Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділі

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 14 маусымдағы № 168 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 маусымда № 7044 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 457 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Евден шағын ауылы тұрғындарының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 22 қазандағы "Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Дөнентаев, Сырлы-қала, Көктерек және Евден ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы" N 1-08 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 2 желтоқсанда N 12-2-117 болып енгізілді, "Ақжол" – "Новый путь" қалалық газетінде 2009 жылғы 12 желтоқсанда N 94 (783) жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағының 4—абзацы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Мәмәйіт Омаров атындағы
      селолық округінің әкімі                    Ж. Қайырханов