«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың үй-жайы талаптарында:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нотариустың үй-жайын жертөле үй-жайларда, жер асты өтпелдерінде, киоскілерде, паркингтерде және басқа да уақытша құрылыстарда орналастыруға жол берілмейді.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Нотариустың үй-жайы нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған, келушілер күтетін (холл), нотариаттық іс жүргізуді сақтайтын кабинеттерден тұрады.
Нотариаттық іс жүргізуді сақтау үшін жеке үй-жай болмаған кезде, нотариаттық іс жүргізуді нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған кабинетте жабылатын темір шкафтарда сақтауға жол беріледі.
Нотариустың үй-жайы орналасқан ғимарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі ережесінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1431 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй және басқа үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды ұстау және пайдалануға қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар» ережесінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.».
2. «Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7451 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасы:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тағылымдамадан өтуші Нотариаттық палатаның басқармасының шешімімен бекітілген нотариуста тағылымдамадан өтеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тағылымдамадан өтушінің теориялық дайындығы тізбесін аумақтық нотариаттық палата бекіткен нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше зерделеу арқылы жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың 3) тармақшасының 3 абзацын, орыс тілінде өзгертусіз, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
«тағылымдамадан өту кезінде тағылымдамадан өтуші өз қолымен жасаған, тағылымдамадан өтуші және тағылымдама жетекшісі қол қойған нотариаттық құжаттардың үлгілерін қамтиды.».
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы К.Т. Ноғайбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі Б. Имашев
«Келісілді»
Республикалық нотариаттық
палатаның Төрағасы
2012 жылғы ________________
____________ Ә.Б. Жанәбілова