"Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және техникалық реттеу департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының әділет органдарында заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазғарыш төрағасының орынбасары М.М.Молдабековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның міндетін атқарушы | М. Молдабеков |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 40-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді
қабылдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 03.10.2019 № 255/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ғарыш қызметі саласындағы қосарланған және әскери мақсаттағы жобаларды қоспағанда, ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 03.10.2019 № 255/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырыс беруші – ғарыш қызметі саласындағы жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2) ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жоба – шарт (келісімшарт) және (немесе) бюджеттік бағдарламаға сәйкес келетін, ол бойынша түпкі нәтижелері алынған ғарыш қызметі саласындағы жоба (бұдан әрі – аяқталған жоба);
3) орындаушы – аяқталған жобаны орындайтын заңды тұлға;
4) қабылдау комиссиясы – аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді кешенді тексеруді және бағалауды жүргізетін консультативті-кеңестік орган.
3. Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау аяқталған жобаларды орындау нәтижелерін оларды мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және (немесе) техникалық тапсырмалардың бекітілген көрсеткіштеріне сәйкестігіне бағалау мақсатында жүргізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.12.2014 № 362 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдауға мыналар:
1) ғарыш объектілері, ғарыш жүйелері, ғарыш зымыран кешендері, ғарыш техникасы және ғарыш зымыран кешендері өндірісінің құралдары, құрылыс аяқталғаннан кейін немесе қайта жаңарту, күрделі жөндеу, жаңғыртудан өткен ғарыш саласының өзге де объектілері;
2) егер оларды мақсаты бойынша одан әрі пайдалану және сериялық өндірісі туралы шешім қабылданса, ғарыш объектілерінің тәжірибелі үлгілерінің құрамдас бөліктері;
3) ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер;
4) ғарыш қызметі саласындағы тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жатады.
5. Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) бұйрығымен қабылдау комиссиясы құрылады.
Қабылдау комиссиясы мынадай аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдайды:
1) ғарыш объектілері және (немесе) оның құрамдас бөліктері;
2) ғарыш жүйелері;
3) ғарыш зымыран кешендері;
4) ғарыш айлағы объектілері.
Қабылдау комиссиясының құрамына:
комиссия төрағасы – уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары;
комиссия төрағасының орынбасары;
комиссия хатшысы (дауыс беру құқығынсыз);
қабылдау комиссиясының мүшелері жобаның ерекшелігіне байланысты: уәкілетті органның, тапсырыс берушінің, орындаушының, пайдаланушы ұйымдардың, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері (келісім бойынша) кіреді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.12.2014 № 362 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 03.10.2019 № 255/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қабылдау комиссиясы міндеттеріне:
1) орындалған жұмыстардың (қызметтердің) толықтығы мен сапасын тексеру және бағалау;
2) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген аяқталған жобалар нәтижелерінің нақты сипаттамаларының шартта (келісімшартта) және (немесе) бюджеттік бағдарламада бекітілген жоспарланған түпкі нәтижелеріне сәйкестігін тексеру және бағалау;
3) жұмыстардың барлық кезеңдерінде анықталған техникалық тапсырмадан, жобадан, нормативтік техникалық құжаттамадан жетіспеушіліктерді, ауытқушылықтарды жоюды қадағалау;
4) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген аяқталған жобалар нәтижелерінің пайдалануға дайындығын бағалау кіреді.
2-тарау. Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 03.10.2019 № 255/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Аяқталған жобалар бойынша салынған (қайта жаңартудан, күрделі жөндеуден, жаңғыртудан өткен) ғарыш саласы объектілерін қабылдау Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
8. Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдауды уәкілетті орган мынадай аяқталған жобалар бойынша:
1) Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша;
2) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және метрология саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес ғарыш қызметі саласындағы тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша дербес (қабылдау комиссиясын құрмай-ақ) жүргізеді.
9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген аяқталған жобалар бойынша барлық жұмыстарды орындағаннан кейін орындаушы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау актісін уәкілетті органға бекіту үшін ұсынады.
Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау актісіне мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша:
ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы аннотациялық есеп;
ғылыми-зерттеу жұмыстарына рецензия;
2) ғарыш қызметі саласындағы тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша:
конструкторлық жұмыстар туралы есеп;
тәжірибелік үлгі сынаулары туралы есеп (бар болған кезде).
10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау туралы шешімді уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам орындаушы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау актісін және ілеспе құжаттарды ұсынған күннен бастап, бес жұмыс күннен кешіктірмей қабылдайды.
11. Дербес әрекет ету мүмкіндігі бар аяқталған жобаның жекелеген кезеңдері уәкілетті органның бұйрығымен пайдалануға енгізіледі.
12. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген аяқталған жобалар бойынша барлық жұмыстарды орындағаннан кейін орындаушы аяқталған жоба және (немесе) бюджеттік бағдарлама атауын көрсетіп, аяқталған жоба нәтижелерін тапсыруға дайын екендігі туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды.
13. Уәкілетті орган аяқталған жоба нәтижелерін тапсыруға дайындығы туралы аяқталған жоба орындаушысынан жазбаша хабарламаны алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қабылдау комиссиясын құрады. Бұл ретте аталған жоба бойынша комиссия жұмысының басталу және аяқталу күні белгіленеді. Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау рәсімінің жалпы ұзақтығын уәкілетті орган аяқталған жобаның күрделілігі мен функционалдық тиесілігіне, оның технологиялық және пайдаланушылық сипаттамалары мен өлшемдеріне байланысты белгілейді және отыз жұмыс күннен аспауы тиіс.
Уәкілетті орган қабылдау комиссиясының барлық мүшелерін оның жұмысының басталу күні туралы қабылдау рәсімдерінің басталуына дейін бес жұмыс күннен кешіктірмей хабарлайды.
14. Қабылдау комиссиясы жұмыстарының нәтижелері бойынша бес жұмыс күні ішінде аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау үшін негіз болып табылатын хаттама жасалады.
Қабылдау комиссиясы мүшесінің (мүшелерінің) ерекше пікірі болған кезде туындаған қарсылықтар хаттамада көрсетіледі.
15. Аяқталған жобалар бойынша ескертулер анықталған кезде қабылдау комиссиясы тапсырыс беруші мен орындаушының атына жолдау үшін уәкілетті органға хаттаманы жолдайды.
Ескертулерді жойғаннан кейін орындаушы тапсырыс берушіге көшірмесін жолдай отырып, уәкілетті органға жою нәтижелері бойынша ақпарат ұсынады.
Ескертулерді жою нәтижелері бойынша ақпаратты уәкілетті орган орындаушыдан алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей аталған ақпаратты қабылдау комиссиясының барлық мүшелеріне жазбаша түрде жолдайды.
16. Қабылдау комиссиясының мүшелері жобаның аяқталғаны туралы хаттамаға қол қойғаннан кейін қабылдау комиссиясының хатшысы қабылдау актісін дайындайды. Хаттамасы қоса берілген қабылдау комиссия актісінің жобасы уәкілетті органның басшысына ескертулерді жою нәтижелері бойынша ақпарат немесе хаттама түскен күнінен бастап үш данада бес жұмыс күннен кешіктірмей ұсынылады.
Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау туралы шешімді уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам бес жұмыс күннен кешіктірмей аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау туралы қабылдау комиссиясының актісін бекіту арқылы қабылдайды.
Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген аяқталған жоба бойынша нәтижелерді қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының актісі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ресімделеді.
17. Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдауды жүзеге асыру үшін аяқталған жоба орындаушысы қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды:
1) аяқталған жобаның техникалық тапсырмасына сәйкес жұмыстың толық аяқталғаны туралы есепті;
2) жұмыстарды орындауға арналған шартты (келісімшартты) және (немесе) аяқталған жобаның барлық кезеңдерінде жұмыстар жүргізуге, қызметтер көрсетуге жеткізіп берушілермен жасалған шарттарды;
3) аяқталған жоба бойынша алынған нәтижелер туралы ақпаратты;
4) пайдаланушы және рұқсат беру құжаттаманың болуы туралы ақпаратты;
5) жүргізілген сынаулар (автономды, кешенді, ұшу) актілерін, оларды өткізу бағдарламалары мен әдістемелерін;
6) аяқталған жоба жұмыстарының аралық кезеңдерін қабылдау нәтижелерін;
7) ғарыш объектісінің, ғарыш жүйесінің, ғарыш зымыран кешенінің, ғарыш айлағының объектісі, оларға кіретін (бар болған кезде) құрамдас бөліктерінің және жүйелерінің төлқұжаттарын (формулярларын);
8) ғарыш объектісін, ғарыш жүйесін, ғарыш зымыран кешенін, ғарыш айлағының объектісін, оларға кіретін құрамдас бөліктері мен жүйелерін әзірлеуге, жобалауға және өндіруге қатысатын ұйымдар тізбесін;
9) қорғалатын аймақтар үшін жер телімін бөлу туралы құжаттарды (бар болған кезде);
10) пайдалануға берілген (ғарыш саласының объектілері және ғарыш техникасы өндірісінің құралдары) (бар болған кезде) салынған объектілерді қабылдау туралы тиісті қабылдау комиссиясының актісін;
11) қоршаған ортаны ластайтын заттарды тастауға, ығыстыруға, көмуге арналған рұқсат беру туралы құжаттарды (бар болған кезде) ұсынады;
12) тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы шарт (келісімшарт) шеңберінде ғарыш объектісін қабылдау актісі (бар болған кезде).
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.12.2014 № 362 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Аяқталған жобаны қабылдағаннан кейін осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары тапсырыс берушіде сақталады, ал көшірмелері уәкілетті органда қалады.
Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігінің
20__ жылғы "__"__________
№ _____ бұйрығымен бекітілген |
Аяқталған жоба бойынша нәтижелерді
қабылдау актісі
Біз, төменде қол қойғандар, Тапсырыс берушінің өкілі ______ бір тараптан, және Орындаушының өкілі _______________________, екінші тараптан, аяқталған жоба бойынша нәтижелерге шарт талаптарын қанағаттандыратындығы туралы осы актіге қол қойды және тиісті тәртіппен ресімделді.
Жұмыстардың (қызметтердің) түрлері:
Күнтізбелік жоспардың 1-тармағы бойынша _________ (сома, теңге)
Күнтізбелік жоспардың 2-тармағы бойынша _________ (сома, теңге)
Шарттың жалпы сомасы _________________________ (жазбаша) теңге.
Орындаушыға шартқа сәйкес аударылған шарттың жалпы сомасынан ___ % мөлшеріндегі аванс сомасы – _________________ (жазбаша) теңгені құрайды.
Көрсетілген қызметтер бойынша ертеректе актіленген сомалар – _____________ (жазбаша) теңге.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес 20___ жылғы ______________ айларға көрсетілген қызметтер көлемі - ________________ (жазбаша) теңге.
Орындаушының атына аударуға талап етілетін сома – _____________ (жазбаша) теңге.
Тапсырыс берушінің атынан: Орындаушының атынан:
_____________________________ __________________________
_____________________________ __________________________
_____________________________ __________________________
_____________________________ __________________________
(қолы) (қолы)
М.О. М.О.
Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігінің
20__ жылғы "___"_________
№ _____ бұйрығымен бекітілген |
Аяқталған жоба бойынша нәтижелерді қабылдау жөніндегі
қабылдау комиссиясының
актісі
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.12.2014 № 362 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Уәкілетті органның 20___ жылғы "___" _________ № ____ бұйрығымен құрылған қабылдау комиссиясы (бұдан әрi – Комиссия) мынадай құрамда:
Комиссия төрағасы _____________________________________________
Төраға орынбасары _____________________________________________
Өкілі ___________(мемлекеттік органның/мекеменің/кәсіпорынның атауы)
Өкілі ___________(ұйым атауы)
Комиссия ____________ (жоба атауы) аяқталған жоба бойынша __________________ (ұйым атауы) ұсынылған материалдарды қарады.
Комиссия бекітті:
________________ (комиссиямен жүргізілген жұмыс туралы ақпарат)
Комиссия шешті:
________________________________________ (комиссия қорытындысы)
Комиссия мүшелерінің қолдары:
Тапсырыс берушінің атынан: Орындаушының атынан:
_____________________________ __________________________
_____________________________ __________________________
_____________________________ __________________________
_____________________________ __________________________
(қолы) (қолы)
М.о. М.о.