Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 сәуірдегі N 57-П Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5689 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 346 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.04.2015 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына , 140-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына 149 және 150-баптарына сәйкес, сондай-ақ бүлінген жерлерді қалпына к елтіру мәселелерін реттеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры департаментінің Мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі басқармасы осы Бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының орынбасары К.Ө.Райымбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           Ө. Өзібеков

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      ___________ Ж. Досқалиев
      2009 жылғы 10 сәуір

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрі
      ___________ Н. Әшімов
      2009 жылғы 6 мамыр

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі
      ___________ С. Мыңбаев
      2009 жылғы 30 сәуір

Қазақстан Республикасы  
Жер ресурстарын басқару 
агенттігі төрағасының  
2009 жылғы 2 сәуірдегі  
N 57-П бұйрығымен бекітілген

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулық 1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына , 140-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына 149 және 150-баптарына сәйкес әзірленді және пайдалы қазбалар мен кен орындарында, геологиялық барлау, іздестіру, құрылыс және басқа жұмыстарды орындау кезінде бүлінген (бүлініп жатқан) топырақ қабатын, жерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жұмыстарын нақтылайды.
      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер:
      1) аршылымды жыныстар – ашық қазып алу барысында аударылған топырақ ретінде қазып алынуға және тасымалдануға жататын пайдалы қазбаларды жабатын және өзіне сыйдыратын жыныстар;
      2) құламаларды жайландыру – ойыс үйінділердің құламаларының және карьер борттары мен карьердегі ойыстардың бұрыштарын азайту мақсатында жүргізілетін жер жұмыстары;
      3) жарамдылығы аз таужыныстар өсімдіктердің өсуіне қолайсыз физикалық және (немесе) химиялық ерекшелігі бар жыныстар;
      4) мелиорациялау кезеңі – қалпына келтірілетін жердің сапасын жақсарту және олардың құнарлығын қалпына келтіруді жүзеге асыратын уақыт интервалы;
      5) жерді қалпына келтіру – белгілі бір мақсатта пайдалану үшін бүлінген жерді қалпына келтіруге, оның ішінде бүлінген жердің кері әсер ету нәтижесінде өз құндылығын толық немесе жартылай жоғалтқан іргелес жатқан жер учаскелері, сондай-ақ қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені;
      6) жердің бүлінуі – пайдалы қазбаларды өндіруде оның ішінде геологиялық-барлау, іздестіру, мұнай және мұнай өнімдерін алу, құрылыс және өзге жұмыстар барысында топырақ жамылғысының, жергілікті жер рельефінің гидрологиялық режимінің бүлінуіне және жер жағдайының өзге де сапалық өзгерістеріне әкеліп соқтыратын процесс;
      7) бүлінген жер – адамның өндірістік қызметі нәтижесінде бастапқы ландшафтын және өзге құндылығын жоғалтқан немесе топырақ жамылғысының, гидрологиялық режимнің және жер бедерінің өзгеруіне байланысты қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету көзі болып табылатын жер;
      8) тегістеу жұмыстары – бүлінген жердің бетін тегістеу, құламаларды, карьер борттары мен үйінділерін жайландыру жөніндегі жұмыстар;
      9) топырақтың құнарлы қабаты – өсімдіктердің өсуіне қолайлы физикалық, химиялық және агрохимиялық құрамы бар топырақ профилінің жоғарғы қара шіріктелген бөлігі;
      10) топырақтың әлеуетті–құнарлы қабаты – өсімдіктердің өсуіне қолайлы физикалық, химиялық және агрохимиялық құрамы бар топырақ профилінің төменгі бөлігі;
      11) қалпына келтіру жобасы – графикалық бейне мен негіздемелерден, есептер мен сипаттамалардан, есептерден, сызбалардан тұратын техникалық, экономикалық, жоспарлы құжаттардың жиынтығы;
      12) қалпына келтіру қабаты – өсімдіктердің өсуіне жағымды қасиеттері бар жерді қалпына келтіру барысында жасанды құрылатын қабат.

2-бөлім. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу        1-тарау. Жобаларды әзірлеудің негізгі ережелері

      3. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеуді жерге орналастыру жұмыстарын орындайтын азаматтар және заңды тұлғалар (жобаны әзірлеуші) жүзеге асырады.»
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2012.03.26 № 63-ОД (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      4. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасында:
      ауданның табиғи жағдайларын (климатын, топырақ - өсімдік жамылғысын, геологиялық және гидрологиялық жағдайларын);
      ауданның даму болашағын;
      жерлерді қалпына келтіру уақытында бүлінген жердің нақты және болжамдық жағдайын (аумағы, жергілікті жердің бедер нысаны, шөптің табиғи өсуінің дәрежесі, топырақ қабатының құнарлылығы мен құнарлы тау жыныстарының әлеуетінің бар болуы, сумен толтыру, эрозиялық процесстер, ластану деңгейі);
      химиялық және гранулометриялық құрамның, агрохимиялық және агрофизикалық қасиеттердің, тау жыныстарының аршылған және сыйымдылық сипаттамасы мен олардың үйінділердегі қоспасының инженерлік-геологиялық сипаттамаларының көрсеткіштері;
      бүлінген жерлер орналасқан аудандардың шаруашылық-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларын;
      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар ескерілуі тиіс.
      5. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу:
      1) жер учаскесін берген кезде, оны пайдалануы жердің бүлінуіне әкеліп соқтыратында - жер учаскесін беру туралы жергілікті атқару органдардың шешімі қабылдағаннан кейін және жер бүлінуіне байланысты жұмыстардың басталуына дейін;
      2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертілгенде, оның нәтижесінде пайдалануы жердің бүлінуіне әкеліп соқтыратында - жер учаскесін беру туралы жергілікті атқару органдардың шешімі қабылданғаннан кейін және жер бүлінуіне байланысты жұмыстардың басталуына дейін;
      3) бұрын бұзылған жерлерде, оларды бүлдірген тұлғалар туралы мәліметтер жоқ болғанда - жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізілуі тиіс.
      Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу мерзімі, пайдалануы жердің бүлінуіне байланысты болған жағдайда, жер учаскесін беру немесе нысаналы мақсатын өзгерту туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімінде бекітіледі.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2011.02.21 № 29-ОД (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қалпына келтіру жобаларын әзірлеу сатылары 1 параграф. Қалпына келтіру жобасын әзірлеу сатысы

      6. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеу рәсімі келесі жүйеде жүргізіледі:
      1) дайындық жұмыстары (камералдық және далалық);
      2) іздестіруді жүргізу;
      3) бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеу;
      4) жобаны келісу және беру.
      7. Жобалау құрылыстың бекітілген, техникалық–экономикалық есептері немесе техникалық–экономикалық негіздемелері қабылданған шешімдер негізінде жүзеге асырылады.

2-параграф. Дайындық жұмыстары (камералдық және далалық)

      8. Дайындық жұмыстары кезеңінде камералдық жұмыстар жүзеге асырылады, ол қалпына келтіруге жататын жер учаскелерін далалық зерттеулерді жүргізуге арналған жоспарлы–картографиялық материалдарды іріктеу, топырақтық және топырақтық–мелиоративті іздестірулер материалдарын, тізімдеу материалдарын құрайды.
      9. Қалпына келтіруге жататын жер учаскелерін далалық зерттеу жұмыстары жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауданның (қаланың) жер қатынастары жөніндегі өкілетті органдарының өкілетті өкілдерінің қатысуымен жобаны әзірлеушілермен, тапсырыс берушімен және қажет болған жағдайда басқа мамандармен жүргізіледі.
      10. Далалық зерттеу барысында:
      объектінің орналасқан жерін, бүлінген жердің нақты шекараларын анықтау, қалпына келтірілетін учаскелерді болашақта пайдалану мүмкіндігін белгілеу;
      бүлінген жерлерді қалпына келтіру үшін үйінділердегі әлеуетті құнарлы жыныстар мен топырақтың құнарлы қабатының бар болуын анықтау;
      бүлінген жерлерді қалпына келтіру үшін олардың көлемі және әлеуетті құнарлы жыныстар мен топырақтың құнарлы қабатының қажетті көлемін белгілеу;
      үйінділердегі топырақтың құнарлы қабаты мен әлеуетті құнарлы жыныстарының сапасын, олардың минералогиялық және механикалық құрамын, жыныстардағы улы тұздардың бар болуы мен химиялық мелиорацияның қажеттілігін, ылғалдану мен табиғи өсу жағдайын алдын ала анықтау;
      қосымша топографиялық және топырақтық–мелиоративтік, агро орман мелиоративтік, геологиялық және гидрогеологиялық іздестірулерді жүргізудің қажетті көлемін анықтау.
      Ластанған жерде қосымша ластану себебі мен көзі, топырақ ластануының қауіптілік дәрежесі анықталады.
      11. Жер учаскелерін далалық зерттеу нәтижелері қалпына келтіруге жататын бүлінген жерлерді зерттеу актісімен осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес зерттеу сызбаларын дайындау арқылы ресімделеді.
      12. Жер учаскелерін далалық зерттеу материалдары негізінде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушімен бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеу үшін тапсырма дайындалады.

3-параграф. Іздестіру өндірісі

      13. Далалық зерттеу нәтижелері бойынша келесі іздестірулер жүргізіледі:
      топографиялық;
      топырақтық–мелиорациялық;
      аграрлық орман мелиорациялық;
      геологиялық және гидрогеологиялық.
      14. Топографиялық іздестірулер 1:1000-1:5000 масштабында орындалады. Қажет болғанда 1:500 масштабта орындалады.
      15. Топырақтық-мелиорациялық іздестіру материалдар қамтамасыз етуі тиіс:
      бүлінуге жататын жерде топырақтың құнарлы қабатының және әлеуетті құнарлы жыныстардың күй-жайының толық сипаттамасын алу, сондай-ақ қуаттылығын белгілеу және құнарлы қабатын алу тәртібі, оны сақтау жағдайын және кейін пайдаланылуын анықтауды;
      бүлінген жерде техникалық немесе биологиялық қалпына келтіру жобаларын құру үшін қоспалар мен топырақтардың қасиеттері мен белгілерін анықтау;
      топырақтың құнарлы қабатын көбірек салу жолымен осы алқаптың өнімділігін арттыру жөніндегі қажетті жобалық шешімді әзірлеу үшін аз өнім беретін алқаптардағы топырақтың қасиеттері мен белгілері туралы деректер алу.
      16. Мұнаймен ластануға ұшыраған жерлерді зерттеу кезінде мұнай өнімдері көп жерлердің жиегі белгіленеді, ластану тереңдігі анықталады, топырақ құрамындағы мұнай өнімдері деңгейін анықтау үшін сынамалар таңдалады. Топырақ мұнай өнімдерімен ластанған кезде ластағыштардың таралу шекарасының түбіне дейін сынамалар алынады.
      Ластағыш заттарды анықтау әдістерінің жалпы талаптары "МЕМСТ 17.4.0.03-85 Табиғатты қорғау. Топырақтар. Ластағыш заттарды анықтау әдістеріне жалпы талаптар" Мемлекеттік стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
      Топырақтық–мелиорациялық іздестіру қорытындылары бойынша "МЕМСТ 17.5.1.03-86 Табиғатты қорғау. Жер. Жерді биологиялық қалпына келтіру үшін аршалымды және сиымды жыныстардың классификациясы" және "МЕМСТ 17.5.3.06-85 Табиғатты қорғау. Жер. Жер жұмыстары өндірісінде топырақтың құнарлы қабатын сыдыртып алу нормаларын белгілеуге талаптар" Мемлекеттік стандарттарына сәйкес топырақтық–мелиорациялық іздестіру нәтижелері бойынша бүлінген жерлердің топырақтық-мелиоративтік карталары әзірленеді, ал қажет болған жағдайда жердің бүліну дәрежесі бойынша жыныстардың улылығы, тұздануы, сортаңдануы, ауыр металдардың, мұнайлы көмірсутектердің құрамы, аршылатын жыныстарды пайдалану, топырақтың құнарлы қабатын алу, топырақ–мелиоративтік картограммалар дайындалады.
      Топырақтық-мелиорациялық іздестіру материалдарының түсіндірме жазбасында зерттеу объектісінің топырақтың төменгі қабатының сапасы туралы қорытынды, минералды тыңайтқыштарды енгізу және мелиоративті кезеңде егу үшін жарамды шөптер мен шөп қоспаларының, ағашты–бұталыларының түрлерінің жыныстардың тізімдері беріледі.
      Жерді игеру үшін қарастырылған өнімділігі аз алқаптарда топырақтың құнарлы қабатын салу жолымен осы алқаптардың өнімділігін арттыруға арналған жобалық шешімдерді қабылдау кезінде қажетті топырақтың белгілері мен қасиеттері туралы деректерді алу мақсатында топырақ іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл ретте өнімділігі аз алқапқа топырақтың құнарлы қабатын салуға байланысты шығындар жаңа жерді игеру құнының нормасынан аспауы керек.
      17. Аграрлық орманды мелиоративтік іздестірулер қалпына келтірілетін алаңдарда түрлі мақсатта ағаш отырғызу мүмкіндігін анықтау үшін жүргізіледі.
      18. Геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер топырақтық–мелиоративті іздестірулермен бір кешенде жамылғы жыныстарының сипаттамасын, топырақ суының режимін алу мақсатында жүргізіледі.
      Іздестіру барысында сынамаларды таңдау бедерді және топырақ жамылғысының бүліну дәрежесі ескере отырып, әр жағдайда горизонттық белдеулер немесе берілген топырақ түрінің қабаттары үшін типтік топырақ бөлігі берілетіндей болып жүзеге асырылуы керек.

4-параграф.
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеу

      19. Қалпына келтіру жобасы жобаны әзірлеу мен іздестіру материалдарына берілген тапсырмалар негізінде әзірленеді.
      20. Қалпына келтіру жобасының құрамында келесі жұмыстар жүргізіледі:
      жерді қалпына келтіру бағытына байланысты бүлінген жерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың технологиясын әзірлеу;
      жер жұмыстарының, техника қажеттілігін, тыңайтқыштар, отырғызылатын материалдар, тұқымдар және тағы басқалардың көлемін анықтау;
      өндіру жұмыстарын ұйымдастыру (қалпына келтірудің күнтізбелік кестесі);
      сметалық құжаттарды жасау;
      жұмыс өндірісі жөніндегі жұмыс сызбаларын әзірлеу.

5-параграф. Жобаны келісу және беру

      21. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы, жер қатынастары жөніндегі өкілетті органмен келісіледі және тапсырыс берушімен бекітіледі.
      Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органымен берілген (берілетін) жер учаскелердің құрамындағы бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жер қатынастары жөніндегі өкілді органмен келісу жүргізіледі, ал қалған жағдайда - бүлінген жерлердің орналасқан жері бойынша ауданның (қаланың) жер қатынастары жөніндегі өкілді органымен келісіледі.
      Қоршаған ортаның әсерін бағалау мақсатында бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік экологиялық және санитралық-эпидемиологиялық сараптамаларға жіберілуі мүмкін. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық оң сараптама алғанда келісіледі.
      22. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы тапсырыс берушіге, жобаны келісімдеген жер қатынастары жөніндегі өкілетті органға беріледі, бір данасы жобаны әзірлеушіде қалады.

Бүлінген жерлерді қалпына
келтіру жобаларын әзірлеу
туралы нұсқаулыққа  
1-қосымша       

Нысан                   

Қалпына келтіруге жататын бүлінген жерлерді зерттеу
АКТІСІ

______ жыл "____"____________
_____________________________________________________________________
                        (Аты-жөні, лауазымы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(кен орындарын өңдейтін, құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
бүлінген немесе бүлінуге жататын жер учаскесіне зерттеу жүргізді
      Зерттеу нәтижесінде анықталды:
      1. Бүлінген жер учаскесінің алаңы __________________ орналасқан
_____________________________________________________________________
      (учаскенің нақты орналасқан жерді, жер бөлу құжаттарына
_____________________________________________________________________
                  сәйкес пайдаланылуы анықталады)
      2. Бүлінген жер учаскелеріне жақын жатқан жерлердің
пайдаланылуы ________________________________________________________
          (жердің нақты пайдаланылуы, сондай-ақ сызбаларға, жобаларға
_____________________________________________________________________
және басқа материалдарға сәйкес болашақта пайдаланылуы көрсетіледі)
      3. Бүлінген жердің сипаттамасы ________________________________
_____________________________________________________________________
            (бүлінудің түрлері, алаңдық сипаттамалары)
      4. Жерді пайдаланушының немесе жердің меншік иесінің
ұсыныстары:__________________________________________________________
         (жер пайдаланушының немесе жердің меншік иесінің ұсыныстары,
_____________________________________________________________________
            - негізделуімен және себептерімен көрсетіледі)
      Жер учаскелерін зерттеу нәтижесінде жобада төменгілерді
қарастыру керек деп ұсынылды:
      1. Қалпына келтірудің бағыттары:_______________________________
_____________________________________________________________________
  (алқап түрлері немесе жерді шаруашылықта пайдаланудың бағыттары)
      2. Қалпына келтірудің техникалық кезеңінің жұмыс
түрлері:_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
      3. Қалпына келтіру үшін учаскелердегі топырақтың құнарлы қабаты
мен потенциалды құнарлы жыныстарды пайдалану_________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Қалпына келтірудің биологиялық кезеңін жүргізудің
қажеттігі:___________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Қолдағы бар масштабы _______________ бүлінген жердің
топографиялық жобаларын және де масштабы ___________ бар топырақтық
зерттеулер пайдаланылсын.
      Бар материалдар ________________ масштабтағы топографиялық
зерттеулердің ______________________________________________________,
_________________, топырақ–мелиоративтік зерттеу ____________________
басқа зерттеулердің бар материалдарымен толықтырылсын.

Қосымша:
Бүлінген жерлердің сипаттамасы (контурлық ведомост)
Жер пайдалану жоспарының көшірмесі ___________________________
Бүлінген жерлердің сызбасы
      Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауданның (қаланың) жер
қатынастары жөніндегі уәкілетті органның өкілдерінің, тапсырыс
берушінің және басқа мамандардың қолдары:
      1.___________________________________________________________
      2.___________________________________________________________
      3.___________________________________________________________

Ескерту: нақты бір жағдайларда қажет болғанда, шешілетін мәселелердің мазмұны актіде өзгертілуі мүмкін.

Бүлінген жерлерді қалпына
келтіру жобаларын әзірлеу
туралы нұсқаулыққа  
2-қосымша      

Нысан                   

"Келісілді"                          "Бекітемін"
Жобаны әзірлеуші (толық атауы,       Тапсырыс беруші
Аты-жөні)                            (толық атауы, Аты-жөні)
_______________________________      _______________________________
200_ жылғы "__" _______________      200_ жылғы "__" _______________

Қол үшін және мөрдің орны            Қол үшін және мөрдің орны

Бүлінген жерлерді қалпына келтірудің жұмыс жобасын әзірлеуге
ТАПСЫРМА

N

Тізбе

Көрсеткіштер

1

2

3

1

Жобалау үшін негіздер (бүлінген жерлерді тексеру актісі)


2

Жобаны әзірлеуші


3

Жобалау сатысы



техникалық кезең



биологиялық кезең


4

Объектінің - учаскенің атауы


5

Объектінің - учаскенің орналасқан жері (әкімшілік аудан)


6

Қалпына келтіру объектісінің сипаттамасы:



жалпы алаңы, гектар



оның ішінде болжаммен (алдын ала) пайдаланылатыны



егістік



шабындық



жайылым



көп жылдық екпелер



орман екпелері, орман алаптарын қоса



шалғындау



өндірістік және өндірістік емес құрылыс


7

Қатпарланып үйілген қорлардың болуы (немесе құнарлы қабаттан алынатын көлемі), мың куб метр


8

Қатпарланып үйілген қорлардың потенциалды құнарлы жыныстардың болуы (немесе алынатын көлемі) мың куб метр


9

Уақытша үйінділер үшін бөлінетін алаңы, гектар


10

Техникалық мәселелер:



тұздануы және екінші улылық жыныстардың дәрежесі



ластану деңгейі



ластанудың бойлаған тереңдігі



объектінің сулану дәрежесі және құрғатудың (дренаж) қажеттілігі



су және жел эрозиясының және басқа геодинамикалық процестердің даму дәрежесі



тас басу дәрежесі



ағашты-бұталы өсімдіктердің басу дәрежесі


11

Қажетті зерттеулердің түрлері және көлемдері _________________________________


12

Жұмыстардың алдын ала кезеңінің басталу және аяқталу мерзімі:
қалпына келтірудің техникалық кезеңі
қалпына келтірудің биологиялық кезеңі


13

Қалпына келтіру жобасының аяқталу мерзімі


14

Ерекше жағдайлар