Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 18 қазандағы № 748 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 қазанда № 33563 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы И. Лепеха

  Министрдің міндетін атқарушы
2023 жылғы 18 қазандағы
№ 748 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Көлік оқиғасының схемасын жасау ережесін және олардың үлгі нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6778 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жол белгілерін және таңбаларын бейнелеу олардың цифрлық белгілеулері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) бекітілген Жол жүрісі қағидаларына сәйкес жүргізіледі".

      2. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 971 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10227 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығында

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      5) радар – бұл көлік құралдары қозғалысының жылдамдығын және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) Жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды бейнетіркеуді бақылауға арналған бейнетіркегіші бар жылдамдықты өлшеуіш.

      3. "Елді мекендерде және қала сыртындағы автомобиль жолдарында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10227 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, елді мекендерде және қала сыртындағы автомобиль жолдарында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулығында

      35-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Жол жүрісі қағидалары, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелері, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) Жол жүрісі қағидаларын (бұдан әрі - ЖЖҚ) бұзуға жол беретін азаматтардың, құқық бұзушылардың жүруі мүмкін орындарға және қауіпті жерлерде ойнап жүрген балаларға;".

      _________________________