Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 20/88 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 ақпанда № 8344 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.01.2017 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасы бекітілсін.

      2. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко):

      1) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми түрде жарияласын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 20 ақпандағы
№ 20/88 бұйрығымен
бекітілген

Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандардың сәйкестігін
растау және біліктілікті беру қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Еңбек кодексі) 138-6-бабына сәйкес әзірленді және мыналардың тәртібін анықтайды:

      1) мамандық бойынша біліктіліктің ұлттық шеңбері (бұдан әрі - БӨШ) және біліктіліктің салалық шеңбері (бұдан әрі - БСШ) деңгейлеріне сәйкес келетін мамандығы/кәсібі бойынша білімінің, іскерлігі мен құзыретінің (кәсіби біліктілігінің) сәйкестігін растау;

      2) агроөнеркәсіптік кешені саласында тиісті лауазымды атқару үшін біліктілікті (біліктілік разрядын/санатын) алуға ниет білдірген тұлғаларға білімінің, іскерлігі мен машығының бар екендігі туралы біліктілікті беру.

      2. Қағида Қазақстан Республикасының азаматтарына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында агроөнеркәсіптік кешені саласында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік мамандарға, оның ішінде:

      1) техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік), жоғарғы білім беру ұйымдарын, кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын кәсіптік оқыту орталықтарын бітірген тұлғаларға;

      2) біліктілігін (біліктілік разряды/санаты) арттырғысы келетін ұйымдардың қызметкерлеріне;

      3) тиісті мамандық (мамандығы/біліктілігі) бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес, мамандықты (мамандық/біліктілік) өз бетімен игерген тұлғаларға қолданылады.

      3. Осы Қағидада мына терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) бағалау - нәтижесінде сертификаттау туралы шешім қабылданатын оның көмегімен үміткердің сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасында белгіленген талаптарға сәйкестігі белгіленетін процесс;

      2) берілген сертификаттарды есепке алу тізілімі - берілген сертификаттарды есепке алу журналы;

      3) біліктілік - кәсіптік қызметтің тиісті түрінің шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті кәсіптік білімнің, іскерлігінің, жұмыс тәжірибесі мен машықтарының жиынтығы;

      4) біліктілікті беру - агроөнеркәсіптік кешені саласындағы накты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттіліктердің, кәсіптік білімнің, іскерлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;

      5) біліктілік деңгейі - жұмыстарды орындау кезінде күрделілігін, стандартты еместігін және жауапкершілік дәрежесін есепке алатын БӨШ және БСШ-та біліктіліктің түрлі деңгейлеріне қойылатын талаптардың жиынтығы;

      6) біліктілік сәйкестігін растау - сертификатталған тұлғаның агроөнеркәсіптік кешені саласында белгіленген біліктілік талаптары мен стандарттарға тұрақты сәйкестігін кепілдендіретін сертификат түрінде нәтижесі құжаттамалық куәландыру болып табылатын рәсім;

      7) емтихан - үміткердің құзыреттілік дәрежесін бір немесе бірнеше тәсілдер арқылы, мысалы, жазбаша, ауызша, практикамен, бақылау арқылы, сондай-ақ мамандықтың ерекшеліктерін ескеретін қосымша тәсілдермен анықтайтын, бағалау бөлігі болып табылатын тетік;

      8) емтихан алушы - тиісті қызмет саласында сертификатталатын маманның деңгейінен төмен емес кәсіптік білімі және емтихан жүргізілетін саладағы кәсіптік қызметте кемінде бес жыл практикалық қызмет тәжірибесі бар, емтиханды өткізетін және/немесе бағалайтын тұлға;

      9) қайта сертификаттау - сәйкестікті растау және біліктілікті беру сертификатының қолданылу мерзімінің бітуі бойынша сертификаттау рәсімінің қайтадан өткізілуі;

      10) құзыреті - маманның білімді және/немесе машықтарды қолдану қабілеттілігі және қажет болған жағдайда, сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасында аталған жеке қасиеттері;

      11) құзыреттілік - БӨШ және БСШ біліктілік деңгейлерінің талаптары шеңберінде кәсіптік міндеттерді табысты шешуге арналған құзыреттердің жиынтығы;

      12) мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жөніндегі орган - мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру бойынша жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлға;

      13) мамандардың сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасы - агроөнеркәсіптік кешені саласындағы БӨШ, БСШ-мен және кәсіптік стандарттармен белгіленген талаптарға мамандардың сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін сипаттаумен анықтайтын тәсіл;

      14) сәйкестікті растау және біліктілікті беру сертификаты - маманның біліктілік талаптарына, сондай-ақ кәсіптік қызметтің тиісті түріне арналған кәсіптік стандарттарға біліктілігінің сәйкестігі деңгейін (кәсіптік құзыретінің деңгейін) растайтын құжат;

      15) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің № 5827 тізілімінде тіркелген "Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы аудиторларды аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 9 қазандағы № 274 бұйрығымен белгіленген тәртіпте аттестатталған маман;

      16) сертификаттау - мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жөніндегі орган арқылы тұлғаның БӨШ, БСШ-де біліктілік және құзыреттілік деңгейіне қойылатын белгіленген талаптарға және кәсіптік стандарттарға сәйкестігін белгілейтін және сәйкестікті растау және біліктілікті беруді растау туралы тиісті сертификатты беретін рәсім;

      17) үміткер - агроөнеркәсіптік кешені саласындағы маманның біліктілігін иеленуге үміткер өтініш беруші;

      18) шағым-арыз - мамандықтардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жөніндегі орган қабылдаған шешімді қайта қарау туралы уәждеу сауалы бар, сертификаттаудан өткен үміткердің немесе тұлғаның жазбаша түрдегі өтініші.

2. Мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру тәртібі
1-параграф. Жалпы талаптар

      4. Мамандардың сәйкестігін растауды және біліктілікті беруді, мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жөніндегі орган (бұдан әрі - СРО) жүзеге асырады.

      5. Мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру ерікті сипатта болады және экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс істейтін тұлғалардың немесе жұмысқа не лауазымдық қызметке орналасу үшін тиісті біліктілік алуға ниет білдірген тұлғалардың бастамашылығы /ниеті бойынша жүргізіледі.

      6. Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандардың біліктілігін БӨШ-ке сәйкес БСШ-нің біліктілік деңгейлері бойынша Еңбек кодексінің 138-5-бабына сәйкес бекітілген кәсіптік стандарттар негізінде СРО береді және растайды.

      7. Сәйкестікті растау және біліктілікті беру туралы өтініштерді СРО жыл бойы қабылдайды және өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Сәйкестікті растау және біліктілікті беру өтінішінің нысаны осы Қағидаға 1-қосымшада келтірілген.

      8. Мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру рәсімдерін жүргізу мақсатында СРО жанынан өкілеттік мерзімі бір күнтізбелік жыл болатын тәуелсіз біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

2-параграф. Тәуелсіз біліктілік комиссиясы қызметінің тәртібі

      9. Комиссия СРО бұйрығымен құрылады және Комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жұмыс істейді. Ереже осы Қағидаларға сәйкес әзірленеді және СРО бекітеді.

      10. Комиссия:

      1) агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру схемасына сертификаттау процесінің сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      2) сертификаттау бойынша СРО шешімдерді қабылдау үшін емтихан нәтижелері бойынша СРО-ға құжатталған қорытындыны береді;

      3) сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасына сәйкес емтихан алушылардың кәсіптік құзыреттілігін талдауды және бағалауды өткізеді;

      4) өз қызметі процесінде алатын бүкіл ақпараттың құпиялығын сақтайды;

      5) комиссия жұмысының тәртібін, рәсімдерін және әдістерін анықтайды;

      6) ұсынылған өтініштерді қарайды;

      7) СРО ресми сайтында отырыстарды өткізудің күні мен уақытын орналастырады;

      8) үміткерлерден, сертификатталған тұлғалардан немесе олардың жұмыс берушілерінен және басқа да мүдделі тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарайды.

      11. Комиссияның құрамына төраға, қаралатын сертификаттау саласындағы сарапшы-аудитор, комиссия мүшелері кіреді.

      Комиссия төрағасы сарапшы-аудиторлардың, жергілікті атқарушы органдардың, кадрларды даярлау мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі салалық және өңірлік кеңестердің, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің, агроөнеркәсіптік кешені ұйымдарының, қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің өкілдері арасынан тағайындалады.

      Комиссия мүшелері, сонымен қатар сарапшы-аудиторлар, жергілікті атқарушы органдардың, кадрларды даярлау мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі салалық және өңірлік кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешені ұйымдарының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің, қоғамдық бірлестіктердің, қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің өкілдері арасынан тағайындалады.

      12. Комиссия төрағасы:

      1) комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

      2) комиссияның отырыстарын өткізеді;

      3) сәйкестікті растау және біліктілікті беру рәсімінің объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз етеді;

      4) СРО-ға комиссияның жұмысы бойынша қорытындылардың талдауын ұсынады және оның жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;

      5) емтихан нәтижелері бойынша біліктілікті растау немесе растамау туралы хаттаманы бекітеді.

      13. Комиссияның хатшысы:

      1) комиссия мүшелеріне отырыстың күні мен уақытын хабарлайды;

      2) комиссия отырыстарының хаттамасын жүргізеді;

      3) белгіленген тәртіпте комиссия жұмысының материалдарын рәсімдейді және СРО-ға бекітуге жібереді.

      14. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      15. Емтихан алушылар:

      1) өзінің кәсіптік қызметіне қатысты барлық өзгерістер туралы ақпаратты СРО-ға ұсынады;

      2) өзінің құзыреттілігі деңгейін әрдайым жетілдіреді және арттырады;

      3) өз қызметі процесінде алынатын барлық ақпараттың құпиялығын сақтайды.

      16. Сәйкестікті растау немесе тиісті біліктілікті беру туралы комиссияның шешімі бойынша еркін нысанда рәсімделетін хаттама жасалады және шешім қабылдау үшін СРО-ға жіберіледі.

      17. СРО төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) мамандық бойынша біліктілікті растау немесе бас тарту және сәйкестікті растау және біліктілік сертификатын (бұдан әрі - Сертификат) беру туралы;

      2) мамандық бойынша тиісті білім деңгейіне біліктілік беру немесе бас тарту және Сертификат беру туралы.

3-параграф. Сәйкестікті растаудың және біліктілікті берудің тәртібі

      18. Сәйкестікті растау және біліктілікті беруді растау тәртібінде СРО мыналарды қамтиды:

      1) үміткерден өтініштерді қабылдау;

      2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Сәйкестікті растау және біліктілікті беру жоспарына сәйкес материалдарды бағалау;

      3) СРО мен үміткердің арасында тараптардың жауапкершілігін, құқықтары мен міндеттерін көрсете отырып, сәйкестікті растау және біліктілікті беру бойынша жұмыстарды жүргізуге шартты рәсімдеу;

      4) сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасының талаптарына және бағалаудың құжатталған нәтижелеріне сәйкес емтихан өткізу;

      5) сертификаттау бойынша шешімдер қабылдау;

      6) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Сертификатты беру;

      7) сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасына сәйкес қайта сертификаттау. Қайта сертификаттау процесі үміткер ұсынған өтініш негізінде жүргізіледі;

      8) берілген Сертификаттарды есепке алу тізіліміндегі тиісті жазбамен Сертификатты беру.

4-параграф. Шағым-арыз комиссиясы қызметінің тәртібі

      19. СРО шешімімен келіспейтін тұлғалардың өтініші Шағым-арыз комиссиясына СРО шешімін алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде

      тапсырылады. Шағым-арызды қарау мерзімі жеті жұмыс күнін құрайды.

      20. Шағым-арыз комиссиясы СРО басшысының бұйрығымен құрылады және СРО шешімімен әзірленіп, бекітілетін Шағым-арыз комиссиясы туралы ереже негізінде жұмыс атқарады.

      21. Шағым-арыз комиссиясы:

      1) СРО шешіміне шағымданушы үміткердің жазбаша өтінішін қарайды;

      2) түскен шағымдардың қатаң есебін жүргізеді;

      3) сәйкестікті растау схемасын өзгерту және біліктілікті беру туралы ұсыныстар енгізеді.

      Шағым-арыз комиссиясы емтихан нәтижелерін бағалау барысының дұрыстығын, талаптардың сақталуын және даулы мәселелердің шешімін тексереді.

      22. Шағым-арыз комиссиясы қабылданған шешімдерді құжат түрінде растайды, бұл ретте өз қызметі процесінде алатын бүкіл ақпараттың

      құпиялығын сақтайды.

3. Қорытынды ережелер

      23. Емтиханды жақсы тапсырған тұлғаларға Сертификат беріледі.

      24. Сертификат:

      1) техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарын бітірген, диплом алған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде сертификаттаудан өткен тұлғалар үшін мерзімсіз болып табылады;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, барлығына үш жыл мерзіммен беріледі.

      25. Сертификат жоғалған жағдайда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жоғалудың жариялануын растайтын құжатпен қоса берілген өтініш негізінде, СРО оның көшірмесін береді.

      26. Сертификат бүлінген жағдайда нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсетумен сәйкестікті растау және біліктілікті беру сертификатының көшірмесін беру туралы СРО-ға өтініш беру керек, өтінішке сертификаттың бүлінген түпнұсқасын қоса ұсыну қажет.

      27. СРО сертификаттың жоғалуы мен бүлінуі туралы өтінішті қарайды және сертификаттарды беруді есепке алу тізілімінің негізінде "Көшірме" сөзін, бұрынғы нөмірлерді, берілу күні мен қолданылу мерзімін көрсетумен сәйкестікті растау және біліктілікті беру сертификатының көшірмесін береді.

  Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы
мамандардың сәйкестігін растау
және біліктілікті беру қағидасына
1-қосымша

      Нысан

Сәйкестікті растауға және біліктілікті беруге арналған өтініш

ФОТО
3X4


      Кімге________________________________________________________________

      (Мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру органының толық атауы)

      кімнен_______________________________________________________________

       (аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, мекенжайы, телефон, е-mаіl)

      Сәйкестікті__________________________________________________________

       (сәйкестікті растау және біліктілікті беру саласын көрсету)

      мамандық бойынша жүргізуді растауды өтінемін.

      Мен______________________________________________________саласындағы

      сертификаттау процесі бойынша нормативтік құжаттардың шарттары мен

      талаптарымен таныстым және қабылдаймын.

      Менің өтінішімдегі нысанда келтірілген деректердің тізілімде жариялануына болады.

      Мен берген мәліметтер рас, келешекте сәйкестікті растау және

      біліктілікті беру органына менің жеке мәліметтерімдегі бүкіл

      өзгерістерді хабарлауға міндеттенемін.

      Мен ақпаратты дұрыс бермеген жағдайда тізілімнен шығаруды түсінемін

      және қабылдаймын.

      Қосымшалар:

      1. Жеке куәліктің көшірмесі

      2. Жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда)

      3. Білім туралы құжаттың көшірмесі

      4. Еңбек қызметін растайтын құжаттар (болған жағдайда)

      5. Мәлімделген сертификаттау саласындағы біліктілікті арттыру туралы

      құжаттың көшірмесі (болған жағдайда)

      6. Емтихан хаттамасының көшірмесі (______схема бойынша) (болған жағдайда)

      7. Өтілден өтуін растайтын пікір-анықтама (______схема бойынша)

      Күні, мәлімдеушінің қолы, қол қоюларды ажырату.

      Ескерту - барлық көшірмелер әр бетте ұйымның мөрімен расталады немесе нотариалды түрде расталады.

  Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы
мамандардың сәйкестігін растау
және біліктілікті беру қағидасына
2-қосымша

      Нысан

Сәйкестікті растау және біліктілікті беру жоспары
20__жылғы "___" _____ _____________________________________________________________________

      (сәйкестікті растау және біліктілікті беру органның атауы)

      20__жылғы "____" өтінішін қарап, қосымша құжаттармен

      _____________________________________________________________________

       (өтініш берушінің аты-жөні, мекенжайы, телефоны)

      сәйкестікті растау және біліктілікті беруге

      _____________________________________________________________________

       (қызметтің атауы)

      Сәйкестікті растау және біліктілікті беру жөніндегі орган fs24ШЕШТІ:

      1. Сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасы бойынша өткізілсін.

      _____________________________________________________________________

       (сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасының нөмірі)

      2. Сәйкестікті растау және біліктілікті беру үшін өтініш берушінің

      құзыреттілігі ______________________________________________________

      (құзыреттілігі тексерілетін орталықтың атауы) негізінде тексеруді жүргізсін.

      3. Сәйкестікті растау және біліктілікті беруді

      _____________________________________________________________________

      (нормативтік құжаттың атауы, нөмірі және күні (қажет болған жағдайда

      тармақтардың нөмірлері)

      талаптарға сәйкес өткізсін.

      4. Жұмыстарды________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (шарттың нөмірі мен күнін көрсету)

      негізінде жүргізсін.

      ___________________________________ Мөрдің орны_________________

      (сәйкестікті растау жөніндегі орган (тегі, аты-жөні)

      басшысының қолы)

  Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы
мамандардың сәйкестігін растау
және біліктілікті беру қағидасына
3-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      сәйкестікті растау және біліктілікті беру жөніндегі органның атауы

Сәйкестікті растау және біліктілікті беру
СЕРТИФИКАТЫ

      Осы сертификат_____________________________________________________ке

       (тегі, аты-жөні)

      Біліктілікті беру/растау_____________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (Нормативтік құжат негізінде берілген сертификат)

      сәйкес берілді.

      Берілген сертификаттар тізілімінде тіркелген

      №_________________________________

       (сертификаттың нөмірі)

      201_жылғы "__"________берілді.

      201_жылғы "__"________ға дейін жарамды.

      Заңды тұлғаның басшысы (егер мамандардың сәйкестігін растау және

      біліктілікті беру жөніндегі орган заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі

      болып табылған жағдайда)

      _____________ ______________ __________________

      (лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

      Мөрдің орны

      Мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жөніндегі

      органның басшысы

      ______________ ______________ ________________

      (лауазымы) (қолы) (аты-жөні)