Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерінің бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде (Бірыңғай бірегейлік статистикалық жүйе)

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2005 жылғы 17 маусымдағы N 27 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3704. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 18 қарашадағы № 122 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiмге қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше
мемлекеттердiң интеграцияланған валюталық
рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы
туралы келiсiмге қол қою туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiмге қол қойылсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi