Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы № 230 "Құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұ

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 212 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 қыркүйекте № 7162 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 189 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 12.08.2013 № 189 бұйрығымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!
      Осы бұйрық 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (4-т. қараңыз).

      Мемлекеттік статистиканы оңтайландыру және жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық көрсеткіштерінің қосарлануын болдырмау мақсатында, сонымен қатар «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      «Құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6486 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 23 сәуірдегі № 164-165 (26567), 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 166-169 (26571) газетінде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      1-тармақта:
      3 және 4-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы                         Ж. Жарқынбаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы Кұрылыс
      және тұрғын үй-коммуналдық
      шаруашылық істері агенттігі
      Төрағасының міндетін атқарушы
      Н.П.Тихонюк ______________
      2011 жылғы ____ ____________

 

Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді
Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағаның міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 212 бұйрығына 1-қосымша

Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан
Статистическая форма по общегосударственному статистическому наблюдению

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағаның міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы № 230 бұйрығына 3-қосымша
Приложение 3 к приказу исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике
от 24 августа 2010 года № 230

Аумақтық органға тапсырылады
Представляется территориальному органу

Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағат (қажеттiсiн қоршаңыз)
Время, затраченное на заполнение статистической формы, час (нужное обвести)

1 сағатқа дейiн
до 1 часа

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағаттан артық
более 40 часов

Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады.
Статистическую форму можно получить на сайте www.stat.gov.kz.

Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмау, дәйексіз деректерді беру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Несвоевременное представление, предоставление недостоверных первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики являются административными правонарушениями и влекут за собой ответственность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Статистикалық нысан коды 0371104
Код статистической формы 0371104

Инвестициялық қызмет туралы есеп
Отчет об инвестиционной деятельности

1-инвест
1-инвест

               _ _ _ _
Есепті кезең |_|_|_|_| Жыл
Отчетный период          Год

Жылдық
Годовая

Қызметкерлер санына қарамастан заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері табыс етеді.
Представляют юридические лица и (или) их структурные и обособленные подразделения независимо от численности работающих.

Тапсыру мерзімі - 15 сәуір
Срок представления - 15 апреля

КҰЖЖ коды
Код ОКПО












БСН коды
код БИН













1. Инвестиция игерілген өңірді көрсетіңіз (облыс, қала, аудан)
Укажите регион освоения инвестиций (область, город, район)


Аумақ коды Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес (статистика органының қызметкерімен толтырылады)
Код территории согласно Классификатору административно-территориальных объектов (заполняется работником органа статистики)


2. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін көрсетіңіз, мың теңгемен
Укажите объем инвестиций в основной капитал, в тысячах теңге

Жол №
№ строки

Көрсеткіш атауы
Наименование показателя

Барлығы
Всего

соның ішінде:
в том числе:

республикалық бюджет
республиканский бюджет

жергілікті бюджет
местный бюджет

меншікті қаражат
собственные средства

шетел инвестициялары
иностранные инвестиции

қарыз қаражаты
заемные средства

А

Б

1

2

3

4

5

6

1

Негізгі капиталға салынған инвестициялар
Инвестиции в основной капитал








оның ішінде:
в том числе:







2

мердігерлік әдісімен жүзеге асырылған құрылыс-монтаж жұмыстары
строительно-монтажные работы, осуществляемые подрядным способом







2.1

тұрғын үйлердегі құрылыс-монтаж жұмыстары
строительно-монтажные работы на жилых зданиях







2.2

тұрғын емес үйлер мен ғимараттардағы құрылыс-монтаж жұмыстары
строительно-монтажные работы на нежилых зданиях и сооружениях







3

шаруашылық әдісімен жүзеге асырылған құрылыс-монтаж жұмыстары
строительно-монтажные работы, осуществляемые хозяйственным способом







4

үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеу жұмыстары
работы по капитальному ремонту зданий и сооружений







5

объект құрылысына байланысты машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, мүкәммал
машины, оборудование, инструмент, инвентарь, связанные со строительством объекта







6

объект құрылысына байланысты емес машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, мүкәммал
машины, оборудование, инструмент, инвентарь, не связанные со строительством объекта







7

құрылысқа арналған жобалау-іздестіру жұмыстары
проектно-изыскательские работы для строительства







8

жер қойнауларын барлау және пайдалы қазба қорларын бағалау
разведка недр и оценка запасов полезных ископаемых







9

көпжылдық екпе ағаштары және жеміс-жидек дақылдары
многолетние насаждения и плодово-ягодные культуры







10

жұмысқа, өнім алуға пайдаланылатын және асыл тұқымды мал
рабочий, продуктивный и племенной скот







11

бағдарламалық қамтамасыз ету мен деректер қорын жасауға және сатып алуға жұмсалған шығындар
затраты на создание и приобретение программного обеспечения и баз данных







12

объект құрылысына байланысты емес өзге де шығындар
прочие затраты, не связанные со строительством объекта







13

объект құрылысына байланысты өзге де шығындар
прочие затраты, связанные со строительством объекта







14

1-жолдан қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар
из строки 1 инвестиции, направленные на охрану окружающей среды








оның ішінде:
в том числе:







15

атмосфералық ауаны қорғауға және климат өзгерісі мәселелеріне
на охрану атмосферного воздуха и проблемы изменения климата







16

ақаба суларды тазалауға
на очистку сточных вод







17

қалдықтармен айналысуға
на обращение с отходами







18

топырақты, жерасты және жерүсті суларды қорғау мен оңалтуға
на защиту и реабилитацию почвы, подземных и поверхностных вод







19

шу және вибрациялық әсер етуді азайтуға
на снижение шумового и вибрационного воздействия







20

био әртүрлілік және мекендеу ортасын сақтауға
на сохранение биоразнообразия и среды обитания







21

радиациялық қауіпсіздікке
на радиационную безопасность







22

ғылыми-зерттеу жұмыстарына
на научно-исследовательские работы







23

табиғатты қорғау қызметінің басқа бағыттарына
на другие направления природоохранной деятельности







3. Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін көрсетіңіз, мың теңгемен
Укажите объем инвестиций в основной капитал по направлениям использования, в тысячах тенге

Жол №
№ строки

Көрсеткіш атауы
Наименование показателя

ЭҚЖЖ * коды
Код по ОКЭД*

Барлығы
Всего

соның ішінде:
в том числе:

республикалық бюджет
республиканский бюджет

жергілікті бюджет
местный бюджет

меншікті қаражат
собственные средства

шетел инвестициялары
иностранные инвестиции

қарыз қаражаты
заемные средства

А

Б

В

1

2

3

4

5

6

1

Негізгі капиталға салынған инвестициялар
Инвестиции в основной капитал

х








оның ішінде пайдалану бағыттары бойынша
в том числе по направлениям использования


































































































2

Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар
Инвестиции в жилищное строительство





















































4. Пайдалану бағыттары бойынша жаңа негізгі кұралдардың пайдалануға берілуін және құрылысқа салынған инвестицияларды көрсетіңіз, мың теңгемен
Укажите ввод в эксплуатацию новых основных средств и инвестиции в строительство по направлениям использования, в тысячах тенге

Жол №
№ строки

Көрсеткіш атауы
Наименование показателя

ЭҚЖЖ коды
Код по ОКЭД

Жаңа негізгі құралдарды пайдалануға беру
Ввод в эксплуатацию новых основных средств

Құрылысқа салынған инвестициялар
Инвестиции в строительство

құрылыс-монтаж жұмыстары
строительно-монтажные работы

үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеу жұмыстары
работы по капитальному ремонту зданий и сооружений

объект құрылысына байланысты машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, мүкәммал
машины, оборудо-вание, инструмент, инвентарь, связан-ные со строитель-ством объекта

объект құрылысына байланысты өзге де шығындар
прочие затраты, связанные со строительством объекта

құрылысқа арналған жобалау-іздестіру жұмыстары
проектно-изыскательские работы для строительства

А

Б

В

1

2

3

4

5

6

1

Барлығы
Всего

х














оның ішінде пайдалану бағыттары бойынша
в том числе по направлениям использования

































































































































































5. Қаржылық емес активтердің жекелеген түрлеріне бағытталған инвестициялар көлемін көрсетіңіз, мың теңге
Укажите объем инвестиций, направленный в отдельные виды нефинансовых активов, в тысячах тенге

Жол №
№ строки

Көрсеткіш атауы
Наименование показателя

Барлығы
Всего

соның ішінде:
в том числе:

республикалық бюджет
республиканский
бюджет

жергілікті бюджет
местный бюджет

меншікті қаражат
собственные средства

шетел инвестициялары
иностранные инвестиции

қарыз қаражаты
заемные средства

А

Б

1

2

3

4

5

6

1

Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-құрылыс жұмыстарына жұмсалған шығындар
Затраты на научно-исследовате ьские и опытно-конструктор кие работы







2

Әдеби-көркем туындылар мен ойын-сауық бағдарламаларының түпнұсқаларын жасау және сатып алуға жұмсалған шығындар
Затраты на создание и приобретение оригиналов литературно-художественных произведений и развлекательных программ







3

Персоналды арнайы даярлау және біліктілігін арттыруды қоса, білім беруге жұмсалған шығындар
Расходы на образование, включая специальную подготовку и повышение квалификации персонала







4

Персоналға медициналық қызмет көрсету, сақтандыру және еңбегін қорғауға жұмсалған шығындар
Расходы на медицинское обслуживание, страхование и охрану труда персонала







5

Гудвилл, тауарлық белгілер, титулдық және баспа құқықтары, лицензиялар, франшиз, авторлық құқықтар, патенттер мен өзге де өндірістік меншікке, пайдалану және қызмет көрсету құқықтарын құру және сатып алуға жұмсалған шығындар
Затраты на создание и приобретение гудвилла, товарных знаков, титульных и издательских прав, лицензий, франшиз, авторских прав, патентов и других прав на промышленную собственность, права на услуги и эксплуатацию







6

Жер мен табиғатты пайдалану объектілерін сатып алуға жұмсалған шығындар
Затраты на приобретение земли и объектов природопользования







7

2-бөлімнің 6-жолынан ақпараттық-коммуникациялық технологияларға арналған жабдықты сатып алуға жұмсалған шығындар
из строки 6 раздела 2 затраты на приобретение оборудования для информационно-коммуникационных технологиий







8

2-бөлімнің 11-жолынан өз күшімен жасалған бағдарламалық қамтамасыз ету мен деректер қорын жасауға шығындар
из строки 11 раздела 2 затраты на создание программного обеспечения и баз данных собственными силами







Атауы                                Мекен-жайы
Наименование____________________         Адрес ______________________

            ____________________         Тел.:________________

Электрондық почта мекен-жайы
Адрес электронной почты ___________________________________

Орындаушының аты-жөні және телефоны
Фамилия и телефон исполнителя _____________________ Тел.____________

Басшы ____________________________ (Т.А.Ә., қолы)
Руководитель                       (Ф.И.О., подпись)_________________

Бас бухгалтер                   (Т.А.Ә., қолы)
Главный бухгалтер                  (Ф.И.О., подпись) ________________

М.О.
М.П.

Қазақстан Республикасы   
Статистика агенттігі Төрағаның
міндетін атқарушының   
2011 жылғы 2 тамыздағы 
№ 212 бұйрығына 2-қосымша 

Қазақстан Республикасы   
Статистика агенттігі Төрағаның
міндетін атқарушының   
2010 жылғы 24 тамыздағы  
№ 230 бұйрығына 4-қосымша 

«Инвестициялық қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік
статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру
жөніндегі нұсқаулық (коды 0371104, индексі 1-инвест,
кезеңділігі - жылдық)

      1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7-тармақшасына сәйкес әзірленген және «Инвестициялық қызмет туралы есеп» (коды 0371104, индексі - 1-инвест, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
      2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
      1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар үшін жабдықтар - есептеуіш техникалары мен оргтехниканы, байланыс жүйелері жабдықтарын, ақпаратты визуалды және акустикалық көрсету, ақпаратты сақтау үшін аспаптарын сатып алуға кеткен шығындар;
      2) әдеби-көркем шығармалар және ойын-сауық бағдарламалары түпнұсқалары – фильмдер, дыбыс жазбалары, қолжазбалар, магниттік таспалар, театр қойылымдары жазылған және көрініс тапқан үлгілер, радио және теледидар бағдарламалары, музыкалық орындаулар, спорт жарыстары, әдебиет және көркем шығарма туындылары және өзгелердің түпнұсқаларын құруға және сатып алуға кеткен шығындар;
      3) бағдарламалық қамтамасыз ету және дерек қорлар – бұл:
      шаруашылық субъектілерінің бағдарламалық қамтамасыз ету және дерек қорларын құруға және сатып алуға кеткен шығындар;
      бағдарламалық қамтамасыз етуге авторлық құқықты әзірлеумен және алумен (сатып алумен) байланысты шығындар;
      бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсетумен, өрістетумен, конфигурациялаумен байланысты әзірлеушілердің шығындары;
      4) гудвилл, тауар белгілерін, титулдық және баспа құқықтарын, лицензиялар, франшизалар, авторлық құқықтар, патенттер және өнеркәсіптік меншікке өзге құқықтар, қызмет көрсету және пайдалануға беру құқықтарын жасауға және сатып алуға кеткен шығындар – зияткерлік меншік объектілерін құруға және сатып алуға жұмсалған шығындар;
      5) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарға жұмсалған шығындар - респонденттердің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарына бағытталған шығындары;
      6) жаңа негізгі қаражаттарды пайдалануға беру - құрылысы біткен және пайдалануға берілген өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы ғимараттар мен имараттар, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдарының барлық түрлерінің құны;
      7) жер (жер учаскелері) және табиғатты пайдалану объектілері (су ресурстары, кен және культивацияланбайтын ормандар) – респонденттердің жер учаскелері мен табиғи пайдалану объектілерін меншігіне сатып алуына кеткен шығындар;
      8) жергілікті бюджеттің қаражаты - қайтарылу және қайтарылмас негізінде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат, жергілікті атқарушы  органдарының қарыз қаражаттарын, гранттарын, трансферттерін қоса;
      9) жұмысқа, өнім алуға пайдаланылатын және асыл тұқымды мал - жұмысқа жегілетін, өнім беретін және асыл тұқымды ересек малды сатып алуға кеткен шығындар, оларды жеткізу шығындарын қоса; ақысыз негізде алынған малды шаруашылыққа жеткізу бойынша шығындар; өнім беретін және жұмысқа жегілетін малдың негізгі табынға қосылатын төлдерін шаруашылықта өсіру бойынша шығындар;
      10) кенді барлау және пайдалы қазбалар қорларын бағалау – мұнай кен орындарын, табиғи газ және өзге пайдалы қазбаларды барлау және табылған кен орындарын келесі бағалау бойынша шығындар жиынтығы;
      11) қарыз қаражаты - шаруашылық жүргізуші субъектіге тиісті емес, бірақ оның иелігінде болатын және оның өз қаражатымен бірдей пайдаланылатын ақша қаражаттары. Оларға сонымен қоса резидент банктердің несиелері, резидент емес банктердің (Қазақстан аумағында орналасқан шетелдік банктер) несиелері жатады;
      12) қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар - қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған шығындар:
      ақаба суларды тазалауға арналған ғимараттарды іске қосу және қайта құруға арналған іс-шараларды өткізуге жұмсалған шығындар;
      коммуналдық-тұрмыстық, нөсер ағындарын тазалауға арналған ғимараттарды іске қосу бойынша іс-шараларды өткізуге жұмсалған шығындар;
      жер үсті су көздерінің жағдайын жақсартуға арналған іс-шараларға жұмсалған шығындар;
      жер ресурстарын қорғауға жұмсалған шығындар;
      табиғаты ерекше қорғалатын аумақтарды құру бойынша іс-шараларға жұмсалған шығындар;
      13) көпжылдық екпе ағаштар және жеміс-жидек дақылдарына жұмсалған шығындар - көпжылдық дақылдарды егу және өсіру бойынша шығындар. Көпжылдық дақылдарға жеміс-жидек ағаштарының барлық түрлері, көгалдандыратын және сәндік ағаштар, қорғауға арналған және басқа да орман алқаптары, көп рет немесе үздіксіз қолданылатын ботаникалық бақтардың жасанды ағаштары жатады;
      14) құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды салу, кеңейту, қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру жұмыстарына; сонымен қоса энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстарына кеткен шығындар;
      15) құрылыс салудың мердігерлік әдісі - мердігерлік және (немесе) мемлекеттік келісім-шарт бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке немесе заңды тұлғаның күшімен жүзеге асырылатын құрылыс салу әдісі;
      16) құрылыс салудың шаруашылық әдісі - құрылыс тапсырыс берушінің немесе инвестордың өз күшімен жүзеге асатын әдісі;
      17) құрылыс үшін жобалау-іздестіру жұмыстары - негізгі капиталға салынған инвестициялар есебінен жобалау-іздестіру жұмыстарына бағытталған (болашақтағы құрылыс жұмыстары мен техникалық-экономикалық негіздерді әзірлеу шығындарын қоса есептегенде) шығындар, сонымен бірге жобалау ұйымдарының авторлық қадағалауы, жобалар сараптамасы шығындары;
      18) қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетулерге, сақтандыруға және еңбекті қорғауына кеткен шығындар – өмір және еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында әр қызметкердің тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша шығындар:
      қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге кеткен шығындар;
      қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға кеткен шығындар (ерікті медициналық сақтандыру келісім-шарттары бойынша ұйыммен төленетін сақтандыру төлемдері (салымдары), еңбекке жарамсыздық жөнінде аурулық парақшасын төлеу, сауықтыру және өзге шараларды жүргізуге кеткен шығындар);
      құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдік-сауықтыру, оңалту және өзге шараларды қамтитын еңбек қызметі процесінде өмір қауіпсіздігін және қызметкерлердің денсаулығын қамтамасыз етуге кеткен шығындар;
      мәдени шараларын өткізу мен демалыс және ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша шығындар;
      19) қызметкерлердің біліктілігін арттыру және арнайы дайындықпен қоса білім беруге жұмсалатын шығындар - қызметкерлерді оқытумен және біліктілігін арттырумен байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың шығындары жатады (семинарлар, тренингтер, жоғары оқу орнындағы және жоғары оқудан кейінгі оқыту және басқалар);
      20) негізгі капиталға салынған инвестициялар - жаңа құрылысқа, кеңейтуге, сонымен қоса объектінің бастапқы құнының көбеюіне әкелетін объектілерді қайта құру мен жаңартуға, машина, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын сатып алуға, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға бағытталған инвестордың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсерді алу мақсатында қаражаттарды салуы;
      21) объект құрылысына байланысты емес машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, мүкәммал - объект құрылысына байланысты емес көлік құралдарын, жабдықтарды, жиһазды, құрал-саймандар мен мүліктерді сатып алуға (соның ішінде лизинг бойынша) кеткен шығындар; сонымен қоса машиналар мен жабдықтарды күрделі жөндеу бойынша шығындар;
      22) объект құрылысымен байланысты машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, мүкәммал - құрылыс сметаларында қарастырылған, объект құрылысына байланысты машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды, компьютерлерді, жиһазды, құрал-саймандар мен мүліктерді сатып алу шығындары;
      23) объект құрылысына байланысты емес өзге де шығындар – топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, көмір шахталары қызметтерінің зардаптарын жою (топырақтың шөгуінен кейін ойпаттарды, көлдерді, батпақтарды кетіру және тағы басқалары) және басқа да объект құрылысымен байланысты емес шығындар, 2-бөлімнің 7-11 жолдарында көрсетілгеннен басқа;
      24) объект құрылысына байланысты өзге шығындар - құрылыс сметаларында қарастырылған, объект құрылысына байланысты шығындар; Өзге де шығындарға келесі шығындар түрлері жатады:
      ғимараттар мен имараттардың негізгі осьтерін бөлу;
      ғимараттар мен имараттарды қозғалысы мен деформациясына геодезиялық бақылау жүргізу;
      құрылыс машиналарын жалдау;
      сметалық нормативтерде есепке алынбаған жеке шығын түрлері;
      25) республикалық бюджет қаражаты - қайтарылу және қайтарылмас негізінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражат, үкіметтің сыртқы қарыздарын қоса;
      26) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу жұмыстары - объектінің бастапқы құнын көбейтетін тұрғын және тұрғын емес үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеу бойынша шығындар. Күрделі жөндеу барысында тозған конструкциялар мен бөлшектерді жаңа және үнемді, олардың пайдалану мүмкіндіктерін жақсартатын жаңа конструкцияларға ауыстыру жұмыстары жатады;
      27) тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар – жеке және көп пәтерлі тұрғын үйлердің, жатақханалардың, әлеуметтік топтарға арналған тұрғын ғимараттардың құрылысына кеткен шығындар;
      28) шетел инвестициялары - шетелдік инвесторлармен (жеке және заңды тұлғалармен), басқа мемлекеттермен, шетелдік банктермен (Қазақстан аумағында орналаспаған шетелдік банктер) және шетелдік компаниялармен салынған инвестициялар;
      3. Заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері статистикалық нысанды заңды тұлғамен статистикалық нысанды тапсыру бойынша өкілеттік берген жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша тапсырады. Егер құрылымдық және оқшауланған бөлімшенің бұндай өкілеттігі жоқ болса, онда статистикалық нысанды заңды тұлға құрылымдық және оқшауланған бөлімшелер бөлінісінде, олардың орналасқан жерін көрсетіп тапсырады.
      Екі және одан да көп облыстар аумағында инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға жеке бланкіде әрбір аумақ бойынша ақпаратты бөлек көрсете отырып, статистикалық нысанды тапсырады, яғни деректер инвестициялардың салынған орны бойынша көрсетіледі.
      Статистикалық нысанда шығындар есептеу әдісі бойынша оларды жүзеге асыру сәтіндегі нақты бағаларда, яғни нақты қаражаттың түсуіне қарамастан бейнеленеді. Статистикалық нысанды толтыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттары типтік жоспарының «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде келтірілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4771 болып енгізілген) деректерді қолдану қажет. Мұның өзінде, 2910, 2920, 2930 шоттары бойынша көрсеткіштер кәсіпорынның есептік саясатына сәйкес қалыптастырылады, яғни кәсіпорынның осы шығындары инвестицияларға жатады ма, жоқ па өзі анықтайды.
      4. 2-бөлімде монтажды талап ететін жабдықты сатып алуға кеткен шығындар 5-жолда және 6-жолда оны сатып алу сәтінде көрсетіледі (тұтастай немесе оның жеке элементтері мен тораптары). Жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстар құны тапсырыс берушімен 2 және 3-жолдары бойынша, монтаждау жұмыстарының орындалуына қарай, яғни мердігерлік тәсіл кезінде орындалған жұмыстар жөніндегі актіге немесе шаруашылық тәсілі кезінде нарядқа немесе жөнелтілген құжатқа қол қойылуына қарай көрсетіледі.
      2-бөлімде 14-жолдың деректері 1-жолдан бөлініп көрсетіледі.
      3-бөлімде 2-жолдың деректері 1-жолдан бөлініп көрсетіледі.
      3 және 4-бөлімдерде негізгі капиталға салынған инвестициялар, құрылысқа салынған инвестициялар және негізгі қаражаттарды іске қосу экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес олар бағытталған экономикалық қызмет түрлері бойынша бөлінеді. Осы ақпарат бөлімдердің бос жолдарында бөлінеді.
      4-бөлімнің 2,3,4,5,6-бағандарының деректері 3-бөлімнің 1-бағанынан бөлініп көрсетіледі.
      5-бөлімде 5-жол бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету, деректер қорларына авторлық құқықтарды алуға (сатып алуға) және жерді (жер учаскелерін) және табиғатты пайдалану объектілерін пайдалануға құқықтарды алуға кеткен шығындар көрсетіледі.
      Ескерту: Х - аталған айқындама толтыруға жатпайды.
      5. Арифметикалық-логикалық бақылау:
      1) 2-бөлім. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі.
      1-жол = 2-13-жолдар қосындысына; 2-жол = 2.1 және 2.2-жолдар қосындысына; 1-баған = 2-6-бағандардың қосындысына әрбір жол үшін;
      2) 3-бөлім. Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі.
      1-баған = 2-6-бағандардың қосындысына әрбір жол үшін;
      1-жол = пайдалану бағыттары бойынша толтырылған жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша);
      «68.10.1» қызмет түрі бойынша деректер 2-жолына.
      3) 4-бөлім. Пайдалану бағыттары бойынша жаңа негізгі қаражаттардың пайдалануға берілуі және құрылысқа салынған инвестициялар.
      1-жол = пайдалану бағыттары бойынша толтырылған жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша);
      4) 5-бөлім. Қаржылық емес активтердің жеке түрлеріне бағытталған инвестициялар көлемі.
      1-баған = 2-6-бағандардың қосындысына әрбір жол үшін;
      5) кестеаралық бақылау
      2-бөлімнің 1-бағанының 1-жолындағы деректер мен 3-бөлімнің 1-бағанының 1-жолындағы деректері бірдей болуы тиіс.
      4-бөлім 2-баған 1-жол = 2-бөлімнің 1-бағанының 2,3-жолдар қосындысына;
      4-бөлім 3-баған 1-жол = 2-бөлімнің 1-бағанының 4-жолына;
      4-бөлім 4-баған 1-жол = 2-бөлімнің 1-бағанының 5-жолына;
      4-бөлім 5-баған 1-жол = 2-бөлімнің 1-бағанының 13-жолына;
      4-бөлім 6-баған 1-жол = 2-бөлімнің 1-бағанының 7-жолына;
      5-бөлім 7-жолы < 2-бөлімнің 6-жолы;
      5-бөлім 8-жолы < 2-бөлімнің 11-жолы;