"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 18 шілдедегі № 109-ө өкімі

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығының 1-тармағы 6) тармақшасының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 7032 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына бір апта мерзімде жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                                        полиция генерал-лейтенанты                             Қ. Қасымов