"Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 наурызда № 13506 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468 (26311) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 9) тармақшасына, Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитеті төрағасының
      міндетін атқарушы                                Б. Иманәлиев

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С. Мамытбеков ______________
2016 жылғы 16 ақпан 

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
Т.Б. Дүйсенова ______________
2015 жылғы 30 желтоқсан

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Т. Сұлтанов ______________
2015 жылғы 30 желтоқсан

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы ______________
2015 жылғы 30 желтоқсан

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің төрағасы
Д.Т. Ақышев ______________
2016 жылғы 9 ақпан

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушының   
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 229 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы     
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 9 шілдедегі   
№ 173 бұйрығымен бекітілген 

Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары 1. Жалпы ережелер 

      1. Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік статистика органдарына алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар өздері Заңда көрсетілгендей мағынада пайдаланылады, сондай-ақ келесі анықтамалар қолданылады:
      1) интервьюер – статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу үшін субъектілерден пікіртерім жүргізетін адам (аумақтық статистика органдарының ақылы қызмет көрсету шарты бойынша жұмысқа тартылған қызметкер);
      2) телефон арқылы пікіртерім жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі – орталықтандырылған компьютерлік жүйенің бақылауымен статистикалық байқауларды телефон арқылы сұхбат жүргізуге мүмкіндік беретін технология.

2. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібі

      3. Респонденттер жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар бойынша статистикалық әдіснамаға сәйкес алғашқы статистикалық деректерді ұсынады.
      4. Статистикалық нысандарды ұсыну мерзімі, кезеңділігі және мекенжайы, респонденттердің тобы, статистикалық нысандарды бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні олардың титулдық беттерінде көрсетіледі.
      5. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларға жататын респонденттердің тобы байқау әдістерін (жаппай немесе іріктемелі) ескере отырып, статистикалық бизнес-тіркелімнің, ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімінің, тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің, халықтың статистикалық тіркелімінің деректері бойынша анықталады. Статистикалық тіркелімдерді жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
      6. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша респонденттер уәкілетті орган ұсынған ұсынуға қажетті немесе уәкілетті органның www.stat.gov.kz. ресми интернет ресурсында іздеу жүйесі бойынша заңды тұлғаның БСН немесе жеке тұлғаның ЖСН енгізу арқылы өз бетінше алынған (басып шығарылған) статистикалық нысандар тізбесін алады.
      Егер мемлекеттік статистика органдары іріктемелі әдіспен жүргізілген жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша ұсынуға қажетті статистикалық нысан нысандар тізбесінде болмаса, оны респонденттен талап етпейді.
      7. Ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізетін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ведомстволық статистикалық байқауларға жататын респонденттердің тобын анықтайды.
      8. Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша респонденттер мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынатын толтыруға қажетті статистикалық нысандар тізбесін алады.
      9. Статистикалық нысандарды өзінің тұрған жері бойынша заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, егер оларға заңды тұлғалардың статистикалық нысандарды тапсыру бойынша уәкілеттіктері берілген жағдайда тапсырады. Егер құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерде осындай уәкілеттіктер болмаған жағдайда статистикалық нысандарды олардың орналасқан жерін көрсете отырып, өзінің құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері бөлінісінде заңды тұлғалар ұсынады. Байқауды өткізудің статистикалық әдіснамасымен статистикалық нысандарды тек қана заңды тұлғалар немесе тек қана құрылымдық және оқшауланған бөлімшелердің ұсынуы көзделген жағдайда статистикалық нысандар мемлекеттік статистика органдарына мемлекеттік статистика органдарының байқауды өткізудің статистикалық әдіснамасына сәйкес ұсынылады.
      10. Бас компаниялары Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері статистикалық нысандарды мемлекеттік статистика органдарына құрылымдық және оқшауланған бөлімшенің орналасқан жері бойынша ұсынады.
      11. Есепті кезеңде құрылымдық бөлімше немесе объект жойылған жағдайда оған жататын барлық деректер статистикалық нысаннан алынбайды. Егер есепті кезеңде заңды тұлға қайта құрылған немесе құрылымы өзгерген жағдайда статистикалық нысандарда деректер заңды тұлғаның жаңа құрылымына сәйкес келтіріледі.
      Заңды тұлға жойылған немесе банкротқа ұшырады деп жарияланған жағдайда өз қызметінің соңғы есепті кезеңіне есеп беретін заңды тұлға кезеңділігі жылдық статистикалық нысандар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсынады.
      Кезеңділігі тоқсандық ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қажет болған жағдайда тарату туралы бұйрық қабылданған кезеңге тарату балансын сұратады.
      Жаңадан құрылған заңды тұлғалар алғашқы статистикалық деректерді тіркелген күннен бастап есепті кезеңнің соңына дейінгі кезеңге ұсынады.
      Қызметі болмаған жағдайда заңды тұлға осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес хабарлама ұсынады.
      12. Үй шаруашылықтары алғашқы статистикалық деректерді аумақтық статистика органдарының интервьюерлеріне тапсырады.
      13. Жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері хабарланатын мәліметтерді ұсынуға және олардың анықтығына жауапты адамдардың қолы қойылған статистикалық нысандарды тапсырады. Статистикалық нысандар онда мөр қарастырылған жағдайда мөрмен (бар болған жағдайда) куәландырылады.
      14. Статистикалық нысандарды тапсыру мерзімі титулдық беттерде көрсетілген. Статистикалық нысандарды тапсыру күнін мемлекеттік статистика органдары тіркейді. Егер статистикалық нысандарды тапсыру мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, статистикалық нысандарды тапсыру мерзімінің соңғы күні болып келесі жұмыс күні есептеледі.
      15. Алғашқы статистикалық деректер:
      1) қағаз жеткізгіштерде қолма қол немесе пошталық байланыс қызметтері арқылы. Ұсынылған күн пошталық кәсіпорынның штемпелінде көрсетілген жөнелту күні болып табылады;
      2) электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып, байланыс арналары арқылы электронды түрде;
      3) телефон арқылы пікіртерім жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі арқылы;
      4) интервьюердің қағаз жеткізгішті пайдалануымен және (немесе) планшетті пайдалануымен респондентке жеке пікіртерім жүргізу арқылы ұсынылуы мүмкін.
      Респонденттердің статистикалық нысанды дұрыс толтыруы үшін нысанның электрондық түрі қосымша бағандардан және/немесе жолдардан тұрады, олар алғашқы деректерді бақылауды, анықтама ақпаратты және қағаз жеткізгіште жоқ өзге де мәліметтерді қамтиды.
      Статистикалық нысанды тапсыру тәсілі оны толтыру жөніндегі нұсқаулықта жазылады.
      16. Егер респонденттің бір айдан және (немесе) тоқсаннан астам уақытта кезеңділігі айлық, тоқсандық және (немесе) жылдық жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша қызметі болмаған жағдайда статистикалық нысандардың орнына қызметінің болмау себептерін және осы қызметтің жүзеге асырылмаған мерзімдерін көрсете отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік статистика органдары әрбір нысан бойынша хабарламаны қағаз жеткізгіште жеке алады.
      17. Хабарламада көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін респондент жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын мемлекеттік статистика органдарына тапсырады.
      Қызметінің уақытша тоқтата тұрылуына байланысты респондент мемлекеттік статистика органдарына жүгінген және салық есептілігін ұсынуды уақытша тоқтата тұру туралы шешімнің көшірмесін ұсынған кезде ағымдағы жылы жұмыспен өтелген кезең үшін есептілік ұсынылатын статистикалық нысандарды (жылдық алғашқы деректер) қоспағанда осы респондент статистикалық нысандарды шешімде көрсетілген мерзімнің соңына дейін ұсынбайды.
      18. Алғашқы статистикалық деректерде қателер анықталған кезінде мемлекеттік статистика органдарының лауазымды адамдары олардың анықтығын тексеру үшін қосымша ақпарат сұратады.
      Қателерді респондент растаған немесе олармен келіспеген жағдайда, респондент факс, электрондық пошта, ұтқыр, ұялы, телефон байланысы арқылы және онлайн режим арқылы тиісті ақпаратты ұсынады.
      19. Респонденттер айлық және тоқсандық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары бойынша қателерді бір жұмыс күні ішінде, басқа кезеңділіктегі статистикалық нысандар бойынша мемлекеттік статистика органдарының лауазымды адамдары хабарлама берген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде түзетеді.
      Респонденттер ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары бойынша қателерді ведомстволық статистикалық байқауларды өз бетінше жүргізетін мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген мерзім ішінде түзетеді.
      20. Респондент статистикалық нысанға түзетулер енгізген кезде тапсыру нысанына (қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде) қарамастан, оны тапсыру мерзімінен кейін статистикалық нысанның түзетілген нұсқасын респондент, егер өзге статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулықта белгіленбеген болса, статистикалық нысанды ұсыну орнына қарай тапсырады. Статистикалық нысанның қағаз жеткізгіште ұсынылған түзетілген нұсқасы орындаушы мен басшының қолы мен күні қойылып, «түзетулерге сену» деген сөздермен расталады.
      21. Қайта ұсынылған статистикалық нысанға осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес лауазымды адамдар қол қояды.
      22. Респонденттер негізгі немесе қосалқы экономикалық қызмет түрін өзгерту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айлық мерзімде бұл туралы мемлекеттік статистика органдарын осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес немесе Комитеттің www.stat.gov.kz сайтындағы респонденттің жеке кабинеті арқылы хабардар етеді.

Респонденттердің алғашқы
статистикалық деректерді
ұсыну қағидасына 1-қосымша

Нысан          

Хабарлама

______________облысының (қаласы,
филиалы) мемлекеттік статистика
органы

      Жеке немесе заңды тұлғаның атауы__________________________,
ЖСН немесе БСН коды________________________, ЭҚЖЖ ________________,
(статистикалық нысан атауы)_________________________________________
(индексі__________, кезеңділігі__________) жалпымемлекеттік және
(немесе) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны
бойынша _____ ай және (немесе) тоқсан ішінде________________________
жағдайға байланысты қызмет жүргізілмейтінін хабарлайды.
      Жоғарыда баяндалғанға сәйкес статистикалық нысан ______________
облысының (қаласы, филиалы) мемлекеттік статистика органына__________
айынан және (немесе) тоқсанынан (қажеттісін сызу) бастап ұсынылатын
болады.

                        Басшының қолы ________________________
                             (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

                        Бас бухгалтердің қолы________________________
                                (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

                        Мөр (бар болған жағдайда)

Респонденттердің алғашқы
статистикалық деректерді
ұсыну ережесіне 2-қосымша

Нысан        

Хабарлама

______________облысының (қаласы,
филиалы) мемлекеттік статистика
органы

      Жеке немесе заңды тұлғаның атауы _____________________________,
ЖСН немесе БСН коды________________, ЭҚЖЖ________________, негізгі 
экономикалық қызмет түрінің өзгергені туралы хабарлайды.
_____________________________________________________________________
____ экономикалық қызмет түрінің (ЭҚЖЖ) кодын көрсетіңіз*:
 

Екіншілік экономикалық қызмет түрі: 

Экономикалық қызмет түрі коды (ЭҚЖЖ) Үдеріс (v белгісімен белгіленеді)

1


қосу   өшіру

2


қосу   өшіру

3


қосу   өшіру

4


қосу   өшіру

5


қосу    өшіру

      * ЭҚЖЖ Коды – Комитеттің ресми сайтының (www.stat.gov.kz >>
Жіктеуіштер >> Статистикалық жіктелімдер) бөлімінде орналасқан
Экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасына сәйкес толтырылады. 
 

                        Басшының қолы ________________________
                             (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

                        Бас бухгалтердің қолы________________________
                                    (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

                        Мөр (бар болған жағдайда)