"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 504 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 қыркүйекте № 7948 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 103 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 21.02.2014 № 103 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкiмшiлiк рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы 
Iшкi iстер министрiнiң 
2012 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 504 бұйрығымен    
бекiтiлген       

«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттiк қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттiк қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу рәсімін айқындайды.
      2. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының аумақтық көшi-қон полициясы бөлiнiстерi (бұдан әрi – көшi-қон полициясы бөлiнiстерi) көрсетедi.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 2122-баптарының;
      2) «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2105 қаулысының (бұдан әрi – Стандарт);
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларының 4-тармағының негізінде жүзеге асырылады.
      5. Көші-қон карточкасының «тіркеу» бағанын толтыру немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
      6. Осы регламентте мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
      1) тұтынушы – мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiш бiлдiрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
      2) құрылымдық-функциялық бiрлiктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын уәкiлеттi органдардың жауапты адамдары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiнiстерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе кiшi жүйелер.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесiне қатысатын мемлекеттiк органдар мен өзге де субъектiлер:
      1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитетi (IIМ КҚПК) – шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды тіркейді;
      2) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының аумақтық көшi-қон полициясы бөлiнiстерi – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркейді.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттiк қызметтi тұтынушының уақытша тұратын жері бойынша Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша аумақтық көшi-қон полициясы бөлiнiстерi көрсетедi.
      Көші-қон полициясы бөлінісінің қызметкері барлық құжаттарды қабылдаған соң тұтынушыға Стандарттың 4-қосымшасындағы түріне сәйкес берілген күнін көрсетіп құжаттарды қабылдаған жөнінде талон беріледі.
      Мемлекеттік қызмет демалыс күндерінен басқа, аптасына алты күн (дүйсенбі - жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліс, сенбіде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін) ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi – IIМ) mvd.gov.kz және тiзбесi Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген облыстардың, Астана, Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң (бұдан әрi – IIД) интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде, сондай-ақ көшi-қон полициясы бөлiнiстерiнде орналасқан ресми ақпарат көздерi мен стендтерде орналастырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзiмдерi Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      11. Шетелдік және азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болатын тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбауы болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi iс-әрекеттердің
(өзара iс-қимыл жасасу) сипаттамасы

      12. Көшi-қон полициясы бөлiнiстерiнде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар мен уақыт бойынша көшi-қон полициясы инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар ұсынады.
      14. Ақпараттық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар жоқ.
      15. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне мынадай ҚФБ:
      1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттiк iшкi iстер органы бөлiмiнің, бөлiмшесiнiң, тобының көшi-қон полициясы бөлінісінің қызметкерi;
      2) облыстардың, Алматы және Астана қалаларының ішкi iстер департаментi Көшi-қон полициясы басқармасының қызметкерi;
      3) Қазақстан Республикасы IIМ КҚПК-нің қызметкерi қатысады.
      16. Осы регламентке 1-қосымшада әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттi орындау мерзiмiн көрсете отырып, әрбiр ҚФБ-ның әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдерiнiң) ретi мен өзара iс-қимыл жасасуының кестелiк сипаттамасы келтiрiлген.
      17. Осы регламентке 2-қосымшада мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды ретi мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы келтiрiлген.

«Қазақстан Республикасында уақытша
болатын шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттiк
қызмет көрсету регламентiне  
1-қосымша            

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің (рәсiмдердің) реті мен өзара iс-қимыл
жасасуының сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы. Негiзгi процесс.

Негiзгi процестiң iс-әрекетi (жұмыс барысы, ағыны)

1

Iс-әрекеттiң (жұмыс барысы, ағыны) №

1

2

2

ҚФБ атауы

ҚАIIО, ҚКПК

ҚАIIО, ҚКПК

3

Iс-әрекеттiң (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтiнiш берушiнiң құжаттар пакетiн қабылдау және тексеру

Журналдарды толтыру, арнайы есептер бойынша тексеру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмдік шешiм)

Журналда тiркеу және тіркеу туралы мөр қою немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап

«Бүркіт» БАЖ-ға ақпарат енгізу, тіркеу туралы мөр қою немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап

5

Орындау мерзiмi

Бір жұмыс күні ішінде

Бір жұмыс күні ішінде

«Қазақстан Республикасында уақытша
болатын шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттiк
қызмет көрсету регламентiне  
2-қосымша           

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің қисынды реті арасындағы өзара
байланысты көрсететiн сызбалар

Тұтынушы                          ҚАIIО, ҚКПК