Шарт әрқайсысының заң күшi бiрдей мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде үш дана етiп жасалды: әрбір тарапқа бір-бірден, үшінші данасы уәкілетті мемлекеттік орган үшін.

      41. Осы Шарттың талаптары кез келген өзге шарттың немесе тараптар арасында жеке немесе бірге жасалған келісімнің талаптарына қайшы келген жағдайда, осы Шарттың ережелері басымды болып табылады және тараптар ең алдымен осы Шарттың ережелерін басшылыққа алады.

      42. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісімі бойынша осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі. Тараптардың осы Шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының соттары қарайды.

      43. Тараптардың ешқайсысы да осы Шарт бойынша құқықтарын немесе міндеттемелерін үшінші тұлғаға өткізуге немесе беруге құқылы емес.

14. Тараптардың деректемелері және қолдары

      Ескерту. 14-бөлім жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қор

Кастодиан

_______________________________
_______________________________
_______________________________
(Қордың деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, телефондары, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды)

________________________________
________________________________
________________________________
(Кастодианның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, телефоны, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды)

_________________________________
(Қор өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы)
______________________________

__________________________________
(Кастодиан өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы)
______________________________".