"Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 908 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 18077 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7102 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 қазан № 151 (1967) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      48-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-1. Аралық әуежайларда әуе кемелерінің экипаждарына ұшар алдындағы ақпараттық-консультативтік қызмет көрсеткен кезде ұшу алдындағы дайындық уақытын қысқарту мақсатында пайдаланушы немесе оның өкіліне метеорологиялық ақпарат пен ұшу құжаттамасын бортқа жеткізуге рұқсат береді.

      Пайдаланушы немесе оның тағайындалған өкілі әуе кемесінің экипажын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15852 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 наурыздағы ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларында көзделген метеорологиялық ақпарат пен ұшу құжаттамасын толық көлемде дер кезінде қамтамасыз етуді және оны жеткізуді ұйымдастырады, оларға: флайт-жоспар, ұшар алдындағы ақпарат бюллетені, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) және ұшудың навигациялық жоспары кіреді.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек