"Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 242 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 390 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 02 қазанда № 8752 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі мәселелесі жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 18 шілдедегі № 109-ө өкімінің 24-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 242 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7751 тіркелген, «Казахстанская правда» 2012 жылғы 5 қыркүйекте № 297-298, 299-300 (27116-27117, 27118-27119); «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 5 қыркүйекте № 582-587, 592-596 (27660, 27669)газеттерінде Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында (таралымның шығу күні 2012 жылғы 3 қыркүйек) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке үміткерлерді іріктеу және зерделеу жөніндегі нұсқаулықта:
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. МӨҚҚО қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына – жиырма бес жастан аспаған, орта және аға басшы құрам лауазымдарына – отыз бес жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және мерзімді әскери қызмет өткерген,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Төтенше жағдайлар министрінің шешімі бойынша МӨҚҚО орта және аға басшы құрам лауазымдарына отыз бес жастан асқан тұлғалар қабылдануы мүмкін.
      5. Үміткердің сәйкес келу тұрғысына Құқық қорғау органдарында бұрын қызмет өткермеген МӨҚҚО қызметке ресімдеген кезде Министрліктің кадр қызметі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының лауазымдар санаттарына біліктілік талаптарды басшылыққа алу қажет.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. «Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидасы мен Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысына сәйкес МӨҚҚО қызметіне қабылданатын азаматтар міндетті түрде медициналық және психофизиологиялық куәландыру, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден олардың жарамдылығын айқындау үшін ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссияларынан өтеді»;.
      Нұсқаулықтың 5-қосымшасында:
      Төтенше жағдайлар органдары мен бөлімшелеріне қызметке қабылдау туралы қорытындыда:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қызметке үміткердің жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Үміткерді психофизиологиялық тексеру және полиграфологиялық зерттеу нәтижелері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

_____________________________
   лауазымы, арнайы атағы
_____________________________ _______________________________________
      кадр қызметінің қызметкері аты-жөні, тегі»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне бірінші және кезектi арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру жөніндегі нұсқаулық:
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      «14-1. бірінші арнайы атақтар және сыныптық шендер:
      Мыналар:
      1) қатардағы құрам үшін – қатардағы қызметкер;
      2) кіші басшы құрам үшін – кіші сержант (сержант);
      3) орта басшы құрам үшін – кіші лейтенант (лейтенант) арнаулы атақтар немесе сыныптық шен болып есептеледі.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Бұрын құқық қорғау органдарында қызмет өткерген тұлғалар жаңадан қызметке қабылданған кезде МӨҚҚО (оқуға алынғанда), басқа құқық қорғау органдарынан іссапарға жіберу тәртібінде қабылданған тұлғалар, сондай-ақ арнайы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген тұлғалар, әскери қызметшілер арнайы МӨҚҚО қызметкері атағына кейіннен теңестіре отырып, бұрынғы қызмет орны бойынша оларға берілген олардың арнайы немесе әскери атағымен лауазымға тағайындалады (оқуға алынады).»;
      24-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерінің арнайы атақ беру, Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар, арнайы мемлекеттік органдар офицерлерінің әскер атағын беру мерзімі оларды МӨҚҚО кадры есебіне алғаннан кейін өтіп кетсе, кезекті арнайы атақ беруді Министр жүргізеді, Министрлік ведомстволары, аумақтық органдары және мемлекеттік ведомстволық мекемелері басшыларына белгіленген тәртіпте беріледі. Бұрынғы арнайы атақта болу мерзімі кезекті арнайы атақ беру үшін еңбек сіңірген мерзімге есептеледі.»;
      34-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бiр саты жоғары кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен алдыңғы арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сiңiрген жылдарының кемiнде бір жарым мерзімі өткен соң берiледi.»;
      43-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «43. Қызмет өткеру үшін Қазақстан Республикасының басқа құқықтық органдарынан, Қарулы Күштерінен, басқа әскерлері мен әскери құралымдарынан, арнайы мемлекеттік органдарынан қызмет өткеру үшін ауыстырылған қатардағы, кіші, орта басшы құрамды қайта аттестаттауды олардың номенклатурасына байланысты лауазымға тағайындау құқық берілген Министрлік ведомстволарының, аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің басшылары жүзеге асырады, ал аға басшы құрамды тағайындауды Министр жүзеге асырады.
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. Арнаулы атақтарды төмендету және одан айыру Министрдің, Министрлік ведомстволары, аумақтық органдары, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері басшыларының бұйрығымен ресімделеді.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, орнын ауыстыру, қызмет бабында жоғарылату, қызметке жіберу, қызметке қайта қабылдау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қарамағындағы адамдарды қызметте пайдалану туралы нұсқаулықта:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Орта, аға және жоғары басшы құрам тұлғаларын басқа лауазымдарға, сондай-ақ басқа жерге орнын ауыстыру қажет болған кезде олардың келісімімен бұл туралы шешімді осы тұлғалардың дайындығы және қызмет тәжірибесін, сондай-ақ оларда және олардың отбасы мүшелерінде денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдер болмауын ескере отырып, Министр, Министрлік ведомстволарының, аумақтық органдары мен мемлекеттік ведомстволық мекемелерінің басшылары қабылдайды»;
      14-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қызметкерді оның бастамасы бойынша орнын ауыстыру Министрмен, Министрлік ведомстволарының, аумақтық органдары мен мемлекеттік ведомстволық мекемелерінің басшыларымен келіскенде ғана рұқсат етіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
      «31-1. Құқық қорғау органының басшысы және уәкілетті басшы жазбаша түрде құқық қорғау органының қарамағындағы қызметкерге лауазым ұсынуға міндетті.
      құқық қорғау органының қарамағындағы қызметкерді лауазымға тағайындаған кезде оның біліктілігі, атағы еңбек сіңірген жылдары, жұмыс өтілі, алдыңғы лауазымы ескерілуі тиіс.
      Қызметкер ұсынылған лауазымнан бас тартқан кезде құқық қорғау органының кадр бөлімшесі келіспеушілігін жазбаша баяндай отырып, акті ресімдейді, ол қызметкердің жеке ісіне тігіледі.»;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Қызметкердің ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартса, ол қызметтен шығарылуға жатады.»;
      Нұсқаулыққа 4-қосымшада:
      Аттестаттау парағында:
      «Тұлғаның жеке қасиеттері» бөлімі» (психологиялық-әлеуметтік зерттеу нәтижелері)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұлғаның жеке қасиеттері» бөлімі» (психологиялық-әлеуметтік және полиграфологиялық зерттеу)»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің жеке істерін ресімдеу қағидасында:
      13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Жеке істің үшінші бөліміне мына құжаттар тігіледі:
      Министрлік органдарына және бөлімшелеріне қабылдау туралы өтініш;
      кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
      қолдан жазылған және компьютерде басылған өмірбаян;
      осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес ақиқат анықтама;
      Министрліктің органдары мен бөлімшелеріне қызметке қабылдау туралы қорытынды;
      әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;
      психологиялық-физиологиялық тестілеу нәтижелері;
      полиграфологиялық нәтижелер;
      тағылымдамадан өту материалдары;
      Ант мәтінімен парақ;
      көршілерінен үш пікір;
      учаскелік полиция инспекторының баянаты;
      соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
      мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтерді жарияламау туралы қол қою және міндеттеме;
      «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген шектеулер жөніндегі мемлекеттік қызметшінің міндеттемесі;
      үлгерімі туралы қосымшалармен оқу орнын бітіру туралы дипломдар (аттестаттар), сертификаттар, жеке куәлік, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, жүргізуші куәлігі, неке қию және некені бұзу, балалардың тууы туралы куәліктер және т.б.);»;
      Қағидаға 1-қосымшада:
      3-бөлімде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Психо-физиологиялық тестілеу нәтижелері(Результаты психо-физиологического тестирования и полиграфологического исследования).»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары мен шарттарында:
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Арнаулы атақтан бiр саты төмендету түрінде жазаны қолдануға осы арнаулы атақты берген Министрдің, Министрлік ведомстволары, аумақтық органдары мен мемлекеттік ведомстволық мекемелері басшыларының құқығы бар»;
      17-тармақта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) арнайы атақтан айыра отырып, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан шығару. Осы тәртіптік жаза «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 80-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген теріс себептер бойынша қызметкерді жұмыстан шығарған кезде қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) ұсынылған лауазымнан бас тартуына және құқық қорғау органдарының қарамағында болу мерзімінің өтуіне байланысты.»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Өзінің жазбаша түсініктемесінде қызметкердің теріс қылықты жасау фактісімен келіспегені жағдайында Министрдің, Министрлік ведомстволары, аумақтық органдары мен мемлекеттік ведомстволық мекемелері басшыларының бұйрықтарымен қызметтік тексеру жүргізіледі.
      Қызметтік тексеру жүргізу кезінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару құқығы берілген Министр, Министрлік ведомстволарының, аумақтық органдары мен мемлекеттік ведомстволық мекемелерінің басшылары ақшалай қамтуды сақтай отырып, қызметкерді бір айдан аспайтын мерзімге лауазымдық міндеттері орындаудан уақытша аластатуға құқығы бар»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізу қағидасы:
      3-1-тармақпен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Қызметтік тексеруді жүргізген кезде қажет болғанда полиграфологиялық зерттеу жүргізіледі.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне демалыстар беру туралы нұсқаулықта:
      32-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Мемлекеттік қызметшілерді дайындау бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарына түскен қызметкерлерге атқарып жатқан лауазымынан босатып және Министрліктің кадрында қалдыра отырып, ақшалай үлесті сақтамай оқу демалысы беріледі.».
      2. Кадрлық қамтамасыз ету департаменті (Е.Б. Құлтаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Министрлік орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, Өртке қарсы қызмет комитетінің, облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің, облыстар, Астана және Алматы қалалары ведомстволық бағынысты «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемелері, «Көкшетау техникалық институты», «Республикалық дағдарыс орталығы», «Апаттар медицинасы орталығы» басшылары осы бұйрықты қызметкерлердің назарына жеткізсін және оның орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы С.Қ. Оқасовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі                         В. Божко