Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 796 бұйрығы

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабындағы 8) тармақшасына сәйкес, "Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті" мемлекеттік мекемесінің шектеу іс-шараларын алу туралы 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 01-30-432 ұсынысы негізінде Сілеті ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ерейментау ауданының Сілеті ауылының аумағындағы шектеу іс-шаралары алынсын.
      2. Сілеті ауылы әкімінің "Ерейментау ауданының Сілеті ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2014 жылғы 02 маусымдағы № 4 шешімінің (№ 4222 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркелген, "Ереймен"-"Ерейментау" газеттерінде 2014 жылғы 14 маусымда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Сілеті ауылының
әкімі
Ж.Амангелдінов