Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 185 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 сәуірде № 7604 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 550 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 22.08.2014 № 550 бұйрығымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 71-бабының 6-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б. Бердалин):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны алдағы уақытта ресми жариялауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                 Қ. Қасымов

Бекітілді     
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 185 бұйрығымен 

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын
ауыстыру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексіне (бұдан әрі - ҚАК) сәйкес әзірленді және бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелеріне (бұдан әрі - ТМ) орналастыру тәртібін айқындайды.
      2. Сотталғандарды бір ТМ-нен басқаға орнын ауыстыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖК) нұсқауы бойынша:
      1) сот актілері;
      2) сотталғанды денсаулық жағдайына байланысты орнын ауыстыру туралы ТМ-нің сұрауы;
      3) сотталғанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ТМ қорытындысы;
      4) ТМ-ді қайта құру туралы шешімі негізінде жүзеге асырылады.
      3. Сотталғанды денсаулық жағдайына байланысты орнын ауыстыру туралы ТМ сұрауына ауру тарихынан үзінді қоса беріледі.
      4. Қылмыспен күресте және құқықтық тәртіпті сақтауда, ТМ-де сотталғанның өміріне қауіп төнген жағдайда, сондай-ақ сотталғандарды ұстау режимінің тәртібін қасақана бұзған жағдайда көмек көрсететін адамдарды оқшаулау үшін сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ТМ-нің қорытындысы қабылданады.
      5. Сотталғандарды басқа ТМ-ге орнын ауыстыру туралы ҚАЖК-ның нұсқауын ТМ түскен күнінен бастап бір ай ішінде орындайды.
      6. Сотталғандарды бір ТМ-нен басқаға орнын ауыстыру туралы ҚАЖК нұсқауы ТМ-де орналастыру үшін бос орындар болмаған жағдайда ҚАЖК нұсқауы бойынша жүзеге асырылады. Лимиті асқан ТМ-де басқа ТМ-нен сотталғандар ауыстырылмайды.
      7. ТМ-де режимдік-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде басқа ТМ-нен сотталғандар орын ауыстырмайды.
      8. Сотталғандардың орын ауыстыруы туралы ТМ әкімшілігі туысқандарының біріне немесе заңды өкіліне (сотталғанның қалауы бойынша) хабарлайды.
      9. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар бір ТМ-нен басқа ТМ-ғе айдауылдау арқылы орналастырылады.
      10. Сотталғандарды орналастыру кезінде олар ТМ-де (жіберуші органмен) киіммен, маусымдық аяқ киіммен, сондай-ақ жол жүруінің барлық кезеңіне сотталғандарға белгіленген норма бойынша азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.
      11. Сотталғанды бір ТМ-нен басқа ТМ-ге орналастыру кезінде, оның жеке есеп шотындағы ақшалары сотталған жіберілген мекемедегі оның жеке есеп шотына бір ай мерзім ішінде аударылады.
      12. Сотталғандарды орналастыру мемлекет есебінен жүзеге асырылады.