Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлi

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 457 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8177 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының 2014 жылғы 6 тамыздағы № 186 бұйрығымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 19.08.2013 N 20-2 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Көксу ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2012 жылдың бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Көксу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 31 тамыздағы "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін 2011 жылы әлеуметтік көмек беру туралы" N 59-4 (Алматы облыстық Әділет департаментінде 2011 жылдың 22 қыркүйектегі 2-14-113 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 30 қыркүйектегі Көксу аудандық "Нұрлы Көксу" газетінің 39(94) нөмірінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның білім, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан мәслихатының хатшысы,
      сессия төрағасы                            Ә. Досымбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Көксу ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Айгүл Нұртайқызы Шаяхметова
      25 шілде 2012 жыл

      Көксу ауданының қаржы
      бөлімінің бастығы                          Серік Сапарұлы Нұрмұхамбетов
      25 шілде 2012 жыл