"2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/310-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 03 қарашадағы N 33/394-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 04 қарашада N 2558 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 521/01-06 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық әкімдігінің 15.04.2013 N 72 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына және 9-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Кербұлақ аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
       2. "Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған бітірушілеріне белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдаманы қамтамасыз етсін.
       3.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
       4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Жантілеуов