Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының 2010 жылғы 12 тамыздағы N 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6465 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 11 наурыздағы № 40 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 11.03.2015 № 40 бұйрығымен.

      Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын қадағалаудың тиімділігін көтеру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1118-ші баптарын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қалдағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2168 тіркелген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту жөніндегі» 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 78 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевқа жүктелсін.
      4. Бұйрық Бас әскери прокурорға, облыс, Алматы, Астана қалаларының және оларға теңестірілген прокурорларға, аудан, қала прокурорларына, әскери, көлік және мамандандырылған прокурорларға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ғылыми және басқа да мекемелердің басшыларына жіберілсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының   
2010 жылғы 12 тамыздағы
№ 47 бұйрығымен   
бекітілген     

«Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі»
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер.

      1. «Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі» нұсқаулық (әрі қарай - нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (әрі қарай - ӘҚБтК), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (әрі қарай - АІЖК), Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңына (әрі қарай - Заң) сәйкес жасалды және әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды реттейді.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотта іс жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын жоғарғы қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тікелей немесе өзінің қарамағындағы прокурорлар арқылы сот талқылауына қатысып, заңды күшіне енген және енбеген сот актілерінің заңдылығын тексеріп, қорытынды жасап, заңсыз болған жағдайда наразылық келтіру немесе жоғары тұрған прокуратураға наразылық келтіру туралы ұсыныс беру арқылы жүзеге асырады.
      3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалаудың міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың конститутциялық және өзге де заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді сотта қарау барысында уәкілетті мемлекеттік органдар мен азаматтардың тарапынан жіберілген заң бұзушылық фактілері бойынша прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызған себептер мен жағдайларды жою болып табылады.
      4. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету Департаменті (әрі қарай - Департамент), облыс прокурорлары, Алматы және Астана қалаларының прокурорлары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және өзге де мамандырылған прокуратуралар әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын тұрақты және тиімді қадағалауды қамтамасыз етеді, соттардың бұл істерді қарағанда іс жүргізу мерзімдерінің сақтауын тексереді, сот төрелігін атқаруы жөнінде заңдылықтың жағдайын жүйелі түрде талдайды.
      5. Департаментте, облыстық прокуратураларда, Алматы, Астана қалаларының прокуратураларында, және оларға теңестірілген прокуратураларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өзекті санаттары бойынша прокурорлық тәжірибені жүйелі талдау, заңдылық жағдайын болжау мақсатында аумақтық-пәндік ұстаным бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Олардың нәтижелері пәндік жұмысшы топтарда, жедел мәжілістер мен алқаларда қаралып, жүргізілген қадағалаудың тиімділігін арттыруға нақты шаралар қолданылады.
      Пәндік ұстаным бойынша жұмыс көрсетілген істердің өзекті санаттарын анықтау және жауапты қызметкерлерді бекіту арқылы жүзеге асырылады. Олар прокурорлық қадағалаудың заңдылығының жағдайына жүйелі талдау жүргізеді, қазіргі кезде күшінде тұрған заңды, қадағалау қызметінің түрлері мен әдістерін жетілдіруге ұсыныстар енгізіледі.
      Пәндік бағыттарды анықтауды қадағалайтын аймақтың ерекшеліктері мен заңдылықтың жағдайына, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің белгілі бір санаттарының сотта қаралуы кең таралғанына сүйену керек.
      Прокуратура жұмысын жоспарлауда, талдау мен шолу жасауда, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда прокурорлардың мамандандырылғандығы ескеріледі.
      Аумақтық ұстанымның мәні - кейбір аймақтардағы заңдылықтың жағдайына мониторинг жүргізу және талдау жасау мақсатында сот актілерінің заңдылығын қадағалауды осы аймақтардағы жүзеге асырушы прокурорларға бекітіп беруде болып табылады.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша бірінші сатыдағы сотқа қатысу және мемлекет мүддесіне өкілдік ету

      6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша прокурор мемлекет мүддесін білдіру арқылы сотқа қатысып, осы істер бойынша өз өкілеттілігін апелляциялық және қадағалау тәртібінде КонституцияғаӘҚБтК-не, АІЖК-не, Заңға сәйкес жүзеге асырады.
      7. Бірінші саты соттары қарайтын төмендегі істерге прокурордың қатысуы міндетті болып табылады:
      - заңмен көзделген жағдайда, оның ішіндегі кәмелетке толмағандарға және әкімшілік қамауға алуға қатысты істер;
      - жоғары тұрған прокурор қажет деп тапса;
      - өзі қозғаған істер бойынша;
      - сыбайлас жемкорлық сипатындағы құқық бұзушылық бойынша;
      - сайлау құқығына қол сұғу құқық бұзушылығы бойынша;
      - қоршаған ортаны қорғау саласында;
      - салық салу саласында;
      - кеден ісі саласында;
      - әкімшілік құқық бұзушылық құралы болып табылатын және сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық кезінде алынған мүлікті мемлекет меншігіне тәркілеуге әкеп соқтыратын істер бойынша;
      - Қазақстан Республикасы төңірегінен шығару бойынша;
      - заңсыз көтерілген құрылысты бұзу бойынша.
      8. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларына дау айту туралы азаматтық істер бойынша прокурордың қатысуы міндетті (АІЖК-нің 26-тарауы).
      9. Прокуратура қозғаған әкімшілік өндіріс бойынша прокурордың сотқа қатысуын өз бастамасымен істі қозғаған құрылым қамтасыз етеді, осы құрылымға қаралатын істердегі сот актілерінің заңдылығын тексерумен дер кезінде наразылық келтіру міндеті жүктеледі.
      10. Мамандандырылған (көлік, әскери) прокурорлардың ведомстваларына қарасты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарауға тағайындалғанда мамандандырылған прокуратураларға тиісті жерлерде орналасқан соттарда ол істерге қатысу және одан кейінгі қадағалау жүргізу жүктеледі. Ведомстваларға қарасты істерді қарауға тағайындалған соттар орналасқан жерде мамандандырылған прокуратуралардың жоқ болған жағдайында аумақтық прокурорлар осы Нұсқаудың талаптарына сәйкес мамандандырылған прокурорлардың сотқа қатысуын қамтамассыз ету үшін дер кезінде хабардар етеді. Егер мамандандырылған прокурорлардың істі қарауға қатысуын қамтамассыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда бірінші саты сотына қатысу және апелляциялық тәртіпте қадағалауды жүзеге асыру тиісті аумақтық прокурорларға жүктеледі. Соттарда қаралған істер бойынша аумақтық және мамандандырылған прокурорлар әр тоқсан сайын салыстырмалы тексеру жүргізеді.
      11. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша бірінші саты сотына қатысқан прокурормен жазбаша қорытынды берілуі міндетті және ол ережеге сай төмендегі тұжырымдарды қамтуы тиіс:
      - Істің сот мәжілісінде анықталған мән-жайлары туралы прокурордың қоры тындысы;
      - құқық бұзушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі; оның әрекетінің дұрыс дәрежеленуі;
      - прокурордың жоғарыда көрсетілген тұжырымдардың біріне тоқтауға негіз болған дәлелдемелері.
      Істің мән-жайымен құқық бұзушының жеке басын ескере отырып, оған қолданылған жаза туралы, немесе істі қысқарту қажеттігі жайлы, болмаса оны уәкілетті мемлекеттік органға қайта рәсімдеу үшін беруге.
      Қажет болған жағдайда прокурор қорытынды соңында құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік тудырған себептер мен жағдайларды жою туралы жеке қаулы шығару жөнінде сотқа тиісті бағдар беру керек немесе анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша осындай мазмұнда прокуратура тарапынан өз бастамасымен ұсыныс келтіруі керек.
      Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы азаматтық істер бойынша қорытынды бергенде, прокурор әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың материалдық және іс жүргізу бөлігіндегі ережелерді уәкілетті органының дұрыс қолдануы туралы, оның ішінде қандайда бір жазаны қолдану немесе тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартудың заңды болуы туралы қосымша пікірі айтуы тиіс. Сондай-ақ, осы істерге қатысу нәтижесімен, егер уәкілітті мекелекеттік органдар тарапынан өрескел заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, прокурор жеке қаулы шығыру туралы сотқа бағдар беруі тиіс немесе өз бастамасымен ұсыныс келтіруі керек.

3. Облыстық, Алматы, Астана қалаларының және оларға теңестірілген прокуратураларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру

      12. Сот талқылауында прокурордың қатысуына қарамастан сот актісі заңды күшіне енгенге дейін төмендегі сот актілерінің заңдылығы міндетті түрде тексерілуі тиіс:
      - осы Нұсқаудың 7-тармағында көрсетілген;
      Соттармен ведомстволығына сәйкес қаралып, қысқартылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер;
      Апелляцялық наразылық келтіру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардан, азаматтардан және заңды тұлғалардан прокуратураға келіп түскен шағымдар бойынша сот актілері;
      Заңсыз сот актілері анықталған жағдайда оларға наразылық келтіру шараларын қолдану.
      13. АІЖК-нің 26-тарауындағы тәртіп бойынша соттармен шығарылған сот актілерінің заңдылығы прокурордың қатысқанына қарамастан тексерілуі тиіс.
      14. Жарты жылда 1 рет барлық санатттар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы соттармен қысқартылған істердің заңдылығына талдау жүргізіп, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10-на дейін Бас прокуратураға ақпарат жолдауды.
      15. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларына дау айту туралы азаматтық істер бойынша сот актілері заңды күшіне жарияланған кезден бастап енетіндігін және одан әрі сотпен жіберілген кемшіліктер қадағалау тәртібінде тек Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында түзелетінін ескере отырып, облыс және оларға теңестірілген прокурорлар осы санаттағы сот актілерінің заңды болуы мәселелеріне ерекше назар аударулары керек. Қажет болған жағдайда, наразылық келтіру туралы ұсыныс Бас прокуратураға дер кезінде енгізілуі керек.
      16. Нұсқаудың 9-тармағында көрсетілген істерді оқып зерттеу нәтижесімен сот актісінің заңдылығы туралы прокуратура басшысы бекіткен жазбаша қорытынды жасалады.
      17. Заңды күшіне енбеген сот актілерін сот қайта қараған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы барлық істер бойынша прокурордың қатысуы қамтамасыз етілуі тиіс.
      18. Заңды күшіне енбеген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерін жоғарғы тұрған сот қайта қарағанда прокурор өз қорытындысында бірінші сатыдағы соттың қаулысының заңдылығы және дәлелділігі жөнінде пікірін білдіруі керек. Наразылық келтірілген жағдайда дәлелдер қорытынды жасаған прокурорға байланысты емес.
      Қорытынды жазбаша түрде жазылады және оны прокуратура басшысы алдын-ала оқып, зерттеп бекітуі керек.
      19. Төмендегі көрсеткіштер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалаудың жағдайын бағалау критерийлері болып табылады:
      - ведомостволығына қатысты қаралған сот актілеріне апелляциялық наразылық келтірудің тиімділігі;
      - апелляциялық наразылықтың қанағаттандырылуы;
      - АІЖК-нің 26-тарауында көзделген тәртіп бойынша қараған азаматтық істер бойынша заңсыз сот актілерін дер кезінде анықтау;
      - Бас прокуратураның стратегиялық жоспарының мақсаттық индикаторларына қол жеткізу, сонымен қатар прокурорлық қадағалау актілері арқылы мемлекет пен азаматтардың мүдделерін қорғау үшін қолданған шаралардың нәтижелі болуы.
      20. Ведомстволығына қарасты бірінші саты соттарымен қараған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша апелляциялық наразылық келтірудің тиімділігі осы нұсқаудың 9-тармағында көрсетілген істер бойынша заңды күшіне енбеген прокурорлардың наразылығымен бұзылған және өзгертілген сот актілерінің осы санаттағы бұзылған және өзгертілген сот актілерінің жалпы санына ара қатынасымен есептеледі.
      Төмендегі жағдайларды қоспағанда:
      - жаза мөлшерін төмендетуге байланысты сот актілерінің өзгеруі;
      - жаңадан келтірілген дәлелдердің негізінде сот шешімін шығару;
      - бір жазаны екінші жазамен ауыстыратын сот актілері;
      - тағайындалған жазалардың біреуін өзгерту;
      - құқық бұзушыны жазадан босатуға байланысты істің қысқартылуы.
      21. Апелляциялық наразылықтардың қанағаттандырылу тиімділігі қанағаттандырылған наразылықтардың қаралған істердің жалпы санына ара қатынасымен есептеледі.
      Облыс прокурорлары, Алматы, Астана қалалары және оларға теңестірілген прокурорлар негізсіз келтірілген наразылықтарды соттан қайтарып алған жағдайда бұл шешімнің себептерін төменгі прокурорға жазбаша хабарлауы керек және мұндай қателердің алдын-алуға шара қолдануы тиіс.
      Апелляциялық (кассациялық) сатыдағы сот жоғарыдағы прокурордың немесе наразылық келтірген тұлғаның өтінішін қанағаттандыру туралы тиісті қаулы шығарған жағдайда наразылық қайтарып алынған болып есептеледі.
      22. Соттармен АІЖК-нің 26-тарауындағы тәртіппен қараған азаматтық істер бойынша заңсыз сот актілерінің дер кезінде анықталуы облыс прокурорларының ұсыныстары негізінде Бас прокурордың немесе оның орынбасарларының наразылығымен бұзылған және өзгертілген осы санаттағы сот актілерінің жалпы санына ара қатынасымен есептеледі.
      23. Облыс және оларға теңестірілген прокурорлар заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын тексеру туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Сот актілерін бұзуға немесе өзгертуге заңмен белгіленген негіз болған жағдайда прокурорлар Бас прокуратураға шағымданған сот актілеріне қадағалау тәртібімен наразылық келтіру жөнінде ұсыныс енгізеді. Шағым қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда жазбаша қорытынды жасалып, оны облыс прокуроры немесе оның орынбасары бекітеді. Ал арыз иесіне шағымды қанағаттандыруға негіздің жоқтығы туралы толыққанды жауап беріледі және оған облыс прокурорының немесе оған теңестірілген прокурордың жауабының көшірмесін қоса тіркеп Бас прокуратураға шағымдану құқығы түсіндіріледі.
      24. Аталған ұсыныс ережеге сай сипаттау, себептеу және қарарлық бөлімдерден тұру керек.
      Сипаттау бөлімінде іс бойынша қабылданған сот актілерінің нәтижелері баяндалады, істі уәкілетті орган қараған жағдайда, қаулы көрсетіледі. Одан әрі сипаттау бөлімінде істің қысқаша мазмұны көрсетіледі, іс қысқартылған жағдайда бұл шешімді қабылдауға себеп болған жағдайлар көрсетіледі.
      Ұсыныстың себептеу бөлімінде іс құжаттарына және заң нормаларына сүйенген уәждер баяндалып, іс бойынша қабылданған сот актілерінің осыларға сәйкес бұзылып немесе өзгертілетіндігі көрсетіледі.
      Ұсыныстың қарарлық бөлімінде іс бойынша қандай да бір нақты шаралар қолдану қажеттігі көрсетілуі тиіс.
      25. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау нәтижелері бойынша сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша сот актілерін оқып зерттеу нәтижелері жөнінде облыс және оларға теңестірілген прокурорлар әр тоқсан сайын әкімшілік сот ісін жүргізудің заңдылығына талдау жасап, әр тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына дейін Бас прокуратураға ақпарат беруі тиіс.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында әкімшілік құқық бұзушылықтар істері бойынша сот актілерінің заңдылығына қадағалауды ұйымдастыру.

      26. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 676-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіруге тек қана Бас Прокурор және оның орынбасарлары ғана құқылы.
      27. Бас Прокурор немесе оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілеріне келтірген наразылықтардың тұжырымдарын қолдау қарамағындағы прокурорлармен (Департамент бастығы, Бас Прокуратураның басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары немесе олардың орнындағы адамдар) қамтамасыз етіледі.
      28. Жеке тұлғалардың өтініштері мен прокурорлардың қадағалау тәртібімен келтіріліген ұсыныстары қажеттілігіне қарай істі сұратып алу арқылы жүзеге асырылады.
      Өтініш қанағаттандырылмаған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы ведомстволық нормативтік актілерде көзделген тәртіппен бекітілген қорытынды жасалады.

5. Қорытынды ережелер

      29. Департамент әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалауда төменгі прокуратуралардың қызметін басқару мен бақылауды қамтамасыз етеді. Қадағалаудың осы саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға жағдай жасай отырып, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының басқа да құрылымдарымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен, ғылым және білім мекемелерімен өзара бірлесіп әрекет жасауды жүзеге асырады.
      30. Департамент қадағалауды ұйымдастырудың қазіргі таңдағы жетік әдістерін енгізу жөнінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, оның ішінде шет мемлекеттердің оқу орындарында оқытып, сынақтан өткізу арқылы біліктілігін көтеру, және оларға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізеді.
      31. Департамент қолданыстағы заңды жетілдіруге ұсыныстар енгізу арқылы, Бас Прокурордың және оның орынбасарларының тапсырмасымен жұмысшы топтардың Парламент палаталарының комитеттері мен комиссияларының, Үкіметтің, өзге де орталық мемлекеттік органдардың құрамында, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытынды дайындауға, оның ішінде ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын дайындауға қатысады.
      32. Департамент, облыс прокурорлары, Алматы, Астана қалаларының прокурорлары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және өзгеде арнайы мамандырылған прокуратуралар заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайын, қадағалау қызметінің нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарыққа шығарып, прокуратура органдарының бедел-бейнелік бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.