"Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 20/88 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 ақпанда № 14772 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 20/88 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8344 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 17 қазандағы № 233 (28172) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым минстрі

      _______________Е. Сағадиев

      2017 жылғы 18 қаңтар