"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 40/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7612 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 маусымда № 189-190 (27008-27009) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ғарыш қызметі саласындағы қосарланған және әскери мақсаттағы жобаларды қоспағанда, ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін белгілейді.";
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) бұйрығымен қабылдау комиссиясы құрылады.".
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібі".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Жумагалиев |