Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсаттағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 258-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 қазанда № 8751 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 77-бабының 2-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Қ. Ж. Үстеміров) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Н. Қаппаров

  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 27 шілдедегі
№ 258-ө бұйрығымен
бекітілген

Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексі 77-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) артықшылығы бар екпелер - орман өсірудің белгілі бір жағдайларында өнімділігі жоғары және тұрақты екпелер;

      2) бірінші реттің (ұрпақтың) орман тұқымдары плантациялары - отырғызу кезінде бастапқы материал ретінде фенотиптік белгілері бойынша сұрыптап алынған аналықтар (артықшылығы бар ағаштар) пайдаланылатын орман тұқымдары плантациялары;

      3) вегетативтік жолмен отырғызылған орман тұқымдары плантациялары - вегетативтік жолмен алынған материалды пайдаланып отырғызылатын орман тұқымдары плантациялары;

      4) екінші реттің (ұрпақтың) орман тұқымдары плантациялары - комбинациялық қабілеті тексерілген бастапқы материалды пайдалану негізінде құрылатын орман тұқымдары плантациялары;

      5) интродуценттер - олар бұдан бұрын өсіп-өнбеген орман өсіру ауданына өсірілген өсімдіктер;

      6) клон - вегетативтік көбейту жолымен бір бастапқы дарақтан немесе апомиктикалық құрылымнан алынған және генотипі бірдей барлық ұрпақтардың жиынтығы (рамет);

      7) клондық орман тұқымдары плантациялары - артықшылығы бар немесе элиталық ағаштардың вегетативтік ұрпағын (клондарын) пайдаланып құрылатын орман тұқымдары плантациялары;

      8) орман бонитеті - орман өнімділігінің көрсеткіші. Өсіп-өну жағдайларына байланысты және басты тұқым ағаштарының орташа биіктігі мен орташа жасы бойынша айқындалады;

      9) орман тұқымы плантациясы (бұдан әрі - ОТП) - берілген тұқым қуалаушылық қасиеттері және себу сапасы жоғары сорттық, элиталық немесе будан тұқымдарын жүйелі түрде (ұзақ уақыт бойы) алуға арналған артықшылығы бар ағаштардың тұқымды, немесе вегетативтік ұрпағы болып табылатын өсімдіктердің арнаулы генетикалық схема бойынша отырғызылып, қолдан өсірілген екпесі;

      10) плантацияларды оқшаулау - ОТП-ның негізінен табиғи екпелерден қажетсіз тозаңмен тозаңдану процесіне жол бермейтін жағдайлар;

      11) тұқым сеуіп өсірілген ОТП - отырғызу кезінде аналықтардың бақыланатын тозаңдануынан (сибстар) немесе еркін тозаңданудан (жартылай сибстар) алынған тұқымдар пайдаланылатын плантациялар;

      12) тұрақты орман тұқымы учаскесі (бұдан әрі - ТОТУ) - осы орман өсіру жағдайларында ұзақ уақыт бойы тұқым алуға арналған артықшылығы бар екпелерде, тұқым плантацияларында артықшылығы бар ағаштардан дайындалған тұқымдардан өсірілген, егілген немесе отырғызылған көшеттерден жасалған жоғары өнімді табиғи түрдегі немесе орман дақылдары екпелерінің қалыптасқан учаскелері.

      3. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді құруды ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін тұқымдар мен көшет материалы жөніндегі қажеттілікке сәйкес, орман селекциясы мен тұқым шаруашылығы саласындағы мамандандырылған ұйымдармен (бұдан әрі - мамандандырылған ұйым) жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі тұрақты орман тұқымдары базасы келесі селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді қамтиды:

      1) орман тұқымдары плантациялары;

      2) тұрақты орман тұқымдары учаскелері;

      3) артықшылығы бар екпелер;

      5. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау мен құруға арналған өлшемдер орман өсетін аймаққа, орманның өсу жағдайларының тұрпатына, орман өсімдіктерінің жекелеген түрлерінің биологиялық ерекшеліктеріне, олардың жасы мен жай-күйіне, сондай-ақ оларды анықтау мен құру мақсаттарына байланысты.

      6. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді қалыптастыру, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде оларды пайдалану режимі осы салада маманданатын орман орналастыру, жобалау-іздестіру және ғылыми ұйымдар әзірлеген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады. Осы жобаларды іске асыруды мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асырады.

2-тарау. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау және жасау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 1. Орман тұқымдары плантациялары

      7. ОТП үш санатқа: бірінші реттегі, генетикалық құндылығы жоғары және екінші реттегі ОТП-ға бөлінеді.

      8. Бастапқы материалды көбейту тәсілі бойынша ОТП вегетативтік жолмен отырғызылған (клондық), оның ішінде артықшылығы бар ағаштардың түйнектерін жас шыбықтарға телу арқылы алынатын телімдік және аналық ағаштардың тамырланған бөліктерін отырғызу арқылы алынатын өз тамыры бар ОТП және тұқым сеуіп өсірілген (тұқымдастар) немесе артықшылығы бар ағаштардың тұқымынан өсірілген екпелер (көшеттер) отырғызу арқылы немесе осы ағаштардың тұқымын себу арқылы құрылатын ОТП болып бөлінеді.

      9. ОТП отырғызу тәсілін таңдау жобаларда ағаш тұқымының биологиялық ерекшеліктеріне, орманның өсу жағдайларына және өңірдегі орман шаруашылығын жүргізудің қарқындылығына сәйкес айқындалады.

      10. Селекция мақсаттарын басшылыққа ала отырып, бірінші реттегі ОТП-да бір немесе бірнеше селекцияланатын белгілері бойынша іріктеп алынған артықшылығы бар ағаштардың ұрпағы топтастырылады.

      11. ОТП-да осы орман тұқымдары ауданының бір немесе бірнеше таралымдарының артықшылықтары бар ағаштарының ұрпағы шоғырландырылады. Тұқымдарды пайдалану өңірін кеңейту мақсатында көршілес орман тұқымдары аудандарының артықшылықтары бар ағаштарының ұрпақтарымен, ал интродуценттер үшін - көршілес орман өсетін аудандардың артықшылықтары бар ағаштарының ұрпақтарымен ОТП құрылады.

      12. Бұл жеміс беруін күшейтуге және тұқымдардың пісуін жақсартуға жәрдемдесетін болса, орман тұқымын аудандастыруды кеңейту мақсатында табиғи таралу аймағынан тыс жерлерде ОТП құру үшін клондардың (тұқымдастардың) орнын ауыстыру жүзеге асырылады. Осындай ОТП тұқымдары бастапқы артықшылығы бар ағаштар өскен аудан үшін орман тұқымдарын аудандастыруға сәйкес пайдаланылады.

      13. Тау жағдайларында ОТП биіктік белдеулері немесе таралымдары, артықшылығы бар ағаштар өсетін жерлер бойынша немесе артықшылығы бар ағаштар өсетін жерлермен салыстырғанда биіктігі шамалы жерлерде отырғызылады.

      14. ОТП-да орналастыру үшін ағаштар іріктеп алу осы ағаштар өсетін жерлердің жағдайлары тұрпаттарын немесе тұрпаттары топтарын ескере отырып өткізіледі. Фенологиялық бейнесі байқалатын ағаш тұқымдары үшін (қарағай, шырша, қайың, сексеуіл) ОТП отырғызу ерте және кеш қалыптасатын бейнелерімен бөлек жүзеге асырылады.

      15. ОТП-дағы артықшылығы бар ағаштар клондарының өкілдігі тұқымдық ұрпақта табиғи таралымдардың генотиптік сан алуандығын сақтауды, түр ішіндегі будандастыруды барынша азайтуды және селекцияланатын нышандардың барынша байқалуы қамтамасыз етіледі, бұл үшін ОТП-да кемінде 25 (жиырма бес) артықшылығы бар ағаштың ұрпағы болады.

      16. ОТП-ны блоктармен (танаптармен) құру кезінде артықшылығы бар ағаштар ұрпақтарының көрсетілген саны үштен көп емес жапсарлас блокта (танапта) болады.

      Өзіне тән комбинациялық қабілеті бар артықшылығы бар ағаштардың өкілдерінен ОТП құру кезінде, клондар саны таңдап алынған артықшылығы бар ағаштардың санымен шектеледі.

      ОТП құру кезінде жерсіндірілген түрлер үшін клондар саны орман өсімдіктерінің әрбір түрі бойынша айқындалады.

      17. ОТП-да артықшылығы бар ағаштардың ұрпағы өздігінен тозаңдануды шектеу мақсатында бір клон өсімдіктерінің кеңістікте оқшаулануын қамтамасыз ететін жүйелі түрде қайталанып отыратын (жүйелі) немесе рендомизирленген (кездейсоқ) орын ауыстыру принциптеріне негізделген схемалар бойынша орналастырылады.

      18. Бірінші реттегі ОТП құру жобаларын әзірлеу кезінде мыналар ескеріледі:

      1) учаскелерді машиналар мен механизмдерді пайдалануға болатын аңызақ желден қорғалған және қатты аяз, соқпайтын айтарлықтай тегіс рельефті жерлерде орналасқан өнімділігі бонитеттің 1 (бірінші)-2 (екінші) сыныптарынан төмен емес орман өсімдіктерінің нақты түрлерін өсірудің орман өсіру-биологиялық талаптарына сәйкес келетін орман өсіру шарттары бойынша таңдалады;

      2) плантацияның жерсіндіру алқабы 5 (бес) гектардан кем болмауға тиіс, учаскенің бұдан кем алқабы орман өсімдіктерінің нақты түрлерінің тұқымдарына шектеулі қажеттілік болған жағдайда қабылданады;

      3) екі және одан да көп вегетациялық кезең ішінде ОТП құру кезінде оның алқабы танаптар (блоктар) бойынша бөлінеді және игеріледі;

      4) қажетсіз тозаңның ұшып келуін шектеу үшін ОТП құруға арналған учаске басқа түрлер екпелерінің арасына орналастырылады. Егер бұл мүмкін болмаса, зиянкестер мен саңырауқұлақ ауруларының аралық қожайындары болып табылмайтын ағаштардың жылдам өсетін ұшарбасы қалың ағаштарының 5 (бес)-10 (он) қатарынан тұратын қорғаныштық сүзгіш жолақтар құрылады.

      Сүзгіш жолақтармен ОТП құру кезінде кемшілігі бар ағаштар кемінде 300 (үш жүз) метрге аластатылған артықшылығы бар ағаштарды қорғау көзделмейді.

      19. Жақын маңда артықшылығы бар ағаштар болмаған жағдайда ОТП үшін учаскелер сол түрдің жақын маңдағы қалың қалыпты екпелеріне қатысты жел соқпайтын жағынан отырғызылады.

      20. Клонды ОТП құрудың негізгі тәсілі мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес келетін тамыр жүйесі жабық көшеттер отырғызу болып табылады. Қысқа мерзімде ОТП құру үшін оларды отырғызу түйнектерді телітуші дақылдарға телу арқылы жүзеге асырылады. Оңай тамыр жаятын түрлердің плантациялары көшеттер егу арқылы жүргізіледі.

      21. Телітуші дақылдар екпелер (көшеттер) отырғызып, өсімдіктердің ірі жемісті түрлерінің (сексеуіл) тұқымдарын себумен алынады. Телітуші дақылдарды өсіру үшін, орман тұқымдары ауданы шегінде, артықшылығы бар ағаштардан дайындалған телітуші дақыл сияқты сол түрдің және фенологиялық қалыптың жақсартылған тұқымдары пайдаланылады. Жерсіндірілген түрлердің ОТП-сын отырғызғанда будандастыру кезінде осы түрлердің үйлесімділігі және осы іс-шараларды өткізудің шаруашылық және биологиялық қажеттілігі анықталғаннан кейін телітуші дақыл ретінде басқа түрдің өсімдіктері пайдаланылады.

      22. Артықшылығы бар ағаштардың вегетативтік ұрпақтарын жаппай көбейту мақсатында аналық плантациялар құрылады.

      Аналық плантациялар клонды ОТП-да және селекциялық отырғызу материалын өсіруге маманданған питомниктерде отырғызылады. Аналық плантацияларды құру клонды ОТП-ның алғашқы танаптарын (блоктарын) отырғызумен бір мезгілде немесе ол басталғанға дейін басталады. Аналық плантацияның алқабы және оны пайдалану мерзімдері көшеттер және ОТП-да вегетативтік көбейтуге жататын артықшылығы бар ағаштардың қажетті мөлшері жөніндегі қажеттілікті басшылыққа ала отырып айқындалады.

      Отырғызу аяқталғаннан кейін әрбір аналық плантацияға клондардың нақты орналастыру схемасы жасалады. Оларда көшеттерді дайындау ағаштардың 4 (төрт)-5 (бес) жасында басталады.

      23. Тұқымдас ОТП құру үшін тұқым дайындауды тікелей бұдан бұрын құрылған ОТП-да артықшылығы бар (элиталық) ағаштардан немесе олардың клондарынан жүргізіледі. Питомниктің тұқым себілетін және мектеп бөлімшелерінде таңдап алынған ағаштардың ұрпағын тұқымдастары бойынша бөлек өсіріледі. Өсірілген екпелер мен көшеттер арасынан ОТП отырғызу үшін осы тұқымдастан биіктігі, сапасы және төзімділігі бойынша таңдаулылары іріктеліп алынады.

      24. ОТП отырғызу кезінде топырақ пен ағаштарға күтім жасау, бүрлер (жемістер, тұқымдар) дайындау кезінде машиналар мен механизмдердің емін-еркін өтуін қамтамасыз ететін қатарлар мен қатараралықтардағы өсімдіктер арасындағы қашықтық алынады. Орман өсу жағдайларына, орман өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне және ОТП отырғызудың таңдап алынған тәсіліне байланысты қатарлардағы отырғызу орындарының арасындағы қашықтық 5 (бес) метрден 8 (сегіз) метрге дейінгі, қатараралықтарда - 7 (жеті) метрден 1.0 (он) метрге дейінгі аралықты құрайды.

      25. ОТП үшін генетикалық құндылығы жоғары және екінші реттегі ағаштар таңдауды клондардың селекцияланатын нышандары бойынша комбинациялық қабілетін және олардың репродуктивтік қабілетін қамтитын тұқымдық және вегетативтік ұрпақтарды кешенді бағалау нәтижелері бойынша жүргізіледі.

      26. Селекцияның мақсаттарына, пайдаланылатын аналық ағаштардың генетикалық қасиеттері мен санына байланысты генетикалық құндылығы жоғары және екінші реттегі ОТП мынадай көп клонды, клондар саны шектеулі және бір клонды ОТП болып құрылады:

      1) көп клонды ОТП-да жоғары ортақ комбинациялық қабілетке (бұдан әрі - ОКҚ) ие ұрпақтар өсіріледі. Осы санаттағы ОТП-ның клондық құрамын қалыптастыру және клондарды ауыстыру схемаларын таңдау кезінде клондар мұрағаттары мен бірінші реттегі ОТП-дағы артықшылығы бар ағаштардың клондық ұрпақтарын зерттеу кезінде анықталған олардың генеративтік даму ерекшеліктері ескеріледі. Қайшылап тозаңдануды қамтамасыз ететін молынан және орташa гүлденетін аналық тұрпаттағы клондарға артықшылық беріледі. ОТП-да тозаңдандырушылар ретінде өміршеңдігі жоғары тозаңның еркек тұрпатты клондары енгізіледі;

      2) клондар саны шектеулі ОТП өзіне тән жоғары комбинациялық қабілетімен (ЖКҚ) сипатталатын ағаштардың шамалы (әдетте, екеу) санын пайдалану негізінде құрылады. Осындай ОТП отырғызу үшін міндетті талап клондардың бір мезгілде гүлденуі болып табылады. Осы санаттағы ОТП-да таңдап алынған клондардың артығымен барынша жақсы тозаңдануын қамтамасыз ететін схемалар қолданылады. Түраралық және алыстан түр ішіндегі будандастыру негізінде тұқым алуға арналған тұқымдық-будан плантациялары дәл осылай құрылады;

      3) бір клонды ОТП-ыны жоғары ОКҚ немесе ЖКҚ-мен сипатталатын артықшылығы бар ағаштың ұрпағымен құрылады. ОТП-да жоғары ОКҚ ағашы пайдаланылған кезде сол түрдің қоршаған екпелерінің тозаңымен плантацияларды емін-еркін тозаңдандыру не осы түр тозаңының қоспасымен жасанды жолмен тозаңдандыру көзделеді.

      27. Жоғары ЖКҚ ағаштарының ұрпағымен құрылған ОТП-да тозаңдандыру ЖКҚ-да сынау барысында таңдап алынған әріптестің тозаңын пайдаланып, тек жасанды жолмен жүргізіледі.

      ОТП-ның осы түрлері үшін орман өсу жағдайларына, орман өсімдіктері түрлерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты қатарларда отырғызу орындарының арасындағы қашықтықты 7 (жеті) - 10 (он) метр, қатараралықтарда - 10 (он)-12 (он екі) метр мөлшерінде алады. Бұл орайда осы түрлердің екпелерінен қорғаныштық сүзгіш жолақтар құру немесе кеңістік бойынша оқшаулау міндетті түрде көзделеді.

      Осы талап жоғары ОКҚ ағаштарының ұрпағымен құрылатын бір клонды ОТП-ға қолданылмайды.

      28. Генетикалық құндылығы жоғары және екінші реттегі ОТП клондық құрамын құру принциптері орман өсу жағдайларының түрлері мен фенологиялық қалыптары бойынша, сондай-ақ оларды отырғызу технологиясы осы Ереженің 24-25-тармақтарында баяндалған талаптарға сәйкес келеді.

Параграф 2. Тұрақты орман тұқымдары учаскелері

      29. ТОТУ ұзақ уақыт бойы оларда орман тұқымдарын алу үшін шығымдылығы жоғары және жоғары сапалы табиғи екпелерде немесе шығу тегі белгілі орман дақылдарында құрылады.

      30. ТОТУ-дың ең аз мөлшерлі алқабы - 5 (бес) гектар. Екпелердің еңіс (тау жағдайларында) немесе шоқталып өсу сипаты жағдайларында, сондай-ақ осы ағаш тұқымына қажеттілік шектеулі болған кезде ТОТУ бұдан да аз алқапта отырғызылады. Кірме жолдары бар тегіс учаске таңдап алынады.

      31. ТОТУ қалыптастыру үшін қалыпты немесе шығымдылығы бонитеттің 2 (екінші) сыныбынан төмен емес неғұрлым жоғары селекциялық санаттағы орман учаскелері таңдап алынады. ТОТУ мен кемшілігі бар екпенің немесе сол тұқымның кемшілігі бар ағашының арасындағы жол берілетін қашықтық кемінде 300 (үш жүз) метр.

      Екі құнды тұқым (қайың мен қарағай) бірге өсетін табиғи екпелерде ТОТУ қалыптастыру екі тұқым бойынша жүргізіледі.

      32. Екпелердің сапалық құрамын жақсартуға, тұқымдық ағаштардың ұшарбасын дамытуды қамтамасыз етуге, ерте тұрақты және молынан жеміс беруге, сондай-ақ ТОТУ-да бүрлер (жемістер, тұқымдар) дайындау үшін жайлы жағдайлар туғызуға 3 (үш)-5 (бес) рет әрекет жасау арқылы біркелкі немесе дәліздік тәсілдермен өткізілетін екпелерді сирету есебінен қол жеткізіледі.

      33. Орман дақылдарында ТОТУ қалыптастыру кезінде екпелерді біркелкі сирету өткізілетін тұқымдық қатарлар алдын ала бөліп алынып, дәліздік тәсіл қолданылады.

      Сиретудің әрбір амалы алдында сау, биіктігі мен діңінің қалпы, үшарбасының құрылымы мен дамуы, жеміс беру қарқындылығы бойынша жақсы тұқымдық ағаштар қаз қалпында таңдап алынады және белгіленеді.

      Сиретудің бірінші және одан кейінгі амалдарында ілеспе тұқымдардың құрғақ, өспей қалған өсімдіктері, басты тұқымның жеміс бермейтін ағаштары (екінші амалдан бастап), сондай-ақ зиянкестер мен аурулар зақымдаған, механикалық жолмен бүлінген, діңі қисық, бұтақты ағаштар алып тасталады.

      34. Орман өсімдіктерінің түріне және өсу орнының жағдайларына байланысты ТОТУ-дың 1 (бір) гектарына оны қалыптастырудың аяқ шенінде 150 (елу)-300 (үш жүз) тұқымдық ағаш қалдырылады.

Параграф 3. Артықшылығы бар екпелер

      35. Артықшылығы бар екпелерді сұрыптау жеміс беру кезеңіне кірген табиғи екпелерді немесе шығу тегі белгілі тұқымнан алынған орман дақылдарын селекциялық түгендеу кезінде жүргізіледі.

      36. Артықшылығы бар екпелерге алдын ала генетикалық баға беруді олардың тұқымдық ұрпақтары жастың 2 (екінші) сыныбына жеткенде жүзеге асырады. Түпкілікті баға ұрпағы басты мақсатта пайдалану үшін кесудің кемінде жарты жасына немесе нақты орман өсу аймағындағы өсімдіктердің әрбір түрі үшін қабылданған пісу жасына жеткенде айқындалады.

3-тарау. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді пайдалану тәртібі

      Ескерту. Қағида 3-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді пайдалана отырып, орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді және сақтауды жоспарлауды ұйымдастыру үшін орман тұқымдарының түсіміне болжам жасалады және ол есепке алынады.

      38. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерде орман тұқымдарының түсіміне болжам жасау және оны есепке алу жөніндегі жұмыстар құрылу жылдары бойынша бөлек-бөлек жүргізіледі.

      39. Орман тұқымдарының күтілетін түсімінің болжамы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 18-02/44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10346 болып тіркелген) бекітілген Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      40. Түсімге фенологиялық қадағалау, болжам жасау және есепке алу селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің әрбір санатында отырғызылатын және әртүрлі дайындау орындарында өнім беруді олар неғұрлым толық сипаттайтындай етіп орналастырылатын көлемі 0,25-0,5 гектар сынама алаңдарында жүргізіледі.

      Әрбір сынама алаңына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша карточка толтырылады.

  Селекциялық-тұқым
шаруашылығы мақсатындағы
объектілерді анықтау,
құру және пайдалану
қағидаларына қосымша
  Нысан

КАРТОЧКА

      Ескерту. Қағида қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Облыс ___________________________________________________________________

      Мемлекеттік орман иеленуші ________________________________________________

      Фенологиялық байқау жүргізуге арналған сынама алаңының карточкасы

      __________________________________________________________________________

      (ағаш тұқымдасы)

      1. Учаскенің орналасқан жері:

      Орманшылық _____________________________________________________________

      Орам № ___________________

      Телім № _____________________________________________

      Орман тұқымы объектісінің түрі ______________________________________________

      Отырғызылған жылы __________________

      Учаске ауданы ______________________, гектар

      2. Телім сипаттамасы:

      Рельеф___________________________________________________________________

      Орман өсу жағдайларының типі ______________________________________________

      Топырақ және топырақ түзуші жыныс ________________________________________

      Екпе құрамы ________________________________________________________

      Басты жыныс бонитетінің сыныбы _______________________________________

      Басты жыныстың басым нысаны (фенологиялық, морфологиялық) ______________

      Санитариялық және орман патологиялық жай-күйі ___________________________

      3. Қадағаланатын түр сипаттамасы (жасы, орташа диаметрі, орташа биіктігі):

      __________________________________________________________________________