Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысанын

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 385 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 29 маусымдағы № 192 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 шілдеде № 7089 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 739 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 543 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 624-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына:

Аманбаев              - Қазақстан Республикасының Әділет
Әмірхан Тапашұлы        министрінің орынбасары енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан Марат Бақытжанұлы Бекетаев шығарылсын;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 800 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 800 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов