Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 сәуірдегі "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" № 57-П бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 63-ОД Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 сәуірде № 7579 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 346 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.04.2015 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңының 1-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 сәуірдегі «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» № 57-П бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5689 тіркелген, «Юридическая газета» газетінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 100 (1694), «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 100 (1523) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулықта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеуді жерге орналастыру жұмыстарын орындайтын азаматтар және заңды тұлғалар (жобаны әзірлеуші) жүзеге асырады.».
      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Әкімшілік құқықтық департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы Бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдануын және оны мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының орынбасары К.Ө.Райымбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Жер ресурстарын басқару агенттігі
      Төраға                                               Қ. Отаров

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      ___________ С. Қайырбекова
      « »          2012 жыл

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау министрі
      ___________ Н. Қаппаров
      « »              2012 жыл

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрі
      __________ Ә. Исекешев
      « »           2012 жыл