Құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының м.а. 2010 жылғы 24 тамыздағы № 230 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6486 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 189 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 72 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6265 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
      «43-1. Қолданыстағы бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешегі бар болғанда алып тастау толық берешек өтелгеннен (есептен шығарылғаннан), немесе осы берешектің құқықтық мирасқоры анықтаған республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламасына көшірілгеннен кейін жүргізіледі.».
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Калиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                         Б. Жәмішев