"Ғарыш қызметi саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелердi қабылдау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 3 сәуiрдегi № 40/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 ақпанда № 10185 тіркелді

      «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ғарыш қызметi саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелердi қабылдау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 3 сәуiрдегi № 40/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7612 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 маусымда № 189-190 (27008-27009) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау аяқталған жобаларды орындау нәтижелерін оларды мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және (немесе) техникалық тапсырмалардың бекітілген көрсеткіштеріне сәйкестігіне бағалау мақсатында жүргізіледі.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) бұйрығымен қабылдау комиссиясы құрылады.
      Қабылдау комиссиясы мынадай аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдайды:
      1) ғарыш объектілері және (немесе) оның құрамдас бөліктері;
      2) ғарыш жүйелері;
      3) ғарыш зымыран кешендері;
      4) ғарыш айлағы объектілері.
      Қабылдау комиссиясының құрамына:
      комиссия төрағасы – уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары;
      комиссия төрағасының орынбасары;
      комиссия хатшысы (дауыс беру құқығынсыз);
      қабылдау комиссиясының мүшелері жобаның ерекшелігіне байланысты: уәкілетті органның, тапсырыс берушінің, орындаушының, пайдаланушы ұйымдардың, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері (келісім бойынша) кіреді.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      «17. Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдауды жүзеге асыру үшін аяқталған жоба орындаушысы қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды:
      1) аяқталған жобаның техникалық тапсырмасына сәйкес жұмыстың толық аяқталғаны туралы есепті;
      2) жұмыстарды орындауға арналған шартты (келісімшартты) және (немесе) аяқталған жобаның барлық кезеңдерінде жұмыстар жүргізуге, қызметтер көрсетуге жеткізіп берушілермен жасалған шарттарды;
      3) аяқталған жоба бойынша алынған нәтижелер туралы ақпаратты;
      4) пайдаланушы және рұқсат беру құжаттаманың болуы туралы ақпаратты;
      5) жүргізілген сынаулар (автономды, кешенді, ұшу) актілерін, оларды өткізу бағдарламалары мен әдістемелерін;
      6) аяқталған жоба жұмыстарының аралық кезеңдерін қабылдау нәтижелерін;
      7) ғарыш объектісінің, ғарыш жүйесінің, ғарыш зымыран кешенінің, ғарыш айлағының объектісі, оларға кіретін (бар болған кезде) құрамдас бөліктерінің және жүйелерінің төлқұжаттарын (формулярларын);
      8) ғарыш объектісін, ғарыш жүйесін, ғарыш зымыран кешенін, ғарыш айлағының объектісін, оларға кіретін құрамдас бөліктері мен жүйелерін әзірлеуге, жобалауға және өндіруге қатысатын ұйымдар тізбесін;
      9) қорғалатын аймақтар үшін жер телімін бөлу туралы құжаттарды (бар болған кезде);
      10) пайдалануға берілген (ғарыш саласының объектілері және ғарыш техникасы өндірісінің құралдары) (бар болған кезде) салынған объектілерді қабылдау туралы тиісті қабылдау комиссиясының актісін;
      11) қоршаған ортаны ластайтын заттарды тастауға, ығыстыруға, көмуге арналған рұқсат беру туралы құжаттарды (бар болған кезде) ұсынады;
      12) тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы шарт (келісімшарт) шеңберінде ғарыш объектісін қабылдау актісі (бар болған кезде).»;
      2-қосымшада:
      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті органның 20___ жылғы «___» _________ № ____ бұйрығымен құрылған қабылдау комиссиясы (бұдан әрi – Комиссия) мынадай құрамда:».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі                  Ә. Исекешев